Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Өнеркәсіптік меншік саласындағы сараптама жөніндегі қызметі» кәсіби стандарты;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті заңнамалық белгіленген тәртіпте осы бұйрықты ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 29 қаңтар
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 29 қаңтардағы
№ 58 бұйрығының
1-қосымшасы
Кәсіби стандарт «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жөніндегі қызмет»
1. Жалпы ережелер
1. «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жөніндегі қызмет» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын қалыптастыру үшін, оның ішінде кәсіпорындардағы персоналды оқыту үшін, білім беру мекемелеріндегі қызметкерлер мен түлектерді сертификаттау үшін, персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін арналған.
2. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;
біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзыретінің деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы;
ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарығы жағынан мамандардың біліктілігіне сұраныстар мен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы;
салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
сала/негізгі топ – бір типті өнім құруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;
кәсіби топ – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттерінің ұқсас жиынтығын талап ететін кәсіби кіші топтың жиынтығы;
кәсіби кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы;
кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне, құзыреттеріне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде игерілетін және білім туралы тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді, білікті және тәжірибелік дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптерінің негізгі түрі;
еңбек функциясы – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
БА – басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы.
2. Кәсіби стандарттың төлқұжаты
3. Кәсіби стандарттың атауы: Өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жөніндегі қызмет.
4. Кәсіби стандартты әзірлеудің мақсаты: Қызметкерлердің білімдеріне, шеберліктеріне, дағдылары мен жеке құзыреттеріне тиісті талаптарды, еңбек функцияларын жүйелік және құрылымдық жағынан сипаттамасын кәсіп бойынша көрсету.
5. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: Өнеркәсіптік меншік объектілердің сараптамасы.
6. Негізгі топ: біліктілігі жоғарғы деңгейлі өзге де мамандар;
Кәсіптер сыныптауышы бойынша кәсіби топ: басқа топқа кірмеген кәсіпкерлік қызмет бойынша мамандар (2419).
3. Кәсіп карточкасы
7. Кәсіп тізбесі:
өнер кәсіптік меншік саласындағы сараптама жүргізу жөніндегі инженер-сарапшы, Салалық біліктілік шеңбері бойынша 6 - біліктілік деңгейі.
Кәсіп тізбесі осы кәсіби стандарттың қосымшасында келтірілген.
«Өнеркәсіптік меншік саласындағы
сараптама жөніндегі қызмет»
кәсіби стандартқа қосымша
КӘСІП КАРТОЧКАСЫ «Өнеркәсіптік меншік саласындағы сараптама жүргізу жөніндегі инженер-сарапшы» |
||
Кәсіп коды |
- |
|
Кәсіп атауы |
өнеркәсіптік меншік саласындағы сараптама жүргізу жөніндегі инженер-сарапшы |
|
Салалық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі |
6-шы деңгей |
|
БА бойынша біліктілік деңгейі |
- |
|
Кәсіби білім деңгейі |
Жоғары білім (бакалавриат, резидентура, практикалық тәжірибе). |
|
Еңбек функциялары |
1) Өнеркәсіптік меншіктің объектілеріне сараптама жүргізу |
|
2) ҚР өнеркәсіптік меншік объектілерін Мемлекеттік тізіліміне енгізу |
||
1 еңбек функциясы Өнеркәсіптік меншіктің объектілеріне сараптама жүргізу |
Шеберлігі мен дағдылары: |
|
Білімдері: |
||
2 еңбек функциясы ҚР өнеркәсіптік меншік объектілерін Мемлекеттік тізіліміне енгізу |
Шеберлігі мен дағдылары: |
|
Білімдері: |
||
Жеке құзыреттерге талаптар |
Нәтиже және тиімділікке бағдары |
|
Салалық біліктілік шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы |
2419 |
Патенттік және өнертабыстық жұмыс жөніндегі инженер; |
Кәсіби стандарттың техникалық деректері | ||
---|---|---|
Әзірленді |
«ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК |
|
Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы |
1 нұсқа, 2014 жыл |
|
Болжамды қайта қарастыру күні |
2017 жыл |
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 29 қаңтардағы
№ 58 бұйрығының
2-қосымшасы
Кәсіби стандарт: «Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру»
1. Жалпы ережелер
1. «Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын қалыптастыру үшін, оның ішінде кәсіпорындардағы персоналды оқыту үшін, білім беру мекемелеріндегі қызметкерлер мен түлектерді сертификаттау үшін, персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін арналған.
2. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;
біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзыретінің деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы;
ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарығы жағынан мамандардың біліктілігіне сұраныстар мен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы;
салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
сала/ негізгі топ – бір типті өнім құруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;
кәсіби топ – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттерінің ұқсас жиынтығын талап ететін кәсіби кіші топтың жиынтығы;
кәсіби кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы;
кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне, құзыреттеріне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде игерілетін және білім туралы тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді, білікті және тәжірибелік дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптерінің негізгі түрі;
еңбек функциясы – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы.
БА – басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы.
2. Кәсіби стандарттың төлқұжаты
3. Кәсіби стандарттың атауы: Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру.
4. Кәсіби стандартты әзірлеудің мақсаты: Қызметкерлердің білімдеріне, шеберліктеріне, дағдылары мен жеке құзыреттеріне тиісті талаптарды, еңбек функцияларын жүйелік және құрылымдық жағынан сипаттамасын кәсіп бойынша көрсету.
5. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: Құрылымдар мен құрылыстарды мемлекеттік техникалық тексеру.
6. Негізгі топ: жаратылыстық және инженерлік ғылымдар саласындағы мамандар.
Кәсіптер сыныптауышы бойынша кәсіби топ: сәулетшілер, инженерлер және тектес кәсіптердің мамандары.
3. Кәсіптер карточкасы
7. Кәсіптер тізбесі:
құрылымдар мен құрылыстарды мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі технигі, Салалық біліктілік шеңбері бойынша 5 біліктілік деңгейі;
құрылымдар мен құрылыстарды мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі инженері, Салалық біліктілік шеңбері бойынша 6 біліктілік деңгейі.
Кәсіптер тізбесі осы кәсіби стандарттың қосымшасында келтірілген.
«Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік
техникалық тексеру» кәсіби
стандартқа қосымша
КӘСІП КАРТОЧКАСЫ «Құрылымдар мен құрылыстарды мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі технигі» | ||
---|---|---|
Кәсіп коды |
- |
|
Кәсіп атауы: |
Құрылымдар мен құрылыстарды мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі технигі |
|
Салалық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі |
5 |
|
БА бойынша біліктілік деңгейі |
- |
|
Кәсіби білім деңгейі |
Техникалық және кәсіби білім (немесе орта білімнен кейінгі білім), практикалық тәжірибе немесе жоғары білім, қосымша кәсіби білім бағдарламалары, практикалық тәжірибесіз |
|
Еңбек функциялары |
1) Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу |
|
2) Ғимараттарға, құрылыстарға немесе олардың құрамдам бөліктеріне кадастр нөмірлерін меншіктеу |
||
1 еңбек функциясы Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу |
Шеберлігі мен дағдылары: |
|
Білімдері: |
||
2 еңбек функциясы Ғимараттарға, құрылыстарға немесе олардың құрамдам бөліктеріне кадастр нөмірлерін меншіктеу |
Шеберлігі мен дағдылары: |
|
Білімдері: |
||
Жеке құзыреттерге талаптар |
Өздігінен шешімдерді қабылдау қабілеті |
|
Салалық біліктілік шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы |
3112 |
Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс жөніндегі технигі |
КӘСІП КАРТОЧКАСЫ «Құрылымдар мен құрылыстарды мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі инженері» | ||
Кәсіптер сыныптауышына сәйкес код |
- |
|
Кәсіп атауы: |
Құрылымдар мен құрылыстарды мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі инженері |
|
Салалық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі |
6 |
|
БА бойынша біліктілік деңгейі |
- |
|
Кәсіби білім деңгейі |
Жоғары білім, әдеттегідей бакалавриат, резидентура, практикалық тәжірибе. |
|
Еңбек функциялары: |
1) Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу. |
|
2) Құрылымдар мен құрылыстарды бағалау |
||
3) Ғимараттарға, құрылыстарға немесе олардың құрамдас бөліктеріне кадастр нөмірлерін меншіктеу. |
||
4) Құрылымдар мен құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдас бөліктеріне мемлекеттік техникалық тексеру саласында жұмыстарды үйлестіру және бақылау |
||
1 еңбек функциясы Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу |
Шеберлігі мен дағдылары: |
|
Білімдері: |
||
2 еңбек функциясы Құрылымдар мен құрылыстарды бағалау |
Шеберлігі мен дағдылары: |
|
Білімдері: |
||
3 еңбек функциясы Ғимараттарға, құрылыстарға немесе олардың құрамдас бөліктеріне кадастр нөмірлерін меншіктеу |
Шеберлігі мен дағдылары: |
|
Білімдері: |
||
4 еңбек функциясы Құрылымдар мен құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдас бөліктеріне мемлекеттік техникалық тексеру саласында жұмыстарды үйлестіру және бақылау |
Шеберлігі мен дағдылары: |
|
Білімдері: |
||
Жеке құзыреттерге талаптар |
Проблемаларды тиімді шешу |
|
Салалық біліктілік шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы |
2141 2141 |
Құрылысты қадағалау жөніндегі инженер |
Кәсіби стандарттың техникалық деректері | ||
Әзірленді |
«ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК |
|
Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы |
1 нұсқа, 2014 жыл |
|
Болжамды қайта қарастыру күні |
2017 жыл |