Құрылыстағы технологиялық карталарды әзірлеу, келісу, бекіту және олардың құрамы жөніндегі Мемлекеттік нормативті бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 413-нқ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 қаңтрда № 12900 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының үшінші абзацының 489) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 06.11.2019 № 177-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған құрылыстағы технологиялық карталарды әзірлеу, келісу, бекіту және олардың құрамы жөніндегі Мемлекеттік норматив бекітілсін.

      2. Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға М. Жайымбетов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері және
жер ресурстарын басқару комитеті
Төрағасының
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 413-нқ бұйрығымен бекітілген

Құрылыстағы технологиялық карталарды әзірлеу, келісу, бекіту және олардың мазмұны жөніндегі мемлекеттік норматив

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 06.11.2019 № 177-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Технологиялық карта құрылысты ұйымдастыру жобасымен және жұмыстарды жүргізу жобасымен қатар құрылыстағы негізгі ұйымдық-технологиялық құжат болып табылады.

      2. Осы Мемлекеттік нормативте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жұмыстарды жүргізу жобасы (ЖЖР) - жобаны және жұмыс жобасын іске асыру үшін әзірленетін және құрылыс жұмыстарының (технологиялық процестер және операциялар) технологиясын, оларды орындау сапасын, мерзімдерді, ресурстарды және қауіпсіздік бойынша іс-шараларды анықтайтын ұйымдық-технологиялық құжат;

      2) құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) - жоба құрамында әзірленетін және құрылыс көлемдерін, мерзімдерін, ресурстарға қажеттілікті және жалпы құрылыс жұмыстары технологиясын анықтайтын ұйымдық құжат;

      3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

      4) техникалық-нормалау картасы – операциялардың құрамынан, еңбек шығындарының калькуляциясынан, механикаландыру құралдарынан және материалдық ресурстардың шығысынан тұратын қолданыстағы сметалық нормаларды қайта өңдеу (түзету) мақсаты үшін әзірленетін құжат;

      5) технологиялық карта - онда "Еңбек шығындарының калькуляциясы" бөлімі болған кезде сметалық нормативтерді және материалдар шығынын әзірлеу үшін бастапқы құжат ретінде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының арнайы жеке түрінің технологиялық процесін орындау тәртібін реттейтін және операциялардың құрамын, механикаландыру құралдарынан, ресурстар шығысынан, сапаға қойылатын талаптардан және жұмыстардың қауіпсіздігі бойынша іс-шаралардан тұратын нормативтік-техникалық құжат;

      6) технологиялық карталардың Тапсырыс берушісі (бұдан әрі - Тапсырыс беруші) - оның тапсырмасы бойынша технологиялық карта әзірленетін құрылысты жүргізу процестеріне арналған технологиялық карталарды әзірлеуге мүдделі меншік нысанына қарамастан заңды немесе жеке тұлға;

      7) технологиялық операция (технологиялық процестің бөлігі) - құрылыс өнімін алуды қамтамасыз ететін технологиялық өтпелер мен тәсілдер жиынтығы;

      8) технологиялық процесс (құрылыс жұмыстары технологиясының бөлігі) - берілген көлемде, белгіленген сапада және белгілі бір мерзімдерде құрылыс өнімін алу үшін орындалатын технологиялық операциялардың жиынтығы.

      3. Технологиялық карта құрылысты құрылыстағы еңбек өнімділігін және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын арттыруға, жұмыстарды жүргізу кезінде еңбекті және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтай отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру, технологиясы және механикаландыру бойынша ұтымды шешімдермен қамтамасыз ету үшін әзірленеді.

      Технологиялық карта қазіргі заманғы механикаландыру құралдарын, технологиялық керек-жарақтарды, құралдарды, саймандарды және құрылғыларды, материалдық-техникалық ресурстарды барынша тиімді пайдалана отырып, еңбекті ұйымдастыру бойынша іс-шаралар кешенін қамтиды.

      4. Технологиялық карталар мыналарды пайдалану үшін жасалады:

      жұмыстардың жеке түрлерін – геодезиялық, жер, қадалық, тас, монтаждау, бетон, жабын, едендерді орнату, санитарлық-техникалық, әрлеу және құрылыс жұмыстарының басқа да түрлерін орындауға;

      жұмыстарды жүргізу жобасының құрамында – ғимаратты, құрылысты немесе олардың бөлігін (торабын) салуға.

      5. Технологиялық картада құрылыс процесінің технологиялық операцияларының құрамы және жүйелілігі, құрылыс машиналарының және жабдықтардың, технологиялық керек-жарақтардың, құрал мен құрылғылардың құрамы және саны келтіріледі, материалдық-техникалық ресурстардың шығысы анықталады, жұмыстардың сапасына және қабылдауға қойылатын талаптар белгіленеді, еңбекті қорғау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар көзделеді.

      6. Материалдық-техникалық ресурстар, еңбек пен машина уақыт шығындары технологиялық процеске және операцияларына, жұмыстардың барлық көлеміне немесе түпкі өнімнің ірілендірілген өлшегіштеріне арналған технологиялық карталарда келтіріледі.

      7. Технологиялық карталарды әзірлеу үшін нормативтік база қолданыстағы мемлекеттік стандарттар, құрылыс нормалары және ережелері, басқа нормативтік-техникалық құжаттар, сондай-ақ, хронометраж немесе жұмыс күнінің фотосуреті болып табылады.

2-тарау. Технологиялық карталардың мазмұнына қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 06.11.2019 № 177-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Технологиялық карталар мынадай бөлімдерден тұрады:

      жалпы ережелер;

      қолдану саласы;

      нормативтік сілтемелер;

      негізгі қолданылатын материалдар мен бұйымдардың сипаттамалары;

      жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру және технологиясы;

      материалдық-техникалық ресурстар;

      жұмыстардың сапасына қойылатын талаптар;

      қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.

      Егер Тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасында еңбек шығындары және ресурстар нормаларын әзірлеу көзделген жағдайда, технологиялық карталарда "Еңбек шығындарының калькуляциясы" деген бөлім әзірленеді. Бұл ретте, материалдық-техникалық ресурстарға қажеттілік "Материалдық-техникалық ресурстар" деген бөлімде келтіріледі.

      Бөлімдердің құрамы "Мазмұны" деген атаумен технологиялық картаның жеке парағында көрсетіледі.

      9. "Жалпы ережелер" деген бөлімде олар үшін осы технологиялық карта әзірленетін технологиялық процестің, ғимарат (құрылыс) типі (түрі), конструктивтік бөлшек немесе ғимарат бөлігінің мақсаты мен атауы көрсетіледі.

      10. "Қолдану саласы" деген бөлім: олар үшін осы технологиялық карта әзірленетін технологиялық процестің атауын, конструктивтік бөлшек немесе ғимараттың, құрылыстың бөлігінің атауын, жұмыстарды жүргізудің, оның ішінде температуралық, ылғалдық, метеорологиялық және басқа шарттары мен ерекшеліктерін, жұмыстардың құрамын, еңбек режимін, технологиялық картаны қолдану бойынша ұсынымдарды қамтиды.

      11. "Нормативтік сілтемелер" деген бөлім оларға технологиялық картада сілтемелер берілген нормативтік және басқа құжаттардың (нормалар, ережелер, стандарттар) белгілері мен атауынан тұрады.

      12. "Негізгі қолданылатын материалдар мен бұйымдардың сипаттамалары" деген бөлім құрылыс материалдары мен бұйымдарының атауын және белгілерін; олар бойынша жүргізілетін стандарттау және сертификаттау құжаттарының (МЕМСТ, ҚР СТ, сәйкестік сертификаттары) атауын және белгілерін; сауда маркаларына, өнім өндірушілер белгілеріне сілтемелерді қамтиды.

      Барлық технологиялық карталарда буып-ілу және жиып қою схемаларын көрсете отырып, материалдар мен бұйымдарды тасымалдауға, жиып қоюға және сақтауға қойылатын талаптар келтіріледі.

      13. "Жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру және технологиясы" деген бөлім дайындық, негізгі, қосалқы және қорытынды жұмыстарға бөлінеді.

      Бөлім мыналарды қамтиды:

      бұрын орындалған (алдыңғы) жұмыстардың сапасына және аяқталуына қойылатын талаптар;

      дайындық жұмыстарының сапасына және аяқталуына қойылатын талаптар, оларды жүргізу тәртібі;

      технологиялық операцияларды орындау кезінде жұмыс орындарын ұйымдастыру схемасы;

      жұмыстарды орындаудың технологиялық реттілігінің сипаттамасы;

      жұмыс аймағында материалдар мен бұйымдарды сақтаудың ұзақтығы мен қоры бойынша нұсқаулар;

      технологиялық қамтамасыз етудің қолданылатын құралдарын (технологиялық керек-жарақтар, құрал, саймандар және құрылғылар), машиналарды, тетіктерді, жабдықтарды және орындаушыларды (мамандығы, санаты, буын құрамы) көрсетіліп, технологиялық операциялардың атауы, олардың сипаттамасы және орындау реттілігі;

      жұмыстарды жүргізу және қысқы уақыт кезеңінде олардың ерекшеліктері бойынша нұсқау.

      Технологиялық операциялардың атауы, олардың сипаттамасы және орындау реттілігі осы Мемлекеттік нормативке 1-қосымшада келтірілген нысан бойынша операциялық карта түрінде ресімделеді.

      14. "Материалдық-техникалық ресурстарға қажеттілік" деген бөлім мыналарды қамтиды:

      осы Мемлекеттік нормативке 2-қосымшада келтірілген нысан бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде қолданылатын материалдар мен бұйымдарға қажеттілік ведомосі;

      осы Мемлекеттік нормативке 3-қосымшада келтірілген нысан бойынша машиналар, тетіктер, жабдықтар, технологиялық керек-жарақтар, құрал, саймандар мен құрылғылар тізбесі.

      Материалдардың, бұйымдардың және жабдықтардың саны мен номенклатурасы өндірістік нормалар немесе ресурстар шығысын нормалау негізінде белгіленетін жұмыс сызбалары, ерекшеліктері немесе физикалық көлемдері бойынша анықталады.

      Технологиялық қамтамасыз ету құралдарының, машиналардың, тетіктер мен жабдықтардың саны мен типтері жұмыстардың көлемдеріне, оларды орындау мерзімдеріне, ауысымдар санына және ЖЖР-ге сәйкес технологиялық картада қабылданған жұмыстарды ұйымдастыру схемасы бойынша анықталады.

      15. "Жұмыстардың сапасына қойылатын талаптар" деген бөлім құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу және қабылдау кезінде мынадай бақылау әдістері мен құралдарынан тұрады:

      түсетін өнімді кіріс бақылау;

      технологиялық операцияларды орындау сатыларында операциялық бақылау;

      орындалған жұмыстарды қабылдау бақылау.

      Бақылаудың барлық түрлері үшін мыналар көрсетіледі:

      бақыланатын көрсеткіштер;

      бақылау орны;

      бақылау көлемі;

      бақылау мерзімділігі;

      бақылау әдісі және нормативтік құжатты белгілеу;

      өлшем құралдары және сынақ жабдығы, маркасы (типі), техникалық сипаттамалары (өлшеу ауқымы, бөлу бағасы, дәлдік сыныбы және тағы басқа);

      бақылауды орындаушы (бөлім, қызмет, маман);

      бақылау нәтижелері тіркелетін құжат (жұмыс журналдары, жасырын жұмыстарды куәландыру актілері, сынақтар хаттамалары және құжаттардың басқа да түрлері).

      Технологиялық процестерді бақылау картасы осы Мемлекеттік нормативке 4-қосымшада келтірілген нысан бойынша ресімделеді.

      16. "Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау" деген бөлім барлық жұмыс орындары үшін технологиялық операцияларды орындаудың қауіпсіз әдістерінің сипаттамасын қамтиды, оның ішінде:

      еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша шешімдер;

      қауіпті аймақтарды, ескерту жазбалары мен белгілерін, жұмыс орындарын жарықтандыру тәсілдерін көрсете отырып, жұмыс орындарын қауіпсіз ұйымдастыру схемалары;

      технологиялық қамтамасыз ету құралдарын, машиналарды, тетіктер мен жабдықтарды қауіпсіз пайдалану қағидалары;

      қолданылатын жеке қорғану құралдары және оларды пайдалану бойынша нұсқаулар;

      дәнекерлеу жұмыстарын және ашық алау отты пайдалануға байланысты жұмыстарды қауіпсіз орындау қағидалары;

      жұмыстарды жүргізуге қойылатын экологиялық талаптар (қалдықтарды жинау және жою шарттары, шу деңгейін шектеу, жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың, тозаңның шоғырлануы).

      Еңбек қауіпсіздігі және қорғау бойынша шешімдердің құрамы мен мазмұны Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарына сәйкес жасалады.

      17. "Еңбек шығындарының калькуляциясы" деген бөлім осы Мемлекеттік нормативке 5-қосымшаның нысаны бойынша еңбек шығындарының калькуляциялар кестесінен тұрады.

      Технологиялық процестің негізгі операциялары оларды орындаудың технологиялық реттілігінде келтіріледі.

      Калькуляцияға, сондай-ақ, дайындық, қосалқы және қорытынды жұмыстар кезінде (жұмыс аймағында материалдар мен бұйымдарды түсіру және жиып қою, материалдар мен бұйымдарды жиып қою немесе монтаждау орнына жеткізу) орындалатын технологиялық операциялар енгізіледі.

3-тарау. Технологиялық карталарды әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 06.11.2019 № 177-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Технологиялық картаны Тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша жобалау-технологиялық ұйымы, сондай-ақ, мердігерлік құрылыс ұйымы әзірлейді.

      19. Технологиялық карталарды әзірлеу Тапсырыс беруші және Әзірлеуші арасындағы оларды орындау шарты бойынша жүзеге асырылады. Шарт жасасу кезінде Тапсырыс беруші нормативтік-техникалық құжатты әзірлеуге қысқаша техникалық тапсырманы (техникалық ерекшелікті) бекітеді, онда әзірлеменің негізгі мақсаттары және міндеттері, жұмыс кезеңдері және оларды орындау мерзімдері, сондай-ақ, пікір алу және келісу үшін құжаттың жіберілуі қажет ұйымдар көрсетіледі. Технологиялық картаны әзірлеуді негізгі әзірлеуші және бірлесіп орындаушылар нормативтік-техникалық құжатты шартта белгіленген мерзімде сапалы дайындауды қамтамасыз ететін, өзара келісілген тәртіпте ұйымдастырады.

      Технологиялық картаны әзірлеуді ұйымдастыру бастапқы кезеңде бастапқы құжаттаманы жинауды және талдауды (техникалық, технологиялық) қамтиды.

      20. Технологиялық картаны әзірлеу оңтайлы шешімдерді таңдау шарты кезінде мына факторлар бойынша жүзеге асырылады:

      өндіріс технологиясы және жұмыстарды ұйымдастыру;

      еңбекті қорғау, экологиялық және өрт қауіпсіздігі;

      технологиялық қамтамасыз ету құралдары мен материалдық-техникалық ресурстар құрамы.

      21. Технологиялық карталар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.

      22. Технологиялық карталарды Тапсырыс беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпте бекітеді және қолданысқа енгізеді.

      23. Технологиялық карталарды басып шығаруды және таратуды Тапсырыс беруші немесе Тапсырыс берушімен жасалған шарт негізінде оның тапсырмасы бойынша басқа да ұйым жүзеге асырады.

      Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы болып табылатын меншік иесі технологиялық карталарды басып шығару мен таратуды Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

4-тарау. Технологиялық карталарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 06.11.2019 № 177-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Технологиялық картаның белгіленген қолданыс мерзімі – 5 жыл.

      Технологиялық картаның қолданыс мерзімі өткеннен кейін Тапсырыс беруші әзірлеуші ұйыммен бірлесіп, технологиялық картаның қолданыс мерзімін ұзарту, түзету немесе айналымнан алу туралы шешім қабылдайды.

      25. Технологиялық картаның қолданыс мерзімі ұзартылған кезде әзірлеуші ұйым технологиялық карталарды түзетуді жүргізеді (олар болған кезде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі), сондай-ақ, мынадай бөлікте оларды өзектендіру жүргізіледі:

      жұмыстардың технологиясы мен көлемдерін нақтылау;

      пайдаланылатын нормативтік құжаттар;

      қолданылатын бақылау құралдары;

      қолданылатын технологиялық қамтамасыз ету құралдары, машиналар, тетіктер мен жабдықтар;

      еңбек пен машина уақыт шығындарының калькуляциясы;

      қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша іс-шаралар.

      Бұл ретте, ескірген және өнеркәсіп бұдан әрі шығармайтын машиналарды, жабдықтарды, технологиялық керек-жарақтарды, құрылыс материалдарын және бұйымдарды ауыстыру жүргізіледі.

      Технологиялық карталарды түзеткеннен кейін әзірлеуші ұйым осы Мемлекеттік нормативтің 3-тарауының талаптарына сәйкес оны келіседі және бекітеді.

      26. Әзірлеуші ұйым Тапсырыс берушіге хабарлау негізінде қолданыстағы заңнама нормаларының талаптарына сәйкес олардың қолданыс мерзімі ішінде парақтарды ауыстыру немесе жаңа қосымша парақтарды қосу арқылы технологиялық карталарға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

      27. Технологиялық картаны айналымнан алу ол туралы әзірлеуші ұйымға хабарланып, оларды жою арқылы жүргізіледі. Технологиялық картаны өзгерту немесе айналымнан алу туралы ақпарат ақпараттық басылымдарда көрсетіледі.

5-тарау. Технологиялық карталарды ресімдеу ережелері

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 06.11.2019 № 177-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Технологиялық карта Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамамен белгіленген талаптарға сәйкес ресімделеді.

      29. Технологиялық карталар мемлекеттік және орыс тілдерінде басып шығарылады.

      30. Технологиялық карта басылым сияқты - А4 форматындағы парақтарда мәтіндік, кестелік және графикалық материалды компьютерлік терумен ресімделеді.

      31. Технологиялық картаның мұқаба парағы, алғысөзі, мазмұны, мазмұнының арғы бетінде кіріспесі (қажеттілігіне қарай) және нормативтік-техникалық құжаттың мәтіні бір шмуцтитулы бар.

      32. Уәкілетті мемлекеттік органы бекітетін технологиялық карталардың мұқаба парағы осы Мемлекеттік нормативке 6-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

      Құрылыс мердігерлік ұйымы бекітетін технологиялық карталардың мұқаба парағы осы Мемлекеттік нормативке 7-қосымшаға сәйкес ресімделеді

      33. Алғысөз, мазмұны, кіріспе және мәтіндік бөлік қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға сәйкес орындалады.

      34. "Кіріспе" нормативтік-техникалық құжатты әзірлеуге негіздеме, пайдаланушыларға осы технологиялық картаны қолдануды жеңілдететін ақпаратты келтіру қажет болған кезде келтіріледі.

      "Кіріспе" талаптардан тұрмайды.

      35. Уәкілетті мемлекеттік органы бекітетін технологиялық карталардың шмуцтитулы осы Мемлекеттік нормативке 8-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

6-тарау. Техникалық-нормалау карталарын әзірлеу, келісу және бекіту

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 06.11.2019 № 177-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Техникалық-нормалау картасы қолданыстағы сметалық нормаларды түзетудің негіздемесі үшін қолданылатын құрылыстағы қосалқы нормативтік-техникалық құжат болып табылады.

      37. Техникалық-нормалау карталары мынадай бөлімдер бойынша қысқаша ақпараттан тұрады:

      жұмыс өндірісін ұйымдастыру және оның технологиясы;

      негізгі қолданылатын материалдар мен бұйымдардың сипаттамалары;

      материалдық-техникалық ресурстар;

      еңбек шығындарының калькульяциясы.

      38. Техникалық-нормалау карталары бөлімдерінің мазмұны технологиялық карталардың осыған ұқсас бөлімдерінің мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес келеді.

      39. Техникалық-нормалау карталарын әзірлеу, келісу және бекіту құрылыстағы технологиялық карталарды әзірлеудің, келісудің және бекітудің тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

  Технологиялық карталарды әзірлеу, келісу,
бекіту және олардың мазмұны жөніндегі
мемлекеттік нормативке
1-қосымша

      нысан

Операциялық карта

      ______________________________________________________

      (жұмыстардың атауы)

Операцияның атауы

Технологиялық қамтамасыз ету құралдары

(технологиялық керек-жарақтар, құрал, саймандар, құрылғылар), машиналар, тетіктер, жабдық

Орындаушы

Операцияның сипаттамасы

  Технологиялық карталарды әзірлеу, келісу,
бекіту және олардың мазмұны жөніндегі
мемлекеттік нормативке
2-қосымша

      нысан

Жұмыстарды жүргізу кезінде қолданылатын
материалдар мен бұйымдарға қажеттілік
ВЕДОМОСІ

р/с №

Материалдың, бұйымның атауы

МЕМСТ, ҚР СТ сертификат

және тағы басқа

Өлшем бірлігі

Саны

  Технологиялық карталарды әзірлеу, келісу,
бекіту және олардың мазмұны жөніндегі
мемлекеттік нормативке
3-қосымша

      нысан

Машиналар, тетіктер, жабдықтар, технологиялық керек-жарақтар, құрал, саймандар мен құрылғылар тізбесі

р/с №

Атауы

Типі, маркасы

Мақсаты

Негізгі техникалық

сипаттамалары

Буынға(бригадаға)

арналған саны, дана

  Технологиялық карталарды әзірлеу, келісу,
бекіту және олардың мазмұны жөніндегі
мемлекеттік нормативке
4-қосымша

      нысан

Технологиялық процестерді бақылау
КАРТАСЫ

Бақылау объектісі (технологиялық процесс)

Бақыланатын параметр

Бақылау (сынамаларды іріктеу) орны

Бақылау мерзімділігі



Бақылауды немесе сынақтар өткізуді орындаушы

Бақылау әдісі, НТҚ белгілері

Өлшеу, сынақ құралдары

Бақылау нәтижелерін ресімдеу

Атауы

Номиналдық мәні

Шекті ауытқу

Типі, маркасы, НТҚ белгілері

Өлшемдер ауқымы,

қателіктері,

дәлдік сыныбы

      Кіріс бақылау

      Операциялық бақылау

      Қабылдау бақылауы

  Технологиялық карталарды әзірлеу, келісу,
бекіту және олардың мазмұны жөніндегі
мемлекеттік нормативке
5-қосымша

      нысан

Еңбек шығындарының калькуляциясы

р/с №

Жұмыстардың атауы

Өлшем бірлігі

Жұмыстардың көлемі

Өлшем бірлігіне уақыт нормасы, адам-сағ. (маш.-сағ.)

Жұмыстардың көлеміне еңбек шығындары, адам-сағ.

(маш.-сағ.)

  Технологиялық карталарды әзірлеу, келісу,
бекіту және олардың мазмұны жөніндегі
мемлекеттік нормативке
6-қосымша

      нысан

Уәкілетті мемлекеттік органы бекітетін технологиялық карталардың мұқаба парағы






Түрлі-түсті жолақ:

"кереге"

бөлшегі

бар

көк



Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер

(мемлекеттік/орыс тілдерінде)

_____________________________________________________

_________________________________________________________

(Технологиялық карталар) мемлекеттік/орыс тілдерінде


___________________________________________________________

 (Технологиялық картаның атауы) – мемлекеттік/орыс тілдерінде

_________________________________________________________

_________________________________________________________



(Технологиялық картаның белгілері) - мемлекеттік/орыс

тілдерінде 

Ресми басылым – мемлекеттік/орыс тілдерінде


________________________________________________________

(құжатты бекіткен уәкілетті органның атауы) –

мемлекеттік/орыс тілдерінде

_________________________________________________________

(Уәкілетті орган орналасқан қала)

_________________________________________________________

(басып шығарылған жыл)

  Технологиялық карталарды әзірлеу, келісу,
бекіту және олардың мазмұны жөніндегі
мемлекеттік нормативке
7-қосымша

      нысан

Құрылыс мердігерлік ұйымы бекітетін
Технологиялық карталардың мұқаба парағы

      (Ұсынылатын)

      Тапсырыс беруші ұйымның атауы

      Әзірлеуші ұйымның атауы

      БЕКІТЕМІН

      _______________________

      лауазымы

      _______________________

      қолы Т. А. Ә.

      20_____ж. "____"_______

      ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

      __________________________________________________________

      жұмыстардың атауы

      Технологиялық картаның белгілері


      Қолданыс мерзімі 20__ж. "__"_____ бастап

      20___ж. "___"_______________ дейін

      КЕЛІСІЛГЕН: ӘЗІРЛЕНГЕН:

      Технологиялық картаны келіскен Технологиялық картаны

  тұлғалардың лауазымдары және қолдары әзірлеушілердіңТехнологиялық карталарды әзірлеу, келісу,
бекіту және олардың мазмұны жөніндегі
мемлекеттік нормативке
8-қосымша

      нысан

Уәкілетті мемлекеттік органы бекітетін технологиялық
карталардың шмуцтитулы

_____________________________________________

Мемлекеттік және орыс тілдерінде технологиялық картаның белгілері


___________________________________________________________________

(Технологиялық карта) – мемлекеттік және орыс тілдерінде

___________________________________________________________________

(Қазақ тіліндегі / орыс тіліндегі технологиялық картаның атауы)


Қолданысқа енгізілген күні __________________________

 (жылы, айы, күні)


 МӘТІН – мемлекеттік және орыс тілдерінде


__________________________________________________________________

Ресми басылым (мемлекеттік және орыс тілдерінде)

      _____________________________________________________________________

      ӘОЖ ХҚЖ

      Негізгі сөздер: технологиялық карта, технологиялық операция, әзірлеу, келісу, бекіту.