Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 7-тармағына сәйкес мемлекеттік архивтер қызметкерлерінің кәсіби және біліктілік дайындығы деңгейін, іскерлік қасиетін айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Мемлекеттік мұрағаттар қызметкерлерін аттестациялаудан өткізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 15 шілдедегі № 159 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 05 тамызда № 8606 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 17 тамыздағы № 192 (28131) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Мұрағат ісі және құжаттама департаменті (Д.С. Мұқатаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр | А. Мұхамедиұлы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 411 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленген.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қағида Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінде және олардың филиалдарында (бұдан әрі – мемлекеттік архивтер) жұмыс істейтін азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу тәртібін анықтайды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Мемлекеттік архивтердің басшыларын және олардың орынбасарларын (бұдан әрі – басшылар), мемлекеттік архивтердің мамандарын (бұдан әрі – жұмыскерлер) аттестаттаудан өткізу – олардың кәсіптік және біліктілік даярлығының деңгейін, іскерлік қасиеттерін анықтау, біліктілік санаттарын белгілеу бойынша жүйелі түрде жүзеге асырылатын процедура.
4. Басшыларды аттестаттаудан өткізуді тағайындаған архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы (бұдан әрі – архив ісі және құжаттама саласы) уәкілетті мемлекеттік орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
Жұмыскерлер жұмыс орындары бойынша аттестаттаудан өтеді. Аудандық архивтерде жұмыскерлердің саны 10 адамнан кем болса, тиісті облыстың мемлекеттік архивінде аттестаттаудан өтеді. Бұл жағдайда, аттестаттау комиссиясының құрамына тиісті аудан архивтерінің өкілдері енгізіледі.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Аттестаттаудан өткізу кезінде бағалаудың негізгі өлшемі болып жұмыскерлердің оларға жүктелген міндеттерді орындау қабілеті болып табылады.
6. Жүкті әйелдерден, сонымен қатар архив ісі және құжаттама саласында 20 жылдан астам уақыт жұмыс жасаған тұлғалардан басқа барлық жұмыскерлер аттестаттаудан өтуге жатады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Біліктілік санаттары (разрядтар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабы 16) тармақшасына сәйкес еңбек қатынастарын реттеу саласындағы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бекітілетін Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, сонымен қатар ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Жұмыскерлер азаматтық қызметте болған уақыттың әрбiр кезектi үш жыл өткен сайын, бiрақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн мерзiмде аттестаттаудан өтедi. Аттестаттау белгіленген мерзім келген күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде өткізілуі тиіс. Бала күтіміне байланысты демалыста жүрген жұмыскерлер жұмысқа шыққаннан кейін алты айдан соң аттестаттаудан өтеді.
9. Жұмыскерлерді аттестаттаудан өткізу олардың берген өтініштері негізінде мерзімінен бұрын өткізуге жол беріледі.
10. Аттестаттаудан өткізу келесі кезеңдерді қамтиды:
1) аттестаттаудан өткізуге дайындық;
2) жұмыскерлерді тестілеу;
3) аттестаттау комиссиясының жұмыскерлермен сұхбаттасу жүргізу;
4) аттестаттау комиссиясының шешімін шығару.
2-тарау. Аттестаттауды өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Басшының тапсырмасы бойынша персоналмен жұмыс жүрізу бойынша жауапты құрылымдық бөлімше (бұдан әрі – кадр қызметі) жұмыскерлерді аттестаттауды ұйымдастырады.
Аттестаттаудан өткізуге дайындыққа мынадай:
1) аттестатталанушыға қажетті құжаттарды дайындау;
2) аттестаттау кестесін әзірлеу;
3) аттестаттау комиссиясының құрамын айқындау;
4) аттестаттауды өткізу мақсаты мен тәртібі бойынша түсіндіру жұмысын ұйымдастыру іс-шаралары кіреді.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Кадр қызметі осы Қағиданың 8-тармағына сәйкес аттестаттаудан өтуге тиіс жұмыскерлерді жарты жылда бір рет айқындайды.
13. Басшы кадр қызметінің ұсынуымен бұйрық шығарады, сол бұйрықпен аттестаттаудан өтетін жұмыскерлер тізімін, аттестаттауды өткізу кестесін және аттестаттау комиссиясының құрамын бекітеді.
14. Кадр қызметі аттестаттауды өткізу мерзімі туралы, оны өткізудің басталуына кемінде бір ай қалғанда жұмыскерлерге жазбаша хабарлайды.
15. Аттестаттаудан өтуге тиіс жұмыскерлердің тікелей басшысы қызметтік мінездемені рәсімдеп, оны кадр қызметіне тапсырады.
Басшыларға қызметтік мінездеме архив ісі және құжаттама саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органымен дайындалады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Қызметтік мінездемеде аттестатталанушының кәсіби және біліктілік дайындығына, іскерлік қасиеттері мен қызметтік жұмысының нәтижелеріне негізделген, объективті бағасын қамтиды.
17. Кадр қызметі аттестаттау комиссиясының отырысына дейін кемінде үш апта бұрын жұмыскерді оған берілген қызметтік мінездемемен таныстырады.
18. Жұмыскер өзіне берілген қызметтік мінездемемен келіспейтіні туралы мәлімдеме жасауға және өзін сипаттайтын ақпаратты кадр қызметіне ұсынуға құқылы.
19. Аттестатталанушы жұмыскерге кадр қызметі осы Қағиданың 1-қосымшасында берілген нысанға сәйкес Аттестаттау парағын ресімдейді.
20. Кадр қызметі жинақталған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына жолдайды.
3-тарау. Аттестаттау комиссиясы
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21. Аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – комиссия) басшымен құрылады, мүшелерінің тақ санынан және комиссия хатшысынан тұрады. Комиссияның құрамына комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары және мүшелері енгізіледі. Төраға және төрағаның орынбасары комиссия мүшелерінің ішінен тағайындалады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Басшыларды аттестаттайтын комиссия архив ісі және құжаттама саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органымен құрылады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Комиссия төрағасы комиссия қызметін басқарады, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметі мен қабылдайтын шешімдері үшін жауапкершілік атқарады.
24. Комиссияның құрамына мемлекеттік архив бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлердің өкілдері кіреді, ал басшыларды аттестаттайтын комиссияның құрамына архив ісі және құжаттама саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының бөлімше басшылары мен жұмыскерлері кіреді.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Комиссияның болмаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
26. Кадр қызметінің жұмыскері комиссияның хатшысы болып табылады. Хатшы техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады және комиссияның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, комиссия отырысының қорытындылары бойынша хаттама рәсімдейді және дауыс беруге қатысу құқығы жоқ.
27. Комиссия мүшелері аттестаттаудан жалпы негіздерде өтеді. Комиссия құрамына кіретін жұмыскер өзіне қатысты дауыс беруге қатыса алмайды.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Егер комиссия құрамының үштен екi бөлiгi қатысса оның отырысы құқықты болып есептеледi.
29. Комиссияның шешiмi ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс берудің нәтижелері комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде мазмұндалуға және хаттамаға қоса берілуге тиіс. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
30. Комиссия аттестатталанушы жұмыскерді аттестаттауды оның қатысуымен жүргiзедi.
Аттестатталанушы жұмыскердің комиссия отырысына дәлелді себептермен (еңбекке уақытша қабiлетсiздiк, демалыста болуы, кәмелетке толмаған баланың сырқаты, жақын туыстары қайтыс болуы, іссапарда болуы) келмеу жағдайынан басқа орынсыз себептермен қатыспағанда, аттестаттаудан өтпеді деп танылады. Аттестатталанушы жұмыскер дәлелдi себеп бойынша комиссияның отырысына келе алмаған жағдайда, оны аттестаттау мәселесін қарау комиссия белгілеген кейінірек мерзiмге ауыстырылады.
4-тарау. Тестілеу
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
31. Тестілеу аттестатталанушының таңдауымен қазақ немесе орыс тілінде жүргізіледі. Басшылар үшін тест сұрақтарының саны 80, ал жұмыскерлер үшін – 60 сұрақты құрайды.
32. Жұмыскерлер үшін тест сұрақтары мемлекеттік архивтің басшысымен, ал басшылар үшін – архив ісі және құжаттама саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органымен жыл сайын, 1 ақпаннан кешіктірмей әзірленеді және бекітіледі. Тест сұрақтары жауаптарының біреуі дұрыс болатын кемінде үш нұсқаны қамтуға тиіс.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33. Тестілеу нәтижелері балмен бағаланады және тапсырылған күні хабарланады. Әрбір тест сұрағына дұрыс жауап бір балмен бағаланады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.34. Тестілеу нәтижелерін оң деп тану үшін негіз болып табылатын дұрыс жауаптардың шекті деңгейі тесттерде қамтылған сұрақтар санынан басшылар үшін 80 %-ды, ал жұмыскерлер үшін – 70%-ды құрайды.
Тестілеу кезеңінің шекті деңгейіне жетпеген жұмыскерлер сұхбаттасуға өткізілмейді және қайта аттестаттаудан өтуге жатады.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-тарау. Сұхбаттасуды және қайта аттестаттауды өткізу
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
35. Атқаратын лауазымына сәйкестігіне және функциональдық міндеттерін орындағанда құзыреттілігіне сұхбаттасу аттестатталанушының таңдауымен қазақ немесе орыс тілінде жүргізіледі.
36. Комиссия ұсынылған материалдарды зерделейді және аттестатталанушы жұмыскердің жауаптарын тыңдайды. Аттестатталанушы жұмыскердің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін талқылау шынайы, сыпайылық және тілектестік жағдайында өтуі қажет.
37. Ұсынылған материалдарды зерделеу, тестілеу нәтижелері және аттестатталанушы жұмыскермен сұхбаттасу нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес;
2) қайта аттестаттауға жатады.
Комиссия оң шешім шығарғанда жұмыскердің тиісті біліктілік санатын (разрядын) белгілейді (растайды), не оны белгілеуге негіз жоқ екендігін көрсетеді.
38. Қайта аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш ай өткеннен кейін, осы Қағидада анықталған тәртіпте өтеді. Қайта аттестаттау нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес;
2) атқаратын лауазымына сәйкес емес.
"Атқаратын лауазымына сәйкес болған жағдайда комиссия осы Қағиданың 37-тармағының екінші бөлігін ескере отырып шешім қабылдайды.
Комиссиямен атқаратын лауазымына сәйкес еместігі туралы шешімді қабылдау аттестаттаудың теріс нәтижесі болып табылады. Басшылар мен жұмыскердің аттестаттаудағы теріс нәтижесі оны лауазымынан төмендету үшін, ал егер ол ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда – жұмыстан босату үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.39. Комиссияның бағалары мен ұсынымдары отырысқа қатысқан комиссия мүшелерімен қол қойылатын аттестаттау парағында белгіленеді.
40. Комиссияның шешімі осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған оның отырысына қатысқан комиссия мүшелері мен хатшы қол қояды.
Комиссия шешімі аттестаттау өткізілген күннен бастап бір айлық мерзімде басшымен бекітіледі.
Ескерту. 40-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.41. Комиссия хатшысы аттестатталанушыны комиссияның шешімімен таныстырады. Жұмыскер аттестаттау парағымен таныстырылған соң қол қоюдан бас тартса, комиссия хатшысымен күні және қолы қойылған тиісті жазу қалдырады.
42. Аттестаттау парағы, қызметтік мінездеме, комиссияның шешімі аттестатталанушының жеке ісінде сақталады.
6-тарау. Комиссия шешіміне шағымдану
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
43. Жұмыскер комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.
44. Осы Қағида талаптарының бұзылғандығы анықталған жағдайда басшы бұйрықты өзгертуге және қайта аттестаттау тағайындауға құқығы бар. Қайта аттестаттау осы Қағиданың 38-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
нысан
Аттестаттау парағы
Аттестаттау түрі: кезекті ____ қайтадан өту ___(керегін Х
белгісімен белгілеңіз).
1. Аты-жөні, тегі _____________________________________________
____________________________________________________________________
2. Туған күні "___"_______________________жылы.
3. Білімі, біліктілігін арттыру мен қайта даярлануы туралы
мәліметтер (қашан және қандай оқу орнын тәмамдаған, білімі бойынша
мамандығы және біліктілігі, біліктілігін арттыру және қайта даярлану
туралы құжаттар, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, олардың берілген
күні)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Атқаратын лауазымы мен тағайындалған күні, біліктілік
санаты(разряды)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Жалпы еңбек өтілі - ________________________________________
6. Осы лауазымдағы жалпы еңбек өтілі: _________________________
7. Аттестатталанушы тікелей басшысының қызметтік сипаттамасы
негізінде қызметін бағалау _________________________________
____________________________________________________________________
8. Отырысқа аттестаттау комиссиясының _______ мүшесі қатысты.
9. Дауыс беру нәтижесі бойынша, аттестатталанушының қызметін
бағалау:
1) атқаратын лауазымына сәйкес __________________________;
(дауыстар саны)
2) аттестаттаудан қайтадан өтуге тиіс ________________________;
(дауыстар саны)
3) атқаратын лауазымына сәйкес емес _____________________;
(дауыстар саны)
10. Біліктілік санатын беру:
1) ________________ (жазбаша) біліктілік санатына сәйкес;
2) ________________ (жазбаша) біліктілік санатын беру үшін
негіз жоқ.
11. Аттестатталанушының пікірі: _______________________________
12. Аттестаттау комиссиясының ұсынымдары (олардың қай
себептермен берілгенін көрсете отырып): ____________________________.
Аттестаттау комиссиясының төрағасы: __________________ (қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ___________________ (қолы)
Аттестаттау комиссиясының мүшелері: ________________(қолдары)
Аттестаттауды өткізу күні 20___ жылғы "___" __________
Аттестаттау парағымен таныстым: _________________________
______________________________(азаматтық қызметшінің қолы мен
қол қойған күні).
Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
нысан
Аттестаттаушы ұйымның басшысымен бекітілген ___________________қолы (қолының мағынасын ашу) 20___жылғы "___"___________ |
______________________________________________________________
(мемлекеттік архивтің атауы)
№ _____хаттама
Өткізілген орныӨткізілген күні
Комиссия төрағасы:
Комиссия хатшысы:
Комиссия мүшелері:
Қатысқандар: (аттестатталанушылар жұмыс істейтін бөлімшелердің басшылары мен басқа да шақырылғандардың аты-жөні, тегі) _________________________________________
Аттестаттау материалдары қаралды (аты-жөні, тегі, лауазымы, құрылымдық бөлімше)
Аттестатталанушыға қойылған сұрақтар және оның жауаптары_____________
_______________________________________________________________
Аттесттау комиссиясы мүшелерінің өз шешіміне негіздеме:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Дауыс берушілер саны: қолдады _______; қарсы_______.
Аттестаттау комиссиясының төрағасы: __________________ (қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ___________________ (қолы)
Аттестаттау комиссиясының мүшелері: ________________(қолдары)
20___ жылғы "___" ____________