"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 59 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 510 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 7 қыркүйекте № 12029 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 59 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 10 наурызда № 10406 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 52 (28530) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
      2015 жылға «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқуға арналған мәндес мамандықтар тізбесінде*:
      «6. Денсаулық сақтау және медициналық ғылымдар» деген бөлімде:
      70-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

70

6

Спорттық медицина

магистратура

Жалпы медицина, Спорттық медицина, Травматология-ортопедия, Медициналық реабилитология, қалпына келтіре емдеу (физиотерапия, емдеу дене шынықтыруы), Токсикология, Гигиена және токсикология, Тамақтану гигиенасы, Диетология.

                                                                  ».
      2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Г.І. Көбенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрі                  А. Сәрінжіпов