«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті қалалық, аудандық (қалалардағы аудандық) төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 26 қазандағы № 294 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 қарашада № 12316 болып тіркелді

      «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті қалалық, аудандық (қалалардағы аудандық) төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қарашадағы № 38 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9885 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің штаб-басқармасы (М.Қ. Мақаева) заңнамамен белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.».
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Махамбет ауданының төтенше жағдайлар бөлімі туралы ережеде:
      3-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілген, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Штаб-басқармасы (М.Қ. Мақаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Төтенше жағдайлар комитеті
      Төрағасының міндетін атқарушы
      өртке қарсы қызмет полковнигі                     В. Беккер