«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 641 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 қаңтарда № 12878 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 215 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Қамысты ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қамысты ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округінің Қамысты ауылындағы атаусыз көшесіне мынадай атау берілсін:
      "№ 1" жобалық көшесі – "Е. Ниетқалиев" көшесі.
      2. Қамысты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г. Хайрушева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қамысты ауылдық округі әкімі А. Сарсенгалиев