Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 145 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 маусымда № 4354 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 14 қаулысымен

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес, Бартоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Октябрь селолық округі әкімінің 2010 жылғы 3 маусымдағы "Октябрь селолық округіндегі Байсеит ауылындағы атауы жоқ көшеге жаңа атау беру туралы" № 17 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 10 маусымында № 2-8-153 тіркелген, "Еңбекшіқазақ" газетінің 2010 жылдың 25 маусымында № 26 (6446) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бартоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Заманбекова Айгуль Нусипалиевнаға жүктелсін.
      3. Бартоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Заманбекова Айгуль Нусипалиевнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі Т. Умербеков