Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 959 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 қарашада № 12256 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Ойыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ойыл селолық округі әкімінің 2012 жылғы 16 мамырдағы № 58 "Ойыл селолық округі Ойыл селосының атаусыз көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-11-113 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 маусымда аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және мәтінінде "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;
      шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "Ойыл", "Ойылского" сөздері "Уил", "Уилского" сөздерімен ауыстырылсын;
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ойыл ауылдық округі әкімі: И. Сабиржанов