"Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 240 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 518 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 қыркүйекте № 12117 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 912 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 03.02.2016 № 53/299-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387 бабының 1-1 тармағына, 444 бабының 1 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Түркістан қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есе жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А.Мәди

      Қалалық мәслихат
      хатшысы                                    Ғ.Сарсенбаев