Өзара сақтандыру қоғамдары есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 129 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 қыркүйекте № 12074 болып тіркелді.

      "Өзара сақтандыру туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес өзара сақтандыру қоғамдары есептілігінің тізбесі;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қызмет туралы есептің нысаны;

      3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес инвестициялық портфель туралы есептің нысаны;

      4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдері туралы есептің нысаны;

      5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес сақтандыру резервтері туралы есептің нысаны;

      6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес Өзара сақтандыру қоғамдарының есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Өзара сақтандыру қоғамдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін электрондық форматта осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4) және

      5) тармақшаларында көзделген есептілікті ұсынады.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Өзара сақтандыру қоғамдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" 2010 жылғы 1 наурыздағы № 29 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6163 тіркелген, 2010 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде № 456 (26299) жарияланған)

      1-тармағы 1) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.

      4. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Үмбетәлиев М.Т.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Қ. Келімбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің Төрағасы

      Ә. Смайылов _________________

      2015 жылғы 13 тамыз

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 129 қаулысына
1-қосымша

Өзара сақтандыру қоғамдары есептілігінің тізбесі

      Өзара сақтандыру қоғамдарының есептілігіне мыналар кіреді:

      1) қызмет туралы есеп;

      2) инвестициялық портфель туралы есеп;

      3) сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдері туралы есеп;

      4) сақтандыру резервтері туралы есеп.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 129 қаулысына
2-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Қызмет туралы есеп Есепті кезең: 20__жылғы "___"________

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Индекс: 1- OVS_G

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Ұсынатындар: өзара сақтандыру қоғамдары

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін.

  Нысан

      __________________________________________________________

      (өзара сақтандыру қоғамының атауы)

      20__ жылғы _________ жағдай бойынша

  (мың теңгемен)

р/с №

Көрсеткіштер

Сомасы

1

2

3

1.

Активтер, оның ішінде:


1.1

ақша және ақша баламасы


1.2

салымдар (депозиттер)


1.3

бағалы қағаздар


1.4

кері репо мәмілелері


1.5

өзге активтер


2.

Міндеттемелер, оның ішінде:


2.1

сақтандыру резервтері


2.2

өзге міндеттемелер


3.

Капитал, оның ішінде:


3.1

құрылтайшылардың жарналары


3.2

бөлінбеген пайда


4.

Кірістер (ағымдағы жылдың басынан бергі кезеңдегі), оның ішінде:


4.1

сақтандыру сыйлықақылары


4.2

инвестициялық қызметтен түскен кірістер


4.3

өзге кірістер


5.

Шығыстар (ағымдағы жылдың басынан бергі кезеңдегі), оның ішінде:


5.1

сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығыстар


5.2

жалпы және әкімшілік шығыстар


5.3

өзге шығыстар


6.

Таза кіріс (шығын)


      Бiрiншi басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам

      ______________________________________________________ ________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Бас бухгалтер немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам

      ______________________________________________________ ________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Орындаушы ____________________________________________ ________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Телефон нөмірі:_________________________

      Қол қойылған күн 20___жылғы "___"__________

      Ескерту: әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Қызмет туралы есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Қызмет туралы есеп 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) әкімшілік деректерді жинауға арналған "Қызмет туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Өзара сақтандыру туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      3. Өзара сақтандыру қоғамдары Нысанды жыл сайын есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасайды. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген адамдар және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 3-бағанда көрсеткіш атауына сай есепті кезеңнің соңына мың теңгемен сома көрсетіледі.

      6. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 129 қаулысына
3-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Инвестициялық портфель туралы есеп Есепті кезең: 20__жылғы "___"_______

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Индекс: 2-OVS_G

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Ұсынатындар: өзара сақтандыру қоғамдары

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін

  Нысан

      __________________________________________________________

      (өзара сақтандыру қоғамының атауы)

      20__ жылғы _________ жағдай бойынша

  (мың теңгемен)

р/с №

Актив атауы

Сатып алу күні

Өтеу күні

Сату/өтеу күні

Баланстық құны

1

2

3

4

5

6

1.

Ақша және ақша баламасы

x

x

x


2.

Салымдар (депозиттер), оның ішінде:



x


2.1

банктің атауы



x


...

...



x


3.

Бағалы қағаздар, оның ішінде:





3.1

бағалы қағаздың түрі және эмитент





...

...





4.

Кері репо мәмілелері, оның ішінде:





4.1

мәміле бойынша қарсы агент, бағалы қағаздың түрі және эмитент





...

...





5.

Барлығы (1-4-жолдың сомасы)





      Бiрiншi басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам

      ______________________________________________________ ________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Бас бухгалтер немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам

      ______________________________________________________ ________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Орындаушы

      ______________________________________________________ ________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Телефон нөмірі:_________________________

      Қол қойылған күн 20___жылғы "___"__________

      Ескерту: әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Инвестициялық портфель
туралы есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Инвестициялық портфель туралы есеп 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) әкімшілік деректерді жинауға арналған "Инвестициялық портфель туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Өзара сақтандыру туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      3. Өзара сақтандыру қоғамдары Нысанды жыл сайын есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасайды. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген адамдар және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 3-бағанда тиісті активті сатып алу күні көрсетіледі.

      6. 4-бағанда тиісті активті өтеу күні көрсетіледі.

      7. 5-бағанда сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздарды және өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздарды сату/өтеу күні көрсетіледі.

      8. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 129 қаулысына
4-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдері туралы есеп Есепті кезең: 20__жылғы "___"________

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Индекс: 3-OVS_G

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Ұсынатындар: өзара сақтандыру қоғамдары

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін.

  Нысан

      __________________________________________________________

      (өзара сақтандыру қоғамының атауы)

      20__ жылғы _________ жағдай бойынша

  (мың теңгемен)

р/с №

Сақтандыру сыныбының атауы

Сақтандыру сыйлықақылары

Сақтандыру шарттарының саны (бірліктермен)

Сақтандыру төлемдері

Сақтандыру жағдайларының саны (бірліктермен)

Сақтандыру төлемдерінің сомасы (бірліктермен)

1

2

3

4

5

6

7

1.







2.







...







      Бiрiншi басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам

      ______________________________________________________ ________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Бас бухгалтер немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам

      ______________________________________________________ ________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Орындаушы

      ______________________________________________________ ________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Телефон нөмірі:_________________________

      Қол қойылған күн 20___жылғы "___"__________

      Ескерту: әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Сақтандыру сыйлықақылары
мен сақтандыру төлемдері
туралы есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдері туралы есеп 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) әкімшілік деректер жинауға арналған "Сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдері туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Өзара сақтандыру туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      3. Өзара сақтандыру қоғамдары Нысанды жыл сайын есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасайды. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген адамдар және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 3-бағанда барлық сақтандыру сыйлықақыларының сомасы мың теңгемен көрсетіледі.

      6. 4-бағанда сақтандыру шарттарының саны бірліктермен көрсетіледі.

      7. 5-бағанда барлық сақтандыру төлемдерінің сомасы мың теңгемен көрсетіледі.

      8. 6-бағанда сақтандыру жағдайларының саны бірліктермен көрсетіледі.

      9. 7-бағанда сақтандыру төлемдерінің сомасы бірліктермен көрсетіледі.

      10. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 129 қаулысына
5-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Сақтандыру резервтері туралы есеп Есепті кезең: 20__жылғы "___"________

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Индекс: 4-OVS_G

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Ұсынатындар: өзара сақтандыру қоғамдары

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін.

  Нысан

      __________________________________________________________

      (өзара сақтандыру қоғамының атауы)

      20__ жылғы _________ жағдай бойынша

  (мың теңгемен)

р/с №

Сақтандыру сыныбының атауы

Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві

Орын алмаған шығындар резерві

Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві

Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резерві

1

2

3

4

5

6

1.






2.












      Бiрiншi басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам

      ______________________________________________________ ________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Бас бухгалтер немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам

      ______________________________________________________ ________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Орындаушы

      ______________________________________________________ ________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Телефон нөмірі:_________________________

      Қол қойылған күн 20___жылғы "___"__________

      Ескерту: әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Сақтандыру резервтері
туралы есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Сақтандыру резервтері туралы есеп 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) әкімшілік деректер жинауға арналған "Сақтандыру резервтері туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Өзара сақтандыру туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      3. Өзара сақтандыру қоғамдары Нысанды жыл сайын есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасайды. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген адамдар және орындаушы қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанда сақтандыру сыныптары бөлігінде есепті кезеңнің соңындағы сақтандыру резервтерінің сомасы көрсетіледі.

      6. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 129 қаулысына
6-қосымша

Өзара сақтандыру қоғамдарының есептілікті ұсыну қағидалары

      1. Осы Өзара сақтандыру қоғамдарының есептілікті табыс ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өзара сақтандыру туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әзірленді және өзара сақтандыру қоғамдарының (бұдан әрі – Қоғамдар) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі.

      3. Есептілік ұсынылатын деректердің түзетілмеуін қамтамасыз ететін электрондық тасымалдағышта Microsoft Office Excel форматында ұсынылады.

      4. Электрондық форматта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін Қоғамның бірінші басшысы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) және Қоғамның бас бухгалтері қамтамасыз етеді.

      5. Есепті күндегі жағдай бойынша қағаз тасымалдағыштағы есептілікке Қоғамның бірінші басшысы, бас бухгалтері немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген адамдар және орындаушысы қол қояды және Қоғамда сақталады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, Қоғам уәкілетті органға пысықталған есептілікті және есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін көрсете отырып жазбаша түсініктемені ұсынады.