Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің тізбесін және Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 672 бұйрығы және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 2-НҚ бірлескен нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 ақпанда № 13128 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 86 бұйрығы және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 1-НҚ бірлескен нормативтік қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 08.02.2019 № 86 бұйрығы және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 08.02.2019 № 1-НҚ бірлескен нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 557-бабы 3-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі БҰЙЫРАДЫ және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Осы бірлескен бұйрыққа және нормативтiк қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына ұсынатын салық құпиясын құрайтын мәліметтердің тізбесін;

      2) Осы бірлескен бұйрыққа және нормативтiк қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына ұсынатын салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен бұйрықтың және нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бірлескен бұйрық және нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бірлескен бұйрықтың және нормативтік қаулының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық және нормативтiк қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов

Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің төрағасы
_____________ Қ. Жаңбыршин


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 672 бірлескен бұйрығына

      және Республикалық бюджеттің

      атқарылуын бақылау жөніндегі

      есеп комитетінің

      2016 жылғы 26 қаңтардағы

  № 2НҚ нормативтiк қаулысына
1-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылаудың уәкілетті органдарына ұсынатын салық
құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесі

Р/с

Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің атауы

1.

Салық төлеушілердің дербес шоттарының деректері

2.

Салық төлеушілердің салық нысанының деректері

3.

Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамаларының нормаларын салық төлеушiлердің орындауына салықтық бақылау нәтижелерi туралы мәлiметтер

4.

Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер қорынан мәлiметтер

5.

Камералдық бақылау нәтижелерi туралы мәлiметтер

6.

Салық төлеушiлер бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтарулар туралы мәлiметтер

7.

Салық төлеушiлер бойынша салық мiндеттемесiнiң мерзiмiнде орындалмағандарды орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi туралы мәлiметтер

8.

Салық төлеушiге қолданылған салық берешектерін мәжбүрлеп өндіру іс-шаралары туралы мәлiметтер

9.

Ірі салық төлеушілердің мониторингі бойынша есептілік деректері

10.

Салық төлеушiлердi салықты тексерулерінiң нәтижелерi туралы деректер

11.

Салықтық бақылаудың өзге де нысаны бойынша мәліметтер

12.

Мемлекеттік кірістер органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі толтырған және шығарған хаттамалары мен қаулыларының материалдары

13.

Лауазымды тұлғалардың әрекеттерiне (әрекетсiздiктеріне) салықты тексеруі нәтижелерiн шағымдану туралы деректер

14.

Салық төлеушілер және салық салынатын объектілер, сондай-ақ салық төлеушілермен жүзеге асырылған операциялар бойынша мәліметтер ұсынатын уәкілетті органдардың ақпараттары

15.

Салықтарды және айыппұл санкцияларын есептен шығару (есептен шығару туралы заң және мемлекеттік органның актісі қабылданғаннан кейінгі өсімпұлдар мен айыппұлдар) туралы мәліметтер

16.

Салық төлеушілердің талап-арыздары бойынша сот шешімдері мен материалдары туралы мәліметтер

17.

Салық төлеушiлердiң салық есептілігі негiздегi талдамалық есептер

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 672 бірлескен бұйрығына

      және Республикалық бюджеттің

      атқарылуын бақылау жөніндегі

      есеп комитетінің

      2016 жылғы 26 қаңтардағы

  № 2НҚ нормативтiк қаулысына
2-қосымша

Салық құпиясын құрайтын мәліметтерді Мемлекеттік кірістер
органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау
уәкілетті органдарына ұсыну қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына ұсыну қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне (бұдан әрі – Есеп комитеті) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) мәліметтер – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 557-бабында айқындалған салық құпиясын құрайтын мәліметтер.

      2) мәліметтерді алушы – Есеп комитеті мен тексеру комиссиялары;

      3) мемлекеттік органдардың бiрыңғай көлiк ортасы - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, ведомствоаралық ақпараттық-коммуникациялық желiден тұратын, басқару және ұйымдастыру мақсаттарын iске асыруға және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қоса алғанда, мемлекеттік органдардың өзара іс-әрекетіне арналған, сондай-ақ "электрондық үкiметтiң" электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң өзара iс-әрекетін қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желiсi;

2. Мәліметтерді ұсыну тәртібі

      3. Мемлекеттік кірістер органдары "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес бекітілген тізбеге сәйкес көрсетілген мемлекеттік аудит объектілері және мемлекеттік аудит объектілеріне байланысты өзге де мәселелер бойынша сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізу үшін қажетті мәліметтерді, мынадай тәртіпте ұсынады:

      1) Осы бірлескен бұйрыққа және нормативтiк қаулыға 1-қосымшаға (бұдан әрі - тізбе) сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) Есеп комитетіне қолда бар ақпараттар мен мәліметтерді ұсынады;

      2) тізбеге сәйкес аумақтық мемлекеттік кірістер органдары Есеп комитетіне және тексеру комиссиялары қолда бар ақпараттар мен мәліметтерді ұсынады.

      4. Мәліметті мәліметтерге қол жетімділігі бар мәліметтерді алушының лауазымды тұлғасына ұсынылады. Мұндай лауазымды тұлғалардың тізбесін Есеп комитеті айқындайды.

      5. Мәліметтерді беру мынадай тәсілдердің бірінде:

      1) қағаз жеткізгіште;

      2) электрондық жеткізгіште;

      3) Комитеттің және Есеп комитетінің ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жасауы болған кезде мемлекеттік органдардың бірыңғай транспорттық ортасы арқылы жүзеге асырылады.

3. Құпиялылық

      6. Мәліметті алушы осы Қағидалардың шеңберінде алынған ақпараттардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

      7. Ұсынылатын ақпараттың қол жетімділігін, тұтастығын және құпиялылығын қамтамасыз ету үшін мәліметтерді алушы ақпараттық жүйе және ресурстар шеңберінде көзделінген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кешенді шараларды іске асыруға:

      1) серверлерді санкциясы жоқ қолжетімділіктен қорғауды;

      2) серверлердің тұрақты жұмысын;

      3) мәліметтерді алушының лауазымды тұлғасының олардың қатаң қызметіне сай қолжетімділік беруді;

      4) мемлекеттік органдардың бірыңғай транспорттық ортасын пайдалануға міндеттенеді.