"Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 77 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 641 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 12 желтоқсанда № 12401 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 301 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 12.05.2017 жылғы № 301 (01.10.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 77 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10423 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларында:

      2-тармақтың 5-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган мен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі айқындалады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) баждың төмендетілген ставкасы – кедендік әкелу баждардың Дүниежүзілік сауда ұйымында Қазақстан Республикасының міндеттемелерінде көзделген ставканың барынша жоғары деңгейінде белгіленетін Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (бұдан әрі – ЕАЭО БКТ) қолданыстағы кедендік әкелу баж ставкасымен салыстырғанда өте төмен ставкасы;

      2) Тізбе – Қазақстан Республикасының аумағына баждардың төмендетілген ставкалары, сондай-ақ осындай ставкалардың мөлшері қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - ЕАЭО) мүше мемлекеттері болып табылмайтын үшінші елдерден әкелінетін тауарлардың тізбесі;

      3) Тізбеге енгізілген тауар – ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН коды) және атауы Тізбеге енгізілген тауар;

      4) тіркеу куәлігі – куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келуін растау үшін беретін қағаз жеткізгіштегі құжат немесе электрондық құжат;

      5) уәкілетті адам – электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде осындай заңды тұлғаның атынан сенімхат негізінде операцияларды жүзеге асыруға құқық, оның ішінде заңды тұлғаның атынан ЭШФ қол қою құқығы берілген заңды тұлғаның қызметкері;

      6) уәкілетті органның нормативтік-анықтамалық ақпараты – мемлекеттік кірістер органдарының деректер базасынан берілетін және салық заңнамасына сәйкес салық құпиясы болып табылмайтын ақпарат;

      7) электрондық құжат – ақпараты электрондық-цифрлық нысанда табыс етілген және ЭЦҚ арқылы куәландырылған құжат;

      8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      9) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) – ол арқылы ЭШФ жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру, алу және сақтау жүзеге асырылатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;

      10) ЭШФ – ЭШФ АЖ арқылы электрондық нысанда жазып берілетін және салық заңнамасы нормаларының талаптарына және осы Қағидаларға сәйкес келетін шот-фактура;

      11) ЭШФ АЖ қатысушы – ЭШФ АЖ пайдалану туралы келісімге қол қойған және ЭШФ АЖ-де тіркелген адам;

      12) ЭШФ АЖ қатысушыны есепке алу жүйесі – салық міндеттемесін орындау мақсатында жүргізілетін бастапқы есептік құжаттардың деректерін, бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын бухгалтерлік және салық есебінің жүйесі;

      13) ЭШФ АЖ операторы – ЭШФ АЖ әкімшісі болып табылатын бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган;

      14) ЭШФ-ні ЭШФ АЖ-да тіркеу – құжаттың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келуі, тіркеу куәлігінің шынайылығы мәніне тексеруді қамтитын шот-фактура құжатын ЭШФ АЖ-де өңдеу және бірегей тіркеу нөмірін беру процесі;

      15) ЭШФ өңдеу – ЭШФ Салық кодексінің 256 және 263-баптарында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру, мұндай талаптарға сәйкес келмейтін ЭШФ кейіннен қайтарып алу;

      16) ЭШФ тіркеу нөмірі – оны тіркеген кезде берілетін және жеткізушінің сәйкестендіру нөмірінің, ЭШФ тіркелу күнінің және бірегей дәйексіз нөмірінің негізінде автоматты түрде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылатын электрондық шот-фактуралардың бірегей нөмірі.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармағымен толықтырылсын:

      "4-1. Салық төлеуші, егер ЭШФ жазып беру бойынша міндеттеме Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына тауарларды әкелудің және айналымның кейбір мәселелері туралы хаттаманың (бұдан әрі – Хаттама) іске асырылуына қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен көзделсе, ЭШФ жазып беруін Салық кодексінің 256, 263 және 264-баптарында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.";

      10-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Заңды тұлға, оның ішінде осындай заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі электрондық нысанда жасалатын сенімхат негізінде ЭШФ АЖ-де жұмыс істеу үшін уәкілетті адамды айқындайды. Бұл ретте, заңды тұлғаның басшысы уәкілетті адамға осындай заңды тұлғаның атынан ЭШФ АЖ-де операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құқықтарды, осындай құқықтардың қолданылу мерзімін көрсете отырып береді.";

      20-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Тіркеу нөмірі" деген 1-жолда ЭШФ тіркеу нөмірі көрсетіледі. ЭШФ АЖ жүйесінде құжатты тіркеу кезінде ЭШФ АЖ автоматты түрде толтырылады және ЭШФ АЖ қатысушының толтыруына және (немесе) редакциялауына арналмаған;";

      31-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) "Жеткізушінің санаты" деген 10-жолда мыналарда:

      "А" ұяшығында – егер жеткізуші комитент болып табылған жағдайда;

      "В" ұяшығында – егер жеткізуші комиссионер болып табылған жағдайда;

      "С" ұяшығында – егер жеткізуші экспедитор болып табылған жағдайда;

      "D" ұяшығында – егер жеткізуші лизинг беруші болып табылған жағдайда;

      "Е" ұяшығында – егер жеткізуші бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы болып табылған жағдайда белгі қойылады.

      Бұл ретте, "мөлшері" деген 10.1-жолда бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың саны көрсетіледі. "Е" ұяшығы белгіленген және В "Жеткізушінің деректемелері" және Н "Бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректері" бөлімінде "мөлшері" деген 10.1-жолында бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың саны көрсетілген жағдайда бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушы бойынша толтырылады;

      "F" ұяшығы – егер жеткізуші:

      тауарлар экспорты кедендік рәсімінде тауарлардың әкетуін жүзеге асырған;

      өнімдерді бөлу (ӨБК) туралы келісімге (келісімшартқа) қатысушы болып табылған;

      Тізбеге енгізілген тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше-мемлекеттердің аумағына әкетуін жүзеге асырған жағдайда толтырылады;

      32-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "қосымша мәліметтер" деген 12-жолда:

      "ЕТТ" әріптері – егер ЕАЭО мүше-мемлекет болып табылмайтын үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына Тізбеге енгізілген тауарды әкелу кезінде кедендік әкелу бажы ЕАЭО БКТ ставкасы бойынша төленген жағдайда;

      "ВТО" әріптері – егер ЕАЭО мүше-мемлекет болып табылмайтын үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына Тізбеге енгізілген тауарды әкелу кезінде кедендік әкелу бажы төмендетілген ставканы қолданумен төленген жағдайда көрсетіледі.

      Аталған жол тек мынадай:

      Тізбеге енгізілген тауарды іске асырған;

      оны бір заңды тұлғаның шегінде беруге байланысты, Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО басқа мүше-мемлекеттің аумағына Тізбеге енгізілген тауарды әкеткен жағдайларда ғана толтырылады.";

      33-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Қосымша мәліметтер" деген 20-жолда Тізбеге енгізілген тауарлар әкетілетін аумақтағы ЕАЭО мүше-мемлекеттің әріптік коды көрсетіледі.

      ARM – егер тауар Армения Республикасына әкетілген жағдайда;

      BLR – егер тауар Беларус Республикасына әкетілген жағдайда;

      KGZ – егер тауар Қырғыз Республикасына әкетілген жағдайда;

      RUS – егер тауар Ресей Федерациясына әкетілген жағдайда.

      Аталған жол тек Тізбеге енгізілген тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше-мемлекеттің аумағына әкетілген жағдайда ғана толтыруға жатады;

      6) "Алушының санаты" деген 21-жолда:

      "А" ұяшығында – егер алушы комитент болып табылған жағдайда;

      "В" ұяшығында – егер алушы комиссионер болып табылған жағдайда;

      "С" ұяшығында – егер алушы лизинг беруші болып табылған жағдайда;

      "D" ұяшығында – егер алушы бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы болып табылған жағдайда белгі қойылады.

      Бұл ретте, "мөлшері" деген 21.1-жолда бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың саны көрсетіледі. "Е" ұяшығы белгіленген және С "Алушының деректемелері" және Н "Бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректері" бөлімінде "мөлшері" деген 21.1-жолында бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың саны көрсетілген жағдайда бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушы бойынша толтырылады;

      "Е" ұяшығында – егер алушы мемлекеттік мекеме болып табылған жағдайда;

      "F" ұяшығында – егер алушы резидент емес немесе оның мекенжайында, оны бір заңды тұлғаның шегінде беруге байланысты, Тізбеге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕЭО мүше мемлекеттің аумағына әкету жүзеге асырылатын жеткізушінің құрылымдық бөлімшесі болып табылған жағдайда толырылады.

      Бірлескен қызмет туралы шарттар шеңберінде ЭШФ жазып берілген жағдайда "Алушының деректемелері" деген С бөлімінде:

      1) Салық кодексінің 235-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ЭШФ жазып берілетін сенім білдірілген адамның (оператордың, уәкілетті өкілдің) немесе бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының деректемелері;

      2) Салық кодексінің 271-1-бабының 3-тармағында көзделінген жағдайда оператордың деректемелері;

      3) бірлескен қызмет туралы шарттың әрбір қатысушысының деректемелері көрсетіледі.

      ЭШФ тапсырыс шартының шеңберінде жазып берілген жағдайда "Алушының деректемелері" С бөлімінде Салық кодексінің 233-бабына сәйкес сенім білдірушінің деректемелері көрсетіледі.";

      35-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Межелі пункті" деген 28-жолда ЕАЭО мүше-мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бірлігі тауарларды жеткізу орны көрсетіледі.

      Аталған жол Тізбеге енгізілген тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше-мемлекеттің аумағына әкеткен жағдайда ғана толтыруға жатады.".

      37-тармақтың 5), 16) және 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Тауар коды (СЭҚ ТН)" деген 3-бағанда тауарларға арналған декларацияның 33-жолында көрсетілген Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімімен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының жіктеуішіне сәйкес сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды көрсетіледі;

      Аталған баған тек:

      бұрын Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарды, оның ішінде Тізбеге енгізілген тауарды іске асыру;

      егер мұндай тауарды сатып алу кезінде жазып берілген ЭШФ-тағы G бөлімінің 3-бағанында СЭҚ ТН коды көрсетілсе және мұндай тауар өзгеріссіз қалыпта іске асырылса, Тізбеге енгізілген тауарды іске асыру;

      Тізбеге енгізілген тауарды бір заңды тұлғаның шегінде беруіне байланысты Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше-мемлекеттің аумағына әкету кезінде міндетті толтыруға жатады;";

      16) "КО шеңберінде өтініштің немесе Тауарларға арналған декларация нөмірі" деген 14-бағанда:

      бұрын ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды іске асырған жағдайда тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің 18-мәнді тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      Бұл ретте тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің әртүрлі тіркеу нөмірі бойынша біртекті импортталған тауарлар осы бөлімнің жеке жолдарында көрсетіледі;

      Тауарларға арналған декларацияның 20-мәнді тіркеу нөмірі:

      бұрын Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды, оның ішінде Тізбеге енгізілген тауарды іске асырған;

      егер мұндай тауарды сатып алу кезінде жазып берілген ЭШФ-тағы G бөлімінің 14-бағанында көрсетілсе және мұндай тауар өзгеріссіз қалыпта іске асырылса, Тізбеге енгізілген тауарды іске асырған;

      Тізбеге енгізілген тауарды бір заңды тұлғаның шегінде беруіне байланысты Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше-мемлекеттің аумағына әкеткен жағдайда көрсетіледі;

      17) "Қосымша деректер" деген 15-жолда тауарларға арналған декларацияның 32-жолында көрсетілген Тізбеге енгізілген тауардың реттік нөмірі көрсетіледі.

      Аталған баған тек мынадай:

      бұрын Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, оның ішінде Тізбеге енгізілген тауарды іске асырған;

      егер мұндай тауарды сатып алу кезінде жазып берілген ЭШФ-тағы G бөлімінің 15-бағанында тауарларға арналған декларацияның реттік нөмірі көрсетілсе және мұндай тауар өзгеріссіз қалыпта іске асырылса, Тізбеге енгізілген тауарды іске асырған;

      Тізбеге енгізілген тауарды бір заңды тұлғаның шегінде беруіне байланысты ЕАЭО мүше-мемлекеттің аумағына әкеткен жағдайда міндетті толтыруға жатады;";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. ЭШФ "Қосымша мәліметтер" деген I-бөлімдегі 35-жолда оларды сатып алу кезінде Тізбеге енгізілген тауардың жеткізушілерінен алынған электрондық шот-фактураның 1-жолында көрсетілген ЭШФ тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      Аталған жол тек мынадай:

      оның қасиеті мен сипаттамасын өзгертпей Тізбеге енгізілген тауарды іске асырған;

      Тізбеге енгізілген тауарды бір заңды тұлғаның шегінде беруіне байланысты Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше-мемлекеттің аумағына әкеткен жағдайларда ғана толтыруға жатады.";

      5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган мен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      52. Мемлекеттік кірістер органдары автоматты режимде ЭШФ АЖ операторына ЭШФ АЖ-не қатысушылардың нормативтік-анықтамалық ақпаратын береді.

      53. ЭШФ АЖ операторы тіркелуі және сақталуы осы Қағидаларда белгіленген ЭШФ автоматты режимде мемлекеттік кірістер органдарына береді.";

      1-қосымшада:

      1-тармақтың 9 абзацы алып тасталсын;

      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ЭШФ АЖ қатысушы заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органына заңды тұлғаның басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішпен үш жұмыс күні ішінде;";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Заңды тұлғалар ЭШФ АЖ-де жұмыс істеу үшін осы Келісімге қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық нысанда жасалған сенімхат негізінде уәкілетті адамды айқындайды.";

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2015 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов