Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 03/02 "Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативін, қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызмет

Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 61/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қазанда № 3457 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 05/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 26.01.2016 № 05/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 3-1/671 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11909 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 03/02 "Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативін, қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2954 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 ақпандағы № 19-20 (21 905) "Орталық Қазақстан" және 2015 жылғы 10 ақпандағы № 15-16 (21766-21767) "Индустриальная Караганда" газеттерінде, 2015 жылдың 9 ақпанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      нұсқалған қаулының 3 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қарағанды облысының
әкімі

Н. Әбдібеков


       "КЕЛІСІЛДІ"
 

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
________________А. Мамытбеков


       2015 жылғы 20 қазан
 


Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы _____________ №________
қаулысына қосымша


Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қаңтардағы № 03/02 қаулысына
3-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Сала атауы
 

Субсидиялау бағыты
 

Өлшем бірлігі
 

Субсидиялау нормативі, теңге
 

Субсидиялау көлемі
 

Субсидиялар сомасы, мың теңге
 

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 

6
 

Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы
 

Асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басымен селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізу
 

бас
 

20 000
 

5 000
 

100 000,0
 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басымен селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізу
 

бас
 

20 000
 

2 138
 

42 760,0
 

Тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басымен селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізу
 

бас
 

18 000
 

56 525
 

1 017 457,0
 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басымен селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізу
 

бас
 

18 000
 

23 060
 

415 061,0
 

Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу
 

бас
 

154 000
 

3 351
 

516 066,0
 

Импорталған асыл тұқымды селекциялық ірі қара мал сатып алу
 

бас
 

118 000
 

340
 

40 141,0
 

Жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу
 

бас
 

104 000
 

250
 

26 000,0
 

Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату 3 деңгей
 

тонна
 

100 000
 

180
 

18 000,0
 

Бұқашықтарды субсидиялаудың бірінші деңгейіндегі бордақылау алаңдарына немесе операторга өткізу
 

бас
 

24 000
 

1 500
 

36 000,0
 

Барлық сома
 



2 211 485,0
 

Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы
 
 

Асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу
 

бас
 

20 000
 

200
 

4 000,0
 

Сүт өндірісінің құнын арзандату
 

тонна
 


7 030
 

76 796,4
 

2 деңгей
 

тонна
 

15 000
 

1 300
 

19 500,0
 

3 деңгей
 

тонна
 

10 000
 

5 730
 

57 296,4
 

Импорталған асыл тұқымды селекциялық ірі қара мал сатып алу
 

бас
 

18 000
 

146
 

17 228,0
 

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұймдастыру
 

бас
 

4 004
 

15 000
 

60 060,0
 

Барлық сома
 



158 084,4
 

Етті бағыттағы құс шаруашылығы
 

Құс еті өндірісінің құнын арзандату
 


5 833
 

385 000,0
 

2 деңгей
 

тонна
 

66 000
 

4 545
 

300 000,0
 

2 деңгейдегі Қазақтан Республикасы Ұлттық қорынан
 

тонна
 

66 000
 

1 288
 

85 000,0
 

Отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан ата-енелік нысандағы етті бағыттағы асыл тұқымды тәуліктік балапандарды сатып алу
 

бас
 

300
 

75 200
 

22 560,0
 
 

Қазақстан Ресбуликасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жемшөп құнын арзандату
 

тонна
 

7 500
 

6 661
 

49 957,5
 

Барлық сома
 



457 517,5
 

Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы
 

Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату
 




1 деңгей
 

мың дана
 

3 000
 

183 505
 

550 517,0
 

1 деңгейдегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан
 

мың дана
 

3 000
 

292 716
 

878 147,0
 

Отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан ата-енелік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапандарды сатып алу
 

бас
 

120
 

21 200
 

2 544,0
 

Қазақстан Ресбуликасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жемшөп құнын арзандату
 

тонна
 

7 500
 

23 977
 

179 829,5
 

Барлық сома
 



1 611 037,5
 

Қой шарушылығы
 

Тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық қой басымен селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізу
 

бас
 

1 500
 

130 000
 

195 000,0
 

Асыл тұқымды тоқтылар мен тұсақтар сатып алу
 

бас
 

8 000
 

5 785
 

46 280,0
 

Қой еті (қозы еті) өндірісінің құнын арзандату
 




 
 

1 деңгей
 

тонна
 

200 000
 

750
 

150 000,0
 

 
 

2 деңгей
 

тонна
 

100 000
 

295
 

29 541,6
 

Барлық сома
 



420 821,6
 

Жылқы шаруашылығы
 

Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу
 

бас
 

40 000
 

700
 

28 000,0
 

Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату
 

тонна
 

92 000
 

1 453
 

133 691,0
 

Барлық сома
 



161 691,0
 

Шошқа шаруашылығы
 

Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату
 

тонна
 

98 000
 

3 200
 

313 600,0
 

Қазақстан Ресбуликасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жемшөп құнын арзандату
 

тонна
 

7 500
 

6 566
 

49 245,0
 

Барлық сома
 



362 845,0
 

ЖИЫНЫ
 



5 383 482,0