Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 23.12.2015 № 747 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2015 № 811 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына, 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес атом энергиясы саласындағы субъектілердің тәуекелдік дәрежесін бағалау критерийлері;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес атом энергиясы саласындағы мемлекеттік қадағалау саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықтың көшірмелерін оны алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жіберуді;
4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-проталында орналастыруды;
5) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі төрағасының 2012 жылғы 14 қарашадағы № 22-пр және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 311 «Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекелдік дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» бірлескен бұйрығы(2012 жылы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген – нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестріне № 8217 енгізілген, 2013 жылғы 10 сәуірдегі № 125-126 (27399-27400) «Қазақстан егемендігі» газетінде бысылып шығарылған);
2) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі төрағасының 2012 жылғы 14 қарашадағы № 23-пр және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 310 «Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тексеру парағы нысанын бекіту туралы» бірлескен бұйрығы (2012 жылы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген – нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестріне № 8216 енгізілген, 2013 жылғы 10 сәуірдегі № 125-126 (27399-27400) «Қазақстан егемендігі» газетінде бысылып шығарылған).
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік етуші Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі Энергетика министрі
_____________ Е. Досаев _____________ В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің төрағасы
____________С. Айтпаева
4 тамыз 2015 жыл
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 5 тамыздағы
№ 513 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 14 тамыздағы
№ 608 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Атом энергиясы саласындағы субъектілердің
тәуекелдік дәрежесін бағалау өлшемдері 1. Жалпы ережелер
1. Осы атом энергиясы саласындағы субъектілердің тәуекелдік дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдер) атом энергиясын пайдалану қызметімен айналысатын ұйымдарды (бұдан әрі – атом энергиясы саласындағы субъектілер) тәуекелдік дәрежелері бойынша жатқызу мақсатында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Өлшемдер объективті және субъективті өлшемдер арқылы қалыптасады.
3. Осы Өлшемдерде пайдаланылатын түсініктер мен анықтамалар Қазақстан Республикасы мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы заңнамаға сәйкес қолданылады.
2. Тәуекелдік дәрежесін бағалаудың объективті өлшемдері
4. Объективті өлшемдер ықтимал радиациялық қауіп-қатердің төрт санатын негізге ала отырып анықталады:
1) I санатқа апат кезінде ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың (ЯРЭҚ) санитарлық-қорғалған аймағынан тыс жерлердегі халыққа радиациялық әсер етуі мүмкін және халықты қорғау жөнінде шаралар қажет болатын қондырғылар жатады;
2) II санатқа апат кезінде радиациялық әсері ЯРЭҚ-тың санитарлық-қорғалған аймағының аумағымен шектелетін қондырғылар жатады;
3) III санатқа радиациялық әсері ЯРЭҚ-тың орналасу алаңымен шектелетін қондырғылар жатады;
4) IV санатқа радиациялық әсері ЯРЭҚ-тың жұмыс үй-жайларымен немесе жұмыс орындарымен шектелетін қондырғылар жатады.
5. Жоғары тәуекелдік дәрежесінің тобына атом энергиясын пайдалану саласында ықтимал радиациялық қауіп-қатер санаттары бойынша субъектілер (объектілер) жатады:
1) I санат – атом электр станциялары;
2) II санат – субъектілер (объектілер):
ядролық (атомдық) зерттеу реакторлары;
зарядталған бөлшектердің үдеткіштері;
ядролық отын және оның компоненттерін дайындау жөніндегі қондырғылар;
радиоактивті қалдықтардың қоймалары;
табиғи уранды өңдеу және қайта өңдеу қондырғылары;
пайдаланылған ядролық отын;
ядролық материалдар;
3) III санат – субъектілер (объектілер):
радиоизотоптық жабдық (медициналық гамма-терапевтік қондырғылар, радиоизотоптық дефектоскоптар, радиоизотоптық тексеріп қарау қондырлығары);
рентген жабдығы (медициналық рентген жабдығы, рентген дефектоскоптары);
жабық радиоактивті заттар, радиоактивті иондандырушы сәуле көздері;
4) атом энергиясы саласындағы қызмет:
радиоактивті заттарды, радиоизотоптық иондандырушы сәуле көздерін, радиоактивті қалдықтарды тасымалдау;
ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету.
6. Жоғары тәуекелдік дәрежесіне жатқызылмаған топқа атом энергиясын пайдалану саласында ықтимал радиациялық қауіп-қатер санаттары бойынша субъектілер (объектілер) жатады:
1) IV санат – субъектілер (объектілер):
рентген жабдығы (жүк және қол жүгін бақылауға арналған тексеру қондырғысы, талдауыштар, датчиктер, өлшегіштер);
2) атом энергиясы саласындағы қызмет:
атом энергиясын пайдалану саласындағы көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
жүргізілген ядролық жарылыстардың нәтижесінде ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа аумақтардағы қызмет;
атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызмет үшін мамандар мен қызметшілер құрамын арнайы даярлау.
7. Жоғары тәуекелдік дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілер (объектілер) жөнінде, жартыжылдық кестелер негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі қолданылады.
8. 5-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген атом энергиясы саласындағы субъектілер үшін тексерулер жүргізу мерзімділігі жылына бір реттен жиі болмауы керек. 5-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген субъектілер үшін тексерулер жүргізу мерзімділігі 3 жылда бір рет белгіленуі мүмкін.
3. Тәуекелдер дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемдері
9. Субъективті өлшемдер үш дәрежеге: өрескел, елеулі, болмашы бөлінген, тексеру парақтарында атап өтілген ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарының (бұдан әрі - талаптар) негізінде әзірленген және осы Өлшемдерге 1-қосымшада келтірілген.
10. Тәуекелдік дәрежесінің көрсеткішін есептеу кезінде орындалмаған талаптардың үлес салмағы анықталады.
11. Өрескел дәреженің бір орындалмаған талабы 100 көрсеткішіне теңестіріледі.
Егер талаптардың өрескел бұзушылығы анықталмаған жағдайда, онда тәуекелдік дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі талаптардың бұзушылығы бойынша жиынтық көрсеткіш есептелінеді.
12. Елеулі бұзушылық көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формуламен есептелінеді:
Ре = (Р2 х 100/Р1) х 0,7
мұндағы:
Ре – елеулі бұзушылық көрсеткіші;
Р1 – елеулі талаптардың жалпы мөлшері;
Р2 – бұзылған елеулі талаптардың саны.
13. Болмашы бұзушылық көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формуламен есептелінеді
Рб = (Р2 х 100/Р1) х 0,3
мұндағы:
Рб - болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;
Р1 – болмашы талаптардың жалпы мөлшері;
Р2 – бұзылған болмашы талаптардың саны.
14. Тәуекелдік дәрежесінің ортақ көрсеткіші (УР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкілмен есептелінеді және көрсеткіштерді жинақтау арқылы мынадай формуламен анықталады:
Р = Ре + Рб
мұндағы:
Р – тәуекелдік дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
Ре – елеулі бұзушылық көрсеткіші;
Рб – болмашы бұзушылық көрсеткіші.
15. Тәуекелдік дәрежесі жоғары тексерілетін субъект (объект) тәуекелдік дәрежесінің жалпы көрсеткіші бойынша:
1) тәуекелдік дәрежесінің 0-ден 60-қа дейінгі көрсеткіші кезінде осы Өлшемдердің 8-тармағында белгіленген мерзімділікпен тексерулер жүргізудің ерекше тәртібінен босатылады;
2) тәуекелдік дәрежесінің 60-тан 100-ге дейінгі көрсеткіші кезінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібінен босатылмайды.
16. Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібінен босатылған, бұзушылықтармен 60 дейінгі тәуекелдік дәрежесінің көрсеткішін алған тексерілетін субъект (объект), бұзушылықтарды жою мерзімдері өткен соң анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында жоспардан тыс тәртіппен тексеріледі.
Атом энергиясы саласында
қолданылатын тәуекелдік
дәрежесін бағалау
өлшемдеріне қосымша
Тәуекелдік дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемдері
№ |
Өлшемдер |
Көрсеткіш дәрежесі |
1. |
Ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғауды қамтамасыз ету (I және II санаттар үшін) |
өрескел |
2. |
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар қорғаныш технологиялық жабдығының (камералар, бокстар, сыртқа тарту шкафтары), сондай-ақ сейфтердің, радиоактивті қалдықтарға арналған контейнерлердің, көлік құралдарының, көліктік қаптама жинақтардың, радиоактивті заттарды сақтауға және тасымалдауға арналған контейнерлердің, шаң мен газдан тазарту жүйелері сүзгілерінің, жеке қорғаныш құралдарының техникалық шарттарын қамтамасыз ету (I, II және ІІІ санаттар үшін) |
елеулі |
3. |
Радионуклидтік сәулелену көздерін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар және жүктің радиациялық қауіптілік белгілерімен жабдықталған арнайы көлік құралдарында контейнерлер мен қаптамаларда тасымалдауды қолданыстағы стандарттардың талаптарымен қамтамасыз ету (I, II және ІІІ санаттар үшін) |
елеулі |
4. |
Объектінің қалыпты жұмысы, оның қайта жаңартылуы және пайдаланудан алу кезінде, сондай-ақ радиациялық апаттар кезінде персоналдың және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу (I, II және ІІІ санаттар үшін) |
елеулі |
5. |
Персонал мен халықты радиациялық апаттан және оның салдарларынан қорғау бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету жөнінде хабар беру және ақпараттандыру тәртібі (I және II санаттар үшін) |
өрескел |
6. |
Персонал мен халықты радиациялық апаттан және оның салдарларынан қорғау бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету жөнінде персоналдың апат кезіндегі іс-әрекеті (I және II санаттар үшін) |
өрескел |
7. |
Персонал мен халықты радиациялық апаттан және оның салдарларынан қорғау бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету жөнінде радиоактивтік ластану ошақтарын (учаскелерін) оқшаулау және жою бойынша шаралар (I және II санаттар үшін) |
өрескел |
8. |
Персонал мен халықты радиациялық апаттан және оның салдарларынан қорғау бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету жөнінде персоналды апат жағдайына дайындау және жаттықтыру (I және II санаттар үшін) |
өрескел |
9. |
Радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың бар болуы (барлық санаттар үшін) |
елеулі |
10. |
Иондаушы сәулелену көздерін есепке алуды және бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету (барлық санаттар үшін) |
елеулі |
11. |
Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеуге жіберілген тұлғалардың («А» санатына жатқызылған персонал - техногендік иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін адамдар) бекітілген тізімінің болуы (барлық санаттар үшін) |
елеулі |
12. |
Радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен қондырғыларды түгендеу актілерінің бар болуы (барлық санаттар үшін) |
елеулі |
13. |
А тобының персоналымен жеке дозиметрлерді пайдалану арқылы радиациялық бақылауды қамтамасыз ету (барлық санаттар үшін) |
елеулі |
14. |
I және II санатты объектілер үшін жеке қорғаныш құралдарының бар болуы (атом станциялары, ядролық зерттеу қондырғылары) |
өрескел |
15. |
III санат объектілері үшін жеке қорғаныш құралдарының бар болуы (медициналық мекемелер, геофизикалық зерттеулер, рентген және радиоизотопты дефектоскопия) |
елеулі |
16. |
IV санат объектілері үшін жеке қорғаныш құралдарының бар болуы (рентген және радиоизотопты анализаторлар, датчиктер, өлшеуіштер) |
болмашы |
17. |
I және II санатты объектілер үшін радиациялық факторлардың бақылау деңгейлерін анықтау (атом станциялары, ядролық зерттеу қондырғылары) |
өрескел |
18. |
III санат объектілері үшін радиациялық факторлардың бақылау деңгейлерін анықтау (медициналық мекемелер, геофизикалық зерттеулер, рентген және радиоизотопты дефектоскопия) |
елеулі |
19. |
IV санат объектілері үшін радиациялық факторлардың бақылау деңгейлерін анықтау (рентген және радиоизотопты анализаторлар, датчиктер, өлшеуіштер) |
болмашы |
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 5 тамыздағы
№ 513 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 14 тамыздағы
№ 608 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Атом энергиясы саласындағы мемлекеттік қадағалау
саласындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган: ___________________________
___________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт: ____________________________________
____________________________________
(№, дата)
Тексерілетін субъектінің ____________________________________
(объектінің) атауы: ____________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) БСН (ЖСН) _____________________
орналасқан мекенжайы: _______________________________________________
р/с |
Талаптар тізбесі |
Қажет |
Қажет емес |
Сәйкес |
Сәйкес емес |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Ықтимал радиациялық қауіптіліктің I және II санатты объектілері: |
|||||
1. |
Ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғауды қамтамасыз ету |
||||
2. |
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар қорғаныш технологиялық жабдығының (камералар, бокстар, сыртқа тарту шкафтары), сондай-ақ сейфтердің, радиоактивті қалдықтарға арналған контейнерлердің, көлік құралдарының, көліктік қаптама жинақтардың, радиоактивті заттарды сақтауға және тасымалдауға арналған контейнерлердің, шаң мен газдан тазарту жүйелері сүзгілерінің, жеке қорғаныш құралдарының техникалық шарттарын қамтамасыз ету |
||||
3. |
Радионуклидтік сәулелену көздерін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар және жүктің радиациялық қауіптілік белгілерімен жабдықталған арнайы көлік құралдарында контейнерлер мен қаптамаларда тасымалдауды, қолданыстағы стандарттардың талаптарымен қамтамасыз ету |
||||
4. |
Объектінің қалыпты жұмысы, оның қайта жаңартылуы және пайдаланудан алу кезінде персоналдың және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу |
||||
5. |
Персонал мен халықты радиациялық апаттан және оның салдарларынан қорғау бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету жөнінде хабар беру және ақпараттандыру тәртібі |
||||
6. |
Персонал мен халықты радиациялық апаттан және оның салдарларынан қорғау бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету жөнінде персоналдың апат кезіндегі іс-әрекеті |
||||
7. |
Персонал мен халықты радиациялық апаттан және оның салдарларынан қорғау бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету жөнінде радиоактивтік ластану ошақтарын (учаскелерін) оқшаулау және жою бойынша шаралар |
||||
8. |
Персонал мен халықты радиациялық апаттан және оның салдарларынан қорғау бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету жөнінде персоналды апат жағдайына дайындау және жаттықтыру |
||||
9. |
Радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың бар болуы |
||||
10. |
Иондаушы сәулелену көздерін есепке алуды және бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету |
||||
11. |
Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеуге жіберілген тұлғалардың («А» санатына жатқызылған персонал - техногендік иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін адамдар) бекітілген тізімінің болуы |
||||
12. |
Радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды түгендеу актілерінің бар болуы |
||||
13. |
А тобының персоналымен жеке дозиметрлерді пайдалану арқылы радиациялық бақылауды қамтамасыз ету |
||||
14. |
Жеке қорғаныш құралдарының бар болуы (атом станциялары, ядролық зерттеу қондырғылары) |
||||
15. |
Радиациялық факторлардың бақылау деңгейлерін анықтау (атом станциялары, ядролық зерттеу қондырғылары) |
||||
Ықтимал радиациялық қауіптіліктің III санатты объектілері: |
|||||
1. |
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар қорғаныш технологиялық жабдығының (камералар, бокстар, сыртқа тарту шкафтары), сондай-ақ сейфтердің, радиоактивті қалдықтарға арналған контейнерлердің, көлік құралдарының, көліктік қаптама жинақтардың, радиоактивті заттарды сақтауға және тасымалдауға арналған контейнерлердің, шаң мен газдан тазарту жүйелері сүзгілерінің, жеке қорғаныш құралдарының техникалық шарттарын қамтамасыз ету |
||||
2. |
Радионуклидтік сәулелену көздерін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар және жүктің радиациялық қауіптілік белгілерімен жабдықталған арнайы көлік құралдарында контейнерлер мен қаптамаларда тасымалдауды қолданыстағы стандарттардың талаптарымен қамтамасыз ету |
||||
3. |
Объектінің қалыпты жұмысы, оның қайта жаңартылуы және пайдаланудан алу кезінде, сондай-ақ радиациялық апаттар кезінде персоналдың және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу |
||||
4. |
Радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың бар болуы |
||||
5. |
Иондаушы сәулелену көздерін есепке алуды және бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету |
||||
6. |
Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеуге жіберілген тұлғалардың («А» санатына жатқызылған персонал - техногендік иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін адамдар) бекітілген тізімінің болуы |
||||
7. |
Радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен қондырғыларды түгендеу актілерінің бар болуы |
||||
8. |
А тобының персоналымен жеке дозиметрлерді пайдалану арқылы радиациялық бақылауды қамтамасыз ету |
||||
9. |
Жеке қорғаныш құралдарының бар болуы (медициналық мекемелер, геофизикалық зерттеулер, рентген және радиоизотопты дефектоскопия) |
||||
10. |
Радиациялық факторлардың бақылау деңгейлерін анықтау (медициналық мекемелер, геофизикалық зерттеулер, рентген және радиоизотопты дефектоскопия) |
||||
Ықтимал радиациялық қауіптіліктің IV санатты объектілері: |
|||||
1. |
Радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың бар болуы |
||||
2. |
Иондаушы сәулелену көздерін есепке алуды және бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету |
||||
3. |
Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеуге жіберілген тұлғалардың («А» санатына жатқызылған персонал - техногендік иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін адамдар) бекітілген тізімінің болуы |
||||
4. |
Радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен қондырғыларды түгендеу актілерінің бар болуы |
||||
5. |
А тобының персоналымен жеке дозиметрлерді пайдалану арқылы радиациялық бақылауды қамтамасыз ету |
||||
6. |
жеке қорғаныш құралдарының бар болуы (рентген және радиоизотопты анализаторлар, датчиктер, өлшеуіштер) |
||||
7. |
радиациялық факторлардың бақылау деңгейлерін анықтау (рентген және радиоизотопты анализаторлар, датчиктер, өлшеуіштер) |
Лауазымды тұлға(лар) _________ ______ _______________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі Аты Әкесінің аты (бар болғанда)
_________ ______ _______________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі Аты Әкесінің аты (бар болғанда)
Тексерілетін субъектінің
басшысы _________ ______ _______________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі Аты Әкесінің аты (бар болғанда)