"Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 7-1/713 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 қазанда № 12154 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 23.02.2016 № 224 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387 бабының 1-1 тармағына, 444 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәртөк ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Мәртөк аудандық мәслихатының сессия төрайымы Н. Хусаинова
      Мәртөк аудандық мәслихатының хатшысы А. Исмагулов