Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 678 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12586 болып тіркелді

      «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 32-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны бекітілсін.
      2. Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           Б. Сұлтанов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық банкінің төрағасы
      ________________ Д. Ақышев
      2015 жылғы 14 желтоқсан

Қазақстан Республикасы 
Қаржы Министірінің   
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 596 бұйрығымен    
бекітілген      

Нысан

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған
мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары бойынша,
сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің банк шоттары бойынша
(корреспонденттіктерді қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтату
туралы ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның
өкімі

20 ___ жылғы «___»____________                              № _______
                   (жазба күні)
_____________________________________________________________________
(бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, банктің
   немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы,
                          орналасқан орны, БСН)
___________________________________________________________ ұсынылды.
      2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық
бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32 бабына және ____
жылғы «___» _______ № _______ камералдық бақылау нәтижелері бойынша
      (хабарламаны табыс ету күні)  анықталған бұзушылықтарды жою
туралы хабарламаға сәйкес
____________________________________________________________________
        (ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның атауы, БСН),
____________________________________________________________________
       (мемлекеттік аудит объектісіннің атауы, БСН/ЖСН, орналасқан орны)
____________________________________________________________________
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары
мен шоттары бойынша, сондай-ақ банк шоттары бойынша (корреспонденттік
шоттарды қоспағанда)
_____________________________________________________________________
   (бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік аудит
         объектісіннің кодтары мен шоттары, жеке сәйкестендіру коды)

2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32 бабы 2-тармағында көзделген
операцияларды және ақшаны алып қою жағдайларын қоспағанда барлық
шығыс операциялары тоқтатыла тұрсын,
_____________________________________________________________________
                    (тоқтатыла тұрудың себебі)

Мөр орны
_____________________________________________________________________
(Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органы басшысының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда))

      Осы өкім _____ жылғы «___» ______________ табыс етілді.