2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 101-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 18-02/908 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану
қағидалары
1. Осы Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 101-бабының 2-тармағына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртiбiн регламенттейдi.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалануға орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрi – уәкілеттi орган) келiсiлген ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын, орман табиғаты мен оның компоненттерін тану, соның негiзiнде жаңа техника жасауды қоса алғанда, орман ресурстарын күзету, қорғау, молықтыру және ұтымды пайдалану жөнiнде тәсiлдер, әдiстер және технологиялық процестер әзірлеу үшін кешендi және мамандандырылған (ботаникалық, зоологиялық, орман өсiру, орман-патологиялық, топырақтану және басқа да) ғылыми зерттеулер мен экспериментальдық жұмыстар (бұдан әрi – ғылыми-зерттеу жұмыстары) жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры аумағында орналасқан өзге де табиғи объектiлердi зерделеу жатады. Ғылыми-зерттеу жұмыстары шеңберінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі ресурстарын дайындау мен пайдалану мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негіздемеге сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде, судың жай-күйiне әсер ететiн су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жүргiзiлетiн экспериментальдық жұмыстарды орман пайдаланушылар су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен келiсім бойынша жүргiзедi.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 22.12.2020 № 329 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Тәжiрибелiк-өндiрiстiк тексерулер жүргiзу мен ғылыми және конструкторлық әзірлемелерді орман шаруашылығы өндiрiсiне енгiзу, тұрақты ағаш тұқымы базасы объектiлерiн құру уәкiлеттi органмен келiсім бойынша осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Жұмыстардың түрлерi (стационарлық, далалық, бағдарлық), ерекшелiгi (ботаникалық, орман өсiру, топырақтық және басқалар), басталу және аяқталу мерзiмдерi, ғылыми зерттеулердiң бағдарлары, эксперименттік объектiлердi орналастыру орындары мен көлемдері, сондай-ақ пайдаланудың арнайы режимi, шектеулердiң түрлерi мен мерзiмдерi, көрсетілген жұмыстарды жүргізудің басқа да талаптары белгiленетiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнiң алаңын көрсете отырып, орман пайдаланудың басқа түрлерiн шектеу немесе оларға тыйым салулар, көрсетілген жұмыстарды жүргiзудiң басқа да шарттары мемлекеттiк орман иеленушімен орман пайдаланушылардың арасында жасалатын ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзімді орман пайдалану шартымен және (немесе) орман билетiмен айқындалады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшін мемлекеттiк орман иеленушiлер мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты және рұқсат беру құжаттары негiзiнде бередi.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Ғылыми-зерттеу мақсаттарын жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының және (немесе) орман билетiнiң талаптарын өзгертуге:
1) оның салдарынан белгiленген бағдарлама бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыру мүмкiн болмайтын, дүлей апаттардың нәтижесінде мемлекеттiк орман қорының жай-күйi өзгергенде;
2) егер бұрынғы пайдалану шарттары осы санаттардың мәртебесiмен үйлеспейтiн болса, мемлекеттiк орман қоры санатының өзгеруi, оларды ерекше қорғалатын орман аумақтары құрамына енгiзу нәтижесiнде мемлекеттік орман қоры учаскелерiн пайдалануды жүзеге асыру талаптары мен тәртiбi өзгергенде;
3) мемлекеттiк орман қоры учаскесi мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн iшiнара алынғанда жол берiледi.
6. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалану кезiнде алынған орман өнiмi (сүрек, жемiстер мен тұқымдар, қалемшелер, екпе көшеттер, көшеттер, тағамдық, дәрi-дәрмектiк және техникалық шикiзат) ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшiн қажетті бөлiгiн қоспағанда, мемлекеттiк орман иеленушiлердiң меншiгi болып табылады. Оның тiзбесi мен көлемi зерттеу бағдарламасы мен әдiстемесiне сүйене отырып белгiленедi және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарында және (немесе) орман билетiнде көрсетiледi.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалану орманның экологиялық жүйелерiне және олардың компоненттеріне нұқсан келтiрмей жүзеге асырылуға тиiс.
8. Мемлекеттік орман қорының учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану Кодекстің 39 және 40-баптарында айқындалған негіздерде тоқтатыла тұрады, шектеледі немесе тоқтатылады, орман пайдалану құқығын тоқтату тәртібі Кодекстің 41-бабына сәйкес жүзеге асырылады.