"Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 26 – 6 шешіміне өзгер

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 41-7 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 сәуірде № 2606 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 мамырдағы № 55-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 13.05.2019 № 55-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2 – 3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Талас аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      "Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2101 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қаңтардағы № 5 аудандық "Талас тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      3 тармақтың 2 тармақшасындағы "Талас ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылатын комиссия" деген сөздер "Талас ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия" сөздерімен ауыстырылсын.

      7 тармақтағы:

      "100 000" сандары "150 000" сандарымен ауыстырылсын, "(жүз мың )" сөздері "(жүз елу мың)" сөздерімен ауыстырылсын;

      "20 000" сандары "30 000" сандарымен ауыстырылсын, "(жиырма мың)" сөздері "(отыз мың)" сөздерімен ауыстырылсын;

      "10 000" сандары "15 000" сандарымен ауыстырылсын, "(он мың)" сөздері "(он бес мың)" сөздерімен ауыстырылсын;

      "Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған азаматтарға 10000 (он мың теңге) көлемінде" деген сөздер "Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған және Ұлы Отан соғысында алты ай көлемінде 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырға дейін тылда еңбек еткен азаматтарға 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде" деген сөздерімен ауыстырылсын.

      Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің басқа некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері) 30 000 (отыз мың теңге) көлемінде деген сөздермен толықтырылсын.

      8 тармақтағы:

      "20 000" сандары "40 000" сандарымен ауыстырылсын, "(жиырма мың)" сөздері "(қырық мың)" сөздерімен ауыстырылсын;

      9 тармақтағы:

      "20 000" сандары "25 000" сандарымен, "(жиырма мың теңге)" сөздері "(жиырма бес мың)" сөздерімен ауыстырылсын.

      Осы шешімнің орындалуын қадағалау Талас аудандық мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік – құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
      Д.Е. Молдақұлов Ж. Әсемов