"Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұл

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 609 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 қазанда № 12161 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 48 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.06.2025 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10663 тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 сәуірде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына 2-қосымшаға:

      Компанияны корпоративтік басқару құрылымы (акциялар пакетінің (қатысу үлесінің) мөлшерін көрсете отырып, Компанияның акциялары (қатысу үлестері) өзіне тиесілі заңды тұлғаларға қатысуы деген 1.2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.2. _________ жағдай бойынша Компания тобының, оның тобына кіретін барлық, оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын ұйымдарды көрсете отырып, корпоративтік құрылымы:

      2-нысан

Компания

Бірінші деңгейдегі ұйымдар

Екінші деңгейдегі ұйымдар

n деңгейдегі ұйымдар

ҰҚН

БСН

атауы

акциялардың % (қатысу үлестері)

ҰҚН

БСН

атауы

акциялардың % (қатысу үлестері)

ҰҚН

БСН

атауы

акциялардың % (қатысу үлестері)

ҰҚН

БСН

атауы

акциялардың % (қатысу үлестері)














































































      Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің саны туралы жиынтық ақпарат

ҰҚН

Еншілес ұйымдар

Бірінші деңгейдегі ұйымдар

Екінші деңгейдегі ұйымдар

Үшінші деңгейдегі ұйымдар

n деңгейдегі ұйымдар

Жиыны

АҚ







ЖШС







Өзге де ҰҚН







Жиыны








      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 18 тамыз