"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 9-1/1099 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 желтоқсанда № 12451 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 205 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.05.2016 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 9-1/320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10763 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларында:
      29-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «29. Қаржы институты әкімшінің АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру шеңберінде субсидиялар сомаларын аударуы үшін арнайы жеке банктік шот ашады, ал мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, қызмет 015618 көрсететін банкте арнайы шот ашады.
      Әкімші қарыз алушы мен қаржы институты қол қойған міндеттемелерді қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру туралы шарт жасалған күннен бастап есептелетін субсидияларды қаржы институтына тиісті бюджеттік бағдарламада көзделген төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес алдыңғы тоқсанның соңғы айында арнайы банктік шотқа тоқсан сайын аванстық төлеммен аударуды жүзеге асырады. Бұл үшін әкімші оператордың өтінімі негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті төлем шоттарын қазынашылық органдарына жолдайды.
      Қаржы институты арнайы банктік шотты және онда орналасқан ақшалай қаражатты осы Қағидаларда көзделмеген өзге мақсаттарға пайдалана алмайды.»;
      31-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «31. Осы Қағидалардың 38 және 58-тармақтарына сәйкес бағдарламадан шығарылған қарыз алушылар бойынша арнайы шотта пайдаланылмаған қаражат қалдығы пайда болған жағдайда, қаржылық сауықтыру комиссияның шешімі қабылдағаннан кейін күнтізбелік бір ай ішінде қаржы институты оларды республикалық бюджетке қайтарады.»;
      57-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «57. Әкімші субсидияны қаржы агентіне қаржы институтына қорландыру қаражаты ұсынылған күннен бастап есептелетін аванстық төлеммен тоқсан сайын, алдыңғы тоқсанның соңғы айында жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес тиісті бюджеттік бағдарламада көзделген төлемдер бойынша аударуды жүзеге асырады.»;
      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:
      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «8. Жасалған субсидиялау шартына сәйкес Әкімші Қаржы агентінің арнайы шотына субсидиялар сомасын аванстық төлеммен тоқсан сайын, алдыңғы тоқсанның соңғы айында жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес тиісті бюджеттік бағдарламада көзделген төлемдер бойынша аударуды жүзеге асырады.».
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                       А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _____________ Б.Сұлтанов
      2015 жылғы 21 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _____________Е.Досаев
      2015 жылғы "___"___________

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы
      _______________ М. Құсайынов
      2015 жылғы 21 желтоқсан