Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 48-7 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 қаңтарда № 2900 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы №50-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 17.02.2016 №50-6 шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 387 және 444 баптарына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Тараз қаласында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының бюджет және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және 2016 жылдың 1 наурызынан қолданысқа енгізіледі.
      Тараз қалалық мәслихаты Тараз қалалық
      сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
      Қ. Болысбаев Б. Нарбаев