Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 641 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12574 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтық қызметшілердің тізілімі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтын мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтын орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтын орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Б. Имашев

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ________________ Т. Дүйсенова

      24 желтоқсан 2015 жыл



  Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
24 желтоқсандағы 2015 жылғы
№ 641 бұйрығымен бекітілген

ТІЗІЛІМ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының
Тізілімі

      Ескерту. Тізілімге өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 31.03.2017 № 341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

Буын

Саты

Лауазым атаулары

А БЛОК - БАСҚАРУ ПЕРСОНАЛЫ

А1

1

Мемлекеттік мекеме және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының басшысы


1-1

Мемлекеттік мекеме және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының басшысының орынбасары

А2

1

ММ және РМҚК бас бухгалтері, Сот сараптамалары орталығы (бұдан әрі - ССО) филиал басшысы, Қазақстан Республикасы Заңнама институтының Құқықтық мониторингі орталығы және Лингвистика орталығы басшылары (бұдан әрі – ҚР ЗИ), ғылыми хатшы


1-1

ССО басқарма басшысы, ММ мен РМҚК бас бухгалтерінің орынбасары, ССО филиал басшысының орынбасары


2

ССО басқарма басшысының орынбасары, ҚР ЗИ, ССО бейінді бөлім басшысы, ССО филиалының бас бухгалтері


2-1

ССО зертхана басшысы

АЗ

1

Мемлекеттік мекеме және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны бөлімдерінің басшысы, бас экономисті, бас: кадр бойынша инспектор, Сот сараптама орталығының инженері


2

Мемлекеттік мекеме және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны бөлімдері басшысының орынбасары


В БЛОК - НЕГІЗГІ ПЕРСОНАЛ

В1

1

Бас ғылыми қызметкер


2

Жетекші ғылыми қызметкер, бас сарапшы


3

Аға ғылыми қызметкер, жетекші сарапшы


4

Ғылыми қызметкер, аға сарапшы, кеңесші


5

Кіші ғылыми қызметкер, сарапшы

"Денсаулық сақтау" саласында

В2

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғарғы санаттағы маман: дәрігер-сот-медицина сарапшысы, дәрігер-сот-наркологиялық сарапшысы, дәрігер-сот-психиатриалық сарапшысы


2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы маман: дәрігер-сот-медицина сарапшысы, дәрігер-сот-наркологиялық сарапшысы, дәрігер-сот-психиатриялық сарапшысы


3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санаттағы маман: дәрігер-сот-медицина сарапшысы, дәрігер-сот-наркологиялық сарапшысы, дәрігер-сот-психиатриялық сарапшысы


4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз маман: дәрігер-сот-медицина сарапшысы, дәрігер-сот-наркологиялық сарапшысы, дәрігер-сот-психиатриялық сарапшысы

В3

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғарғы санаттағы маман: медициналық бике (аға), зертханашы, фармацевт, психолог


2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы маман: медициналық бике (аға), зертханашы, фармацевт, психолог


3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санаттағы маман: медициналық бике (аға), зертханашы, фармацевт, психолог


4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз маман: медициналық бике (аға), зертханашы, фармацевт, психолог

В4

1

Біліктілігі орташа деңгейдегі жоғарғы санаттағы маман: зертханашы, медициналық бике (аға), фармацевт


2

Біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санаттағы маман: зертханашы, медициналық бике (аға), фармацевт


3

Біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санаттағы маман: зертханашы, медициналық бике (аға), фармацевт


4

Біліктілігі орташа деңгейдегі санатсыз маман: зертханашы, медициналық бике (аға), фармацевт

С БЛОК - ӘКІМШІЛІК ПЕРСОНАЛ

С1

1

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің, заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің, азаматтық хал актілерін тіркеуді және апостильдеуді қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің мұрағат меңгерушісі, материалдық-техникалық қамтамасыз ету қоймасының меңгерушісі, бас редактор, учаске бастығы

С2

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: кадр бойынша инспектор, іс жүргізу бойынша инспектор, заң кеңесшісі, консультант, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің инспектор-тіркеушісі, мұрағатшы, зертханашы, бухгалтер, кітапханашы, жүйелік әкімші, менеджер, редактор, барлық мамандықтағы инженер, аудармашы, бағдарламашы, экономист, статистик, талдаушы

С3

3

Біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: менеджер, бухгалтер, барлық мамандықтағы инженер, экономист, заң кеңесшісі, кадр бойынша инспектор, аудармашы, бағдарламашы, іс жүргізу бойынша инспектор, кітапханашы, мұрағатшы, статистик, зертханашы;
Мемлекеттік мекемеге және қазыналық кәсіпорынға әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің: гараж, іс жүргізу, кеңсе, қойма, учаске, шаруашылық, мұрағат басшысы

D БЛОК (ҚОСАЛҚЫ ПЕРСОНАЛ)

D

Архивариус, іс жүргізуші, хатшы, тіркеуші, көшіру көбейту машиналарының, байланыс жүйелері, компьютерлік техника (бағдарламалар), электрондық есептеу машиналарының, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі оператор; күзетші, кассир, диспетчер