2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесі бекітілсін.
2. «Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 222 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11048 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1033 бұйрығымен бекітілген
Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесі
1. Ішектiң пенетрациясымен және iштен қан өтумен асқынған iш сүзегi мен паратифтер
2. Сальмонеллездiк септицемия
3. Ботулизм, асқынған нысаны
4. Амебиаз, асқынған нысаны
5. Бактериологиялық және гистологиялық расталған тыныс ағзаларының туберкулезi
6. Бактериологиялық және гистологиялық расталмаған тыныс алу ағзаларының туберкулезi
7. Басқа ағзалардың туберкулезi
8. Милиарлық туберкулез
9. Оба
10. Туляремия
11. Түйнеме, өкпелiк нысаны
12. Декомпенсация сатысындағы созылмалы өткiр және ауыр дәрежедегі өткiрге жуық бруцеллез
13. Асқынған нысандағы сап және мелиоидоз
14. Бүйректердi зақымдайтын лептоспироз
15. Алапес (Гасен ауруы)
16. Асқынған нысандағы листериоз
17. Дифтерия, уытты нысаны
18. Менингококкалық инфекция
19. Стрептококколық септицемия
20. Басқа септицемия
21. Миокардитпен асқынған бөртпе сүзегi
22. Өткiр полиемиелит
23. Орталық жүйке жүйесiнiң баяу вирустық инфекциялары
24. Құтыру
25. Маса вирустық энцефалит
26. Кене вирустық энцефалит
27. Басқа айдарларда жiктелмеген, басқа да вирустық энцефалиттер
28. Анықталмаған вирустық энцефалиттер
29. Вирустық менингит
30. Орталық нерв жүйесiнiң басқа айдарларда жiктелмеген, басқа да вирустық инфекциялары
31. Орталық нерв жүйесiнiң вирустық инфекциясы
32. Бүйрек синдромымен асқынған геморрагикалық безгек
33. Герпетикалық менингит
34. Герпетикалық энцефалит
35. Ауыр дәрежедегi А вирустық гепатитi
36. Ауыр дәрежедегi В вирустық гепатитi
37. Комамен анықталмаған вирустық гепатит
38. Адамның иммун тапшылығы вирусы (ВИЧ) туғызатын ауру
39. Менингитпен асқынған эпидемиялық паротит
40. Кандидоздық менингит
41. Кандидоздық септицемия
42. Plasmodium falciparum тудыратын малярия, асқынған нысаны
43. Plasmodium vivax тудыратын малярия, асқынған нысаны
44. Plasmodium malariae тудыратын малярия, асқынған нысаны
45. Лейшманиоз, висцеральдық нысаны
46. Токсоплазмалық менингоэнцефалит
47. Басқа ағзаларды зақымдайтын токсоплазмоз
48. Экинококкоз
49. Цистицеркоз
50. Ерiннiң қатерлi iсiгi
51. Тілдiң қатерлi iсiгi
52. Қызыл иектiң қатерлi iсігi
53. Ауыз қуысы түбiнiң қатерлi iсiгi
54. Қызыл иектiң iшкi бөлiгiнiң қатерлi iсiгi
55. Ауыздың басқа да анықталмаған бөлiгiнiң қатерлi iсiгi
56. Құлақ маңы сiлекей безiнiң қатерлi iсiгi
57. Анықталмаған үлкен сiлекей бездерiнiң басқа да қатерлi iсiктерi
58. Бадамша бездiң қатерлi iсiгi
59. Жұтқыншақтың қатерлi iсiгi
60. Аңқаның қатерлi iсiгi
61. Алмұрт тәрiздi синустың қатерлi iсiгi
62. Жұтқыншақтың төменгi бөлiгiнiң қатерлi iсiгi
63. Ерiннiң, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың басқа және таралуы дәл белгiленбеген қатерлi аурулары
64. Өңештiң қатерлi iсiгi
65. Асқазанның қатерлi iсiгi
66. Ащы iшектiң қатерлi iсiгi
67. Тоқ iшектiң қатерлi iсiгi
68. Ректосигмоидтық қосылыстың қатерлi iсiгi
69. Тiк iшектiң қатерлi iсiгi
70. Құйрық пен тiк iшектің қатерлi ісiгі
71. Бауыр мен бауыр ішiлiк өт жолдарының қатерлi iсiгi
72. Өт қабының қатерлi iсiгi
73. Өт шығару жолдарының басқа да анықталмаған бөлiктерiнiң қатерлі iсiгi
74. Ұйқы безiнiң қатерлi iсiгi
75. Ас қорыту органдарының басқа да таралуы дәл белгiленбеген қатерлi iсiгi
76. Мұрын мен орта құлақ қуысының қатерлi iсiгi
77. Қосымша қуыстардың қатерлi iсiгi
78. Көмей мен кеңiрдектiң қатерлi iсiгi
79. Қолқа мен өкпенiң қатерлi iсiгi
80. Айырша бездiң қатерлi iсiгi
81. Жүректiң, көкiрек қуысы мен өкпе қабының қатерлi iсiгi
82. Тыныс алу органдары мен кеуденiң ішкі органдарының басқа да таралуы дәл белгiленбеген қатерлi iсiгi
83. Сүйектiң және буын шемiршектерiнiң қатерлi iсiгi
84. Терiнiң қатерлi меланомасы
85. Терiнiң басқа да қатерлi iсiктерi
86. Мезотелиома
87. Капоша саркомасы
88. Шеткi нервтер мен вегетативтiк нерв жүйесiнiң қатерлi iсiгi
89. Шарбы асты кеңiстiгi мен шарбының қатерлi iсiгi
90. Бiрiктiрушi және жұмсақ тiндердiң басқа да үлгiлерiнiң қатерлi iсiгі
91. Сүт безiнiң қатерлi iсiгi
92. Әйелдiң сыртқы жыныс мүшесiнiң қатерлi iсiгi
93. Қынаптың қатерлi iсiгi
94. Жатырдың қатерлi iсiгi
95. Жатыр мойны қатерлi iсiгi
96. Анабездiң қатерлi iсiгi
97. Шарананың қатерлi iсiгi
98. Ер адамдардың жыныс мүшелерiнiң қатерлi iсiгi
99. Бүйректiң, бүйрек түбекшесiнiң қатерлi iсiгi
100. Зәр жолының, зәр қабының қатерлi iсiгi
101. Көздiң және оның қосымша аппаратының қатерлi iсiгi
102. Мидың және ми қабықтарының қатерлi iсiгi
103. Жұлынның, бас сүйегi нервтерiнiң және орталық нерв жүйесi бөлiктерiнiң қатерлi iсiгi
104. Қалқанша бездiң қатерлi iсiгi
105. Бүйрек үстi безiнiң қатерлi iсiгi
106. Басқа да эндокриндiк бездер мен туыстас құрылымдардың қатерлi iсiгi
107. Басқа да дәл белгiленбеген орналасулардың қатерлi iсiгi
108. Лимфатикалық түйiндердiң екiншi және анықталмаған қатерлi iсiгi
109. Тыныс алу және ас қорыту органдарының екiншi қатерлi iсiгi
110. Басқа орналасулардың екiншi қатерлi iсiгi
111. Ходжкин ауруы (лимфогранулематоз)
112. Фолликулярлық ходжкиндiк емес лимфома
113. Диффуздық ходжкиндiк емес лимфома
114. Шеткi және терiлiк т-клеткалық лимфомалар
115. Ходжкиндiк емес лимфоманың басқа да анықталмаған үлгiлерi, лимфосаркома
116. Қатерлi иммунопролиферативтiк аурулар
117. Көпше миелома және қатерлi плазмоклеткалық iсiктер
118. Лимфолейкоз
119. Миелолейкоз
120. Моноцитарлық лейкоз
121. Анықталған жасушалық үлгiдегi басқа да лейкоздар
122. Анықталмаған жасушалық үлгiдегi лейкоз
123. Лимфоидтық, қан жасаушы және оларға туыстас тіндердiң басқа да және анықталмаған қатерлi iсiктерi
124. Дербес (бiрiншi) көпше орналасулардың қатерлi iсiгi
125. Ауыз қуысының, өңештiң және асқазанның карцинома in situ
126. Басқа да анықталмаған ас қорыту органдарының карцинома in situ
127. Орта құлақ пен тыныс органдарының карцинома in situ
128. Терiнiң карцинома in situ
129. Сүт безiнiң карцинома in situ
130. Жатыр мойнының карциномасы
131. Басқа да және анықталмаған жыныс ағзаларының карцинома in situ
132. Басқа да және анықталмаған орналасулардың карцинома in situ
133. Ауыздың, жұтқыншақтың, сiлекей бездерінiң қатерсiз iсiгi
134. Тоқ iшектiң, тiк iшектiң және құйрықтың қатерсiз iсiгi
135. Орта құлақтың және тыныс алу ағзаларының қатерсiз iсiгi
136. Сүйектердiң және буын шемiршектерiнiң қатерсiз iсiгi
137. Сүт безiнiң қатерсiз iсiгi
138. Анабездiң қатерсiз iсiгi
139. Ер адамдардың жыныс ағзаларының қатерсiз iсiгi
140. Көздiң және оның қосымша аппаратының қатерсiз iсiгi
141. Мидың және орталық нерв жүйесi бөлiктерiнiң қатерсiз iсiгi
142. Қалқанша бездiң қатерсiз iсiгi
143. Феохромоцитома және басқа нейроэндокриндiк iсiктер
144. В 12 витаминi және фолиево тапшылығы анемиясы
145. Гемолитикалық анемиялар
146. Апластикалық анемиялар
147. Қанның ұйығыштығының бұзылуы, пурпура және басқа геморрагикалық жағдайлар
148. Агранулоцитоз
149. Көкбауыр аурулары
150. Эссенциалдық тромбоцитоз
151. Метгемоглобинемия
152. Гистиоцитоз
153. Құрама иммун тапшылығы
154. Саркоидоз
155. Гипотиреоз
156. Мойын ағзаларын қысу синдромымен IV-V дәрежедегi уытты емес алқым iсiгi (зоб)
157. Тиреотоксикоз (гипертиреоз)
158. Тиреодит
159. Қант диабетi
160. Гипопаратиреоз, гиперпаратиреоз
161. Гипофиздiң гиперфункциясы
162. Гипофункция және гипофиз функцияларының басқа да бұзылулары
163. Иценко-Кушинттiң синдромы
164. Адреногенитальдық бұзылулар
165. Бүйрек сырты жетiмсіздігі
166. Гиперальдостеронизм
167. Бүйрек сырты функцияларының басқа да бұзылулары
168. Айырша бездiң тұрақты гиперплазиясы
169. Айырша бездiң абсцесi
170. Карциноидтық синдром
171. Амилоидоз
172. Шизофрения
173. Асқынған менингит
174. Өрескел неврологиялық түсулермен энцефалит, миелит және энцефаломиелит
175. Өрескел неврологиялық түсулерi бар бас сүйек iшiндегi және омыртқа iшiндегi абцесс пен гранулема
176. Айқын неврологиялық синдромы бар орталық нерв жүйесiнiң қабынуы ауруларының бөлектелген зардаптары
177. Паркинсон ауруы, екiншi паркинсонизм
178. Айқын функционалдық бұзылулары бар басқа да экстрапирамидтiк және қимылдық бұзылулар
179. Жаңғалақтық склероз
180. Ес-түсiнен айырылатын қояншық
181. Қызметтерiнiң өрескел бұзылулары бар иық тұтасуларының зақымдануы
182. Басқа айдарларда жiктелген аурулар кезiндегi нерв түбiршектерi мен тұтасуларының қысылуы
183. Қолдың мононевропатиясы
185. Тұқым қуалайтын және идиопатиялық невропатия
186. Қабынған полиневропатия
187. Басқа да полиневропатиялар
188. Басқа айдарларда жiктелген аурулар кезiндегi полиневропатия
189. Myasthenia gravis және нервтiк-бұлшық еттiк синапстың басқа да бұзылулары
190. Декомпенсация сатысында жиi ұшығулары бар басқа да миастениялар
191. Балалардың церебриалдық параличi
192. Гемиплегия
193. Параплегия мен тетраплегия
194. Басқа да параличтiк синдромдар
195. Гидроцефалия
196. Уытты энцефалопатия
197. Мидың басқа да зақымданулары
198. Жұлынның басқа да аурулары
199. Басқа өткiр конъюнктивиттер
200. Көз пемфигоиды
201. Склерит
202. Көз қабығының жарасы, ірiңдi нысаны
203. Интерстициалдық және терең кератит
204. Жабысқақ лейкома
205. Буллездiк кератопатия
206. Қарапайым ұшықтың вирусы негiзiндегi кератит және кератоконъюнктивит
207. Басқа айдарларда жiктелген, басқа да жұқпалы және паразитарлық аурулар кезiндегi кератит пен кератоконъюнктивит
208. Басқа да иридоциклиттер
209. Мөлдiр қабықтың және цилиарлық дененiң басқа да анықталған аурулары
210. Афакия
211. Хориоретинальдық қабыну
212. Қан құйылу және көздiң қан тамыры қабығының жарылуы
213. Көз торын шел басуы және оның жарылуы
214. Көз торы қан тамырларының бiтелуi
215. Ретинальдық қан құйылу
216. Көздiң қабынып ауруы салдарынан болған қайталама глаукома
217. Шыны тәрiздес денеге қан құйылу
218. Эндофтальмит
219. Көру нервiсiнiң невритi
220. Ретробульбарлық неврит және басқа айдарларда жiктелген ауру
221. Мастоидит және емiзiк тәрiздi өсiндiнiң басқа да аурулары
222. Орта құлақтың холестеатомасы
223. Вестибулярлық функцияның бұзылулары және бас айналу синдромы
224. Жүрекке әсер ететiн ревматикалық безгек
225. Ревматикалық хорея
226. Ревматикалық миокардит
227. Созылмалы ревматикалық перикардит
228. Бүйректiк жетiмсiздiгi бар бүйректi негiзiнен зақымдайтын гипертензивтiк (гипертониялық) ауру
229. Негiзiнен жүрек пен бүйректердi зақымдайтын гипертензивтiк (гипертониялық) ауру
230. Миокардтың өткiр инфарктiсi
231. Миокардтың қайталама инфарктiсi
232. Миокардтың өткiр инфарктiсiнiң кейбiр ағымдағы асқынулары
233. Жүректiң (бұрын миокардтың инфарктiсi болған) созылмалы ишемиялық ауруы
234. Жүректiң аневризмасы
235. Өкпе эмболиясы
236. Өкпе артериясының аневризмасы
237. Өткiр перикардит
238. Өткiр және өткiрiрек эндокардит
239. Өткiр миокардит
240. Кардиомиопатия
241. Жүректiк жетiмсiздiк
242. Субарахноидалдық қан құйылу
243. Миға қан құйылу
244. Шағын нысандарын қоспағандағы ми инфарктiсi
245. Қолқаның аневризмасы және шарбылануы
246. Аневризманың басқа нысандары
247. Шеткi қан тамырларының басқа аурулары (Лериш синдромы)
248. Эмболия және артерияның трамбозы
249. Бронхоэктатикалық ауру
250. Өкпенiң және көкiрек қуысының абсцессi
251. Өңештiң басқа аурулары (күйгеннен кейiнгi тарылулар)
252. Терең жарамен асқынған гангренасы бар, кетпейтiн бiр жақты немесе анықталмаған шаттағы жарық
253. Терең жарамен асқынған гангренасы бар кiндiктiң жарығы
254. Терең жарамен асқынған алдыңғы iш қабырғасының гангренасыз бiтелген жарығы
255. Терең жарамен асқынған алдыңғы iш қабырғасының жарығы
256. Терең жарамен асқынған, гангренасыз бітелген диафрагмалық жарық (параэзофагеальдық)
257. Терең жарамен асқынған, гангренамен бiтелген диафрагмалық жарық
258. Крон ауруы
259. Жаралы колит
260. Ішектiң өткiр қантамырлық аурулары
261. Тесiлулермен асқынған перитонит
262. Басқа айдарларда жiктелген жұқпалы аурулар кезiндегi шарбының зақымдануы
263. Бауырдың уытты зақымдануы
264. Басқа айдарларда жіктелген бауырлық жетімсіздік
265. Басқа айдарларда жіктелген созылмалы гепатит
266. Бауырдың циррозы
267. Кәдiмгi, жасанды өт тесiлуiмен асқынған өттегi тас ауруы (холелитиаз)
268. Шарбы iшi флегмоносымен және панкреонекрозбен асқынған өткiр панкреатит
269. Денеге жайылған пустулездiк псориаз
270. Артропатикалық псориаз
271. Уытты эпидермалдық некролиз (Лайелла)
272. Серопозитивтiк ревматоидтық артрит
273. Коксартроз (жамбас сан буындарының артрозы)
274. Түйiндi полиартериит және сол тектес жағдайлар
275. Жүйелi қызыл жегi
276. Дерматополимиозит
277. Бiрiктiрушi тканьдердiң басқа да жүйелi зақымдануы
278. Шорбуындаушы спондилит
279. Остеомиелит
280. Сүйек туберкулезi
281. Айқын неврологиялық түсулерi бар миелопатиялы мойын бөлiгi омыртқааралық дискiсiнiң зақымдануы
282. Бел және айқын түбiршектi синдромы бар миелопатиялы басқа бөліктер мен омыртқааралық дискiлердің зақымдануы
283. Өткiр нефриттiк синдром
284. Жедел өршитiн нефриттiк синдром
285. Нефротикалық синдром
286. Өткiр бүйректiк жетiмсiздiк
287. Созылмалы бүйректiк жетiмсiздiк
288. Эндометриоз
289. Ұрықтың белгiленген немесе болжалды патологиялық басқа жағдайлары кезiнде анаға көрсетiлетiн медициналық көмөк
290. Шараналық бұзылулар
291. Жалған толғақтар (түсiк тастау қауiптерi)
292. Басқа айдарларда жiктелген, бiрақ ананың жүктілiгiн, босануын және босанғаннан кейiнгi кезеңiн күрделендiретiн басқа да аурулар
293. Тернер синдромы
294. Басқа айдарларда жiктелмеген, жыныс хромосомаларының, әйелдер фенотиптерiнiң басқа да аномалиялары
295. Басқа айдарларда жiктелмеген, жыныс хромосомаларының, ер адамдар фенотиптерiнiң басқа да аномалиялары
296. Басқа айдарларда жiктелмеген, хромосомалардың басқа да аномалиялары
297. Бас сүйектiң және бет сүйектерiнiң сынуы
298. Бас сүйек қауашағының және негiзiнiң сынуы
299. Көз ұясы түбiнiң сынуы
300. Жақ сүйегiнiң, жоғары және төменгi иектердiң сынуы
301. Бас сүйегi мен бет сүйектерiнiң көп жерден сынуы
302. Көру нервiлерiнiң және көру жолдарының жарақаттануы
303. Көз қозғаушы нервтерiнiң жарақаты
304. Бөгет нервтерiнiң жарақаты
305. Үш тармақты нервтiң жарақаты
306. Бұру нервiсiнiң жарақаты
307. Бет нервiсiнiң жарақаты
308. Есту нервiсiнiң жарақаты
309. Қосымша нервтiң жарақаты
310. Бас сүйектiң басқа да нервтерiнiң жарақаты
311. Көз бен көз ұясының жарақаты
312. Көздiң iшiндегi еттiң ояңдауы немесе жоғалуымен көздiң жырық жарақаты
313. Бөгде затпен немесе олсыз, көз ұясының терең жарасы
314. Көз алмасының түсуi
315. Бас сүйектiң iшiндегi жарақат
316. Мидың жарақатты iсiгi
317. Мидың ошақтық және диффузиялық жарақаты
318. Эпидуральдық қан құйылу (жарақаттық)
319. Субдуральдық жарақатты қан құйылу
320. Ұзаққа созылған ес-түссiз жағдаймен бас сүйектiң iшiндегi жарақат
321. Бастың мылжалануы
322. Бастың бөлiгiн травматикалық кесу
323. Дабыл жарғағының травматикалық жарылуы
324. Бастың кеп жерден жарақаттануы
325. Көмейге, кеңiрдекке, қалқанша безге, жұтқыншаққа және өңештiң мойындық бөлiгiне тиетiн ашық жарақат
326. Омыртқаның мойындық бөлiгiнiң сынуы
327. Мойын деңгейiндегi омыртқааралық дискінің травматикалық жарылуы
328. Мойын омыртқаның шығуы
329. Мойын деңгейiндегi көп жерден шығулар
330. Нервтердiң және мойын деңгейiндегi жұлынның жарақаты
331. Омыртқа артериясының жарақаты
332. Мойын деңгейiндегi бiрнеше қан тамырының жарақаты
333. Кеуде омыртқаның сынуы
334. Омыртқаның кеуде тұсындағы көп жерден сынуы
335. Кеуде бөлiгiндегi омыртқааралық дискiнiң травматикалық жарылуы
336. Көкiрек қуысының басқа және анықталмаған бөлiгiнiң орнынан тайып шығуы
337. Кеуде тұсындағы нервтер мен жұлынның жарақаты
338. Қолқаның кеуделік бөлiгi мен жүректiң жарақаты
339. Көкiрек қуысының басқа және анықталмаған ағзаларының жарақаты
340. Көкiрек қуысының мылжалануы және көкiрек қуысының бiр бөлiгiн травматикалық кесу
341. Көкiрек қуысының көп жерден жарақаттануы
342. Iштiң, арқаның төменгi бөлiгiнiң және санның ашық жарақаты
343. Омыртқаның бел-құйымшақ бөлігінің және жамбас сүйектерiнiң сынуы
344. Бел-құйымшақ бөлiгiндегi омыртқааралық дискінің травматикалық жарылуы
345. Бел омыртқаның шығуы
346. Құйымшақ-мықын буынының және құйымшақ қосылысының шығуы
347. Қасаға буынының травматикалық жарылуы (қасағаның мүшеленуi)
348. Нервтердiң және iштiң деңгейiндегi жұлынның белдiк бөлiгiнiң, арқа мен жамбастың төменгi бөлiгiнiң жарақаты
349. Қолқаның iш бөлiгiнiң жарақаты
350. Мықын қан тамырларының жарақаты
351. Iштiң деңгейiндегi бiрнеше қан тамырларының, арқа мен жамбастың төменгi бөлiгiнiң жарақаты
352. Iш қуысы ағзалары мен жамбас ағзаларының жарақаты
353. Іш бөлiгiнiң, арқа мен жамбастың төменгi бөлiгiнiң мылжалануы және оларды травматикалық кесу
354. Iштiң және арқа мен жамбастың төменгi бөлiгiнiң басқа да және анықталмаған жарақаттары
355. Иық белдеуі мен иықтың деңгейiндегi сыну
356. Иық буынының шығуы, асқынған
357. Иық белдеуi мен иыктың деңгейiндегi нервтердiң, бұлшық еттердiң және сiңiрлердiң жарақаты
358. Иық белдеуi мен иықтың мылжалануы
359. Иық белдеуi мен иықты травматикалық кесу
360. Жiлiншiк сүйектерiнiң сынуы
361. Кәрi жiлiк басының шығуы
362. Шынтақ буынындағы анықталмаған шығу, асқынған
363. Жiлiншiк деңгейiндегi нервтердiң, бұлшық еттердiң және сiңiрлердiң жарақаты
364. Жiлiншiктiң мылжалануы
365. Жiлiншiктi травматикалық кесу
366. Қол басының қайық тәрiздес сүйегiнiң және бiлек сүйектерiнiң сынуы
367. Алақан сүйектерi мен қолдың басы саусақтарының көп жерден сынуы
368. Бiлек пен қолдың басы деңгейiндегi нервтердiң, бұлшық еттер мен сiңiрлердiң жарақаты
369. Бiлек пен қол басының мылжалануы
370. Бiлек пен қолдың басын травматикалық кесу
371. Бiлек пен қол басының басқа да және анықталмаған жарақаттары, асқынған
372. Сан сүйектерiнiң сынуы
373. Санның шығуы, асқынған
374. Қабықтық-байланыс аппаратының, сан жамбас буынының шығуы, созылуы және оған артық күш түсуi, асқынған
375. Сан жамбас буыны мен санның аумағындағы нервтердiң, бұлшық еттер мен сiңiрлердiң жарақаты, асқынған
376. Сан жамбас буыны мен санның аумағының мылжалануы
377. Сан жамбас буыны мен санның аумағын травматикалық кесу
378. Сирақ табан буындарын қоса алғандағы, сирақ сүйектерiнiң сынуы
379. Тiзе үстiнiң шығуы, операция жасалған
380. Тiзе буынының шығуы, асқынған
381. Крест тәрiздес байланыстың (алдыңғы) (артқы) созылуы, жарылуы және оларға артық күш түсу
382. Сирақ деңгейiндегi нервтердiң жарақаты
383. Тізе асты артериясының жарақаты
384. Өкше (ахиллдiк) сiңiрiнiң жарақаты
385. Сирақтың мылжалануы
386. Сирақты травматикалық кесу
387. Өкше және таран сүйектерiнiң сынуы
388. Табанның басқа сүйектерiнiң сынуы
389. Табан сүйектерінің сынуы
390. Табанның көп жерден сынуы
391. Сирақ-табан буынының сынуы, асқынған
392. Сирақ-табан буыны мен жедел емдеуден кейiнгi табан деңгейiндегi байланыстардың ажырауы
393. Сирақ-табан буыны мен табан деңгейiндегi нервтердiң, бұлшық еттер мен сiңiрлердiң жарақаты
394. Сирақ-табан буыны мен табанның мылжалануы
395. Сирақ-табан буыны мен табан деңгейiнде травматикалық кесу
396. Дененiң бiрнеше бөлiгiн қамтитын сынықтар
397. Дененiң бiрнеше бөлiгiн қамтитын қабықтық-байланыстық аппаратының шығуы, созылуы және оларға артық күш түсуi
398. Дененiң бiрнеше бөлiгiн қамтитын мылжаланулар
399. Дененiң бiрнеше бөлiгiн қамтитын травматикалық кесулер
400. Жұлынның мойын деңгейiндегi басқа да нервтердiң жарақаттарымен үйлескен мидың және бас сүйек нервтерiнiң жарақаттары
401. Дененiң бiрнеше бөлiгiне әсер еткен нервтер мен жұлынның жарақаттары
402. Дененiң бiрнеше бөлiгiне әсер еткен бұлшық еттер мен сiңiрлердiң жарақаттары
403. Iш қуысы мен жамбас органдарының жарақаттарымен ұштасқан кеуде жасушалары органдарының жарақаттары
404. Омыртқаның сынуы
405. Анықталмаған деңгейдегі омыртқаның және дененiң басқа да жарақаттары
406. Анықталмаған деңгейдегi қолдың сынуы
407. Анықталмаған деңгейдегi қолдың басқа да жарақаттары
408. Анықталмаған деңгейдегi аяқтың сынуы
409. Аяқты анықталмаған деңгейде травматикалық кесу
410. Дененiң анықталмаған бөлiгiнiң мылжалануы және оны травматикалық кесу
411. Бас пен мойынның термиялық және химиялық күюі
412. Дененiң термиялық және химиялық күюi
413. Бiлек пен қол басының үшiншi дәрежедегi күйiгін қоспағанда, иық белдеуi мен қол аумағының термиялық және химиялық күюi
414. Бiлек пен қол басының үшiншi дәрежедегi термиялық күйiгi
415. Бiлек пен қол басының үшiншi дәрежедегi химиялық күйiгi
416. Сирақ-табан буыны мен табанды қоспағандағы, жамбас-сан буыны мен аяқ аумағындағы үшiншi дәрежедегi термиялық күйiгi
417. Сирақ-табан буыны мен табанды коспағандағы, жамбас-сан буыны мен аяқ аумағындағы үшiншi дәрежедегi химиялық күйiгi
418. Сирақ-табан буыны мен табан аумағының үшiншi дәрежедегi термиялық күйiгi
419. Сирақ-табан буыны мен табан аумағының үшiншi дәрежедегi химиялық күйiгi
420. Көз алмасының жарылуына және бұзылуына алып келетiн термиялық күйiк
421. Көздiң басқа бөлiктерi мен оның қосымша аппаратының термиялық күйiгi
422. Көздiң мөлдiр қабығы мен дәнекер қабының екiншi және үшінші дәрежедегі химиялық күйігі
423. Көз алмасының жарылуына және бұзылуына алып келетiн химиялық күйік
424. Көздiң басқа бөлiктерi мен оның қосымша аппаратының химиялық күйiгі, асқынған
425. Тыныс жолдарының термиялық және химиялық күйiктерi
426. Басқа iшкi органдардың термиялық және химиялық күйiктерi
427. Дененiң бiрнеше бөлiгiнiң ең болмаса бiр үшiншi дәреже көрсетiлген термиялық күйiгi
428. Дененiң бiрнеше бөлiгiнiң ең болмаса бiр үшiншi дәреже көрсетiлген химиялық күйiгi
429. Анықталмаған орналасудың (дененiң >20% аумағының) үшiншi дәрежедегi термиялық күйiгi
430. Анықталмаған орналасудың (дененiң >20% аумағының) үшiншi дәрежедегi химиялық күйiгi
431. Тiндердiң өлi еттенуi арқылы, дененiң бiрқатар аумағын қамтитын үсу
432. Бас пен мойынның үшiншi дәрежедегi анықталмаған үсiгi
433. Органикалық ерiткiштердiң уытты әсерi
434. Галоген өндiрушi алифатикалық және хош иiстi көмiрсутектердiң уытты әсері