Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 17/01 "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 04/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 ақпанда № 2996 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 45/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 02.09.2024 № 45/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Ақтоғай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 17/01 "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2750 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 қыркүйекте "Тоқырауын тынысы" газетінің № 40 (7460) санында жарияланған), келесі толықтырулар енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесінде 15 тармағы келесі мазмұндағы 8-1), 8-2) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "8-1) нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды қоспағанда, азаматтық хал актілерін тіркеу;";

      "8-2) туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімі

Н.И. Омарханов