Ішкі сауда статистикасы бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 қаңтарда № 12918 болып тіркелді

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған ішкі сауда статистикасы бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру жөніндегі әдістеме бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жіберуді;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасы осы бұйрықты жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                             Ә. Смайылов

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті төрағасының
2015 жылғы 15 желтоқсандағы 
№ 209 бұйрығымен       
бекітілді           

Ішкі сауда статистикасы бойынша көрсеткіштерді
қалыптастыру жөніндегі әдістеме

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ішкі сауда статистикасы бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы  Заңға (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
      2. Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі – статистикалық органдар) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар өткізу кезінде ішкі сауда статистикасы бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру мақсатында қолданады.
      3. Осы Әдістеме келесі халықаралық ұсынымдарға сәйкес әзірленген:
      1) Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Статистика комитеті әзірлеген 2008 жылғы «Бөлшек және көтерме сауда статистикасы бойынша халықаралық ұсынымдар»;
      2) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекетаралық Статистика комитеті (ТМД Статкомитеті) 2011 жылы әзірлеген «Бөлшек сауда айналымын статистикалық байқау және оның нақты көлем индексін есептеу жөніндегі әдіснамалық ұсынымдар».
      4. Осы Әдістемеде ұғымдар Заңда анықталған мәндердегі ұғымдар және олардың анықтамалары пайдаланылады:
      1) бөлшек саудада сату бағасының индексі – бөлшек сауда кәсіпорындарында халыққа өткізілетін тауарларға бөлшек сауда бағаларының өзгерісін сипаттайтын және бөлшек сауда тауар айналымының құрылымы бойынша есептелген көрсеткіш;
      2) көтерме саудада сату бағасының индексі – бұл көтерме сауда кәсіпорындары әртүрлі пайдаланушыларға оларды одан әрі кәсіби пайдалануға немесе бөлшек саудада қайта сату үшін өткізілетін тауарларға, өнімдерге бағаның өзгерісін сипаттайтын көрсеткіш;
      3) қызметтің қайталама түрі – үшінші тұлғалар үшін тауар және қызметті өндіру мақсатында жүзеге асырылатын, негізгіден басқа қызмет түрі;
      4) қызметтің негізгі түрі – қосылған құны субъект жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі;
      5) құқықтық бірлік – бұл заңды мәртебе берілген бірлік;
      6) сауда үстемесі – сатушы бағасының тауарларды сату және пайданы алу бойынша шығындарды өтеуді қамтамасыз ететін элементі;
      7) статистикалық бірлік – статистикалық мақсатта пайдалану үшін құқықтық негізде құрылған абстрактілі бірлік;
      8) тауар қорлары – сауда кәсіпорындарында, қоймаларда, белгілі күнге жолда болатын ақшалай немесе заттай көріністегі тауарлар саны;
      9) тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің тұрақты тізбесіне бағаның орташа деңгейінің уақыт ішіндегі өзгерісін сипаттайтын көрсеткіш.

2. Ішкі сауда статистикасының қамту саласы

      5. Ұлттық статистика тәжірибеде ішкі сауда статистикасының есепке алу саласына бөлшек сауда, көтерме сауда, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу бойынша қызметтер, қоғамдық тамақтандыру қызметі жатады.
      6. Ішкі сауда статистикасы олардың мөлшеріне, ұйымдастырушылық–құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Экономикалық қызмет түрі номенклатурасының (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) «Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер және мотоциклдерді жөндеу» G секциясына жататын құрылымдық бірліктер қызметінің сипаттамасы мен түрлерін көрсетеді. Қоғамдық тамақтандыру қызметтері жеке «Тамақ өнімдерін және сусындарды ұсыну бойынша қызметтер» болып жіктеледі.
      7. G секциясы барлық тауарлар түрлерінің көтерме және бөлшек саудасын (яғни түрін өзгертпей сату) және тауарларды сатумен байланысты көрсетілетін қызметтерді қамтиды. Бұл секцияға автокөлік құралдарын және мотоциклдерді жөндеу енгізілген.
      8. Бөлшек саудаға сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет жатады.
      9. Көтерме саудаға кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет жатады.
      10. Сыйақы үшін көтерме сауда (комиссиялық агенттер арқылы) кәсіпорынның делдалдық қызметі нәтижесінде алынған кірісті (сыйақыны) ретінде анықталады.
      11. Ұлттық статистикалық бизнес тіркелімде (бұдан әрі – тіркелім немесе СБТ) статистикалық бірліктердің бірнеше түрі пайдаланылады. Ішкі сауда статистикасында келесі бірліктер қолданылады:
      1) «Кәсіпорын» статистикалық бірлігі – бұл өзінің қызметін бір немесе бірнеше орында коммерциялық немесе коммерциялық емес негізде жүзеге асыратын құқықтық бірліктердің ең аз комбинациясы;
      2) "Жергілікті бірлік" (ЖБ) статистикалық бірлік – ол кәсіпорын орналасқан жерден тыс орналасқан кәсіпорынға немесе кәсіпорын бөлігіне (цех, зауыт, дүкен, бюро, шахта) сәйкес келеді. Яғни, жиналатын деректердің географиялық бөлінісін алу мақсатында бір орыннан артық жерде қызмет жүргізетін кәсіпорындарды сәйкесінше бөлу қажеттілігі туындайды. Бұл анықтама тек бір белгіні ғана қамтиды, себебі онда бірліктің жүзеге асыратын қызмет түріне сілтеме жоқ;
      12. Негізгі көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде зерттеуге қызмет түрі ЭҚЖЖ «Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер және мотоциклдерді жөндеу» G секциясы болып табылатын жергілікті бірліктер жатады. Бір жергілікті бірлік ретінде қандай да бір кәсіпорынның ең төмен географиялық ауданның шегіндегі барлық объектілерін есептейді. «Сусындар мен азық-түліктерді жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер» (ӘҚЖЖ коды 56) қызмет түрі бойынша да ұқсас.
      13. Сауда объектісінің иесі өзінің сауда алаңдарының бөлігін басқа бөлшек саудагерлерге жалға бергендегі «дүкен ішіндегі дүкен» сияқты сауда нысанын (сауда орталығы, сауда үйі типі бойынша) қоспағанда бөлшек сауданың жергілікті бірліктері бөлшек сауда дүкендеріне сәйкес келеді. Бұл ретте, сол үй-жайдағы сауда объектісінің иесі де, өзге де бөлшек сауда сатушылары да жеке статистикалық бірлік ретінде қарастырылады.
      14. Сауда базарлары «дүкен ішіндегі дүкен» сауда нысанына ұқсас жұмыс жасайды. Сауда базарында сауда базарының иесін қоса алғанда, қанша сатушы болса, сонша жергілікті бірліктері бар болады.
      15. Өз өнімін сауда базарларында сататын фермерлер сауда бірлігі ретінде қарастырылмайды. Сату ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен салыстырғанда қосалқы қызмет түрі ретінде қарастырылады.

3. Ішкі сауда статистикасының негізгі көрсеткіштері

1-параграф. Тауарлар мен қызметтерді өткізу көлемі

      16. Тауарлар мен қызметтерді өткізу көлемі қолма-қол және қолма-қол емес есеп айырысумен сатылған тауар, өнім және көрсетілген қызмет үшін алынған ақшалай түсімнің сомасын сипаттайды.
      17. Статистикалық байқаудың мақсаты үшін тауарларды (қызметтерді) өткізу көлемі сауданың үстеме бағасын қамтитын, қосылған құнға салық салусыз, акцизсіз өткізудің нақты бағасында көрсетіледі.
      18. Тауарларды өткізу көлемі сауда бірлігінің өз есебінен сатылған немесе айырбасталған тауарлардың құнын қамтиды.
      Осы айқындамаға шот фактураларға енгізілген, тасымалдауға, орауға жұмсалған барлық өзге шығыстар және сатып алушыға ауыстырылатын басқа шығыстар енгізіледі.
      Бұл көрсеткіштен қайтарылған ақша қаражаты, тұтынушыларға ұсынылатын баға жеңілдігі және қайтарылатын тауарларға ұқсас жеңілдіктер, сонымен қатар қайтарылатын ораманың құны алынып тасталады. Бұл айқындама иелері сауда бірлігінен өз пайдалануы үшін алған тауарларды қамтиды. Бұл тауарлардың құны тиісті нарық бағасымен есептеледі. Егер бұл мүмкін болмаса иелері алған тауарлар сатып алынған құнымен бағаланады.
      Ішкі сауда статистикасында тауарларды өткізу көлемі бөлшек сауда (бөлшек сауда көлемі) және көтерме сауда (көтерме сауда көлемі) бойынша, ал қызметтер көлемі автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және қоғамдық тамақтандыру бойынша анықталады.
      19. Көтерме сауда айналымына жатқызылатын операцияның міндетті белгісі тауарды жөнелтуге шот фактураның, бөлшек сауда айналымына - кассалық чектің болуы болып табылады (есептеу).
      20. Бөлшек сауда айналымы халыққа қолма-қол немесе қолма-қол емес есептеуге (несие карталары арқылы, банктің есеп шоты бойынша төленген) сатылған тұтыну тауарларының құнын қамтиды.
      21. Бөлшек сауда айналымына мыналар енгізіледі:
      1) сатып алушыларға қолма-қол емес есеп айырысу бойынша төлеммен пошта арқылы жолданған тауарлар құны (байланыс бөлім иесіне жіберілімді тапсырған сәт бойынша);
      2) тауардың толық құны көлемінде кредитке сатылған тауарлардың құны (тауарды сатып алушыға босату уақыты бойынша);
      3) тауарды сату уақыты бойынша толық құны мөлшерінде комиссиялық сауда тәртібінде сатылған (комиссия шарты, тапсырыс немесе агенттік шарт бойынша) тауарлардың құны;
      4) электрондық сауда жүйесі бойынша (Интернет арналары, деректерімен алмасудың электронды жүйесі немесе басқа онлайн жүйелер бойынша) бөлшек сауда фирмалары арқылы сатылған тауарлардың құны;
      5) сауда автоматтары арқылы сатылған тауарлардың құны;
      6) халықтың жеке санаттарына тегін немесе жеңілдікпен сатылған тауарлардың құны (дәрі-дәрмек құралдары, жанармай және басқа тауарлар);
      7) баспа басылымына жазылу бойынша сатылғандар құны (жеткізу құнын есепке алмағанда шот үзіндісінің уақыты бойынша);
      8) тауардың бағасына кірмейтін сату бағасы бар ораманың құны;
      9) халық қайтарған бос шыны ыдыстың құнын алып тастағанда тауармен бірге халыққа сатылған бос ыдыстың құны;
      10) сыйлық карталар (сертификаттар) құны. Сыйлық карталар бойынша сатылым бөлшек сауда сатылымына сыйлық картаны өтеу уақытымен енеді;
      11) кәсіпорындар немесе әлеуметтік қамсыздандыру органдары кейіннен сауда ұйымдарына төлем жүргізуімен бөлшек сауда желісі немесе саудамен айналыспайтын ұйымдардың сауда мекемелері арқылы жалақы, зейнетақы бойынша қарыз есебінен халыққа босатылған тауарлардың құны бөлшек сауда айналымына енгізіледі.
      22. Бөлшек сауда айналымына мыналар енгізілмейді:
      1) қызмет етудің кепілдеме мерзіміне шыдамаған, сатылған тауарлардың құны;
      2) көліктің барлық түрлеріне арналған жол жүру билеттерінің, талондардың, лотерея билеттерінің, телефон карталарының, байланыс қызметіне эксперсс-төлем карталарының құны;
      3) бөлшек сауда желісі арқылы өндірістік мақсаттарға пайдалану үшін заңды және жеке тұлғаларға (әлеуметтік саладағы ұйымдар, арнайы тұтынушылар) сатылған тауарлар құны.
      23. Бөлшек сауда, көтерме сауда тауар айналымы құндық көріністе, жеке тауар айқындамалары бойынша заттай көріністе өлшенеді.
      24. Тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтерді өткізу көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметтері) өзінің кулинарлық өнімін сатудан түскен және сатып алынатын тауарларды кулинарлық өңдеусіз (ұн нан жасалатын, кондитерлік және нан-тоқаш өнімдері, жемістер, алкогольді және алкогольсіз сусындар және тағы басқа тауарлар) негізінен сол орында халыққа тұтыну үшін, сонымен қатар мекемелер мен дара кәсіпкерлерге халықтың түрлі санатын тамақтандыруды ұйымдастыру үшін сатудан түскен түсімді білдіреді.
      25. Қоғамдық тамақтандыру айналымының құрамына мыналарға босатылған өз кулинарлық өнімінің және кулинарлық өңдеусіз қосалқы тауарлардың құны енгізіледі; кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлеріне, кейін жалақысынан ұстап қалумен; тамақтанудың нақты құны көлеміндегі абонент, талон бойынша; мектеп оқушыларына мектеп асханасында, колледжде, жоғарғы оқу орындарында және басқа білім беру мекемелерінде қолма қол есеп айырысу үшін; әлеуметтік саладағы ұйымдарға (аурухана, санаторийлер, және тағы басқа мекемелер) тамақтанудың нақты құны көлемінде; халықтың тапсыры бойынша үйге жеткізу; кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлер тапсыры бойынша жұмыс орнына жеткізу; құрлық, әуе, су көлігі бағдарында жүретін көлік кәсіпорындарына; қабылдау, банкеттерге қызмет көрсету үшін.
      26. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары үшін көрсетілген қызметтер көлемі дайын тамақты жеткізуді қоса алғанда, оның тауар айналымына теңестіріледі. Сатылған сусындар мен азық-түлік өнімдері материалдық шығындар болып табылады және өндірілген өнім көлеміне енгізіледі.
      27. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтерді өткізу көлемі осы қызмет түрін жүзеге асыратын кәсіпорындар және дара кәсіпкерлердің халыққа көрсеткен жұмыстардың (қызметтердің) құнын көрсетеді.

2-параграф. Тауарлар мен қызметтерді өткізудің
нақты көлем индекстері

      28. Ағымдағы бағадағы айналымның құндық көлемдері индексі айналым көлемдерінің өзгеруін екі фактор арқылы – бағаның өзгеруі және сатылған тауарлар санының өзгеруімен сипаттайды. Келесі формула бойынша анықталады:
                           
      мұндағы,
      O1, Oо – ағымдағы бағадағы есепті және базистік кезеңдерге тауарларды (қызметтерді) өткізу көлемі.
      29. Тауарлар мен қызметтерді өткізу көлемінің индексі нақты тұлғалануда тиісті баға индекстерінің көмегі арқылы өткізу көлемінің ағымдағы құнын дефляторлау арқылы есептеледі.
      30. Айналымның нақты көлем индексі баға өзгеруінің ықпалынсыз оның тек нақты көлемінің өзгеруі нәтижесінде айналымның өзгеруін көрсетеді.
      Тауарларды (қызметтерді) өткізудің нақты көлем индексін есептеу үшін есепті және базалық кезеңдегі айналымдар салыстырылады, яғни базистік кезең ретінде алынған бір кезеңдегі бағада (тұрақты бағада):
                        
      мұндағы,
      Iфо – тауарларды (қызметтерді) өткізу айналымының нақты көлем индексі;
      Iд – баға индексі айналымның сәйкес дефляторы.

3-параграф. Тауарлық-материалдық қорлар

      31. Тауарлық-материалдық қорлар кәсіпорынның меншігіндегі, мекеменің өзінің аумағында не басқа жерде тұрған барлық тауарлық-материалдық қорлар құнын қамтиды. Мұнда қосалқы бірліктерде, кедендік немесе тауар қоймаларында сақтаудағы, тасымалдау үдерісіндегі тауарлық-материалдық қорлар енгізіледі. Басқа тұлғалардың меншігіндегі, бірақ осы бірлікте өңдеу үшін сақталудағы материалдарды алып тастау қажет.
      32. Тауарлық-материалдық қорлар жүргізілген өндірістік шығыстарды және тауарлық-материалдық қорларға кіретін тауарлардың кез келген мерзімді ысыраптарын шегерумен тауарлық-материалдық қорларға енгізілетін тауарлар құнына сүйене отырып өлшенеді. Тауарлық-материалдық қорлар кез келген баж салығын және сатып алушы төлейтін салықтарды қосумен, қосылған құнға салықты, ақшалай қайтарымды немесе сатушы ұсынатын, не нарық бағасы бойынша (өлшемдерге, көлік шығыстары мен сауда үстемесіне салықты алып тастаумен), егер өнімді бірліктің өзі өндірсе өндірістің өзіндік құны бойынша жеңілдіктерді алып тастаумен сатып алу бағалары бойынша есептеледі.
      33. Тауар қорларының көлемі ішкі сауда статистикасында республика және өңірлер бойынша құндық көріністе өлшенеді.
      34. Тауар қорларын есепке алу және талдау үшін келесі статистикалық көрсеткіштер жүйесі қарастырылады:
      1) есепті кезеңнің басына және соңына тауар қорларының көлемі;
      2) тауар қорлары көлемінің өзгеруі (З) келесі формула бойынша есептеледі:
      
      мұндағы,
      Зс, Зб – есепті кезеңнің соңына және есепті кезеңнің басына қорлар;
      3) тауарлық қорлар құрылымы, бұл топ жеке тауарлардың қорлар көрсеткішімен, құндық көріністегі тауарлар тобы, жалпы қорытындыға пайызбен қатынасы бойынша сипатталады;
      4) нақты уақыт кезеңіне орташа тауар қорлары () формула бойынша есептеледі:
      ,
      орташа тауар қорлары бір айға қарағанда ұзақ уақыт кезеңіне (тоқсан, жартыжылдық, жылдық):
      
      мұндағы,
      n – тауарлар тіркелген күннің саны;
      5) қор сыйымдылығы (3қ);
      Қор сыйымдылығы тауар айналымы бірлігіне қанша тауар қорлары келетінін көрсетеді:
      

      мұндағы, О – тауарайналымының көлемі.
      6) тауар айналымының тауар қорларымен қамтамасыз етілуі (3oi).
      Бұл көрсеткіш тауар қорларының толық біту мерзіміне дейін жететін сауда күндерінің санын көрсетеді. Сауда күндеріндегі нақты тауар немесе тауарлар жиынтығы бойынша мынадай формула бойынша есептеледі:
      
      мұндағы,
      3ki – i - тауардың кезең соңына қорлары;
      mi – i – тауардың бір күндік тауар айналымы, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
      
      мұндағы, t – талданатын кезеңдегі сауда күндерінің саны.
      35. Тауар қорларының деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу әдістемесі сауда кәсіпорындары бойынша көрсетілген көрсеткіштерді есептеуді көздейді.

4-параграф. Қосымша көрсеткіштер

      36. Ішкі сауда статистикасында қосымша келесі көрсеткіштер қалыптастырылады:
      1) халықтың жан басына шаққандағы бөлшек сауда айналымы бір кезеңдегі халықтың орташа санына тауар айналымның қатынасы ретінде есептеледі;
      2) сауда алаңы бірлігіне есептегенде бөлшек сауданың айналымы тауар айналымын сауда алаңына бөлу арқылы есептеледі;
      3) тауар айналымының (тауар құрылымы) жалпы көлеміндегі топтың немесе жеке тауардың үлес салмағы (бөлігі);
      4) сауда объектілерінің саны.

5-параграф. Электрондық коммерция

      37. Электрондық коммерцияға тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) интернет арқылы жүзеге асырылатын компаниялар, үй шаруашылықтары, мемлекеттік немесе жеке ұйымдар арасында сату немесе сатып алу жатады. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге осындай желілер арқылы тапсырыс беріледі, тауардың (қызметтің) төлемі және соңғы жеткізілуі онлайн режимде немесе әдеттегі режимде жүзеге асырады. Электрондық коммерция мәмілені автоматты түрде ресімдеу үшін (Интернеттің қолданбалы функциялары, деректерді алмасудың электрондық жүйесі, интерактивты телефон жүйелері) қолданылатын кез келген онлайн бағдарламалардың көмегімен алынған немесе орналастырылған тапсырыстарды қамтиды. Мұнда телефон, факсимильді байланыс немесе электрондық почта көмегімен арқылы алынған немесе орналастырылған тапсырыстар жатпайды.
      38. Электрондық коммерцияны сипаттайтын негізгі көрсеткіштер Интернет арқылы тауарларды (қызметтерді) өткізу көлемі және оның жалпы тауар айналымындағы үлесі болып табылады. Электрондық коммерция көлеміне тегін операциялар (мысалы, Итернеттен тегін бағдарламалық қамсыздандыруды жүктеу) енгізілмейді.

4. Деректердің дереккөздері

      39. Сауда бірліктерін статистикалық зерттеу ішкі сауда статистикасын құрастыру үшін ақпараттың негізгі дереккөзі болып табылады. Зерттеу жаппай әдіспен жиынтықтың барлық бірліктеріне пікіртерім жүргізу жолымен немесе бас жиынтықтан ғылыми әдістермен іріктелген бірнеше репрезентативті бірліктен ғана жауап алу жолы арқылы іріктемелі әдіспен өткізіледі.
      40. Ішкі сауда статистикасында жылдық және айлық кезеңділікте статистикалық нысан қарастырылған, оның негізінде Ұлттық шоттар жұйесі (бұдан әрі – ҰШЖ) мақсаттары үшін сауда секторы бойынша айналым және нақты көлем индекстерін қоса алғанда ішкі сауда статистикасының негізгі көрсеткіштері қалыптастырылады.
      41. Жекелеген мемлекеттік салалық бағдарламалардың орындалуын мониторингілеу үшін, нысаналы индикаторларды қалыптастыру және өзге де мақсаттар үшін биржалық сауда, электрондық коммерция, авто және газ құйу станцияларының қызметі, сауда базарлары бойынша зерттеулер қарастырылған.

5. Деректерді редакциялау және импутациялау

      42. Жоқ, дәйексіз немесе дұрыс емес жауаптардың мәселелерін шешу үшін деректерді редакциялау және импутациялау пайдаланылады.
      43. Редакциялау тиімсіз, қарама-қайшы және тым күмәнді немесе мүмкін емес мәндерді анықтау және кейін өзгерту мақсатында деректерді жүйелі тексеруді білдіреді. Бұл рәсім жиналған ақпараттың сапасын қамтамасыз ету үшін шешуші рөл атқарады.
      44. Микроредакциялауға және макроредакциялауға бөлінеді. Микроредакциялау макроредакциядан айырмашылығы агрегатталған деректер тексерілетін алғашқы деректерге шоғырланады.
      45. Редакциялау мынадай тексерулерді қамтиды:
      1) ағымдағы тексерулер: барлық қойылған сұрақтардың нақты қолда бар жауаптарын тексеру үшін пайдаланылады;
      2) дәйектілігін тексеру: алынған жауаптардың ұйғарындылығын тексеру үшін пайдаланылады. Статистикалық нысанның белгілі бір тармағына жауап, осы мақсат үшін келісілген мәндердің ұйғарынды диапазонымен салыстырылады. Мәндердің мұндай ұйғарынды мәнінен тыс болатын кез келген мән қажетті түзету енгізу үшін тексеріледі;
      3) деректердің дұрыстығын тексеру: респонденттерден келіп түскен деректерді статистикалық талдауға негізделген тексерулер жинағы. Көптеген тексерулер белгіленген шекте орналасатын екі ауыспалы шамалар қатынасының нысанын қабылдайды. Деректердің дұрыстығын тексерудің басқа түрі осы және өзге де ауыспалылар қосындысының белгіленген мәнге теңестірілуін белгілейтін арифметикалық тексеру болып табылады.
      46. Деректерді редакциялау енгізу кезінде және кейінгі кезеңдерде жүзеге асырылады. Тексерулердің көп бөлігі әртүрлі бақылау түрлерін (арифметикалық және логикалық, форматты бақылаулар) қолдана отырып бағдарламамен жүзеге асырылады.
      47. Ықпалды немесе ықпалсыз, кездейсоқ немесе жүйелік қателерге бөлінеді.
      48. Тіркеудің кездейсоқ қателері әдетте, респонденттердің сипаттамаларынан, тиянақсыздығы және ұқыпсыздығынан болады. Жүйелік қателер респонденттердің ақпаратты әдейі бұрмалауынан, сұрақтың мағынасын дұрыс түсінбеуінен немесе жауапты жазу қағидаларын бұзуына байланысты пайда болады. Мұның себебі дұрыс қалыптастырылмаған сұрақнамалар немесе нысандар, оларды толтыру жөніндегі жеткіліксіз немесе қате нұсқаулықтар болып саналады.
      49. Респонденттердің ірі кездейсоқ қателері алынған деректерді алдыңғы мәндермен салыстыру немесе алынған деректердің арақатынастарын қонымды шекті мәндермен немесе әкімшілік деректермен салғастыру арқылы деректердің дәйектілігін тексеру көмегімен анықталады.
      50. «Ықпалды» мәндер тізімі есептеуде осы кәсіпорынның қатысуымен тауарайналымның өсу (төмендеу) қарқыны және кәсіпорынның қатысуынсыз алынған қарқынның арасындағы айырмашылық ретінде әрбір есеп бойынша есептелетін мәндердің негізінде, мынадай үлгіде анықталады:
      Т (барлық к/о)t/ Оt-1 *100%,
      Т (к/о-сыз)t к/о-сыз/ Оt-1 к/о-сыз*100%,
      R = Т (барлық к/о) – Т(к/о-сыз)
      мұндағы,
      R – «ықпал» бағалауы;
      Т – өсу қарқыны;
      О – өткізу көлемі.
      51. Бірінші кезекте «ықпал» (R) деңгейі жоғары кәсіпорындарға тексеру жүргізіледі. R абсолютті мәні бар кәсіпорындар тізімі «тексеруді қажет ететіндер» ретінде белгіленеді.
      52. Редакциялау рәсімін жүргізген кезде ауытқушылық мәндеріне талдау жүргізу қажет. Ауытқушылық көрсеткіштері сипатты анықтайтын мәліметтерді зерттеу барысында алынған нақты, бірақ іріктемелі жиынтықта репрезентативті емес сәйкесінше бағалауды бұрмалауға бейім мәліметтердің ерекше санатын білдіреді. Ауытқушылық мәндері бағалауға маңызды ықпал ететін болғандықтан мәндерін анықтайды және мұқият бақыланады. Егер экстраполяцияның көрсеткіші барынша жоғары болса және іріктеуге ауытқу көрсеткіші қосылған болса, онда қорытынды бағалау талап етілгенінен барынша жоғары болады және ол бір шеткі шамамен анықталатындықтан репрезентативті бола алмайды. Ауытқушылық мәндерін оңай жолмен өңдеу, іріктеудегі оның салмағын өзіне қатысты ғана репрезентативті болу үшін төмендету болып табылады.
      53. Микроредакциялаудан кейін макроредакциялау үдерісіне кіріседі. Осы рәсім олардың үйлесімділігі тұрғысынан алғанда зерттеуге жатпайтын (мысалы, бөлшек сауда айналымының үй шаруашылықтарын шығыстары бойынша зерттеу деректерімен) уақыты бойынша бағалаудың үйлесімділігін, деректердің байланысын қоса алғандағы агрегатталған деректердің талдауын қарастырады. Макроредакциялау әртүрлі іріктеу алдындағы көлемдердің қатынасын анықтау, өткен кезеңдегі деректермен салыстыру, басқа дереккөздерден алынған деректермен салыстыру арқылы жүргізіледі.
      54. Егер макроредакциялаудың қорытындылары қанағаттанарлықсыз болса, онда микроредакциялау рәсіміне қайтып оралады. Егер бағалау қанағаттанарлық болса, онда макроредакциялау жүргізілмейді.
      55. Сауда саласы зерттеулерінің көпшілігінде деректер айқындамаларының болмауы жиі кездеседі, бұл деректерді редакциялауда қиындық тудырады. Есептің (жекелеген сұрақтарға жауап алмау) белгілі бір айқындамасы бойынша немесе респондент мүлдем есеп бермеуінен (бірліктің бас тартуы) деректер болмауы мүмкін. Жоқ деректерді бағалау үшін жауап алынбаған кезде деректерді импутациялау рәсімі (деректерді жүктеу) жүргізіледі.
      56. Деректерді жүктеу рәсімі бір немесе бірнеше қате немесе бір немесе бірнеше жазбалардан алынбаған жауаптарды нақты және іштей келісілген мәндерге ауыстыруды білдіреді.
      57. Деректерді жүктеудің әртүрлі әдістері бар. Оңтайлы әдісті таңдау талдау мақсатына және жоқ деректердің түріне байланысты болады. Кейбір барынша кеңінен пайдаланылатын деректерді жүктеу әдістеріне мыналарды жатқызады:
      1) орташа/неғұрлым ықтималды жүктелген мән: жоқ деректер үшін ауыспалы шаманың орташа мәнін шартты есептеу;
      2) ауыстыру салыстырылатын деректердің болуына негізделеді. Жүктелген деректер осы кәсіпорын бойынша тиісті стратадағы деректердің осы айқындамасының орташа өсу (кему) шамасына түзете отырып, алдыңғы жылдағы осындай зерттеудің нәтижесінде алынған мәндер болып табылады. Деректерді алмастырудың бірнеше үлгілері бар. Бірінші модель көрсетілген кезеңдерде респондентте мәндер болған жағдайда пайдаланылады және келесі формула түрінде келтірілген:
      Tt =Tt-1*(Tt-12/Tt-13)
      мұндағы,
      Т – байқалатын ауыспалы (параметр);
      t – есептік ай.
      Модель айрықша маусымдық сипатқа ие тауарларды өткізетін бірліктерге сәйкес келеді. Осы респондент бойынша өткен жылға деректер жоқ болған жағдайда келесі модель қолданылады:
      
      мұндағы,
      М – кәсіпорындардың осыған ұқсас сипаттамасы бар бірліктер тобы (көпшілік).
      Үшінші модель 1), 2) әдістерді жүзеге асыру мүмкін болмағанда, соңғы кезекте қолданылады:
      Tt =(Tt-1+ Tt-2+Tt-3)/3.
      Деректерді импутациялаудың қажетті мәндер болмаған кезде қолданылатын басқа да әдістері бар, бірақ негізінде 1) немесе 2) әдістерді жатады. Мысалы:
      Tt =Tt-2*(Tt-12/Tt-14).
      58. Респонденттен жауап алмаған кезде (бірліктің бас тартуы) көп жағдайларда қайта өлшеу қолданылады. Іріктемені қайта өлшеу ол тек жауап берген бірліктерді қамтуы үшін жүзеге асырылады.
      59. Ішкі сауда статистикасы бойынша жылдық жаппай зерттеу жүргізу кезінде, (олардың сансыз көп болуынан) шағын кәсіпорындар бойынша жоқ есептерді жүктеу, жіктегі орта мәнді жүктеу әдісімен жүзеге асырылады.
      60. Есеп бермеген кәсіпорындар көлемін есептеу рәсімі келесі формуламен көрсетіледі:
      Y = Xij*Uij
      мұндағы,
      Y – есеп бермеген кәсіпорындарға ауыспалы (өлшем) көлемі,
      i – қызмет түрінің индикаторы,
      j – кәсіпорын өлшемінің индикаторы,
      X – 1 кәсіпорынға ауыспалы (өлшемнің) орта шамасы,
      U – есеп бермеген кәсіпорындар саны.

6. Ішкі сауда статистикасының қысқа мерзімді деректері

      61. Қысқа мерзімді статистика үшін артықшылық бөлшек және көтерме сауда секторы серпінінің айлық және тоқсандық көрсеткіштерін егер ол қамту саласының азаюына, нақтылығының және егжей-тегжейлігінің төмендеуіне әкеліп соқса да уақтылы қалыптастыру болып табылады. Бастапқы көрсеткіштер келіп түскен қосымша деректердің және талдау нәтижесінде қайта қаралады немесе түзетіледі.
      62. Қысқа мерзімдегі статистика бойынша статистикалық байқау 2-сауда «Тауарларды өткізу көлемі туралы» айлық нысанының негізінде жүзеге асырылады. Бұл нысан ЭҚЖЖ 45, 46, 47-G секциясына жататын қызмет түрімен заңды тұлғалар (құрылымдық және оқшауланған бөлімшелерін қоса алғанда) қамтылады.
      63. Дара кәсіпкерлер айналымын айлар бойынша анықтау үшін келесі тәсілдер пайдаланылады:
      1) бірінші тәсіл бөлшек сауданың орташа айлық айналымы (негізгі қызмет түрі бойынша) туралы деректер және шағын кәсіпорындар (жұмыс істейтін қызметкерлерінің саны 50 адамға дейін) бөлшек саудасы айналымының серпініне негізделеді. Келесі формула бойынша анықталады:
      Vип = Rср * Тр.с * Чип
      мұндағы,
      Vип – есепті айдағы дара кәсіпкерлердің бөлшек (көтерме) сауда айналымы;
      Rср – бір зерттелген кәсіпкерге есептегендегі бөлшек (көтерме) сауданың орташа айлық айналымы 1-ВТ «Тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы есе» нысаны бойынша жылдық статистикалық байқау негізінде анықталады;
      Тр.с – өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда есепті айдағы шағын кәсіпорындардың бөлшек (көтерме) саудасы айналымы көлемінің өсу (азаю) қарқыны;
      Чип – бөлшек (көтерме) саудадағы дара кәсіпкерлердің саны.
      2) екінші тәсілде дара кәсіпкерлер айналымы шағын кәсіпорындар (жұмыс істейтіндердің саны 50 адамға дейін) айналымы мен дара кәсіпкерлер айналымы арасындағы қатынас негізінде қалыптастырылады. Есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:
      Vип = Vмп * K
      мұндағы,
      K – шағын кәсіпорындар (жұмыс істейтіндердің саны 50 адамға дейін) айналымы мен дара кәсіпкерлердің айналымы арасындағы коэффициент-қатынасы. «К» коэффициенті жеке әрбір облыс бойынша жылдық зерттеудің нәтижесі бойынша анықталады;
      Vмп – шағын кәсіпорындардың есепті жылдағы айналымы (жұмыс істейтіндердің саны 50 адамға дейін).
      64. Жылдық және қысқа мерзімді зерттеулердің нәтижелеріне «Сауда» саласы негізгі қызмет түрі болып табылмайтын, кәсіпорындардың көтерме және бөлшек саудада өткізудің көлеміне жете есептеу жүзеге асырылады. Олар бойынша бағалау құрылымдық статистикадағы (1-ПФ, 2-МП нысаны) кәсіпорындарды жылдық зерттеу негізінде және статистикасының әртүрлі саласындағы зерттеулерді есепке ала отырып жүзеге асырылады. Алынған айналым барлық айлар бойынша тең үлестермен бөлінеді.
      65. Негізгі қызмет түрінің немесе статистикалық бизнес тіркелімде өзекті болмауы себебінен туындаған басқа атрибуттардың өзгеруіне байланысты, алдыңғы аймен салыстырғанда есепті айдағы каталогта жаңа кәсіпорын пайда болған жағдайда, мұндай кәсіпорынның айналымы есепті кезеңдегі көтерме/бөлшек саудада өткізудің нақты көлем индексін есептеу кезінде қатыспайды.
      Қысқа мерзімді статистикада жеке тауар айқындамалары бойынша тауар айналымының өзгерісін бағалау кәсіпорынның негізгі қызмет түрі бойынша жүзеге асады.

7. «Сауда» саласы бойынша жалпы шығарылымды қалыптастыру

      66. Ішкі сауда кәсіпорнының шығарылымы қайта сату үшін алынған тауарлардан түскен сауданың үстеме бағасының жалпы құны ретінде өлшенеді.
      67. Сауданың үстеме бағасы қайта сату үшін сатып алынған тауарларды сату нәтижесінде алынған нақты немесе шартты есептелген баға мен ол қандай да бір басқа тәсілмен сатылған немесе қолданылған сәтте ұқсас тауарларды (сатылғанның орнына) сатып алу үшін кәсіпорын төлеуге тура келген баға арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Кейбір тауарларға сауда үстеме бағалары егер бағалар төмендетілген болса немесе бұзылып немесе ұрланғандықтан сатылмаған болса теріс мәнге ие болады.
      68. Сауданың үстеме бағасы екі факторға – тауар айналымы мен сауда үстеме бағасының қалыпты деңгейіне байланысты. ҰШЖ мақсаттары үшін сауда үстеме бағасы ЭҚЖЖ G секциясының барлық қызмет түрлері бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерді жалпы өткізу көлемінен белгілі бір үлес ретінде айқындалады.
      69. Сауда секторы бойынша тауарларды (қызметтерді) жалпы өткізу көлемі бақыланбайтын экономика саласында қалыптастырылатын айналымды қамтиды.
      70. Сауда қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер қаржылық емес секторға жатады.
      71. Тауар айналымының нақты көлем индексін жалпы «Сауда» саласы бойынша есептеу үшін индекстер G бөлімінің ең төменгі деңгейінде біріктіріледі. Мұндай біріктірулер базистік жылдағы қызметтің әрбір түрінің тауар айналымының үлесінен анықталатын салмақтау коэффициенттерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
      72. Қоғамдық тамақтандыру қызметінің жалпы өнімі меншік түріне және жұмыс істейтіндердің санына қарамастан (дара кәсіпкерлерді қосқанда), сондай-ақ бақыланбайтын экономика саласындағы қалыптасқан көлемді ескере отырып барлық қызмет өндірушілері көрсеткен қызметтердің құнын білдіреді.
      73. Бақыланбайтын экономиканы (БЭ) бағалау үшін Еуропалық қауымдастықтың Статистикалық бюросында пайдаланылатын БЭ түрлерінің жіктеліміне кестелік тәсіл қолданылады. Кестелік негіз 7 компонентке бөлінген. Салалық статистика шеңберінде БЭ есепке алу N3, N6 компоненттері бойынша жүзеге асырылады.
      N3 компонентіне заңнамаға сәйкес тіркелуге міндетті емес өндірушілер жатады. Бұл санатқа жеке тұтынуы үшін, жеке негізгі капиталды қалыптастыру, тұрғын үйді салу мен жөндеу үшін тауарларды өндіретін үй шаруашылықтары жатады. Немесе өндірушіде шағын нарықтық шығарылым бар, бірақ ол кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті болатын бекітілген деңгейден төмен.
      N6 компонентіне деректерді әдейі бұрмалайтын кәсіпорындар жатады. Бұл санатқа салықтан жалтару мақсатында шығарылымды арнайы төмендететін және/немесе аралық тұтынуды көтеретін өндірушілер жатады.
      74. N3 компоненті бойынша ақпарат көзі болып D-004 «Үй шаруашылықтарынан шығыстары мен кірістері бойынша тоқсан сайынғы сұрақнама» нысаны бойынша үй шаруашылықтарын зерттеу қорытындысы қызмет етеді.
      75. Тоқсандық және айлық негізде бөлшек сауда бойынша N6 компонентін есептеу бұдан бұрын белгіленген сарапшылық бағалау негізінде (сауда жасайтын кәсіпорындардың жалпы айналымынан 10%) жүзеге асады. Оның мәні белгілі бір уақыттан кейін қайта қаралады.
      76. Статистикалық тәжірибеде бақыланбайтын экономиканы статистикалық бағалаудың әмбебап әдісі жоқ. Қолданылып жүрген әдістер экономиканың ұлттық ерекшелігіне, статистикалық органдардың ақпараттық базасына тәуелді болып келеді. Бақыланбайтын экономиканы бағалау бір мезетте әр түрлі ақпарат көздерін қолдану арқылы бірнеше әдістермен жүргізілгеніне қарамастан ең жақсы нәтижелерге жетеді.
      77. Айналымның жасырылған (төмендетілген) көлемін бағалау үшін қосымша келесі әдістер қолданылуы мүмкін:
      1) өзара байланысты көрсеткіштердің индексін салыстыру әдісі. Өзара байланысты көрсеткіштердің индексін салыстыру әдісі немесе «белгілі параметр бойынша есептеу» тікелей қолдану немесе статистикалық органдармен қатар белгіленген тәртіппен әкімшілік дереккөздер жинаған деректерді салыстыру негізінде жүзеге асырылады. Бұл әдісте ескерілмеген көлем мөлшері саналған көрсеткіштер мен сонымен байланыстыларды өзгертудегі сәйкессіздіктен белгіленеді. Мысалы, бөлшек сауда мен тауарларды сатудың өзіндік құнының үлес салмағының (тауарлардың сатып алынған құнының) айналымы тауарларды сатудан алынған түсімде; бөлшек сауда мен айналым шығысының үлес салмағының (коммерциялық және басқарушылық шығыстар) айналымы тауарларды сатудан алынған түсімде. Көрсетілген көрсеткіштердің серпіні нақтылық жағдайында бір-біріне жақын;
      2) үй шаруашылықтары статистикасы негізінде алынған деректермен салыстыру әдісі. Үй шаруашылықтарын зерттеулерде халықтың азық-түлік тауарлары мен азық-түлік емес тауарларды сатып алуға, көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге кететін шығыстары ескеріледі. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі мен тауарларды сатып алуға кететін үй шаруашылықтары шығыстарын салыстыра отырып, кәсіпорынның тауарларды сату көлемін жасыру шамасын белгілуге болады. Халықтың тауарларды сатып алуға жұмсаған шығыстарында салық органдары тіркемеген жеке тұлғалардан тауар сатып алуға жұмсалған шығыстары да қосылады;
      3) «тауар ағымы» әдісі немесе теңгерімдік тәсілдеме әдісі. Бұл әдіс ақпараттық базадағы әлсіз жерлерді табу мақсатында тауар ағымын анықтау немесе маңызды жекелеген маңызды өнімдер немесе тауар топтары бойынша өндірістен тұтынуға дейінгі құн қозғалысын білдіреді;
      4) арнайы іріктемелі зерттеулерді қолдануға негізделген әдіс. Тікелей әдістер – бұл арнайы іріктемелі зерттеулерді қолдану. Олар қолданыстағы статистикалық нысанмен қамтылмаған экономикалық құбылыстардың жекелеген салаларында сандық сипаттамаларды алу үшін қолданылады;
      5) тұрақты арақатынас әдісі. Бұл әдіс кейбір тұрақты пропорцияларды жете есептеумен болған көрсеткіштерді анықтауға негізделеді. Жете есептелген көлем мөлшері қолда бар арақатынастар мен Constanta ретінде қабылданған көпжылдық сәйкессіздік шамасынан белгіленеді;
      6) орташа мәндер мен үлестік шамаларды қолдану әдісі. Орташа мәндер мен үлестік шамаларды қолдану әдісі деректерді жете есептеудің кең таралған тәсілі болып табылады. Оның мәні бақыланатын жиынтықтың ескерілген объектілері негізінде алынған орташа мән мен үлестік шамаларды бақыланатын жиынтықтың ескерілмеген бөлігіне ауыстыруға негізделген.