Тараз қалалық мәслихатының шешімдерін жою туралы

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 50-6 шешімі

       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" ҚР Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Тараз қалалық мәслихатының келесі шешімдері жойылсын:
      1. "Тараз қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2015 жылғы 28 тамыздағы №43-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2784 болып тіркелген, 2015 жылы 14 қазанда №42 "Жамбыл Тараз" газетінде жарияланған);
      2. "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2015 жылғы 23 желтоқсанындағы №48-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2900 болып тіркелген, 2016 жылы 20 қаңтарда №3 "Жамбыл Тараз" газетінде жарияланған).
      Тараз қалалық мәслихаты Тараз қалалық
      сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
      Ғ.Мадимаров Б. Нарбаев