Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 4-6/954 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 желтоқсанда № 12335 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 44 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.02.2021 № 44 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 3 қараша



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 4-6/954 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарына тізбесі

      1. "Мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 4-1/582 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11902 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларында:

      5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мақта өңдеу ұйымдарының, мақта тазалау зауыттарының, мақта дайындау ұйымдарының және мақта қабылдау пункттерінің саны;";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Мақта нарығына қатысушылар Заңның 16-бабы 2-тармағына сәйкес уәкiлеттi органмен бекітілетін есепке алу құжаттарының нысандары және есептілікті ұсыну мерзімдері (бұдан әрі – есептілік нысаны) бойынша айына бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ауданның жергілікті атқарушы органына мынадай:

      1) мақта нарығына қатысушыларда шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң бар-жоғы және қозғалысы туралы;

      2) мақта дайындау ұйымдарында шитті мақтаның қозғалысы және мақта өңдеу ұйымдарында шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң қозғалысы туралы;

      3) мақта дайындау ұйымдарындағы шитті мақтаның сапалық жай-күйі және мақта өңдеу ұйымдарындағы шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң сапалық жай-күйі туралы ақпарат береді.";

      2. "Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын, шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанын (үлгісін) және мақта талшығының сапасы паспортының нысанын (үлгісін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-5/280 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12152 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) мақта дайындау ұйымы – шитті мақта сатып алуды және дайындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      10-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сынамаларды іріктеуді зертхана (орталық) маманы өтініш берушінің немесе оның өкілінің және мақта дайындау немесе мақта өңдеу ұйымы өкілінің қатысуымен жүргізеді.";

      Қағидалардың 1, 2, 3-қосымшалар осы тізбеге 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3. "Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 4-5/612 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12039 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрленді және мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу тәртiбiн айқындайды.";

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:

      1) мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры – мақта өңдеу ұйымдарының өздерi берген мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) мақта қолхатын ұстаушы – мақта өңдеу ұйымына шиттi мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға берген мақта иесi; мақта қолхатында индоссамент жасалған жағдайларда – индоссат;

      3) мақта өңдеу ұйымы – меншiк құқығында мақта тазалау зауыты бар, мақта қолхаттарын беру арқылы шитті мақтаны бастапқы өңдеу және қойма қызметі бойынша қызметтер көрсететiн заңды тұлға;

      4) мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару (бұдан әрi – уақытша басқару) – мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша өз мiндеттемелерiн орындау қабiлетiн қалпына келтiруге бағытталған әкiмшiлiк, заңдылық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа iс-шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлеп жүргiзу;

      5) мақта саласын дамыту жүйесiндегi уәкілетті орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, мақта саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) уақытша әкімшілік – мақта қолхаттарын ұстаушылардың, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – ЖАО), мақта өңдеу ұйымының, мақта өңдеу ұйымы қатысу шартын жасасқан мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорының өкілдерін қамтитын, уақытша басқарудың қолданылуы кезеңінде мақта өңдеу ұйымын басқаруды жүзеге асыратын алқалық орган;

      7) уақытша басқару жөніндегі комиссия – ЖАО қалыптастыратын, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің, ЖАО-ның өкiлдерiн қамтитын, уақытша әкімшіліктің қызметін бақылауды жүзеге асыратын алқалық орган.";

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылдау үшін мына негіздердің кем дегенде біреуінің болуы жеткілікті:

      1) Заңның 24-бабында көзделген тәртіппен мақта қолхатын ұстаушының алғашқы талабы бойынша мақта беруден бас тартудан көрінген шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеу жөніндегі шарттық мiндеттемелердiң жүйелi түрде (қатарынан күнтiзбелiк алты ай iшiнде екi және одан да көп рет) тиiсiнше орындалмауы;

      2) мақта қолхаттарымен қамтамасыз етiлген мақта мөлшерiнiң сақтаудағы мақтаның нақты мөлшерiнен артық болуы фактiсінің анықталуы.".

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
өзгерістер мен толықтыру енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Шитті мақтаның сапасына сараптама
жүргізу және шитті мақтаның сапасы
туралы куәлік беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      20__жылғы "__" ___________

Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізуге №___ өтінім

      Өтініш беруші _______________________________________________________

      Мекенжайы____________________________________________________________

      Телефон, факс _______________________________________________________

      _______________ мақта дайындау немесе мақта өңдеу ұйымында сақтаулы,

      (атауы)

      ________________________________________________________ арналған,

      (мақсаты көрсетілсін)

      салмағы _______________________________________________________ тонна

      (жазбаша)

      шитті мақта партиясының сапасына сараптама жүргізуді өтінемін.

      Сынақтар мынадай сынақ көрсеткіштері мен әдістері бойынша

      жүргізіледі:

      _____________________ ________________________________ _____________

      (көрсеткіш атауы) (стандарттың нөмірі және күні) (норма)

      Өтініш беруші _________ _____________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

      куәландыратын құжатта бар болса)

      Мөр орны (бар болғанда)

      Зертхана (орталық) маманы ______________________ орындауға жіберілді.

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)

      Орындалуы туралы белгі: _____________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
өзгерістер мен толықтыру енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Шитті мақтаның сапасына сараптама
жүргізу және шитті мақтаның сапасы
туралы куәлік беру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

20____жылғы "___"__________ № _______сынамаларды іріктеу актісі

      Шитті мақтаның сапасына сараптама жасау жөніндегі жұмыстар жүргізуге

      зертхана (орталық) мен өтініш беруші арасында жасалған 20__ жылғы

      "__" ________ № ___ шарт (келісімшарт) негізінде, мен, ________

      __________________________________ шитті мақтаның сапасына сараптама

      (зертхана (орталық) атауы)

      жүргізу жөніндегі маманы ____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

      куәландыратын құжатта бар болса)

      ________________________________________________________ қатысуымен

      (өтініш берушінің, мақта дайындау немесе мақта өңдеу

      ұйымы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

      куәландыратын құжатта бар болса)

      ____________________________________ қолданыстағы стандартқа сәйкес

      (стандарттың № мен күні)

      шитті мақтаның сынамаларын іріктеп алдым.

      Шитті мақтаның тұрған жері___________________________________________

      (мақта дайындау немесе мақта өңдеу ұйымының атауы)

      Шитті мақта партиясының № ___________________________________________

      (жазбаша)

      Партия салмағы _________________________________________________тонна

      (жазбаша)

      Іріктелген сынама саны ________________________________________ дана

      (жазбаша)

      Іріктелген сынама салмағы, кг _______________________________________

      (жазбаша)

      Сынамаларды іріктеу күні мен уақыты: 20_жылғы "_" ____ _сағат __минут

      Зертхана (орталық) маманы: ______ ___________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке

      басын куәландыратын құжатта бар болса)

      Мақта дайындау немесе мақта өңдеу ұйымының өкілі:___________________

      (қолы)

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)

      Өтініш беруші:________ ______________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

      куәландыратын құжатта бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
өзгерістер мен толықтыру енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Шитті мақтаның сапасына сараптама
жүргізу және шитті мақтаның сапасы
туралы куәлік беру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Шитті мақта сынамаларын тіркеу журналы

Күні

Өтініш беруші

Сынамаларға іріктеу жүргізілген мақта дайындау немесе мақта өңдеу ұйымының атауы

Партия салмағы, тонна

Сынамаларды іріктеу актісінің № мен күні

Сынаманы іріктеген маманның қолы

1

2

3

4

5

6

7