Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 30.06.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 162-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бөлу қағидаларын бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 30.06.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін және оның мерзімді баспа басылымдары мен "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 652 бұйрығымен бекітілген |
Атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бөлу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 30.06.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Осы атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бөлу қағидалары "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 162-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бөлу тәртібін айқындайды.
2-тарау. Атқарушылық құжаттарды бөлу тәртібі
2. Жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бөлуге:
1) жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына (бұдан әрі – өңірлік палата) қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында келіп түскен атқарушылық құжаттар;
2) лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған, тоқтатылған не лицензиясынан айырылған немесе Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы (бұдан әрі – Республикалық палата) мүшелігінен шығарылған, ұзақ уақыт (бір айдан астам) болмаған, басқа атқару округіне ауыстырылған, аумағы бойынша келіп түскен жеке сот орындаушыларының орындауындағы атқарушылық іс жүргізулер жатады.
3) алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 01.10.2025 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Атқарушылық құжаттарды өңірлік палата атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АІЖ ААЖ) арқылы жеке сот орындаушылары арасында автоматты түрде біркелкі бөледі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 01.10.2025 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Атқарушылық құжат борышкер тіркелген жерге сәйкес келетін ауданның, қаланың жеке сот орындаушылары арасында бөлінуге жатады. Ауданда жеке сот орындаушысы болмаған кезде атқарушылық құжат осы ауданға бекітілген жеке сот орындаушылары арасында бөлінеді.
Бұрын орындалмай қайтарылған не аумағы бойынша жіберілген атқарушылық құжат қайта түскен кезде орындалмай қайтарылуына не аумағы бойынша жіберілуіне бастамашылық еткен жеке сот орындаушысының өзіне бөлінеді.
Алимент өндіріп алу туралы басқа да атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкер болып табылатын адамға қатысты алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжат келіп түскен жағдайда, келіп түскен атқарушылық құжат, іс жүргізуінде сол борышкерге қатысты алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжат тұрған жеке сот орындаушысына бөлінеді.
Атқарушылық құжаттарды борышкер тіркелген ауданға тіркелмеген немесе бекітілмеген жеке сот орындаушыларына бөлуге жол берілмейді.
Өңірлік палата басшысының, оның орынбасарының ақы төленбейтін лауазымын, сондай-ақ Республикалық палатаның басқару органдарында ақы төленбейтін өзге де лауазымды бір мезгілде атқаратын жеке сот орындаушыларына олардың тиісті өтініші негізінде атқарушылық құжаттарды бөлуді тоқтата тұруға жол беріледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 01.10.2025 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушыларына бөлуді және беруді өңірлік палата олардың өңірлік палатаға келіп түсуіне негіз болған мән – жайлар басталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады, ал сот актісі дереу орындалуға жататын жағдайларда – атқарушылық құжат келіп түскен кезден бастап дереу жүзеге асырылады.
5. Жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттардың біркелкі бөлінуін бақылау Республикалық палатаға жүктеледі.
6. Өңірлік палатадан қағаз жеткізгіште келіп түскен атқарушылық құжаттарды қабылдауды жеке сот орындаушылары үш жұмыс күні ішінде қолма-қол жүзеге асырады.
Жеке сот орындаушысының кеңсесі Республикалық маңызы бар қалалардан, облыс орталықтарынан тыс жерлерде орналасқан жағдайда, атқару құжаты алғаны туралы тиісті белгісі бар тапсырыс хатпен жіберіледі.
Атқарушылық құжатымен бірге оған қоса берілген материалдар берілуге тиіс.
7. Атқарушылық құжатты алған жеке сот орындаушысы бұл туралы өндіріп алушыны үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды бөлу туралы есеп АІЖ ААЖ -да қалыптастырылады.
8. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған немесе Республикалық палата мүшелігінен шығарылған, уақытша ауыстырылған (еңбек немесе оқу демалысы, науқастануы, іссапар), басқа атқарушылық округке ауысқан жағдайларда, атқарушылық іс жүргізу материалдарын үш жұмыс күні ішінде өңірлік палатаға жібереді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 01.10.2025 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.