Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң кейбiр бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 520 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 қарашада № 12273 болып тіркелді

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қызылорда қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 3422 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5029 тіркелген, 2015 жылғы 08 шілдедегі №51 "Ақмешiт апталығы", 2015 жылғы 08 шілдедегі №27 "Кызылорда Таймс" газетерінде және 2015 жылғы 20 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      "Қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бір апта мерзімде оның көшірмесін Қызылорда облысының Әділет департаментіне және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда филиалына жіберуді қамтамасыз етсін.
      Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Қызылорда Қаласының әкімі Н. Нәлібаев