"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.02.2023 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Қ. Жаңбыршин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы "___" __________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы "___" __________
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 21-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген |
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Республикалық бюжеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 01.08.2017 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-3-бабына, "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы заң) сәйкес әзірленді және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды берудің тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.02.2023 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар, терминдер:
1) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит (бұдан әрі – арнайы мақсаттағы аудит) – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражатын пайдалану мәселесі бойынша аудит;
2) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды (бұдан әрі – аудиторлық қорытынды) – осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес, бюджет қаражатын пайдалану мәселелері бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудиттің нәтижелері бойынша жасалған жазбаша ресми құжат;
3) квазимемлекеттік сектордың аудиттелетін субъектісі (бұдан әрі – аудиттелетін субъекті) – өзіне қатысты арнайы мақсаттағы аудит жүргізілетін және бюджет қаражатының түпкілікті алушысы болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектісі.
2-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу тәртібі
3. Арнайы мақсаттағы аудит аудиттелетін қаражатты қамтудың жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған, бір жылда пайдаланылған айлық есептік көрсеткіштің кемінде жиырма мың еселенген мөлшері кезінде аудиттелетін субъектінің бастамасы негізінде (ерікті түрде) жүргізіледі.
Квазимемлекеттік сектор субъектілері:
1) бюджеттік кредиттер;
2) қарыздар (мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздар);
3) бюджеттік инвестициялар (заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен мемлекет активтерін құру және (немесе) дамыту);
4) мемлекеттік концессиялық міндеттемелер;
5) байланысты гранттар;
6) өз қызметін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, денсаулық сақтау саласында жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорындарды, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін ұйымдар мен қорғаныстық тапсырысты іске асыратын ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік тапсырма және мемлекеттік тапсырыс түріндегі бюджет қаражатын пайдаланған кезде аудиторлық қорытындыда бюджет қаражатының қозғалысы бюджеттік бағдарлама әкімшісінен бастап, бюджет қаражатын түпкілікті алушыға дейін көрсетіледі.
Арнайы мақсаттағы аудит аудиттелетін субъекті (тапсырыс беруші) мен Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйым арасында жасалған арнайы мақсаттағы аудит жүргізу туралы шарт негізінде жүргізіледі.
Аудит типі Мемлекеттік аудит туралы заңның 3-бабына қарай аудиттелетін субъекті (тапсырыс беруші) мен аудиторлық ұйым арасында жасалған шарттың талаптарымен айқындалады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 21.11.2023 № 19-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.4. Арнайы мақсаттағы аудит егер жүргізілген мемлекеттік аудитпен осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген бюджет қаражатының пайдаланылуы қамтылған болса, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудитімен (бюджет қаражатын пайдалану мәселелері бойынша ішкі аудит қызметтері жүргізген аудитті қоспағанда) қамтылған кезеңге жүргізілмейді.
5. Алдағы кезеңге арналған аудит объектілерін айқындау кезінде және мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың аудиторлық іс-шараларын жүргізу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесінде есепке алу үшін Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасын (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) және аудиторлық қызмет саласын реттеуді және аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органды арнайы мақсаттағы аудит жүргізу туралы ақпараттандыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) арнайы мақсаттағы аудит жүргізуді жоспарлау туралы – аудиттелетін субъектілер жыл сайын жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін.
Бұл ретте, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың еншілес және тәуелді заңды тұлғаларына хабарлама шоғырландырылып жіберіледі;
2) аудиттің басталғаны туралы – аудиторлық ұйым арнайы мақсаттағы аудит жүргізу туралы жасалған шарттың күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 21.11.2023 № 19-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.6. Арнайы мақсаттағы аудитті аудиторлық қызмет туралы заңнамада, Мемлекеттік аудит туралы заңда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарында көзделген талаптарды сақтай отырып, аудиторлық ұйымның басшысы бекіткен аудит бағдарламасына сәйкес аудиторлық ұйым жүргізеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.02.2023 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.7. Арнайы мақсаттағы аудит жүргізуге арналған шартты орындау кезінде аудиторлық ұйымның алған мәліметтері, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынылатын мәліметтерді қоспағанда, коммерциялық құпияны құрайды.
8. Арнайы мақсаттағы аудитті "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 24-бабында көзделген шектеулерді ескере отырып, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйым жүргізеді.
3-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы
аудиттің нәтижелерін ұсыну тәртібі
9. Арнайы мақсаттағы аудиттің нәтижелері бойынша осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторлық қорытынды жасалады.
10. Аудиторлық қорытынды үш данада жасалады, оған біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып аудитор-орындаушы қол қояды, оның жеке мөрімен куәландырылады.
Аудиторлық қорытынды аудиторлық ұйым басшысының бекітуіне жатады және ұйымның мөрімен куәландырылады.
Аудиторлық қорытындының бір данасын аудитор-орындаушы танысу үшін аудиттелетін субъектіге ресми хатпен ұсынады.
11. Аудиттелетін субъекті арнайы мақсаттағы аудиттің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, аудиторлық қорытындыны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтардың әрбір тармағы бойынша аудиттелетін субъектінің тиісті түсіндірмелерін және (немесе) қарсылықтарын аудиттелетін субъектінің бірінші басшысының қолының қойылуымен аудиторлық ұйымға ұсынады.
12. Аудиторлық ұйымның Жоғары аудиторлық палатаға аудиторлық қорытындыны бекіткен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жіберетін оның үшінші данасына аудиторлық қорытындының ажырамас бөлігі болып табылатын құжаттардың қажетті көшірмелері, аудитор жүргізген есептеулер, аудит бағдарламасының көшірмесі, аудиттелетін субъектінің жазбаша түсіндірмелері мен (немесе) қарсылықтары және оларға аудиторлық ұйымның жауаптары, арнайы мақсаттағы аудит барысында анықталған алшақтықтар бойынша басқа да материалдар, сондай-ақ аудиттелетін субъектінің қызметіндегі бұзушылықтар мен кемшіліктер қоса беріледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.02.2023 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.13. Жоғары аудиторлық палата осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес, аудиторлық ұйым ұсынған құжаттарды Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бірыңғай дерекқорына орналастырады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.02.2023 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.14. Жоғары аудиторлық палата арнайы мақсаттағы аудиттің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның нәтижелерін бақылауды жүзеге асырады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.02.2023 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларына қосымша |
Нысан
Бекітемін:___________________ ____________________________ (Аудиторлық ұйым басшысының Т.А.Ә. (болған жағдайда) қолы, аудиторлық ұйымның атауы, мөрдің орны (болған жағдайда), лицензияның №, берілген күні) |
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу бойынша аудиторлық қорытынды
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.02.2023 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
__________________________ ___________________
(жасалған орны) (күні)
Аудиторлық ұйым,____________________________________________________
(аудиторлық ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН)
______________________________________________________________________
квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізуге арналған 20__ жылғы "__" _____ шарттың негізінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 21-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды ұсыну қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12595 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ___________________ қатысты (заңды тұлға-резидент атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит (бұдан әрі – аудит) жүргізілді және оның қорытындысы бойынша 20__жылғы "__" ______және 20__ жылғы "__" _______ аралығындағы кезең үшін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу бойынша аудиторлық қорытынды (бұдан әрі – аудиторлық қорытынды) жасалды.
Аудит басталды ______________ Аудит аяқталды ___________
(күні) (күні)
Аудиттің мақсаты: ______________________________________________
Аудиттің мәні: __________________________________________________
_______________________________________________________________
(бюджет қаражаты бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалар бөлінісінде, бюджеттік кредиттер, қарыздар (мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздар), бюджеттік инвестициялар (заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен мемлекет активтерін құру және (немесе) дамыту), мемлекеттік концессиялық міндеттемелер, байланысты гранттар, мемлекеттік тапсырмалар, қазынашылық кәсіпорындарды, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін ұйымдар мен қорғаныстық тапсырысты іске асыратын ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік тапсырыс көрсетіледі):
Аудиттелетін субъектінің байланыс телефондары: телефондар, факс: ___________
______________________________________________________________________
Аудит барысында ұсынылған құжаттар тізбесі:
______________________________________________________________________
Аудит барысында аудиторлық ұйым сұратқан, бірақ ұсынылмаған құжаттар тізбесі:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
1. Аудиттелетін субъекті туралы жалпы мәліметтер
1. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі/қайта тіркелуі туралы куәлік (анықтама): тіркеу нөмірі ___, берілген күні _________ жылғы "__" ________________________________
____________________________________________________________________
2. Ұйымдық-құқықтық нысаны: _________________________________________
3. Меншік түрі:_______________________________________________________
4. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі – ХҚЕС) көшу туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________
________________________________________ (Иә/Жоқ, ХҚЕС-ке көшкен күні, негізі)
5. Құрылтайшылар (қатысушылар):_____________________________________
__________________________________________________________________
(Құрылтайшылардың (қатысушылардың) Т.А.Ә. (болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН), заңды тұлғаның құрылтайшының атауы, БСН, жарғылық капиталдың сомасы, қатысу үлесі %-бен)
6. Аудиттелетін субъектінің мекенжайы (заңды):_______________________
Пошта индексі:___________________________________________________
Облыс/Аудан:____________________________________________________
Қала/Аудан:_____________________________________________________
Кент/Ауыл:______________________________________________________
Көше/Шағынаудан:_______________________________________________
Үйдің нөмірі:____________________________________________________
Пәтер/бөлме/офис:_______________________________________________
Аудиттелетін субъектінің мекенжайы (нақты):
____________________________________________________________________
Пошта индексі: __________________________________________________
Облыс/Аудан:____________________________________________________
Қала/Аудан:_____________________________________________________
Кент/Ауыл:______________________________________________________
Көше/Шағынаудан:_______________________________________________
Үйдің нөмірі:____________________________________________________
Пәтер/Бөлме/офис:_______________________________________________
7. Аудитпен қамтылған кезеңде болған лауазымды адамдар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(басшының Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН-ы, кезең, бухгалтердің ЖСН-ы, кезең)
8. Банк шоттары туралы мәліметтер: ________________________________
(банктің атауы, БСН, БСК, шот №, валюта шотының түрі, ашылған және жабылған күні)
9. Бюджет қаражатын пайдалану мәселелері бойынша алдыңғы аудит (бақылау) туралы мәліметтер (тексеру (аудит) мәні аудиторлық ұйым жүргізген аудит мәнімен сәйкес келетін басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының және құқық қорғау органдарының бұрын қамтыған мәселелері бойынша ғана қысқаша мәліметтер, аудиттелетін субъектінің мемлекеттік аудит объектісі ретінде қабылдаған, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар көрсетіледі. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бақылауда тұрған қаулылары (нұсқамалары) бойынша орындау мерзімі өткен тапсырмалық тармақтар бойынша шаралар көрсетіледі), соңғы үш жылдағы қаржылық есептілік аудиті туралы мәліметтер (№, күні, аудиторлық ұйымның атауы, аудитордың Т.А.Ә. (болған жағдайда), мекенжайы, аудитордың байланыс телефондары)
_________________________________________________________________________
_______________________________________________________________
(актінің №, күні, аудиторлық ұйымның атауы, орындаушының Т.А.Ә. (болған жағдайда), аудиттің (бақылаудың) жүргізілген орны, кезеңі және түрі, бұзушылықтар сомасы, бұзушылықтарды жою үшін қабылданған шаралар, аудитордың байланыс телефондары)
10. Қызметтің нақты түрлері туралы мәліметтер:______________________
11. Қайта ұйымдастыру туралы мәліметтер:__________________________
12. Филиалдар және өкілдіктер туралы мәліметтер: ____________________
________________________________________________
13. Аудиттелетін субъект оларда меншік иесі (қатысушы) болып табылатын, заңды тұлғалар туралы мәліметтер:__________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
14. Есеп саясатының болуы: _________________________________________
(Иә/Жоқ)
2. Аудит мәліметтері
Осы аудитпен мыналар анықталды: _________________________________
__________________________________________________________________
Аудиттің мақсатына қол жеткізілгендігін растау үшін жеткілікті, жүргізілген аудит нәтижелері туралы мәліметтер көрсетіледі. Аудит бағдарламасының мәселелеріне жауаптар белгіленеді, бұл ретте Аудит бағдарламасының әрбір мәселесінің атауы көрсетіледі.
Аудит бағдарламасының мәселелеріне жауаптар толық, дәл, объективті және қысқа баяндалады. Аудиттелетін субъект қызметінің тексерілетін мәселелер бойынша нәтижелері аудиторлық қорытындының қосымшаларында толық ақпаратты көрсете отырып, аудиторлық қорытындыда жалпылама түрде белгіленеді.
Аудит мәселелері бойынша бұзушылықтар, кемшіліктер, соның ішінде нормативтік құқықтық актілер, құқықтық коллизиялар арасындағы қайшылықтармен және (немесе) құзыреттің болмауымен немесе жеткіліксіз болуымен, өкілеттіктердің қайталануымен, басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл тетігінің болмауымен байланысты бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталған жағдайда, әрбір бұзушылық (кемшілік) фактісі жалғасу тәртібімен нөмірленеді және ережелері бұзылған нормативтік және құқықтық актілер, соның ішінде ішкі актілердің баптарына, тармақтарына және тармақшаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылықтың (кемшіліктің) сипаты мен түрі баяндалып, оларды жою жөніндегі ұсынымдар көрсетіліп жеке тармақпен белгіленеді (1-тармақ, 2-тармақ және т.б.) және тиісті бұзушылыққа (кемшілікке) дәлел болатын құжаттар көрсетіледі. Егер Аудит бағдарламасының мәселесі бойынша талдамалық сипатқа ие мәселелерден басқа бұзушылықтар (кемшіліктер) анықталмаса, онда қысқаша ақпарат келтіріледі және "Бағдарлама мәселесі (атауы) тексерілді. Бұзушылықтар (кемшіліктер) анықталған жоқ" деген жазба жасалады. Аудиторлық қорытындыға тексеруге жатқызылған құжаттар тізбесі олардың деректемелері көрсетіле отырып қоса беріледі.
Аудиторлық қорытындыға қосымша ретінде ресімделетін мынадай кестелер толтырылады:
1) 1-кесте. Аудитпен қамтылған бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуы туралы ақпарат;
2) 2-кесте. Аудитпен қамтылған бюджеттік кредиттердің орындалуы туралы ақпарат;
3) 3-кесте. Аудитпен қамтылған байланысты гранттардың орындалуы туралы ақпарат;
4) 4-кесте. Концессиялық (мемлекеттік концессиялық міндеттемелер) және инвестициялық жобалардың орындалуы және қымбаттауы туралы, сондай-ақ құрылыс жұмыстарының орындалған (қабылданған) көлемдері және құрылыс объектілерін пайдалануға берудің уақтылылығы туралы ақпарат;
5) 5-кесте. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталын толықтыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы мәліметтер.
Аудиторлар аудиторлық қорытындының қосымшалары болып табылатын өзге де қажетті кестелерді жасауы мүмкін. Аудиторлық қорытындыдағы аталған қосымшаларға сілтемелердің болуы міндетті.
3. Аудиттелетін субъекті туралы деректер
1. Аудиттелетін субъектінің тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін сату бойынша жылдық табыс және жалпы айналым:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
2. Аудиттелетін субъектінің сатып алған тауарлары, жұмыстары және көрсетілетін
қызметтері: ________________________________________________
_______________________________________________________________
3. Қызметкерлер саны және олардың табыстарының есептелген сомалары:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
4. Аудиттелетін субъектінің мемлекеттік сатып алуға қатысуы туралы мәліметтер:
______________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
5. Аудит (бақылау) нәтижелері бойынша аудиттелетін субъектіге қатысты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының анықтаған, бұрын жойылмаған бұзушылықтар мен кемшіліктер және аудит барысында оларды жою жөнінде қабылданған шаралар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
6. Аудиттелетін субъектінің касса, банк шоттары және фискальды жадысы бар бақылау-кассалық машиналары бойынша ақша қаражатының бюджеттік бағдарлама әкімшісінен бюджет қаражатын түпкілікті алушыға дейінгі қозғалысы:
____________________________________________________________________
(шот №, шот валютасы, айналымдар, күнтізбелік жыл басындағы және соңындағы сальдо)
7. Аудит барысында аудиттелетін субъектінің контрагенттері бойынша жіберілген сұрау салулардың нәтижелері:__________________________________________________________ ____________________________________________________________________
8. Бюджет қаражатын пайдалану мәселесі бойынша уәкілетті органдар мен ұйымдарға жіберілген сұрау салулардың нәтижелері:__________________________________________________________
________________________________________________________________
9. Аудиттелетін субъектінің аудит барысындағы экспорттық-импорттық операциялары жөніндегі ақпарат:_____________________________________________________________
__________________________________________________________________
(сыртқы экономикалық қызметке қатысушының атауы, тиісті салықтық кезеңдер бойынша кедендік құнның жалпы сомасы (объектілер саны)
10. Аудиттелетін субъектінің жалған кәсіпорындармен жасалған операцияларының бар-жоғы туралы, айыппұлдар (әкімшілік және т.б.), сот субъект кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жасаған деп таныған, сот жарамсыз деп таныған мәмілелер туралы, тіркелуін сот жарамсыз деп таныған контрагенттермен жасалған, жарамсыз деп танылған операциялар туралы ақпарат, әрекетсіз деп танылған контрагенттермен жасалған операциялар туралы мәліметтер:________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, ЖСН/БСН, сот актілерінің №, күні, әрекетсіз салық төлеушілерді тану және контрагенттер бойынша операциялардың сомалары)
11. Аудиттелетін субъектінің дебиторлық және кредиторлық берешегі туралы ақпарат:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(жеке тұлғаның немесе дара кәсіпкердің Т.А.Ә. (болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы, ЖСН/БСН, айналымдар, тиісті кезеңдердің басындағы және соңындағы сальдо)
12. Аудиттелетін субъектінің шарттары мен мәмілелеріндегі (цессиялар, талаптарын беру, өзара есепке жатқызу, қарсы талаптарды есепке жатқызу, борышты кешу, бас тарту, жаңалық, орындауға мүмкiндiк болмағандықтан мiндеттеменiң тоқтатылуы және) тұлғаларды ауыстыру және міндеттемелерді тоқтату туралы мәліметтер: ___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
13. Аудиттелетін субъектінің резидент еместермен операциялары бойынша мәліметтер:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(резидент еместердің Т.А.Ә. (болған жағдайда), атауы, шарттың (келісімшарттың) нөмірі және күні, есептелген және төленген кірістердің сомасы)
14. Бюджет қаражатын пайдалану бойынша қылмыс ретінде жазаланатын әрекеттердің белгілері туралы мәліметтер:__________________________________________________________
____________________________________________________________________
15. Қосымша мәліметтер:_________________________________________
____________________________________________________________________
16. Аудит барысында қабылданған шаралар. Аудиттелетін субъектінің аудит барысында анықталған бұзушылықтарды (кемшіліктерді) жою бойынша қабылдаған шаралары туралы мәліметтер көрсетіледі (салықтарды, айыппұлдарды, өсімпұлдарды жете есептеу, негізсіз пайдаланылған қаражатты бюджетке өтеу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік бойынша қаражатты қалпына келтіру, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің шарттық міндеттемелерін орындауы, аудиттелетін субъектінің лауазымды адамдарына қолданылған тәртіптік жазалау шаралары және басқалары).
17. Аудиторлық қорытындыға қосымша ____ парақ.
Аудит жүргізген адамдар:_________________________________________
____________________________________________________________________
(Аудитор-орындаушылардың Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы, аудиторлардың мөрі, біліктілік куәлігінің №, берілген күні)
Аудиторлық қорытындыны: ______________________________________ __________________________________________________________алдым
(Аудиттелетін субъектінің не (немесе) оның өкілінің Т.А.Ә.болған жағдайда), қолы, күні)
Аудиторлық қорытынды аудиттелген субъектіге табыс етілді: _________
_______________________________________________________________________
(Аудиторлық ұйымның лауазымды адамының Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы, күні)
Аудиторлық қорытынды аудиттелген субъектіге жіберілді:
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(оның жіберілгенін және (немесе) қолма-қол, хабарламасы бар тапсырыс хатпен алу фактісін растайтын құжат).
18. Аудиторлық қорытынды нөмірленеді, тігіледі және аудитордың мөрімен бекітіледі.
19. Қосымшалар:
1) аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер тізілімі (міндетті түрде) (Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) 17-қосымшаға сай нысан бойынша;
2) тиісінше куәландырылған құжаттардың көшірмелері, бұзушылық (кемшілік) фактілерін растайтын анықтамалар, кестелер, фотосуреттер;
3) функционалдық және лауазымдық міндеттеріне қарай, жол берілген бұзушылықтарға (кемшіліктерге) қатысы бар адамдардың жазбаша түсіндірмелері (қажет болған жағдайда);
4) бақылау өлшемі және тексеріп қарау актілері (оларды жасаған жағдайда);
5) зерттеулердің (сынақтардың), сараптамалардың қорытындылары, хаттамалардың көшірмелері, аудиттің нәтижелеріне байланысты басқа құжаттар немесе олардың көшірмелері (оларды жасаған жағдайда);
6) сараптамалық қорытындылар (сарапшылар тартылған жағдайда);
7) мемлекеттік қызметті алушылардың қанағаттанушылығы тұрғысынан халыққа сауалнама жүргізу нәтижелері (жүргізілген жағдайда);
8) ақы төлеу фактісін растайтын құжаттар (аудит барысында қаражатты өтеген (қалпына келтірген) жағдайда): төлем тапсырмалары (түбіртектер, чектер); тізімдемелер, ордерлер, өкімхаттар; мемлекеттік аудит объектісінің ақы төлеу фактісін растайтын (түсіндіретін) жазбаша түсіндірмелері (шығыс нөмірі мен күні көрсетілген ресми бланкте);
9) аудиторлық қорытындының танысуға жіберілген (тапсырылған) күнін растайтын құжат (көшірме) (қорытындының танысуға қабылданғандығы туралы аудит объектісінің мөртабаны болмаған жағдайда);
10) Аудиттелген субъектінің Аудиторлық қорытындыға түсініктемесі және (немесе) қарсылығы (егер ондайлар болса).
Ескертпе: Арнайы мақсаттағы аудиттің аудиторлық қорытындысындағы ақпарат бөлінген бюджет қаражатының, соның ішінде мемлекет активтерінің шеңберінде көрсетіледі.
20 жылғы " " Аудиторлық қорытындыға 1-қосымша |
1-кесте. Аудитпен қамтылған бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуы туралы ақпарат (мың теңге)
Р/с № | Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың), ерекшеліктердің атауы | Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджет жобасына бюджеттік өтінім бойынша қаражат қажеттілігі | Даму жоспарының жыл басына бекітілген сомасы | Бекітілген соманың бюджеттік өтінім қажеттілігінен ауытқуы (+;-) | Даму жоспарының жыл соңына түзетілген (нақтыланған) сомасы | Жыл қорытындысы бойынша төленген міндеттемелер | Түзетілген (нақтыланған) сома мен төленген міндеттемелер арасындағы ауытқу, қаражаттың игерілмеу себептерін көрсету | Жыл қорытындысы бойынша нақты шығыстар | Төленген міндеттемелердің жыл қорытындысы бойынша нақты жүргізілген шығыстардан ауытқу себептері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Бюджеттік бағдарлама | |||||||||
кіші бағдарлама | |||||||||
Ерекшеліктер | |||||||||
Барлығы | |||||||||
Ескертпе:
3-баған – даму жоспарының бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бөлінісіндегі жыл басына көзделген қаражаты;
5-баған – даму жоспарының бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бөлінісіндегі жыл соңына көзделген қаражаты;
6-баған – баланс деректері;
7-баған – баланс деректері.
20 жылғы " " Аудиторлық қорытындыға 2-қосымша |
2-кесте. Аудитпен қамтылған бюджеттік кредиттердің орындалуы туралы ақпарат (мың теңге)
Р/с № | Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың), ерекшеліктердің атауы | Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджет жобасына бюджеттік өтінім бойынша қаражат қажеттілігі | Даму жоспарының жыл басына бекітілген сомасы | Бекітілген соманың бюджеттік өтінім қажеттілігінен ауытқуы (+;-) | Даму жоспарының жыл соңына түзетілген (нақтыланған) сомасы | Жыл қорытындысы бойынша төленген міндеттемелер | Түзетілген (нақтыланған) сома мен төленген міндеттемелер арасындағы ауытқу, қаражаттың игерілмеу себептерін көрсету | Жыл қорытындысы бойынша нақты шығыстар | Төленген міндеттемелердің жыл қорытындысы бойынша нақты жүргізілген шығыстардан ауытқу себептері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Бюджеттік бағдарлама | |||||||||
кіші бағдарлама | |||||||||
ерекшеліктер | |||||||||
Барлығы | |||||||||
Ескертпе:
3-баған – даму жоспарының бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бөлінісіндегі жыл басына көзделген қаражаты;
5-баған – даму жоспарының бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бөлінісіндегі жыл соңына көзделген қаражаты;
6-баған – баланс деректері;
7-баған – баланс деректері.
20 жылғы " " Аудиторлық қорытындыға 3-қосымша |
3-кесте. Аудитпен қамтылған байланысты гранттарды пайдалану туралы ақпарат (мың теңге)
Р/с № | Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың), ерекшеліктердің атауы | Грантты пайдалану кезеңі | Өтінім бойынша қаражат қажеттілігі | Даму жоспарының жыл басына арналған бекітілген сомасы | Бекітілген соманың өтінім қажеттілігінен ауытқуы (+;-) | Даму жоспарының жыл соңына түзетілген (нақтыланған) сомасы | Пайдаланылған байланысты гранттар сомасы және оларды мақсаты | Түзетілген (нақтыланған) сома мен пайдаланылған байланысты гранттар арасындағы ауытқу, қаражаттың пайдаланылмау себептерін көрсету | Жыл қорытындысы бойынша нақты шығыстар | Пайдаланылған гранттардың жыл қорытындысы бойынша нақты жүргізілген шығыстардан ауытқу себептері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Ескертпе:
5-баған – даму жоспарының бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бөлінісіндегі жыл басына көзделген қаражаты;
6-баған – даму жоспарының бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бөлінісіндегі жыл соңына көзделген қаражаты;
7-баған – баланс деректері;
8-баған – баланс деректері.
20 жылғы " " Аудиторлық қорытындыға 4-қосымша |
4-кесте. Концессиялық (мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің) және инвестициялық жобалардың орындалуы және қымбаттауы туралы, сондай-ақ құрылыс жұмыстарының орындалған (қабылданған) көлемдері және құрылыс объектілерін пайдалануға берудің уақтылылығы туралы ақпарат
Р/с № | Бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның)/инвестициялық/ концессиялық жоба объектісінің/ атауы | Бекітілген инвестициялық/ концессиялық жобаның құны | Инвестициялық/ концессиялық жобаны іске асыру кезеңі | Соның ішінде | Мемлекеттік сараптама жасау бойынша құрылыстың сметалық құны (мың теңге) | Іске асыру кезеңі | ||
Құрылысқа арналған сома | Басқа тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге арналған сома | құрылыстың нормативтік ұзақтығы | шарт бойынша | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1. | ||||||||
2. | ||||||||
… |
кестенің жалғасы
Құрылыстың шарттық құны (мың теңге) | Құрылыс басталғаннан бері орындалған (қабылданған) көлем (мың теңге) | Шартқа сай объектіні пайдалануға берудің жоспарланған мерзімі | Объектіні пайдалануға берудің нақты мерзімі | Объектілерді пайдалануға уақтылы бермеудің себептері | Құрылыстың қымбаттау сомасы | Құрылыстың қымбаттау себептері |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
кестенің жалғасы
Инвестициялық/концессиялық жобаға сәйкес тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің құны | Соның ішінде жер учаскесінің негізгі құралдары | Соның ішінде материалдық емес активтер (бағдарламалық қамтамасыз ету және басқалары) | Шартқа сәйкес құны | Шартқа сәйкес тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету мерзімі | Нақты шығыстар | Қымбат-тау сомасы | Қымбат-тау себептері | Тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың және қызметтерді көрсетудің нақты мерзімі | Ауытқу себептері |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
20 жылғы " " Аудиторлық қорытындыға 5-қосымша |
5-кесте. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталын толықтыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы мәліметтер
Р/с № | Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі | Бюджет қаражаты қандай мақсаттарға бөлінді | Жарғылық капиталдың көзделген қаражаты | Жарғылық капиталдың бөлінген қаражатының нақты пайдаланылуы | Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларға қол жеткізу нәтижелері | ||
іс-шара | сома (мың теңге) | іс-шара | сома (мың теңге) | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1. | |||||||
... |
Ескертпе:
2-баған – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың негіздемесі, орындылығы және нәтижесін бағалау;
3-баған – заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражатының есебінен ұлғайтуға қызметті дамыту немесе кеңейту мақсаттары үшін жол беріледі;
4-баған – қаражатты қандай іс-шараларға пайдалану жоспарланды;
5-баған – жоспарланған қаражат сомасы;
6-баған – қаражат қандай іс-шараларға нақты пайдаланылды;
7-баған – нақты шығыстар сомасы;
8-баған – қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген мақсаттарға қол жеткізілді ме, бөлінген бюджет қаражатын оқшаулау фактілері.