"Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 05 ақпандағы № 844 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 ақпанда № 4863 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 461 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Май ауданы әкімі орынбасарының 27.01.2016 N 1-27/92 хатымен).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Май ауданында 2015 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:
      1) дәрігерлік-консультативтік комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар адамдар;
      2) 50 жастан асқан адамдар;
      3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген адамдар;
      4) 21 жастан бастап 29 жасқа дейінгі адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Май ауданы әкімінің әлеуметтік сұрақтарына жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Ысқақова