"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талғар аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Аудан әкімі аппаратының басшысы Маманов Шыңғысхан Маратұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қыдырбек-ұлы Дәрменияр Алғатбекұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р.Садықова |
Талғар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "09" 04 "Талғар ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" № 04-252 қаулысына қосымша |