"Әкімшінің оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 159 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 637 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда № 12784 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 390 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 16.04.2020 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әкімшінің оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10708 болып тіркелген "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 4 мамырында жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшінің оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидаларында:

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 8-жол мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      "


8


Әкімші тағайындалған күн



уақытша әкімші*





























оңалту басқарушысы












      * сот банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы шешім шығарған жағдайда толтырылмайды";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 33-1-жолмен толықтырылсын:

      "


33-1


Банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы сот шешімінің күні














      ";

      банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпарат нысанына 3-қосымшада:

      "Мүлікті өткізу" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:


"

Мүліктің түрі (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз)




Мүлік



Мүліктік кешен



Кәсіпорынды сату






      ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдары мен "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов