"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12537 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 428 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.05.2016 № 428 бұйрығымен.

      «Нормативтік құқықтар актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 41-3-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 90 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10421 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларында:
      5-тармақта:
      3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
      «3) штатта білікті персоналдың болуын растайтын құжаттар, атап айтқанда:
      өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсетуге энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттелетін энергия аудиторлық ұйымдар үшін - штатта энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестаты бар кемінде төрт энергия аудиторының болуы;
      үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсетуге энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттелетін энергия аудиторлық ұйымдар үшін - штатта энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестаты бар кемінде екі энергия аудиторының болуы;»;
      4) тармақша алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                          Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ______________Е.Досаев
      2015 жылғы 09 желтоқсан