Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 360 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 қыркүйекте № 11990 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 486 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 24.08.2017 № 486 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 12) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі авиациялық персоналдың қызметін реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы ұшуларының қауіпсіздігін қадағалау бас басқармасының бастығы:

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін жолдасын;

      2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.

      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органдарының басшыларына жүктелсін.

      4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрі

И. Тасмағамбетов


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің Төрағасы

      ____________Н. Әбіқаев

      2015 жылғы 24 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      полиция генерал-полковнигі

      _______________Қ. Қасымов

      2015 жылғы 9 шілде


  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 24 маусымдағы
№ 360 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Нұсқаулық авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі мемлекеттік авиация авиациялық персоналының қызметін нақтылайды.

      3. Нұсқаулықта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) авиациялық бөлім – мемлекеттік авиация әуе кемелерінің ұшуын ұйымдастыру мен орындауды, оларды пайдалануды және сақтауды жүзеге асыратын републикалық мемлекеттік мекеме;

      2) авиациялық жағдай – әуе кемесін пайдалану барысында ұшу қауіпсіздігіне қатер төнген, әуе кемесі зақымданған немесе әуе кемесі істен шыққан және/немесе осы әуе кемесінде болған адамдар қаза тапқан оқиға;

      3) авиациялық инцидент – әуе кемесін ұшуда пайдаланумен байланысты, әуе кемесінің тұтастығына және (немесе) оның бортындағы адамдардың өміріне қатер туғызуы мүмкін немесе қатер туғызған, бірақ авиациялық оқиғамен аяқталмаған авиациялық оқиға;

      4) авиациялық оқиға – әуе кемесін ұшуда пайдаланумен байланысты әуе кемесінің бортындағы адамдардың қаза табуына (өлімге әкеп соққан дене жарақаты) және (немесе) осы әуе кемесінің жойылып кетуіне әкеп соқтырған авиациялық оқиға;

      5) әуе кемесі – жер (су) бетінен шағылысқан ауамен әрекеттесуді болдырмай, ауамен өзара әрекеттесу есебінен атмосферада қалықтайтын ұшу аппараты;

      6) әуе кемесі зақымданған елеулі авиациялық инцидент – ол болған кезде зақымданған әуе кемесін қалпына келтіру мүмкін және экономикалық тұрғыдан мақсатқа сәйкес авиациялық инцидент;

      7) әуе кемесін ұшуда пайдалану – ұшу құрамының әуе кемесін ұшу алды қарап тексеруді жүргізуді бастағаннан бастап ұшу мақсатында бортта болған барлық адамдардың әуе кемесінен кеткен сәтке дейінгі әуе кемесін пайдалану үдерісі;

      8) елеулі авиациялық инцидент – күрделі немесе авариялық ұшу жағдайының туындауына байланысты немесе сол кезде әуе кемесінің бортында болған адамдардың ең болмаса біреуінің денсаулығына зиян келтірілген авиациялық инцидент;

      9) ерекше оқиға – қауіпті фактордың ықпал етуінен туындаған және ұшулар қауіпсіздігінің төмендеуіне әкеп соқтыратын әуе кемесін ұшуда пайдалану үдерісіндегі кез келген штаттан тыс оқиға;

      10) қамтамасыз ету бөлімдері – авиациялық-техникалық базалар, авиациялық комендатуралар, әуе қозғалысын басқару орталықтары;

      11) қауіпті фактор – авиациялық жағдайдың туындауына әкеп соқтыруға қабілетті авиациялық жүйенің қандай да бір элементіне кез келген (нақты немесе әлеуетті) ықпал ету;

      12) мемлекеттік авиация – мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша басқа да мемлекеттік органдардың қарамағында болатын және мемлекеттің қорғанысы, қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті күзету мақсатында пайдаланылатын авиация;

      13) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

      14) мемлекеттік авиация ұшулар қауіпсіздігі органы – Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясында ұшулар қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесі;

      15) мемлекеттік авиация басқару органдары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі;

      16) ұшулар қауіпсіздігі органы – мемлекеттік авиация басқару органының, авиациялық бөлімінің құрамындағы құрылымдық бөлімше.

2. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі
басқару органдары басшыларының (командирлерінің, бастықтарының)
қызметі. Ұшулар қауіпсіздігі органдары
1-параграф. Басқару органдары басшыларының
(командирлерінің, бастықтарының) қызметі

      4. Басқару органы басшысы (командирі, бастығы) авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

      Мемлекеттік авиация басқару органының басшысы, авиациялық бөлімінің (бөлімшесінің) командирі (бастығы):

      1) ұшуларды ұйымдастырумен және оларды қауіпсіз орындаумен байланысты бағынысты құрылымдардың барлық қызмет түрлеріне ұдайы басшылықты жүзеге асырады;

      2) бағынысты ұшулар қауіпсіздігі органдары лауазымды адамдарының жұмысына басшылық жасайды;

      3) авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі басқару органының жұмысын уақтылы және сапалы жоспарлауды ұйымдастырады;

      4) қадағалаулар, баяндаулар және келіп түсетін ақпарат негізінде ұшулар қауіпсіздігінің жай-күйіне жүйелі түрде талдау жүргізеді, лауазымды адамдардың бағынысты басқару органдарында авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі қызметін бағалайды;

      5) авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі бағдарламалар (бұдан әрі – Бағдарлама) мен авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі жоспарлар іс-шараларының орындалуын, олардың қаржылық және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілуін бақылайды;

      6) ұшулар қауіпсіздігі органдарының мамандарын іріктеуді (жоғары тұрған ұшулар қауіпсіздігі органымен келісу бойынша) жүзеге асырады және даярлауды ұйымдастырады, авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау мәселелерінде бағынысты басқару органдары басшыларының (командирлерінің, бастықтарының) даярлық деңгейін бақылайды.

2-параграф. Ұшулар қауіпсіздігі органдары

      5. Ұшулар қауіпсіздігі органдары мемлекеттік авиация әуе кемелерімен авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге бағытталған қызметті жүзеге асыруға арналған.

      6. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы ұшуларының қауіпсіздігін қадағалау бас басқармасы ұшулар қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиация қызметі саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.

      7. Мемлекеттік авиация басқару органдарында мемлекеттік орган басшысының шешімімен ұшулар қауіпсіздігі органдары құрылады.

      8. Ұшулар қауіпсіздігі органдарының бастықтарын тағайындау жоғары тұрған ұшулар қауіпсіздігі органдарының басшыларымен келіскеннен кейін жүргізіледі. Ұшулар қауіпсіздігі органдарына лауазымды адамдарды іріктеу осы органдар бастықтарымен (басшыларымен) келісу бойынша жүргізіледі.

      9. Ұшулар қауіпсіздігі органдары лауазымды адамдарының міндеттерін жоғары тұрған ұшулар қауіпсіздігі органының басшысы келіседі және оларды өзінің тікелей басшылары (командирлері, бастықтары) бекітеді.

      10. Төмен тұрған ұшулар қауіпсіздігі органдары арнайы қатынаста жоғары тұрған ұшулар қауіпсіздігі органының басшысына бағынады.

3-параграф. Ұшулар қауіпсіздігі органдары мамандарының өкілеттіктері

      11. Ұшулар қауіпсіздігі органдары мамандары:

      1) қауіпті факторларды анықтайды және талдайды;

      2) авиациялық оқиғалар мен инциденттердің алдын алу жөніндегі алдын алу іс-шараларын жүргізуді, ұшуларды ұйымдастырудағы, орындау мен қамтамасыз етудегі кемшіліктер мен бұзушылықтарды жоюды бақылайды;

      3) басқару органдарының құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, қауіпті факторлардың ықпал етуін, кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою немесе төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;

      4) авиациялық персоналға жедел, кезеңдік және сұрау салу бойынша ұсынылатын авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы ақпаратты уақтылы жеткізуді ұйымдастырады;

      5) төмен тұрған ұшулар қауіпсіздігі органдарының осы органдар жеке құрамының міндеттерді толық орындауына бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады;

      6) авиациялық бөлімдердегі ұшулар қауіпсіздігінің жай-күйін бағалайды;

      7) авиациялық инциденттерге сапалы және толық тексеру жүргізуді бақылайды;

      8) авиациялық бөлімдерде және қамтамасыз ету бөлімдерінде әуе кемелерінің, ұшуларды басқару және қамтамасыз ету құралдарының жай-күйін тексереді.

      12. Мемлекеттік авиация ұшулар қауіпсіздігі органының басшысы өз құзыреті шегінде:

      1) мемлекеттік авиацияда ұшулар қауіпсіздігіне қатысты бөлігінде мемлекеттік авиация авиациялық персоналының қызметіне (мемлекеттік авиация басқару органдары басшыларымен келісу бойынша) тексеру жүргізуді тағайындайды;

      2) мемлекеттік авиация ұшуларын ұйымдастыруда және жүргізуде және әуе кеңістігін пайдалануда бұзушылықтарға жол берген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы авиациялық персоналы қатарынан лауазымды адамдардың міндеттерді орындауын тоқтатады;

      3) техникалық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі кезінде авиациялық техниканы, ұшуларды басқару және қамтамасыз ету құралдарын пайдаланудан шеттетеді;

      4) мемлекеттік органдардан мемлекеттік мекеменің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік құжаттар мен ақпаратты сұратады;

      5) мемлекеттік авиация ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерге қатысты бөлігінде мемлекеттік органдар өткізетін іс-шараларға қатысады;

      6) мемлекеттік авиацияда авариялық жағдайды бағалауды жүргізуді ұйымдастырады, авиациялық оқиғалар мен авиациялық инциденттердің алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлейді, осы мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына ақпарат ұсынады;

      7) авиациялық жүйенің сенімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік авиация ұшулар қауіпсіздігі органдарының жұмысын үйлестіреді;

      8) мемлекеттік әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен авиациялық инциденттерді, сондай-ақ бірнеше мемлекеттік органдардың авиациялық персоналы тартылған авиациялық оқиғалар мен авиациялық инциденттерді тексеруді ұйымдастырады;

      9) мемлекеттік органдар үшін осы мемлекеттік органдарда авиациялық персоналдың авиациялық оқиғаға немесе авиациялық инцидентке тартылу фактісі анықталған кезде тексеру тәртібі туралы ұсыныстар әзірлейді;

      10) басқа мемлекеттік органдар авиациялық персоналының авиациялық оқиғаға немесе авиациялық инцидентке тартылу фактісі анықталған кезде одан әрі авиациялық оқиғаны немесе авиациялық инцидентті тексеру тәртібі туралы шешім қабылдайды;

      11) мемлекеттік органдармен, азаматтық және эксперименттік авиация ұшулар қауіпсіздігі органдарымен, ғылыми-зерттеу мекемелерімен және ұйымдарымен авиациялық оқиғалар мен авиациялық инциденттерді тексеру және ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік әуе кемелерінің сенімділігін арттыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастырады.

      13. Ұшулар қауіпсіздігі органдарының лауазымды адамдары:

      1) мемлекеттік авиация әуе кемелері ұшуларының қауіпсіздігін қолдауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және орындау мәселелері бойынша басқару органдары (авиациялық бөлімдер, қамтамасыз ету бөлімдері) лауазымды адамдарының баяндауларын тыңдайды;

      2) мемлекеттік авиация авиациялық персоналының қызметін, оның ішінде ұшуды басқару техникасында, әуе навигациясында және жауынгерлік қолдануда ұшқыштар құрамының даярлық деңгейін тексереді;

      3) өзінің тікелей басшыларына (командирлеріне, бастықтарына) кейіннен баяндай отырып, өз басқару органында мемлекеттік авиация ұшуларын ұйымдастыруда және жүргізуде және әуе кеңістігін пайдалануда ұшулар қауіпсіздігіне қатер төндіретін бұзушылықтарға жол берген басшының (командирдің, бастықтың) орынбасарынан бастап және одан төмен авиациялық персонал қатарынан лауазымды адамдардың міндеттерін орындауды тоқтатады;

      4) өзінің тікелей басшыларына (командирлерге, бастықтарға) кейіннен баяндай отырып, олардың жай-күйінің техникалық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі кезінде әуе кемелерін, ұшуларды басқару және қамтамасыз ету құралдарын пайдаланудан шеттетеді;

      5) өзінің тікелей басшыларына (командирлерге, бастықтарға) баяндай отырып, авиациялық персоналдың лауазымды адамдарына ұшулар қауіпсіздігіне қатысты бөлігінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде нұсқаулар береді.

      14. Мемлекеттік авиация ұшулар қауіпсіздігі органының олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша лауазымды адамдарының нұсқауларын мемлекеттік авиация авиациялық персоналының барлық лауазымды адамдары орындауға қабылдайды.

      15. Ұшулар қауіпсіздігі органдары лауазымды адамдарының олардың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нұсқауларын тиісті мемлекеттік авиация басқару органдарының, авиациялық бөлімдері мен қамтамасыз ету бөлімдерінің барлық лауазымды адамдары орындауға қабылдайды.

3. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі алдын алу жұмысын ұйымдастыру
1-параграф. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі алдын алу жұмысының мазмұны, мәні және қағидаттары

      16. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі алдын алу жұмысы авиациялық командирлердің, бастықтардың, барлық авиациялық персоналдың ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің негізгі мазмұнын құрайды және барлық басқару органдарында, авиациялық бөлімдерде және қамтамасыз ету бөлімдерінде жүргізіледі.

      Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі алдын

      алу жұмысының мәні ұшу жұмысының қауіпті факторларын белсенді анықтауды және оларды жою жөнінде шаралар қабылдауды, олардың ықпал етуін төмендетуді немесе оларды болғызбауды қамтиды.

      17. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі жұмыстың пәрменділігін айқындайтын негізгі қағидаттар:

      1) қауіпті факторларды анықтау және талдау кезіндегі объективтілік;

      2) авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі

      іс-шараларды уақтылы және кезең-кезеңімен қайталау;

      3) авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі жұмыстың әдістерін, тәсілдері мен қағидаттарын жетілдіру;

      4) авиациялық қызметтің жүйелілігі, толық қамтылуы, қабылданатын шаралардың аяқталғаны;

      5) авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі жұмысты жүргізуге, ұшулардың белгіленген тәртібі мен қағидаларын сақтауға басшылық құрамның жеке қатысуы және жеке үлгісі;

      6) жүргізілетін жұмыстың тиімділігін ұдайы бағалау болып табылады.

2-параграф. Қауіпті факторларды анықтау

      18. Қауіпті факторларды анықтаумен ұшуларды ұйымдастыруға, басқаруға, орындау мен қамтамасыз етуге қатысатын, сондай-ақ оларды жүргізуді бақылайтын барлық лауазымды адамдар айналысады.

      Қауіпті факторларды анықтау жөніндегі қызметті бақылауды үлкен авиациялық бастықтар жүзеге асырады.

      19. Қауіпті факторларды анықтау үшін ұшуларды ұйымдастыратын, орындайтын, қамтамасыз ететін және қызмет көрсететін лауазымды адамдардың қадағалаулары мен баяндаулары, объективті бақылау құралдарының материалдары, ұшуларды бақылайтын лауазымды адамдардың хабарламалары, ұшулар жетекшісінің және ұшулар аға инженерінің журналдардағы жазбалары, борттық және техникалық құжаттама, куәгерлердің айғақтары мен бұзушылықтар туралы мәліметтерді білетін адамдардың ерікті хабарламалары пайдаланылады.

      20. Қауіпті факторларды анықтау жөніндегі жұмыстың негізгі нысандары:

      1) авиациялық оқиғалар мен инциденттерге әкеп соқтыратын қауіпті факторларды болжау;

      2) құрылымдық бөлімшелерді инспекциялау (тексеру);

      3) авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру;

      4) ұшулар қауіпсіздігіне қатер төндіретін кемшіліктер, ерекше жағдайлар туралы ерікті (жасырын) хабарламалар.

      21. Авиациялық бөлімдерде (қамтамасыз ету бөлімдерінде) қауіпті факторларды болжау басшылық құрамның жұмысын талдау және алдағы оқу жылына қойылған міндеттер шешілетін жағдайларды алдын ала болжау жолымен жеңілдетілген түрде қолданылады.

      Осындай міндеттерге: әуе кемелерінің басқа түрлеріне қайта оқып-үйрету, жаңа тактикалық амалдарды, авиациялық техникаға қызмет көрсету жүйелерін меңгеру жатқызылады.

      Болжау нәтижелері Бағдарламаның тиісті талдау бөлімінде сипатталады.

      22. Мемлекеттік авиация басқару органдарында қауіпті факторларды болжау жекелеген элементтердің және жалпы авиациялық жүйенің жұмысын талдау жолымен жеңілдетілген түрде қолданылады. Болжау авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбаудың тиімді жолын жасау мақсатында жүзеге асырылады. Болжау нәтижелері бойынша қауіпті факторларды жою және олардың болуы ықтимал көріністерін шектеу жөніндегі іс-шаралар пысықталады.

      23. Құрылымдық бөлімшелерді инспекциялау (тексеру) барлық басшылық құрамның тікелей міндеттерінің бірі болып табылады және барлық инстанциялардың лауазымды адамдары жүзеге асырады.

      Бұл ретте құрылымдық бөлімшелерді инспекциялауды (олардың қызметін бақылауды) жоғары тұрған инстанция басшысы, жекелеген лауазымды адамдар және/немесе арнайы топтар (комиссиялар) жүргізеді.

      24. Инспекциялау (тексеру) барысында ұшуларды орындау заңдылығы, ұшуларды ұйымдастыру, дайындау және жүргізу сапасы, авиациялық инциденттерді, ұшқыштар құрамының бұзушылықтары мен қате

      іс-қимылдарын анықтау, тексеру, есепке алу және талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі тексеріледі.

      Инспекциялау қағидаттары: жүйелілік, мақсатқа сәйкестілік, объективтілік, пәрменділік.

      25. Инспекциялау (бақылау) міндеттері:

      1) тексерілетін құрылымдық бөлімшедегі істің нақты жағдайын (ұшулар қауіпсіздігі және алдын алу жұмысының жай-күйін) зерделеу;

      2) ұшу жұмысын ұйымдастыру және жүргізу тәртібін (қауіпті факторлардың болуы мәніне) және бұл ретте басшылық құжаттардың талаптарын сақтауды талдау және зерделеу;

      3) қауіпті факторларды анықтау;

      4) қауіпті факторларды жою бойынша шаралар қабылдау;

      5) Бағдарламаны нақтылау. Бағдарламаны іске асыруды бақылауды жүзеге асыру;

      6) тексерілетін бөлімшенің басшылық құрамымен инспекциялау нәтижелеріне талдау жүргізу және кемшіліктерді жоюда көмек көрсету;

      7) қабылданатын шаралардың тиімділігін бағалау болып табылады.

      26. Инспекциялау (тексеру) жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді:

      1) жоспарлы – жыл сайынғы тексеру жүргізу жоспары негізінде тексерілетін басқару органына (авиациялық бөлім, қамтамасыз ету бөлімі) қатысты тағайындалған инспекциялау (тексеру);

      2) жоспардан тыс – ұшулар қауіпсіздігіне тікелей қатерді жою мақсатында нақты тексерілетін басқару органына (авиациялық бөлім, қамтамасыз ету бөлімі) қатысты тағайындалған инспекциялау (тексеру).

      27. Авиациялық персоналдың бұзушылықтары, қате іс-қимылдары (әрекетсіздігі) анықталған жағдайда инспекциялаушы (тексеруші) ұшулар қауіпсіздігіне қатер төндіретін қауіпті факторлардың ұшуларды тоқтатуға дейін жолын кеседі.

      Инспекциялаушы (тексеруші) тексерілетін басқару органының, авиациялық бөлімнің (қамтамасыз ету бөлімінің) командиріне (бастығына) барлық анықталған кемшіліктер, олқылықтар мен ескертулер туралы хабарлайды, оған жоғары тұрған бастыққа баяндалатын кемшіліктердің тізбесін жеткізеді.

      28. Жұмыстың нәтижелері бойынша инспекциялаушы талқылау жүргізеді және анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстармен тексерілетін басқару органындағы (авиациялық бөлімдегі, қамтамасыз ету бөліміндегі) істің жай-күйі туралы өз бастығына баяндама дайындайды.

      Анықталған бұзушылықтарды (кемшіліктерді, олқылықтарды) жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын тексерілетін субъект тексеретін органға анықталған бұзушылықтарды (кемшіліктерді, олқылықтарды) жоюға нұсқама алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынады.

      29. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру авиациялық жағдайлардың себептерін анықтау және авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу мақсатында жүргізіледі. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қауіпті факторларды анықтаудың анағұрлым пәрменді нысаны болып табылады.

      30. Мемлекеттік авиациядағы авиациялық инциденттер авиациялық инциденттерге, елеулі авиациялық инциденттерге, әуе кемесін зақымдаумен болған елеулі авиациялық инциденттерге жіктеледі.

      31. Оларға қатысушылардың немесе куәгерлердің пікірі бойынша ұшулар қауіпсіздігіне қатер төндіретін, бірақ қолбасшылыққа белгісіз немесе белгілі, бірақ тексерілмеген кемшіліктер, ерекше оқиғалар мен басқа да оқиғалар туралы ерікті жасырын хабарламалар қауіпті факторларды анықтау бойынша мүмкіндіктерді елеулі кеңейтеді.

      Ерікті жасырын хабарламалар сенім және қатаң құпия негізде анықталған қауіпті факторлар туралы жеткізілімдерді ұсынудың ресми түрде белгіленген тәртібіне қосымша пайдаланылады.

3-параграф. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді
болғызбау жөніндегі жұмысты жоспарлау

      32. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі жұмысты жоспарлау мемлекеттік авиация басқару органдарында, авиациялық бөлімдерінде және қамтамасыз ету бөлімдерінде жүргізіледі.

      Алдын алу жұмысының негізгі жоспарлық құжаттары Бағдарлама және бір айға жоспарланған іс-шаралар сипатталатын ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары болып табылады.

      Алдын алу жұмысының жоспарлық құжаттары мемлекеттік авиация басқару органдарында, авиациялық бөлімдерінде және қамтамасыз ету бөлімдерінде әзірленеді және оны мемлекеттік авиация басқару органының тиісті басшысы, авиациялық бөлімнің, қамтамасыз ету бөлімінің командирі (бастығы) бекітеді.

      Осы құжаттарға қосымша ретінде басқару органдарында және авиациялық бөлімдерде (қамтамасыз ету бөлімдерінде) инспекциялау (тексеру) нәтижелері бойынша авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру нәтижелері бойынша алдын алу іс-шараларының жоспарлары әзірленеді.

      33. Бағдарлама ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгілі бір кезеңге белгіленген өзара байланысты жұмыстар, ұйымдық және техникалық іс-шаралар, талаптар кешенін айқындайтын негізгі басшылық құжат болып табылады.

      Бағдарлама күнтізбелік жылға әзірленеді.

      34. Бағдарламаны әзірлеу үшін бастапқы деректер:

      1) жауынгерлік даярлық жөніндегі ұйымдық-әдістемелік нұсқаулар;

      2) бір жылға арналған мемлекеттік авиация басқару органының, авиациялық бөлімінің (мекеменің) алдында тұрған міндеттер;

      3) есептік кезең үшін авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі жұмысты талдаудан қорытындылар;

      4) үлкен бастықтардың бұйрықтары (нұсқаулары), бағынысты құрылымдардың Бағдарламалары болып табылады.

      35. Бағдарламаны әзірлеу кезінде мынадай факторлар ескеріледі:

      1) ұшу даярлығының деңгейі және ұшқыштар экипажының жаттыққандығы дәрежесі;

      2) басшылық және нұсқаушы құрамның ұшу-әдістемелік даярлығы деңгейі;

      3) ұшулар жетекшілерінің, ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының, әуе қозғалысы командалық пункттерінің және басқару органдарының даярлық деңгейі;

      4) инженерлік-техникалық құрамның даярлық деңгейі және оның осы авиациялық техниканың түрін пайдалану тәжірибесі;

      5) авиациялық техниканың, әуеайлақтардың, ұшуларды басқару және қамтамасыз ету құралдарының жай-күйі;

      6) авиациялық персоналдың теориялық және практикалық даярлығын қамтамасыз ету үшін оқу-жаттығу базасының жай-күйі;

      7) бөлінген және қолда бар материалдық (материалдық-техникалық) және басқа да ресурстар;

      8) ғылыми зерттеулердің нәтижелері;

      9) жауынгерлік (ұшу) даярлықты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құжаттардың талаптары;

      10) бұрынғы Бағдарламаларды әзірлеу және орындау тәжірибесі;

      11) басқару және қамтамасыз ету жүйелерінің құрылымы мен мүмкіндіктері;

      12) авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі жұмыстағы әрбір авиациялық бөлім мен қамтамасыз ету бөлімдері (бөлімшелері) қызметінің рөлі мен орны, олардың арасындағы өзара іс-қимыл тәжірибесі.

      36. Бағдарлама құрылымы мынадай бес бөлімнен тұрады:

      1) соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік авиацияда орын алған авиациялық оқиғаларды және елеулі авиациялық инциденттерді қысқаша талдау;

      2) өткен жыл үшін авиациялық инциденттерді қысқаша талдау (басқару органында – мемлекеттік авиацияның барлық бағынысты бөлімдері үшін, авиациялық бөлімде, қамтамасыз ету бөлімінде – өз бөлімі үшін);

      3) бөлім (басқару органы) жеке құрамының моральдық-психологиялық қасиеттерін және оның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын талдау;

      4) міндеттер, оларды шешу жағдайлары және оларды орындау кезіндегі қауіпті факторларды жою жөніндегі шаралар;

      5) жоспарланған алдын алу іс-шараларының тізбесі.

      37. Бағдарламаның бесінші бөлімі жоспарланатын алдын алу іс-шараларының (осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша) ай бойынша тізбесі түрінде әзірленеді, олардың негізгісі (үлгілік) мыналар болып табылады:

      1) ұшулар қауіпсіздігі бойынша конференциялар, жиындар өткізу тақырыптары мен мерзімдері;

      2) ұшулар қауіпсіздігі мәселелері бойынша әскери (әдістемелік) кеңес отырыстары;

      3) ұшулар қауіпсіздігі бойынша арнайы сабақтар тақырыптары;

      4) объективті бақылау материалдарын кезең-кезеңімен талдау;

      5) белгілі себептер топтары бойынша авиациялық оқиғалар мен инциденттердің қайталануын болғызбау жөніндегі негізгі іс-шаралар;

      6) ұшқыштар құрамын, ұшуларға басшылық жасау тобының персоналын (әуе қозғалысын басқару органдарын), басшылық инженерлік-техникалық құрамды ерекше жағдайлардағы іс-қимылдарға даярлау;

      7) әуе кемелерінің жаңа үлгілерін (осындай міндет болған кезде) және ұшу даярлығының жаңа түрлерін меңгеру кезінде авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі іс-шаралар;

      8) апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажына көмек көрсету бойынша кешенді жаттықтырулар;

      9) әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтары, алаңдар), байланыс және ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының жай-күйін мақсатты тексеру;

      10) құстарды үркітуге арналған құралдардың болуын және жай-күйін тексеру;

      11) бір ай, тоқсан, жартыжылдық (оқыту кезеңі) және жыл үшін ұшулар қауіпсіздігінің жай-күйін талдау;

      12) ерекше жағдайларда іс-қимылдар бойынша ұшуларға басшылық жасау топтарын (әуе қозғалысын басқару органдары) және ұшуларды қамтамасыз ету топтарын тексеру;

      13) ұшулар қауіпсіздігінің мәселелері бойынша жасырын сауалнама жүргізу;

      14) әуе кемелері паркінің жай-күйін, инженерлік-техникалық құрамның даярлық және жасақтау деңгейін талдау;

      15) ұшудағы әуе кемелерінің істен шығуынан авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі іс-шаралар;

      16) кезеңдік ақпаратты зерделеу;

      17) жалпы қолданудағы жерүсті қызмет көрсету құралдарының жай-күйін мақсатты тексеру;

      18) ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз етудегі кемшіліктермен байланысты авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі іс-шаралар;

      19) ұшуларды медициналық қамтамасыз етудегі кемшіліктермен байланысты авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі іс-шаралар.

      38. Бағдарламаның бесінші бөлімінің іс-шаралары егжей-тегжейлі түрде Бағдарламаның алғашқы төрт (талдау) бөліміне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша әзірленеді. Оларды жүргізу мерзімдері мен жауапты орындаушылар айқындалады.

      Әзірленген Бағдарлама бір айға негізгі алдын алу жұмысын жоспарлау негізі болып табылады.

      39. Авиациялық оқиғалар мен инциденттердің қайталануын болғызбау жөніндегі негізгі іс-шаралар мынадай белгілі себептер топтары бойынша жүргізілуде:

      1) ұшуларды ұйымдастырудағы және басшылық жасаудағы (әуе қозғалысын басқарудағы) бұзушылықтар;

      2) ұшуды басқару техникасындағы қате іс-қимылдар (құлау, иірімге құлау, кеңістіктік бейімделуді жоғалту, ұшып шығудағы және қонудағы қателіктер);

      3) әуе кемелерінің әуеде және жергілікті жердің бедерімен соқтығысуы;

      4) әуе кемелерінің ауа райының қауіпті құбылыстарына тап болуы;

      5) әуе кемелерін пайдалану кезінде ұшқыштар құрамының қателіктерінен пайдалану шектеулерінің артуы;

      6) әуе кемелерінің ұшуда істен шығуы;

      7) әуе кемелері экипажы мүшелерінің ұшуда жұмыс қабілетінің төмендеуі.

      Ұсынылған авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі іс-шаралар тізбесі осы Нұсқаулыққа 2-қосымшада келтірілген.

      40. Қамтамасыз ету бөлімдерінде Бағдарламалар олардың қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, үлгілік құрылым бойынша әзірленеді.

      41. Командир (бастық) өз шешімімен Бағдарламаға басқа да іс-шаралар енгізе алады. Іс-шаралардың қайталануын ұшулар қауіпсіздігі органдарының және басқа да құрылымдық бөлімшелердің ұсынымдарын ескере отырып, командир (бастық) айқындайды.

      42. Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары авиациялық бөлімде (қамтамасыз ету бөлімінде) бір айға әзірленеді және оны бөлім командирі бекітеді.

      Бір айға алдын алу жұмысын жоспарлау алдағы айға ұшу даярлығының қауіпті факторларын жоюға бағытталған алдын алу іс-шараларының тізбесін, оларды жүргізу мерзімдері мен тәртібін айқындауды қамтиды.

      43. Бір айға алдын алу іс-шараларын әзірлеу үшін негізгі бастапқы деректер:

      1) Бағдарлама;

      2) бір айға ұшу даярлығының жоспар-кестесі;

      3) алдағы айда жауынгерлік даярлықты жүргізуге бөлім командирінің шешімі;

      4) жоғары тұрған басқару органдарынан келіп түскен нұсқаулар;

      5) ұшқыштар ауысымын бөлу кестесі.

      44. Бір айға ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу алдағы айда ұшу даярлығы міндеттерінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты іс-шаралар сипатын және өткізу мерзімдерін егжей-тегжейлі және жүйелі түрде айқындауды қамтиды.

      45. Бастапқыда жоспарға алдағы айға көзделген жылдық Бағдарламалар іс-шаралары енгізіледі. Содан кейін үлкен бастықтардың бұйрықтары мен нұсқауларының талаптарына сәйкес іс-шараларды өткізу мерзімдері белгіленеді. Одан кейін жоспарда жауынгерлік даярлықтың алдағы міндеттерін орындау сипаты мен ерекшеліктерінен және ұшулар қауіпсіздігінің нақты деңгейінен туындайтын іс-шаралар сипатталады. Бұдан әрі ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі арнайы сабақтардың тақырыптары мен оларды өткізу мерзімдері нақтыланады. Соңында жоспарға қажетті нәтижелер бермеген (белгіленген мақсаттарға қол жеткізілмеген) бұдан бұрын жүргізілген іс-шаралар енгізіледі.

      46. Іс-шараларды жүргізу мерзімдерін айқындау кезінде оларды дайындау үшін қажетті уақыт, сондай-ақ жауынгерлік даярлық міндеттерін орындаудың ықтимал қарқыны ескеріледі. Сондықтан ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары бір айға арналған негізгі іс-шаралар жоспар-күнтізбесімен сәйкес келтіріледі.

      47. Экипаждардың іс-қимылдарымен байланысты себептер бойынша авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі үлгілік іс-шаралар:

      1) авиациялық оқиғалар мен инциденттерді талдау жөніндегі сабақтар;

      2) ұшудағы ерекше жағдайларда іс-қимылдар бойынша жаттықтырулар (тренаждар);

      3) объективті бақылау материалдары бойынша ұшу даярлығының жеке түрлері бойынша ұшқыштар құрамының жаттыққандығы деңгейін талдау;

      4) объективті бақылау материалдары бойынша тапсырмалардың толық және сапалы орындалуын талдау;

      5) әртүрлі ұшу тапсырмалары, ұшу кезеңдері және оларды әдістемелік әзірлемелерде сипаттау үшін қауіпсіздік шараларын айқындау;

      6) әуе кемесінің пайдаланылатын түрінің маневр жасау мүмкіндіктерін және пайдалану шектеулерін зерделеу бойынша сабақтар;

      7) әуеден барлау және ауа райын толық барлау кезінде ауа райы жағдайларын бағалаудың әдістемесі бойынша сабақтар;

      8) авиациялық техниканы жерде және әуеде дұрыс пайдалануды талдау және бағалау;

      9) жедел және кезеңдік ақпаратты зерделеу;

      10) ұшу қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді зерделеу;

      11) ұшу жұмысын регламенттейтін құжаттарды білуін зерделеу және тексеру;

      12) ұшқыштар экипаждарының еңбек ету және демалу, тамақтану режімін қадағалау.

      48. Ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының әрекеттерімен байланысты себептер бойынша авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі үлгілік іс-шаралар:

      1) ұшуларға басшылық жасау тобының персоналымен жиындар өткізу;

      2) авиациялық оқиғалар мен инциденттерді талдау бойынша сабақтар;

      3) ерекше жағдайларда ұшқыштар құрамына көмек көрсету бойынша ұшуларға басшылық жасау тобының персоналымен (әуе қозғалысын басқару органдары) кешенді тренаждар;

      4) ұшулар барысында ауа райы жағдайларын бағалау әдістемесі бойынша сабақтар;

      5) ұшуларға басшылық жасау тобының персоналымен және командалық пункт есептобымен ұшудың әртүрлі кезеңдерінде әуе ағымдарын құру бойынша сабақтар;

      6) ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі жедел және кезеңдік ақпаратты зерделеу;

      7) ұшуларды басқаруда ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының жаттыққандығын талдау;

      8) ұшу жұмысын регламенттейтін құжаттарды зерделеу және білуін тексеру;

      9) ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының еңбек ету және демалу, тамақтану режімін қадағалау;

      10) экипаждарды қосалқы әуеайлақтарға бағыттау кезіндегі әуеде әуе кемелерінің қауіпті жақын ұшып келуін және оларды кедергілермен немесе жергілікті жердің бедерімен соқтығысуын болғызбау жөніндегі ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының іс-қимылдары бойынша сабақтар.

      49. Авиациялық техниканың істен шығуынан авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі үлгілік іс-шаралар:

      1) авиациялық техниканы мақсатты тексеру және қарап тексеру;

      2) жекелеген жүйелердің, тораптар мен агрегаттардың техникалық жай-күйін талдау, ресурсы істен шыққан тораптар мен агрегаттарды жоспарлы түрде ауыстыру;

      3) инженерлік-техникалық құрамның кәсіби даярлығы мен жаттыққандығы деңгейін талдау;

      4) авиациялық оқиғалар мен инциденттерді талдау бойынша инженерлік-техникалық құраммен сабақтар;

      5) авиациялық техникаға арналған әртүрлі жұмыстарды жүргізудің белгіленген технологияларының сақталуын тексеру;

      6) инженерлік-техникалық құрам жұмысының озық тәжірибесін зерделеу және тарату.

      50. Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру нәтижелері бойынша алдын алу іс-шараларын әзірлеу авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру жөніндегі комиссияның ұсынымдары және тексеруді жүргізу барысында анықталған кемшіліктер негізінде жүзеге асырылады.

      51. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі жұмысты жоспарлау барысында мемлекеттік авиация басқару органдарында, авиациялық бөлімдерінде, қамтамасыз ету бөлімдерінде осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада мазмұндалған Әзірленетін құжаттар мен өткізілетін іс-шаралар тізбесіне сәйкес құжаттар әзірленеді.

4-параграф. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді
болғызбау жөніндегі негізгі алдын алу іс-шаралары

      52. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі негізгі алдын алу іс-шаралары:

      1) ұшудағы қауіпсіздік шараларын әзірлеу және оларды ұшқыштар құрамына жеткізу;

      2) жедел және кезеңдік ақпаратты зерделеу;

      3) ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі конференциялар;

      4) ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі арнайы сабақтар;

      5) әуе кемесі апатқа ұшыраған экипажға көмек көрсету жөніндегі кешенді жаттықтырулар;

      6) ұшқыштар құрамын ұшудағы ерекше жағдайлардағы іс-қимылдарға даярлау болып табылады.

5-параграф. Ұшудағы қауіпсіздік шараларын әзірлеу және жеткізу

      53. Қауіпсіздік шаралары жалпы және арнайы болып бөлінеді.

      54. Жалпы қауіпсіздік шаралары барлық авиация тектері, әуе кемелерінің барлық типтері, кез келген ұшулар үшін әзірленеді және ұшуларды ұйымдастыруды, орындау мен қамтамасыз етуді регламенттейтін құжаттармен айқындалады.

      55. Арнайы қауіпсіздік шараларын ұшуларды ұйымдастыратын авиациялық бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы):

      1) авиация тегіне қатысты;

      2) әуе кемелерінің түріне қатысты;

      3) белгілі ұшу тапсырмаларына;

      4) нақты ұшуларға;

      5) жекелеген ұшу кезеңдеріне;

      6) жекелеген ұшу элементтеріне қатысты әзірлейді.

      56. Арнайы қауіпсіздік шаралары мыналарды:

      1) ұшқыштар құрамының даярлық деңгейін;

      2) ұшуларға міндеттердің күрделілігін;

      3) жағдайды болжауды және оның нақты шарттарын;

      4) ерекше жағдайларды болжау нәтижелерін;

      5) қолда бар ұсынымдарды;

      6) авиациялық бөлім (мекеме) авиациялық персоналының жұмыс тәжірибесін ескере отырып әзірленеді.

      57. Арнайы қауіпсіздік шараларына мыналар жатады:

      1) жауынгерлік даярлық курстарының нақты жаттығуларын және жекелеген ұшу элементтерін орындау кезіндегі қауіпсіздік шаралары (жауынгерлік даярлық курстарының жаттығуларын орындау жөніндегі әдістемелік әзірлемелерде сипатталады);

      2) оқу-жаттығуларға ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулар және авиациялық техниканы көрсету (оқу-жаттығу, көрсету жетекшісі әзірлейді);

      3) алдын ала даярлық кезеңінде айқындалатын нақты ұшуларға қауіпсіздік шаралары (міндеттерді қою кезінде жеткізіледі);

      4) ұшу алды даярлық кезеңінде айқындалатын нақты ұшуларға қауіпсіздік шаралары (ұшу алды нұсқауларында жеткізіледі).

      58. Жауынгерлік даярлық курстарының нақты жаттығуларын және жекелеген ұшу элементтерін орындау кезіндегі қауіпсіздік шараларын, бөлімнің әдістемелік кеңесі әзірлейді және тиісті әдістемелік әзірлемелерде сипатталады. Жауынгерлік даярлық курсының әрбір жаттығуы бойынша авиацияның орналасу жағдайларына, ұшулар ауданына және әуе кемесінің түрлеріне қатысты әдістемелік әзірлемелер пысықталады.

      59. Күрделі ұшуды басқаруға ұшуды пысықтау кезінде қауіпсіздік шараларында мыналарды болдырмау үшін нұсқаулар беріледі:

      1) әуе кемесінің пайдалану шектеулері шегінен шығуын;

      2) әуе кемесінің құлауын және иірімге түсіп қалуын;

      3) әуе кемесінің жер (су) бетімен қақтығысуын;

      4) ұшқыштың (экипаждың) жұмыс қабілетін жоғалтуын;

      5) әуе кемесінің тік маневрлерді орындау кезінде бұлттар арасына түсіп қалуын;

      6) кеңістіктіктегі қалпын жоғалтуды;

      7) көзбен шолып бағдарлауды жоғалтуды.

      Шектеулерден шығатын режімге қасақана емес түскен кезде ұшқыштың (экипаждың) іс-қимылы айқындалады.

      60. Оқу-жаттығулардағы және авиациялық техниканы көрсетулердегі ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі нұсқауларды осы іс-шараларды ұйымдастыратын мемлекеттік авиация басқару органы әзірлейді.

      61. Оқу-жаттығулардағы және авиациялық техниканы көрсетулердегі ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулар:

      1) ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы шараларды;

      2) сипатты ұшулар кезеңдеріндегі қауіпсіздік шараларын;

      3) бұдан бұрын ашылған қауіпті факторлар бойынша ұшудағы қауіпсіздік шараларын қамтиды.

      62. Ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы шаралар осындай іс-шараларды жоспарлауға қойылатын жалпы талаптарды ескереді және ұшу тапсырмаларын орындау жағдайлары мен режімдерін айқындауға, ұшу экипаждарын, ұшуларға басшылық жасау тобын іріктеуге, авиациялық техниканы, ұшуларды басқару және қамтамасыз ету құралдарын сапалы дайындауды ұйымдастыруға бағытталған.

      Көрсетілген қауіпсіздік шараларының мақсаты ұшуға даярланбаған экипаждар мен авиациялық техниканы жіберуді болдырмау, ұшуларды қамтамасыз етудің дайындалмаған құралдарын қолдану жағдайларын болдырмау болып табылады.

      63. Ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы шараларды әзірлеу үшін мыналар айқындалады:

      1) ұшқыштар құрамы үшін – оқу-жаттығуларға (көрсетуге) тартылатын әуе кемелері экипаждары даярлығының, алдағы ұшулардың міндеттері бойынша, соның ішінде бір жыл, жартыжылдық және тоқсан үшін ұшу даярлығы түрлері бойынша жалпы ұшу уақыты және ұшулар саны бойынша жаттыққандығының қажетті даярлық деңгейі;

      2) ұшуларға басшылық жасау тобының персоналы үшін – әуеайлақта (полигонда) басшылық жасауға даярлықтың, алдағы оқу-жаттығулардың (көрсетудің) міндеттері бойынша ұшуларға басшылық жасауда жаттыққандықтың қажетті даярлық деңгейі;

      3) авиациялық техника үшін – оқу-жаттығуларға (көрсетуге) тартылатын әуе кемелеріндегі ресурстың ең аз қалдығы, алдағы ұшулардың міндеттеріне сүйене отырып, оларды дайындау ерекшелігі;

      4) ұшуларды қамтамасыз ету құралдары үшін – авиациялық бөлімдер (қамтамасыз ету бөлімдері) техникасының жұмысқа қабілетін және ұшуға жіберу заңдылығын дайындау және тексеру жөнінде талап етілетін жұмыс көлемі.

      64. Қауіпсіздік шаралары сипатты ұшулар кезеңдерінде экипаждардың ерекше жағдайларға түсіп қалуын болғызбауға бағытталған. Осындай шараларға мыналар жатады:

      1) қауіпсіз биіктіктерді сақтау;

      2) жетекшімен қауіпті жақын келген кездегі және алда ұшып келе жатқан әуе кемесін көз алдынан жоғалтқан кездегі ілесіп ұшушының іс-қимылдары;

      3) жауынгерлік (ұшу) реттіліктен шығу тәртібі;

      4) экипаждар (топтар) арасындағы эшелондау;

      5) бағдарлауды қалпына келтіру тәртібі және тыйым салынған аймақтарды және мемлекеттік шекараны бұзуды болғызбау жөніндегі шаралар;

      6) қаруды қолданудың барынша аз арақашықтығы немесе биіктігі.

      65. Бұрын табылған қауіпті факторлар бойынша қауіпсіздік шаралары ерекше жағдайды болғызбау мүмкін болмағанда ұшуды авариясыз аяқтауды қамтамасыз етуге бағытталған.

      Осындай шаралармен экипаждардың және ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының:

      1) авиациялық техниканың істен шығулары (оның ішінде қару-жарақ штаттан тыс іске қосылған, радиобайланыс жоғалған, әуе кемесінің экипажы дайын емес ұшу жағдайына түскен);

      2) ауа райының қауіпті құбылыстарына тап болған;

      3) әуе кемесі экипажы мүшелерінің денсаулығы нашарлаған;

      4) әуе кемелері экипаждарының (топтарының) басқаруды жоғалтуы;

      5) мәжбүрлі қонуды орындау (катапульттену) кездеріндегі іс-қимылдарын көздейді.

      66. Оқу-жаттығулар (көрсету) жоспарымен басқа әуеайлақтарға немесе қону алаңдарына қонумен ұшуларды орындау көзделген жағдайларда қосымша топты қауіпсіз тарату және қонуға кіру, ұшып шығу және жауынгерлік реттілікпен ұшу шаралары әзірленеді.

      67. Оқу-жаттығуда ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулар жеке құжат түрінде пысықталады немесе оқу-жаттығуға арналған тактикалық тапсырмада сипатталады.

      68. Алдын ала даярлау кезеңінде айқындалатын нақты ұшуларға арналған қауіпсіздік шаралары алдағы ұшу міндеттеріне, ұшуларға қатысатын әуе кемелерінің түріне, ұшуды орындау кезінде олар туындаған жағдайда ерекше ұшу жағдайларын ескере отырып, жоспарланған жаттығулар мазмұнына сүйене отырып, ұшуларды ұйымдастыру кезінде әзірленеді.

      69. Алдағы ұшулардың сипатына және шарттарына, әуедегі жағдайға, әуеайлақ жай-күйіне, байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарына байланысты командир (бастық) мыналарды:

      1) әуе кемелерін басқару (түзету) тәртібін;

      2) әуе кемелерінің ұшып шығуы үшін ең төмен қашықтықты;

      3) дара экипаждардың және әуе кемелері топтарының бағыттары бойынша кету сұлбасын;

      4) ұшу (жауынгерлік) реттілігімен ұшу тәртібін, ұшу аймақтарында және бағыттарында эшелондауды;

      5) барынша төмен биіктікте ұшу кезіндегі ең аз жол берілетін биіктікті;

      6) ұшу бағыттарынан және ұшуды басқару аймақтарынан кезектен тыс қонуға кіру тәртібін;

      7) олардың түрін ескере отырып, әртүрлі сұлбалар бойынша қонуға кіретін әуе кемелері арасындағы арақашықтықты;

      8) ұшып өтетін экипаждарды басқару тәртібін;

      9) бағдарлауды жоғалтқан кездегі іс-қимылдарды;

      10) авиациялық техника істен шыққан кездегі іс-қимылдар;

      11) экипаж дайын болмаған жағдайларға ұшыраған кездегі

      іс-қимылдарды айқындайды.

      Осы қауіпсіздік шараларын командир (бастық) жеке құрамға дейін ұшуларға міндеттер қою кезінде магнитофонға жазба жасай отырып, ауызша жеткізеді.

      70. Ұшу алды даярлық кезеңінде айқындалған нақты ұшуларға қауіпсіздік шаралары нақты қалыптасқан жағдайды ескере отырып әзірленеді және магнитофонға жазба жасай отырып, жоспарлы кестенің нақты нұсқасы бойынша қауіпсіздік шараларын айқындай отырып, ұшу алды нұсқауларда командир (бастық) жеткізеді.

      71. Ұшуларға қауіпсіздік шараларында:

      1) ұшу ауданында әуедегі жағдайдың өзгерістері;

      2) ілінісу коэффициентін ескере отырып, ұшулар басталғанда әуеайлақтың нақты жай-күйі;

      3) ұшуға жоспарланған авиациялық техниканың жай-күйі;

      4) жоспарлы кестедегі өзгерістер;

      5) нақты және болжамды метеорологиялық жағдайлар және осыған сүйене отырып, ұшу тапсырмаларын орындау тәртібіндегі өзгерістер;

      6) ұшу тапсырмаларын орындауға ықпал ететін байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының жұмысындағы өзгерістер;

      7) оның нашарлауы күтілетін тараптағы бағыттарды көрсете отырып, ауа райына толық барлау жүргізу тәртібіндегі өзгерістер ескеріледі.

      72. Командир (бастық) мыналарды:

      1) қосалқы әуеайлақтарға кету тәртібін және бұл ретте отынның ең аз қалдығын;

      2) алда болатын ұшуларға авиациялық техниканы пайдалану ерекшеліктерін;

      3) көзбен шолып ұшулар қағидалары бойынша ұшуды орындау рұқсат етілетін бұлттану мен көріну биіктігінің ең төмен мәнін;

      4) аспаптар бойынша ұшулар қағидаларына немесе жоспарлы кестенің басқа нұсқасына көшу тәртібін;

      5) ұшуларды шектеу немесе тоқтату қажет болатын жағдайларды айқындайды.

6-параграф. Жедел және кезеңдік ақпаратты зерделеу

      73. Жедел ақпарат авиациялық оқиғалар мен инциденттердің мән-жайы мен себептерін, ерекше жағдай туындаған және дамыған кездегі әуе кемесі экипажының және басқару пункттері есептоптарының іс-қимылын бағалауды, сондай-ақ осы оқиға бойынша ұсынымдар тізбесін қамтиды. Ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі жедел ақпаратты зерделеуді авиациялық бөлімдер мен қамтамасыз ету бөлімдерінің жеке құрамы (санаттар бойынша) оның келіп түсуіне қарай ұйымдастырады және кезекті ұшқыштар ауысымына дейін жүргізеді.

      74. Жедел ақпаратты зерделеу барлық жеке құраммен жүргізіледі және дербес есепке алуға жатады. Жедел ақпаратты зерделеген адамдарды дербес есепке алуды бөлімнің штаб бастығы жүргізеді. Орнында болмаған адамдармен құжаттарды зерделеуді олар келгеннен кейін штаб бастығын хабардар ете отырып, бөлім командирінің ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары жүргізеді.

      75. Жедел ақпаратты бөлім командирінің бастығы дербес жеткізеді. Жеке құрамды жедел ақпаратпен таныстырар алдында ол алған ақпаратты зерделейді және алдын алу іс-шараларының тізбесін айқындайды.

      76. Жеке құрамның ақпаратты зерделеуі мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) ақпарат мәтінін жеткізу;

      2) экипаждың және ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының іс-қимылдарын егжей-тегжейлі талдау;

      3) дұрыс іс-қимылды көрсету;

      4) авиациялық оқиғаның (инциденттің) себептерін, олардың туындауын және әуе кемесінің жағдайына ықпал етуін, қозғалтқыштардың, жабдықтың жұмыс істеуін, экипаждың жұмысқа қабілетін ашып көрсету;

      5) алынған ақпарат бөлім жеке құрамына қандай дәрежеде қатысты екенін айқындау және көрсету;

      6) өз бөлімінде ұқсас жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар тізбесін айқындау және жеткізу.

      77. Жедел ақпарат Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрығымен бекітілген Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10821 болып тіркелген) белгіленген үлгілер бойынша жедел ақпаратты есепке алу журналына жазылады.

      78. Кезеңдік ақпарат тиісті мамандарға дейін ол келіп түскеннен кейін бір апта мерзімнен кешіктірілмей жеткізіледі.

      79. Кезеңдік ақпаратқа:

      1) авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы ақпараттар;

      2) авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөнінде талдау материалы;

      3) авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі ұсынымдар;

      4) ұшқыштар экипаждарының, ұшуларға басшылық жасау тобының және әуе қозғалысын басқару органдары персоналының қате іс-қимылдарын болғызбау жөніндегі ұсынымдар;

      5) авиациялық техниканың істен шығуларын болғызбау жөніндегі ұсынымдар жатады.

7-параграф. Ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі конференция

      80. Ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі конференция (бұдан әрі – Конференция) жылына бір реттен сирек емес кезеңділікпен мемлекеттік авиация басқару органдарының және авиациялық бөлімдерінің (қамтамасыз ету бөлімдерінің) басшылық құрамы үшін ұйымдастырылады және өткізіледі.

      81. Конференцияның мақсаты ұшу даярлығының міндеттерін шешу кезінде авиациялық жүйенің жоғары сенімді жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін ұсынымдарды пысықтау болып табылады.

      82. Алдағы міндеттердің күрделілігіне, оларды орындау шарттарына байланысты мемлекеттік авиация басқару органы басшысының шешімімен Конференция авиациялық бөлімде (жекелеген бөлімшеде, мекемеде) өткізіледі.

      83. Конференция жоспарланбаған бөлімдерде оқып-үйретудің анағұрлым күрделі (жаңа) міндеттерін шешу кезінде ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін маусымдық пайдалану ерекшеліктері бойынша ұшу-техникалық конференцияларды өткізу кезінде қаралады.

      84. Конференцияны ұйымдастыру:

      1) Конференция өткізуде басқару органы басшысының бұйрығын әзірлеуді және шығаруды;

      2) Конференцияға қатысушыларды және оқу-жаттығу базасын дайындауды;

      3) ұйымдастыру құжаттарын және оқу-әдістемелік материалды әзірлеуді;

      4) Конференцияны өткізу әзірлігіне бақылау жүргізуді қамтиды.

      Көрсетілген құжаттарды Конференцияны өткізетін ұшулар қауіпсіздігі органы әзірлейді.

      85. Конференцияға дайындалу тәртібі:

      1) Конференция басталғанға дейін 30 тәулік бұрын ұйымдастыру бұйрығы шығарылады;

      2) 25 тәулік бұрын күнтізбелік даярлық жоспары әзірленеді;

      3) 20 тәулік бұрын Конференцияны өткізу жоспары әзірленеді және оның қатысушылары мен шақырылған адамдарына дейін жеткізіледі;

      4) Конференция басталғанға дейін 10 тәулік бұрын оның материалдарының толық және сапалы пысықталуы және оқу-жаттығу базасының дайындығы тексеріледі;

      5) 5 тәулік бұрын Конференция өткізуге әзірлікке бақылау жүргізіледі.

      86. Ұшулар қауіпсіздігінің деңгейін арттыру жөніндегі сөз сөйлеу тезистері мен ұсыныстары оларды бағалау және ұсыным жобаларын дайындау мақсатында Конференция басталғанға дейін 7 тәуліктен кешіктірілмей Конференцияны ұйымдастыратын инстанцияның ұшулар қауіпсіздігі органына ұсынылады.

      87. Онда мыналар мазмұндалатын баяндамамен мемлекеттік авиация басқару органы басшысы (ұшулар қауіпсіздігі органының басшысы, командирі, бастығы) сөз сөйлейді, онда мыналарды мазмұндайды:

      1) Конференцияда қаралатын тақырып бойынша ұшуларды орындау кезінде соңғы 5 жыл ішінде бағынысты басқару органында орын алған авиациялық оқиғаларды және елеулі авиациялық инциденттерді талдау;

      2) Конференцияда қаралатын тақырып бойынша ұшуларды орындау кезінде қайталанатын және жаңадан анықталған қауіпті факторлар;

      3) өткен есептік кезең үшін ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі командирлердің (бастықтардың), штабтардың, бөлімдер мен қызметтердің оң және теріс мысалдары;

      4) Конференцияда қаралатын тақырып бойынша ұшуларды дайындау, орындау мен қамтамасыз ету кезінде авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі жеке құрам қызметінің негізгі бағыттары.

      88. Қосымша баяндамамен басқару органының 2-3 өкілі (ұшуларды дайындаумен, орындаумен, басқарумен немесе қамтамасыз етумен байланысты қызмет бағыттары бойынша) сөз сөйлейді. Қосымша баяндаулардың негізгі мақсаты – жеке құрам қызметінің әртүрлі салаларындағы ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша баяндаманы нақтылау, белгілі қауіпті факторлардан жалтару және жаңаларын анықтау жөніндегі жаңа жұмыс әдістерін мазмұндау, оларды жою немесе ықпал ету дәрежесін төмендету жөніндегі ұсынымдарды жеткізу.

      89. Сөз сөйлеу үшін авиациялық бөлімдер (мекемелер) басшылық құрамының қатарынан 3-5 өкіл тағайындалады. Тәжірибемен алмасу жөніндегі сөз сөйлеулер ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті нәтижелерге қол жеткізген өз қызметінің және бағыныстылардың қызметіндегі нақты мысалдармен сүйемелденеді.

      90. Қорытынды отырыста Конференция ұсынымдары талқыланады және қабылданады.

      Конференция нәтижелері бойынша Конференцияны ұйымдастырған инстанцияның ұшулар қауіпсіздігі органының басшысы 30 тәулік ішінде тиісті бастық (командир) бұйрығының жобасын әзірлейді.

      91. Конференция материалдары мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі органында жинақталады, тіркеледі және сақталады.

8-параграф. Ұшулар қауіпсіздігі бойынша арнайы сабақтар

      92. Ұшулар қауіпсіздігі бойынша арнайы сабақтар авиациялық бөлімдердегі алдын алу жұмысының негізгі нысандарының бірі болып табылады.

      93. Арнайы сабақтардың негізгі мақсаттары:

      1) ұшу даярлығы міндеттерін орындау кезінде орын алған ерекше оқиғалардың туындауының және олардың елеулі авиациялық инциденттерге немесе авиациялық оқиғаларға ұласуының себептік-салдарлық сабақтастығына, авиациялық бөлімдердің алдағы айға ұқсас міндеттеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізу;

      2) алдағы міндеттерді шешу кезінде ұшулар қауіпсіздігіне қатер төндіруге әкеп соқтыратын барлық қауіпті факторлардың, қате іс-қимылдар мен бұзушылықтар себептерінің өзара сабақтастығын ашу және зерделеу;

      3) жеке құрамға ұшуларды ұйымдастырудағы, жүргізу мен қамтамасыз етудегі кемшіліктерді жою жөніндегі нұсқауларды жеткізу;

      4) әуе кемелерінің экипаждарын және ұшуларға басшылық жасау тобының персоналын ұшудағы ерекше жағдайлардағы іс-қимылдарға даярлау болып табылады.

      94. Ұшулар қауіпсіздігі бойынша арнайы сабақтардың тақырыбы бір жылға жоспарланады және Бағдарламада сипатталады. Сабақтар ұшуларға жалпы (жерүсті) даярлық күндерінде жүргізіледі.

      95. Бөлімнің барлық жеке құрамымен, сондай-ақ ұшқыштар құрамымен және ұшуларға басшылық жасау тобының персоналымен арнайы сабақтарды бөлім командирі дербес өткізеді. Инженерлік-техникалық құраммен мұндай сабақтарды бөлім командирінің инженерлік-авиациялық қызмет жөніндегі орынбасары өткізеді. Басқа бөлімшелердің жеке құрамымен – осы бөлімшелердің командирлері (бастықтары) өткізеді.

      96. Әрбір арнайы сабақты өткізер алдында тиісті даярлық жүргізіледі, оның негізін сабақ жетекшілерінің даярлығы құрайды.

      97. Арнайы сабақ жетекшісінің даярлығы мыналарды:

      1) сабақ тақырыбы бойынша статистикалық деректерді іріктеуді;

      2) материалды жинақтауды;

      3) материалды мазмұндаудың логикалық жүйелілігін айқындауды;

      4) қажетті сұлбаларды, кестелерді дайындауды, басқа да көрнекі құралдарды іріктеуді;

      5) сабақтың жоспар-конспектісін әзірлеуді;

      6) техникалық оқыту құралдарын дайындауды;

      7) сабақты өткізу орнын айқындау мен ұйымдастыруды;

      8) сабақты ойнап көрсетуді;

      9) сабақ өткізуге әзірлігі туралы баяндауды қамтиды.

      98. Сабақтың жоспар-конспектісін әзірлеу кезінде мынадай материалдар пайдаланылады:

      1) ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі басшылық құжаттар;

      2) авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөнінде ақпараттық шығарылымдар;

      3) жедел ақпарат;

      4) авиациялық оқиғалар мен инциденттерді кезең-кезеңімен талдаулар;

      5) жоғары тұрған инстанцияларда және тікелей бөлімде әзірленетін көрнекі құралдар (сұлбалар, плакаттар, фотосуреттер, макеттер).

      Іріктелген және пысықталған материалдар жоспар-конспектіге тікелей енгізіледі немесе оған қосымша ретінде ресімделеді.

      99. Ұшулар қауіпсіздігі бойынша арнайы сабақ кіріспе бөлімінен, үлгілік оқу-жаттығу мәселелерінен және қорытынды бөлімнен тұрады.

      100. Сабақтың кіріспе бөлімінде жетекші сабақтың тақырыбын, оқу-жаттығу мақсаттарын, ұзақтығын, пысықталатын оқу-жаттығу мәселелерін жариялайды, оны ұшу даярлығының міндеттерімен және оларды орындау шарттарымен сабақтастыра отырып, қаралатын тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

      101. Негізгі оқу-жаттығу мәселелері мыналар:

      1) белгілі бір кезеңдегі авиациялық оқиғалар мен инциденттер (қаралатын тақырыпқа тән) талдауы;

      2) барынша тән авиациялық оқиғалар мен инциденттердің жағдайлары мен себептері;

      3) ұшуда ерекше жағдайлар туындаған және дамыған үдерістегі ұшқыштар құрамының, ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының және ұшу қозғалысын басқару органдарының іс-қимылдары;

      4) ұқсас жағдайлардағы дұрыс іс-қимылдар жөніндегі ұсынымдар болып табылады.

      102. Оқу-жаттығу мәселелері жүйелі түрде баяндалады.

      Оларды пысықтаудың негізгі әдістері мыналар:

      1) әңгімелеу;

      2) түсіндіру;

      3) көрсету (мынадай қолда бар дидактикалық материалдарды: сұлбаларды, слайдтарды, бейнефильмдерді көрсетумен);

      4) әңгімелесу болып табылады.

      103. Сабақтың қорытынды бөлігінде жетекші келесі айға міндеттерді және оларды орындаудан күтілетін шарттарды нақтылайды, негізгі алдын алу іс-шараларын және оларды орындау ерекшеліктерін жеткізеді, қорытынды жасайды, сұрақтарға жауап береді, сабақтарда болмаған жеке құраммен материалдарды зерделеуге нұсқаулар береді.

      Бөлімше командирлері сабақтарда болмаған адамдармен материалдарды зерделеуді басқа уақытта ұйымдастырады.

      104. Ұшулар қауіпсіздігі бойынша арнайы сабақтар айлық жоспарлар мен сабақ кестелеріне енгізіледі. Барлық сабақтар сынып журналдарында жеке бөлім болып ескеріледі.

      105. Сабақ материалдары жеке папкада жоспарлау бөлмесінде сақталады.

      Оларды әзірлеу, жинақтау және қорытындылау үшін жауапкершілік авиациялық бөлім командирінің ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі орынбасарына, ал осы лауазым көзделмеген бөлімдерде – штаб бастығына жүктеледі.

9-параграф. Апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажына көмек
көрсету бойынша кешенді жаттықтыру

      106. Апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажына көмек көрсету бойынша кешенді жаттықтыру – бұл ұшудағы ерекше жағдайларда экипаждарға көмек көрсету жөніндегі іс-қимылдарға жеке құрамның біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру (тексеру, жетілдіру) бойынша, апатқа ұшыраған немесе зілзалаға ұшыраған экипаждың орналасқан орнын айқындау, оған қажетті көмек көрсету және оқиға орнынан эвакуациялау бойынша практикалық сабақ. Осындай жаттықтыруларды басқару органдарының басшылары, авиациялық бөлімдердің командирлері ұйымдастырады, ал басшылықты олар тағайындаған адамдар жасайды.

      107. Кешенді жаттықтырулар жылына екі реттен жиі емес жүргізіледі.

      108. Кешенді жаттықтыру тақырыбына байланысты оқып-үйренушілер ретінде мыналар қатысады:

      1) авиациялық бөлімдердің (бөлімшелердің), қамтамасыз ету бөлімдерінің командирлері мен олардың орынбасарлары;

      2) ұшуларға басшылық жасау тобы;

      3) ұшуларды қамтамасыз ету тобы;

      4) жерүсті іздестіру-құтқару командасы;

      5) парашюттік-десанттық топ (құтқарушылар тобы);

      6) техникалық көмек көрсету командасы;

      7) авиациялық-диспетчерлік қызмет.

      109. Негізгі ұйымдастыру-әдістемелік құжаттар ретінде түсіндірме жазбамен және оны өткізу жоспарымен жаттықтыру ниеті (картада) әзірленеді.

      110. Жаттықтыру ниеті ұйымдастыру-әдістемелік және жедел-тактикалық ережелерді (мәселелерді) қамтиды.

      111. Ұйымдастыру-әдістемелік ережелер картаның жоғарғы бөлігінде мәтін түрінде сипатталады және мыналарды:

      1) тақырыпты;

      2) оқу-жаттығу мақсаттарын;

      3) тартылатын күштердің құрамын;

      4) жаттықтыруды өткізу күнін және оның ұзақтығын;

      5) кезеңдерді (егер олар айқындалса);

      6) оқу-жаттығу мәселелерін қамтиды.

      112. Кешенді жаттықтыру тақырыптары:

      1) катапульттенгеннен (әуе кемесін тастап кеткеннен) кейін әуе кемесінің экипажына көмек көрсету;

      2) әуеайлақтан тыс қонуға мәжбүр болған кезде әуе кемесінің экипажына көмек көрсету;

      3) әртүрлі ұшу кезеңдерінде авариялық жағдай туындаған кезде әуе кемесінің экипажына көмек көрсету болуы мүмкін.

      113. Кешенді жаттықтырудың оқу-жаттығу мақсаттары:

      1) ұшуларды жасауға және қамтамасыз етуге, апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажына көмек көрсетуге қатысатын жеке құрамды жаттықтыру;

      2) апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажына көмек көрсетуде жеке құрамның біліктілігін және дағдыларын жетілдіру болып қалыптасады.

      114. Жедел-тактикалық ережелер картада қабылданған шартты белгілермен графикалық түрде ресімделеді. Осы ережелер бастапқы жағдайдың деректерін, пысықталатын оқу-жаттығу міндеті туралы мәліметті, оны орындауды шешу элементтерін құрайды.

      115. Бастапқы жағдай ретінде картада мыналар көрсетіледі:

      1) орналасатын әуеайлақ;

      2) авиациялық бөлімнің ұшу ауданының шекаралары;

      3) кезекші іздестіру-құтқару күштерінің орналасуы, құрамы мен әзірлік дәрежесі;

      4) авиацияны басқару пункттері;

      5) ұшулар ауданы арқылы өтетін әуе трассалары мен жергілікті әуе жолдары;

      6) әуе кеңістігі инфрақұрылымының элементтері (ұшуды басқару техникасының, мәжбүрлі тастап кету аймақтары, полигондар, алаңдар, ұшу бағыттары);

      7) медициналық мекемелер.

      116. Пысықталатын міндет картада ұшудың бастапқы бағытымен, "апатқа ұшыраған" сәтте әуе кемесінің орналасқан орнымен және "апатқа ұшыраған экипаждың" орналасқан орнымен көрсетіледі.

      117. Апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажына көмек көрсету жөніндегі міндеттерді орындауға шешім басым түрде іздестіру-құтқару ұшақтарының (тікұшақтарының) ұшу бағыттарымен, "апатқа ұшырау" ауданына жерүсті іздестіру-құтқару командасының қозғалу бағыттарымен, сондай-ақ іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізудің әртүрлі кезеңдеріндегі олардың іс-қимылдарының негізгі тәсілдерін ұсынумен сипатталады.

      118. Картаның бос орнында жаттықтыру ниетін нақтылайтын мәліметтер көрсетіледі:

      1) кіріспені жеткізу кестесі;

      2) апатқа ұшыраған экипажды (ұшқышты) елестету тобы іс-қимылының реттілігі;

      3) іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының сипаттамалары, апатқа ұшыраған әуе кемелерін радиотехникалық іздестірудің шекті мерзімдері;

      4) табиғи жарық деректері;

      5) қажетті анықтамалық материал.

      119. Картада көрсетілмеген ниет ережелері түсіндірме жазбада сипатталады.

      120. Кешенді жаттықтыруды өткізу жоспары кестелік нысанда немесе таспалық кесте түрінде пысықталады.

      121. Кешенді жаттықтыруды өткізу жоспарында мыналар көрсетіледі:

      1) тақырыбы;

      2) оқу-жаттығу мақсаттары;

      3) оқып-үйренушілердің құрамы;

      4) жаттықтыру ұзақтығы мен өткізілу күні;

      5) жедел және астрономиялық уақыт;

      6) оқу-жаттығу мәселелері;

      7) кіріспелер және олар бойынша жетекшінің іс-қимылдары;

      8) оқып-үйренушілердің іс-қимылдары.

      122. Кешенді жаттықтыруды өткізу жоспарына қосымшалар ретінде жоспарлы ұшу кестелері, елестету тобының баяндамалары мен іс-қимылдары тізбесі, кіріспелер бойынша шешімдер ресімделеді.

      123. Кешенді жаттықтыру өткізу оқып-үйренушілердің "апатқа ұшыраған әуе кемесінің" экипажына көмек көрсету жөніндегі іс-қимылдарының барлық кешенін немесе тек кейбір элементтерін орындауды қамтиды. "Апатқа ұшыраған әуе кемесі" экипажының іс-қимылы шартты түрде белгіленеді немесе арнайы тағайындалатын топ (парашюттік-десанттық топтың өкілдерінен құрылатын) елестетеді.

      124. Кешенді жаттықтыру командир (жетекші) белгілеген уақытта басталады. Осы уақытта оқып-үйренушілер жұмыс орындарына отырады және әзірлігі туралы басшыға баяндайды. Нақты жағдайға жақындату, жағдайды күрделендіру, оқып-үйренушілердің қажетті жұмыс істеу қарқынын құру үшін жаттықтыру жетекшісінің оларды нақты жағдайға енгізгені мақсатқа сәйкес.

      125. Барлық жоспарланған мәселелер пысықталғаннан кейін жетекші жаттықтырудың аяқталғанын жариялайды, оқып-үйренушілерді жинайды және талдау жасайды.

10-параграф. Ұшқыштар құрамын ұшудағы ерекше
жағдайлардағы іс-қимылдарға дайындау

      126. Ұшқыштар құрамын ұшудағы ерекше жағдайлардағы іс-қимылдарға дайындау мынадай кезең бойынша жүргізіледі:

      1) ықтимал салдарды түсіндірумен және оларды болғызбау жөнінде ұсынымдар берумен ұшудағы ерекше жағдайларды зерделеу бойынша теориялық сабақтар;

      2) статикалық тренажерлардағы немесе әуе кемелерінің кабиналарындағы практикалық сабақтар;

      3) кешенді тренажерда оқытып-үйрету.

      127. Теориялық даярлық:

      1) бастапқы оқытып-үйрету кезінде;

      2) қайта оқыту кезінде;

      3) ұшу даярлығының түрлері бойынша ұзақ үзілістерден кейін қатарға қосу кезінде;

      4) ұшу жұмысындағы үзілістер кезінде;

      5) жиындарда;

      6) кәсіби даярлық тақырыптамасы бойынша өткізіледі.

      128. Статикалық тренажерлардағы немесе әуе кемелерінің кабиналарындағы практикалық сабақтардың мақсаты авиациялық техника нақты істен шыққан және ерекше жағдай туындаған кезде ұшудағы іс-қимылдар бойынша ұшқыштың (экипаждың) дағдыларын пысықтау болып табылады.

      129. Кешенді тренажерда оқытып-үйрету үдерісінде барлық істен шығулар жүйелі түрде елестетіледі. Істен шығуларды анықтағаннан кейін ұшқыш (экипаж) әуе кемесін ұшуда пайдалану бойынша басшылық ұсынған іс-қимылдарға кіріседі.

11-параграф. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау
жөніндегі жұмыстың тиімділігін талдау мен бағалау

      130. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі ұшулар қауіпсіздігінің және қызметтің жай-күйін талдау әрбір авиациялық командир (бастық) жұмысының элементі болып табылады.

      131. Талдау Бағдарламаның толық және сапалы орындалуын бағалау, оны түзетуді айқындау, айқындалған қауіпті факторлар бойынша қосымша алдын алу іс-шараларын әзірлеу мақсатында және жаңа міндеттердің келіп түсуін және ұшу жұмысы жағдайының өзгеруін ескере отырып, белгілі бір кезең: бір ай, тоқсан, жартыжылдық, бір жыл, бес жыл үшін жүргізіледі.

      132. Талдауды әзірлеу үшін негізгі құжаттар мыналар болып табылады:

      1) авиациялық оқиғаларды есепке алу журналы;

      2) авиациялық инциденттерді есепке алу журналы;

      3) ұшқыштар құрамының (экипаждарының) бұзушылықтары мен қате іс-қимылдарын есепке алу журналы;

      4) ұшулар жетекшісінің журналы (әуеайлақтағы, полигондағы, тактикалық полигондағы);

      5) ұшқыштар құрамының тапсырмаларды орындау сапасын жедел бақылау және басқа да объективті бақылау материалдарының журналы;

      6) жауынгерлік қолдану нәтижелерін бағалау журналы (полигондық парақтар);

      7) ұшу уақытын есепке алу журналы;

      8) ұшулар аға инженерінің журналы;

      9) ұшуларды толық талдау материалдары;

      10) есептік кезең үшін авариялылықты талдау материалдары;

      11) тексерушілердің ескертулерін есепке алу журналы;

      12) жоғары тұрған басқару органдары комиссияларының тексеру материалдары;

      13) авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру актілері.

      133. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі ұшулар қауіпсіздігінің және қызметінің жай-күйін талдау материалдарын пысықтауға арналған міндетті командир (бастық) қояды, ол:

      1) талдау мақсатын;

      2) ол жүргізілетін кезеңді;

      3) жауапты орындаушылар мен тартылатын қызметтерді (бөлімшелерді);

      4) материалдарды дайындау мен ұсыну мерзімдерін айқындайды.

      134. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі ұшулар қауіпсіздігінің және қызметінің жай-күйін талдауды мыналар әзірлейді:

      1) авиациялық бөлімшелерде – командирлер мен олардың орынбасарлары;

      2) авиациялық бөлімдерде – ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі бөлімдер командирлерінің орынбасарлары;

      3) қамтамасыз ету бөлімдерінде – бөлім командирі тағайындаған лауазымды адамдар;

      4) басқару органдарында – басқа да құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен бірлесіп, ұшулар қауіпсіздігі органдарының бастықтары.

      135. Талдауды басқару органдарының басшылары, авиациялық бөлімдердің (қамтамасыз ету бөлімдерінің) командирлері жүргізеді.

      136. Талдауды дайындау кезеңдері:

      1) статистикалық деректерді жинау, пысықтау, жүйелендіру, жинақтау;

      2) болған авиациялық оқиғаларды, төтенше жағдайларды және авиациялық инциденттерді талдау;

      3) статистикалық деректерді және басқа да көздерден деректерді талдау негізінде, соның ішінде ұшулар қауіпсіздігінің деңгейін бағалауды қорытындылау;

      4) анықталған және болжанатын қауіпті факторлардың алдын алу жөніндегі ұсынымдарды және ұсыныстарды пысықтау.

      137. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі ұшулар қауіпсіздігінің және қызметтің жай-күйін талдау нәтижелері осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша әзірленеді.

      138. Мемлекеттік авиацияның авиациялық бөлімдерінде (мекемелерінде) ұшулар қауіпсіздігінің жай-күйі екі критерий бойынша бағаланады:

      1) авариялылық жай-күйі;

      2) авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі жұмыстың жай-күйі.

      139. Авариялылық жай-күй болып мыналар айқындалады:

      1) егер бағаланатын кезеңде авиациялық бөлімде авиациялық персонал жол берген қате іс-қимылдармен және бұзушылықтармен байланысты авиациялық оқиғалар болмаса – "қанағаттанарлық";

      2) егер бағаланатын кезеңде авиациялық бөлімде авиациялық персонал жол берген қате іс-қимылдармен және бұзушылықтармен байланысты авиациялық оқиғаға жол берілсе – "қанағаттанарлықсыз".

      140. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі жұмыстың жай-күйі:

      1) егер қауіпті факторлар уақтылы анықталса және олардың ықпал етуін жою немесе төмендету жөніндегі іс-шаралар жүргізілсе, авиациялық персонал жол берген қате іс-қимылдармен және бұзушылықтармен байланысты авиациялық инциденттер, соның ішінде елеулі авиациялық инциденттер қайталанбаса – "үздік";

      2) егер авиациялық инцидентке негізделген жекелеген қауіпті факторлар уақтылы анықталмаса, қауіпті факторларды жою немесе ықпал етуін төмендету жөніндегі барлық іс-шаралар уақтылы айқындалмаса және жүргізілмесе және (немесе) сол бір себептер бойынша авиациялық персонал жол берген қате іс-қимылдармен және бұзушылықтармен байланысты авиациялық инциденттердің қайталануына жол берілсе – "жақсы";

      3) егер авиациялық оқиға дұрыс жіктелмесе, авиациялық инцидентке негізделген қауіпті факторлар анықталмаса, қауіпті факторларды жою немесе ықпал етуін төмендету жөніндегі іс-шаралар кемшіліктермен жүргізілсе және (немесе) сол бір себептер бойынша авиациялық персонал жол берген қате іс-қимылдармен және бұзушылықтармен байланысты елеулі авиациялық инциденттердің қайталануына жол берілсе – "қанағаттанарлық";

      4) егер қауіпті факторларды жою немесе ықпал етуін төмендету жөніндегі іс-шаралар маңызды кемшіліктермен жүргізілсе, авиациялық жағдайды жасыру орын алса және/немесе сол бір себептер бойынша авиациялық персонал жол берген қате іс-қимылдармен және бұзушылықтармен байланысты әуе кемесінің зақымдануымен елеулі авиациялық инциденттердің қайталануына жол берілсе – "қанағаттанарлықсыз".

      141. Ұшулар қауіпсіздігі жай-күйінің жалпы бағасы мынадай анықталады:

      1) авариялылық жай-күй үшін "қанағаттанарлық" деген баға алған кезде – авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі жұмыстың жай-күйі үшін бағалаумен;

      2) авариялылық жай-күй үшін "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған кезде – "қанағаттанарлықсыз".

      142. Басқару органдарында авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі жұмыстың жай-күйін бағалау бағынысты авиациялық бөлімдердегі және басқару органындағы (бөлімнің нормативтері бойынша бағаланады) бағалардың орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалады және мынадай болып қойылады:

      1) егер орташа балл кемінде 4,6 болса – "үздік";

      2) егер орташа балл 4,6-дан кем, бірақ кемінде 3,6 болса – "жақсы";

      3) егер орташа балл 3,6-дан кем, бірақ кемінде 2,6 болса – "қанағаттанарлық";

      4) егер орташа балл 2,6-дан кем болса – "қанағаттанарлықсыз".

      143. Белгілі бір кезеңдегі (тоқсан, жартыжылдық, бір жыл) ұшулар қауіпсіздігінің жай-күйін жалпы бағалау есептілік айларындағы ұшулар қауіпсіздігі жай-күйін бағалаулардан орташа арифметикалық ретінде айқындалады және мынадай болып қойылады:

      1) егер орташа балл кемінде 4,6 болса – "үздік";

      2) егер орташа балл 4,6-дан кем, бірақ кемінде 3,6 болса – "жақсы";

      3) егер орташа балл 3,6-дан кем, бірақ кемінде 2,6 болса – "қанағаттанарлық";

      4) егер орташа балл 2,6-дан кем болса – "қанағаттанарлықсыз".

4. Мемлекеттік авиация басқару органдарының және бөлімдерінің
басшылық құрамының авиациялық оқиғалар мен инциденттерді
болғызбау жөніндегі жұмысы
1-параграф. Мемлекеттік авиация басқару органдары
басшылық құрамының жұмысы

      144. Басқару органдарының авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі негізгі іс-шаралары:

      1) перспективаға (Бағдарлама), бір жылға, есептік кезеңге, бір айға, алдағы іс-шараларға ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жоспарлау;

      2) қауіпті факторларды анықтау және алдын алу жөніндегі жұмыс, олар туралы ақпаратты жинақтау және жеткізу, оларды болғызбау жөніндегі шараларды әзірлеу;

      3) ұшқыштар құрамының кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында ұшу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;

      4) ұшулар қауіпсіздігінің жай-күйін кезең-кезеңімен және мақсатты талдау;

      5) оларды өткізу қарсаңында және уақытында ұшуларды ұйымдастыруды бақылау болып табылады.

      145. Басқару органы ұшулар қарсаңында:

      1) ұшуларға және ұшып өтулерге өтінімдерді, күтілетін метеожағдайларды, әуе кемелерінің, әуеайлақтардың, ұшуларды қамтамасыз ету құралдарының жай-күйін талдауды;

      2) ұшуларды жоспарлау кестелерін құру дұрыстығын талдау;

      3) ұшуларды жүргізу үшін қажетті күштер мен құралдардың бар болуын және жай-күйін тексеруді;

      4) ұшқыштар құрамының, ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының, әуе кемелерінің, әуеайлақтардың, ұшуларды қамтамасыз ету құралдарының әзірлігін тексеруді жүзеге асырады.

      146. Ұшуларға келіп түскен өтінімдерді талдау нәтижесі мынадай негізгі мәселелерді түсіндіру болып табылады:

      1) ұшулар кезеңінде жалпы әуедегі жағдай, Қазақстан Республикасының әуе трассаларымен авиациялық бөлімдері әуе кемелерінің ықтимал бағдарын кесіп өту, авиацияның жұмыс жоспары, ұшуларды бастау және аяқтау уақыты;

      2) ұшулар кезеңінде күтілетін метеорологиялық жағдайда ұшқыштар құрамының даярлық деңгейіне сәйкес келуі;

      3) авиациялық бөлімдердің құралдарымен ауа райына радиолокациялық барлау жүргізу тәртібін және "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан аэронавигациялық ақпарт алуы;

      4) алдағы ұшулардың және ұшып өтулердің радиолокациялық құралдармен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етілуі;

      5) ұшуларға басшылық жасау топтары персоналының даярлығы, күтілетін метеорологиялық жағдайға персоналдың даярлық деңгейінің сәйкес келуі;

      6) ұшқыштар құрамын, әуе кемелерін, ұшуларды қамтамасыз ету құралдарының даярлығын бақылайтын орындарда басқару органы басшылық құрамының болуы (болмауы);

      7) негізгі және қосалқы әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтары, алаңдар) әзірлігі, алдағы ұшулардың материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілуі;

      8) ұшуларды қамтамасыз етуге полигондардың әзірлігі;

      9) іздестіру және құтқару күштері мен құралдарының жай-күйі мен әзірлігі;

      10) кезекті ұшуларға дейін орындауға үлкен бастықтар ұсыным берген жұмыстарды орындау толықтығы;

      11) ұшуларды өткізу үшін күштер мен құралдардың жеткіліктілігі;

      12) әуе кемелерінің айналып ұшып өтуге (бақылау, танысу ұшулары) әзірлігі;

      13) әуе кемелерінде авариялық өнеркәсіп бюллетеньдерін және сенімділікті арттыру жөніндегі нұсқауларды орындау;

      14) басқару органдары мен бөлімдері командалық пункттерінің ұшуларды басқаруға және ұшуларды бақылауға әзірлігі, өзара іс-қимыл жасайтын басқару органдарына әуе қозғалысын басқаруды беру тәртібі.

      147. Басқару органы лауазымды адамдарының ұшуларға әзірлігін тексеруді басқару органының тиісті басшысы тағайындаған, соның ішінде байланыс құралдарын пайдаланумен жоғары тұрған лауазымды адамдар жүзеге асырады.

      148. Авиациялық бөлімдер командирлерінің ұшуларға әзірлігін тексеруді олардың командирлері (бастықтары), басқару органдарының жоғары тұрған басшылары тағайындаған басқару органдарының басқа да лауазымды адамдары жүзеге асырады.

      149. Тексеруге мыналар жатады:

      1) жеке жетілдіруге және нұсқаушы ретінде Жауынгерлік даярлық курсының ұшу ауысымына жоспарланған ұшулары мен жаттығуларының саны;

      2) жоспарланған ұшу тапсырмаларының даярлық деңгейіне сәйкес келуі;

      3) алдағы ұшу ауысымына ауа райының болжамы;

      4) қол жеткізілген және нақты метеорологиялық минимум, осы жағдайларда алдыңғы орындалған ұшулардың күні.

      150. Ұшулар мен ұшып өтулерді жасау барысын бақылауды басқару органдары үздіксіз жүзеге асырады.

      151. Ұшулар мен ұшып өтулерді жасау барысында шешілетін анағұрлым маңызды мәселелер мыналар болып табылады:

      1) ауа райын сапалы радиолокациялық және әуеден барлауды және толық барлауды қамтамасыз ету, барлық байланыс арналары арқылы алынған ауа райы туралы деректерді жинау және талдау;

      2) метеорологиялық жағдайды үздіксіз талдау және ұшуларға қатысатын бөлімдерді ауа райының қауіпті құбылыстары туралы және оның нашарлау үрдістері туралы уақтылы хабардар ету;

      3) нақты метеорологиялық жағдайдың өткізілетін ұшулардың сипатына және экипаждардың даярлық деңгейіне сәйкес келуін бағалау;

      4) ауа райы жағдайы, басқару, байланыс пен қамтамасыз ету құралдарының, сондай-ақ қосалқы әуеайлақтардағы ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының әзірлігі;

      5) бөлімдердің командалық пункттері (ұшуларды басқару бөлімдері) тарапынан ұшуларды сапалы басқаруды, радиотехникалық бақылауды қамтамасыз ету;

      6) бөлімдердің командалық пункттерін (ұшуларды басқару бөлімдерін) және ұшуларға басшылық жасау топтарының персоналын басқа ведомстволар әуе кемелерінің авиациялық бөлімдер ұшу бағыттары мен аймақтарын кесіп өтуі туралы уақтылы хабардар ету;

      7) орындалатын бағдарлық ұшулар мен ұшып өтулердің бекітілген өтінімдерге сәйкес келуі;

      8) авиациялық бөлімдерді ұшулар барысында анықталған бұзушылықтар мен авиациялық инциденттер туралы уақтылы хабардар ету.

      152. Тікелей авиациялық бөлімдерде ұшуларға бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік авиация басқару органдарының лауазымды адамдары:

      1) оқып-үйретудің әдістемелік жүйелілігіне және тиісінше метеорологиялық жағдайдың ұзақ үзілістерден кейін ұшуларды орындайтын ұшқыштардың даярлық деңгейіне сәйкестігіне;

      2) ұшу даярлығының күрделі түрлерін алғаш пысықтайтын ұшқыштардың, сондай-ақ авиациялық оқу орындарынан немесе басқа да бөлімдерінен келген ұшқыштардың ұшуларын оларға орындалуы қиын міндеттер қоюға және ұшатын күні (түнде) шамадан тыс жүктемеге жол бермей ұйымдастыруға;

      3) жеткіліксіз тәжірибесі бар, әсіресе түнде және күрделі метеорологиялық жағдайларда (соның ішінде полигонда ұшуларға басшылық жасау бойынша) ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының ұшуларға басшылық жасау сапасына ерекше назар аударады.

      153. Ұшулар қауіпсіздігіне қатер төндіретін бұзушылықтар анықталған жағдайда анықталған қауіпті факторлар туралы өзінің тікелей бастықтарына кейіннен баяндай отырып, осы бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайды.

2-параграф. Авиациялық бөлімдер мен қамтамасыз ету бөлімдері
командирлерінің, штабтары мен қызметтерінің жұмысы

      154. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбаудың жоғары нәтижелілігіне ұшуларды жасау қағидаларын орындауды нақты ұйымдастырумен және ұшу жұмысының белгілі қауіпті факторларын жою барысын ұдайы бақылаумен қол жеткізіледі.

      Бұл үдеріс бағыныстылардың ұшулар қауіпсіздігінің жай-күйін талдауды жоспарлау және ұйымдастыру, орындалуын бақылау, оқып-үйрету жөніндегі кешенді іс-шараларды қамтиды.

      155. Авиациялық бөлім командирі ұшу даярлығының сапасы және бөлімнің жауынгерлік машығы үшін толық жауапкершілік атқарады.

      156. Ұшқыштар құрамының және ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының даярлық деңгейін, қажетті күштер мен құралдардың болуын, техника мен әуеайлақтың жай-күйін, метеорологиялық және орнитологиялық жағдайды ескере отырып, ұшуларды ұйымдастыра отырып, авиациялық бөлім командирі:

      1) алдағы ұшулардың негізгі міндеттерін, ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ескере отырып, оларға даярлық мазмұнын және жүйелілігін айқындайды;

      2) ұшқыштар құрамының, ұшуларға басшылық жасау тобының персоналын, әуе кемелерінің, ұшуларды қамтамасыз ету күштері мен құралдарының ұшуларға даярлығын бақылау тәртібін белгілейді;

      3) ұшу ауысымының міндеттеріне сүйене отырып, нақты қауіпсіздік шараларын айқындайды;

      4) ұшуда қауіпті факторларды болғызбау жөніндегі шараларды зерделей отырып, ұшқыштар құрамымен жауынгерлік даярлық курстарының анағұрлым күрделі жаттығуларының аэродинамикасы, тактикасы орындау әдістемесі бойынша сабақтар өткізуді ұйымдастырады;

      5) ұшуларға даярлықты ұйымдастыруды және ұшқыштар құрамымен тренаждарды орындауды бақылайды, бөлім командирі орынбасарларының, қызметтер бастықтарының, ұшулар басшыларының және ауа райын барлаушылар экипаждарының ұшуларға әзірлігін бағалайды;

      6) ұшқыштар құрамының және авиациялық техниканың ұшуларға әзірлігі туралы баяндаманы қабылдайды;

      7) ұшулардың жоспарлы және полигонда жауынгерлік қолдану кестелеріне талдау жүргізеді және бекітеді;

      8) әуеде, жерүсті, метеорологиялық және орнитологиялық жағдайды бағалайды, әуеден ауа райын барлауды орындауға шешім қабылдайды және міндеттер қояды;

      9) әуеайлақтың, ұшуларды қамтамасыз ету құралдарының, іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының ұшуларға әзірлігін тексереді;

      10) тікелей бастыққа авиациялық бөлімнің ұшуларға әзірлігі туралы баяндайды.

      157. Ұшуларды жасау үдерісінде бөлім командирі жоспарлы ұшулар кестесін орындауды бақылайды, ұшулар ауданында және қосалқы әуеайлақтарда метеорологиялық және орнитологиялық жағдайдың өзгеруін қадағалайды, ұшуларға басшылық жасауды ұйымдастыруды бақылайды, орынбасарлардың, эскадрильялар командирлерінің, қызметтер бастықтарының ұшу тапсырмаларын орындауы сапасын талдайды.

      158. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі командирдің, штаб пен қызметтердің жұмысы авиациялық персоналды ұшуға және арнайы даярлауға қажетті деңгейін ұстау, әуе кемелерін авариясыз пайдалануды қамтамасыз ету, ұшуларды ұйымдастыру және оларға ұшқыштар құрамын даярлау, ұшуларға басшылық жасаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қамтиды.

      159. Ұшқыштар құрамының ұшуларды орындау заңдылығын тексеру даярланбаған экипаждарды ұшуға жіберуді болдырмау, оларға орындалуы қиын міндеттер қоюды, олардағы іс-қимылдарға дайындалмаған қауіпті факторлардың туындауын болғызбау мақсатында жүзеге асырылады.

      160. Экипаждардың ұшуды орындауға әзірлігін бақылау мыналарды:

      1) ұшуды орындауға негіздемені тексеруді;

      2) экипаждың даярлық деңгейінің ұшу тапсырмасын орындауға сәйкес келуін айқындауды;

      3) ұшқыштар құрамының ұшуға даярлығын ұйымдастыруды талдауды;

      4) экипаждың ұшуға даярлығын бағалауды;

      5) ұшқыштар құрамының ұшуға психофизиологиялық әзірлігі жай-күйін бағалауды;

      6) ұшқыштар ауысымына экипаждардың жүктемесін қадағалауды қамтиды.

      161. Ұшуларға басшылық жасау тобының ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне ұшуларға басшылық жасау тобының барлық персоналының келісілген іс-қимылдары арқылы қол жеткізіледі. Бұл ретте персонал жұмысының негізгі бағыттары:

      1) жоспарлы кестеге сәйкес әуе кемелерінің қозғалысын басқару, ұшулар ауданындағы әуедегі жағдайды бақылау және бағалау, әуе кемелерінің қауіпті жақындауының және олардың берілген бағыттардан және ұшу эшелондарынан (биіктіктерінен) ауытқуларының алдын алу;

      2) экипаждардың қауіпті немесе олардың нақты ұшу даярлығы деңгейіне сәйкес келмейтін ауа райы құбылыстарына тап болуының алдын алу үшін ұшу ауданындағы, қосалқы әуеайлақтардағы және полигондардағы метеорологиялық және орнитологиялық жағдайды бағалау, сондай-ақ қосалқы әуеайлақтардың әуе кемелерін қабылдауға әзірлігін бағалау;

      3) әуе кемелерінің экипаждарын ұшу ауданындағы әуедегі, метеорологиялық және орнитологиялық жағдай туралы уақтылы хабардар ету;

      4) ұшулардағы ерекше жағдайлар кезінде апатқа ұшыраған экипаждарға уақтылы көмек көрсету;

      5) ұшуларды техникалық қамтамасыз ету құралдарының әзірлігін және жұмысқа қабілетін тексеру болып табылады.

      162. Ұшуларды қамтамасыз ету бөлімшелері (қызметтері) авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі жұмысты қолданыстағы басшылық құжаттардың талаптарына сәйкес ұйымдастырады және жүргізеді.

5. Қауіпті факторлар және оларды жою жөніндегі іс-шаралар
1-параграф. Ұшуларға басшылық жасау және әуе қозғалысын басқару
кезіндегі қауіпті факторлар және оларды жою жөніндегі іс-шаралар

      163. Ұшуларға басшылық жасау және әуе қозғалысын басқару кезінде жиі қайталанатын қауіпті факторлар:

      1) әуе кемелерінің қауіпті жақындауына және белгіленген ұшу бағыттары (аймақтары) мен эшелондарынан (биіктіктен) ауытқуларына әкеп соқтыратын әуедегі әуе кемелерін бақылауды жоғалту және ұшу ауданындағы әуе жағдайын дұрыс бағаламау;

      2) ұшулар ауданындағы, қосалқы әуеайлақтардағы, полигондағы және әуе кемелері экипаждарының қауіпті немесе олардың ұшу даярлығының нақты деңгейіне сәйкес келмейтін ауа райына тап болуына алып келетін аймақтардағы метеожағдайлардың, орнитологиялық жағдайдың болжамын және оның жай-күйін дұрыс бағаламау;

      3) әуе кемесін қабылдауға қосалқы әуеайлақтардың әзірлігіне бақылаудың болмауы;

      4) әуе кемелерінің экипаждарын ұшулар ауданындағы әуедегі, жерүсті, метеорологиялық және орнитологиялық жағдай туралы толық хабардар етпеу;

      5) ұшудағы ерекше жағдайларда және апатқа ұшыраған әуе кемелері экипаждарына көмек көрсету кезінде ұшуларға басшылық жасау тобының қателіктері;

      6) ұшуларды қамтамасыз етудің техникалық құралдарының әзірлігі мен жұмысқа қабілетіне бақылаудың болмауы болып табылады.

      164. Ұшуларға басшылық жасау және әуе қозғалысын басқару кезінде кемшіліктерді болдырмау үшін мынадай ерекше жағдайлардағы іс-қимылдарды пысықтау бойынша ұшуларға басшылық жасау тобының жаттығуы (кешенді тренаждарда) жүргізіледі:

      1) экипаждың әуе кемесін тастап кетуі;

      2) экипаждың әуе кемесін басқаруды жоғалтуы;

      3) әуе кемелерінің ұшуда қауіпті жақын келуі;

      4) әуе кемесі экипажының бағдарлауды жоғалтуы;

      5) ұшып шығудағы, қонуға кіру кезіндегі және қонудағы әуе кемесі экипажының қателіктері;

      6) полигонда жауынгерлік қолдануды орындау кезіндегі әуе кемесі экипажының қателіктері;

      7) әуе кемесі экипажының қауіпті немесе әуе кемесі командирінің нақты даярлық деңгейіне сәйкес келмейтін метеожағдайға түсуі;

      8) қосалқы әуеайлаққа қону;

      9) авиациялық техниканың ұшуда істен шығуы;

      10) құстармен соқтығысу қаупі.

      165. Ұшуларға басшылық жасауда және әуе қозғалысын ұйымдастыруда қауіпті факторлардың ықпал етуін (оқшаулауды) болдырмау үшін жүргізілетін негізгі іс-шаралар тізбесі осы Нұсқаулыққа 5-қосымшада мазмұнданған.

2-параграф. Ұшуларды ұйымдастыру және жасау кезіндегі
қауіпті факторлар және оларды жою жөніндегі іс-шаралар

      166. Оқу-жаттығуларды, жауынгерлік оқ атуларды орындау кезінде авиациялық жүйеде әрекет ететін негізгі қауіпті факторлар болып мыналар саналады:

      1) авиациялық бөлімдерге күрделілігі мен көлемі бойынша олардың мүмкіндіктерінің шегінен шығатын тапсырмалар қою;

      2) әуе кемелерінің жарықшақтардың жан-жаққа ұшуы аймағына түсуінің, және нәтижесінде оның жер (су) бетімен соқтығысуының, шабуылдаудың шиеленістен тыс бұрыштарына шығуының және иірімге құлдырауының (құлауының) себебі болып табылатын маневр жасау және оларды орындау кезінде, көздеу кезінде және оқ ату сәтінде, авиациялық зақымдау құралдарын қолданғаннан кейін қауіпсіздік маневрін орындау кезінде ұшу параметрлерін ұстамау;

      3) топта ұшу (жауынгерлік) реттілігі параметрлерін сақтамау, ол ілесіп ұшушы әуе кемелерінің жарықшақтармен зақымдануына немесе алда ұшып келе жатқан әуе кемесінің (жетекші) авиациялық зақымдау құралдарымен зақымдануына ықпал етеді;

      4) ұшқыштар құрамының және ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының іс жүзіндегі кәсіби даярлығы деңгейін, қолданылатын авиациялық зақымдау құралдарының ерекшеліктерін, нақты метеорологиялық жағдайларды ескермей, қауіпсіздік шараларын айқындау;

      5) қойылған міндеттерді орындау сапасына жауапкершілікпен қараумен, жауынгерлікке жақындатылған жағдайларда нақты әуе (жерүсті) нысаналары бойынша авиациялық зақымдау құралдарын іс жүзінде қолданумен байланысты жеке құрамның барлық санатының жоғары психикалық-эмоционалдық күйзелісі.

      167. Оқу-жаттығуға және жауынгерлік оқ атуларға ұшуларды орындау кезінде қауіпті факторлардың ықпал етуін болдырмау (төмендету):

      1) жауынгерлік оқ атулар мен оқу-жаттығуларды орындауды регламенттейтін құжаттарды әзірлеумен, тапсырманы орындау шарттары өзгерген кезде оларға толықтыруларды уақтылы енгізумен;

      2) ұшқыштар құрамы жаттыққандығының іс жүзіндегі деңгейіне сүйене отырып, жауынгерлік реттілік параметрлерін, оқ атуларды орындау шарттарын айқындаумен жүзеге асырылады.

      168. Көрсету ұшуларын орындау кезінде авиациялық жүйеде бар негізгі қауіпті факторлар:

      1) көрермендердің болуымен және төмен биіктіктерде ұшуды басқару фигураларын жылдам орындаумен байланысты ұшқыштар құрамының психикалық-эмоционалдық күйзелісінің артуы;

      2) төмен биіктіктерде елді мекен үстінде авиациялық техниканың істен шығулары кезінде (әсіресе қуат қондырғылары істен шыққан кезде) әуе кемесі экипажының шешім қабылдау бойынша шектеулі мүмкіндіктері;

      3) әуе кемелері экипаждарының авиациялық техниканың елеусіз істен шығулары (олардың пікірі бойынша) және экипаждардың дайындық деңгейінің метеорологиялық жағдайларға сәйкес келмеуі кезінде көрсету ұшуын дереу тоқтатуға әзір болмауы;

      4) олардың тез өтуіне байланысты ұшуда ерекше жағдайлар туындаған кезде әуе кемелерінің экипаждарына көмек көрсету бойынша ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының шектеулі мүмкіндіктері;

      5) шектелген ұшу режімінде және ұшуды пайдалану шектеулері бойынша басшылық жол берген шектерден тыс жоғары ұшуды басқарудың жаңа фигураларын орындау болып табылады.

      169. Көрсету ұшуларын орындау кезінде қауіпті факторлардың ықпал етуін болдырмау (төмендету):

      1) авиациялық жүйенің барлық элементтерін және олардың жұмыс істеуінің нақты жағдайларын ескерумен;

      2) авиациялық бөлімдер әуе кемелерінің экипаждары қатарынан ұшуды басқару тобына кандидаттарға қойылатын талаптарды пысықтаумен және қатаң орындаумен, олардың денсаулығының нақты жай-күйін, теориялық білімі мен ұшуды басқару техникасы деңгейін талдаумен және практикалық тексерумен;

      3) көрсету ұшуларын тек көрсету ұшуларын орындайтын әуе кемелерінің экипаждарына арналған арнайы бағдарламаларды толық көлемде меңгерген даярланған ұшқыштардың (экипаждардың) орындауымен;

      4) метеорологиялық немесе тапсырманы орындаудың өзге де жағдайларының күрделенуі кезінде көрсету ұшуын уақтылы тоқтатумен (оңайлату жағына өзгертумен) жүзеге асырылады.

      170. Әуе тасымалдауларын орындау кезінде жиі қайталанатын қауіпті факторлар:

      1) әуе кемелері экипаждарын азаматтық авиация және басқа да ұйымдар әуеайлақтарынан (тікұшақ айлақтарынан, алаңдардан) әуе кемелерінің ұшып шығуын, қонуын ұйымдастыру мен қамтамасыз ету ерекшеліктері туралы жеткілікті хабардар етпеу;

      2) әуе кемелері эипаждарына олардың мүмкіндіктеріне сәйкес келмейтін, әуе кемелерінің тиеу жөніндегі тактикалық-техникалық сипаттамаларынан асатын тапсырмалар қою;

      3) орналасу әуеайлақтарынан ұзақ қашықтықта болған кезде әуе тасымалдауларын орындау;

      4) ұшқыштар экипаждарын тұрақты орналасу орындарынан қашықтықтағы ұзақ жұмысқа даярлаудағы кемшіліктер, олардың техникалық қызмет көрсету (техникалық пайдалану) регламентінде көзделген әуе кемелерін ұшуларға даярлаудың барлық түрлерін орындауға әзір болмауы;

      5) әуе кемелері экипаждары мүшелерінің пайдалану құжаттамасының талаптарын және функционалдық міндеттерін орындамауы;

      6) әуе кемелерінің, соның ішінде стандартты емес жүктерді тасымалдауды орындау кезінде ұшу салмағының шегінен асып кетуі;

      7) жолаушыларды тасымалдаудың белгіленген нормаларынан асып кетуі және оларды әуе кемесінің бортына дұрыс орналастырмау;

      8) халықаралық әуе жолдарына ұшулар кезінде әуе кемелерін сақтандырудың болмауы;

      9) ұшу экипажының ұшу бағыты бойынша метеорологиялық жағдайларды ескермеуі;

      10) әуе кемесінің бортында техникалық дәрі қобдишаларының, пайдалану құжаттамасының, майлар мен арнайы сұйықтықтар қорының болмауы;

      11) ұшу және техникалық құжаттамаға сәйкес арнайы істен шығулар тізбесінде көзделген ақаулықтармен және істен шығулармен ұшып шығу туралы шешім қабылдаған кезде ақаулы жабдықты ажырату (оқшаулау) жөніндегі талаптарды орындамау;

      12) жүктерді бекітіп орналастыру жөніндегі талаптарды бұзу болып табылады.

      171. Әуе тасымалдауларын орындау кезінде қауіпті факторлардың ықпал етуін болдырмау (төмендету):

      1) бағыттың навигациялық ерекшеліктерін, әрбір ұшу кезеңінде қауіпсіздік шараларын зерделеумен;

      2) әуе кемелерінің экипаждарын іріктеумен, олардың ұшудың ерекше жағдайларындағы іс-қимылдарға жаттыққандығымен, өзара іс-қимыл жасаумен және технологиялық тәртіпті сақтаумен;

      3) экипаждардың тасымалдауға ұшуларды орындауға әзірлігін бақылаумен, әуе кемесінің бортында кемелік құжаттардың болуымен;

      4) ұшулар қағидаларын сақтауды және оларды аралық әуеайлақтардан даярлауды, әуе кемесіне дұрыс тиеуді қамтамасыз етуімен;

      5) ұшу бағыты бойынша қону пункттеріндегі және қосалқы әуеайлақтардағы метеорологиялық жағдайларды талдаумен жүзеге асырылады.

      172. Топпен ұшуларды орындау кезінде жиі қайталанатын қауіпті факторлар:

      1) ұшқыштар топтарын құру кезінде ұшқыштар құрамының психологиялық үйлесімсіздігі;

      2) осы даярлық түрі бойынша ұшқыштар құрамы жаттықандығының төмен деңгейі;

      3) әуе кемелерінің маневр жасау сипаттамаларын ескермеу;

      4) ұшу тапсырмасын орындауға метеорологиялық жағдайлардың сәйкес келмеуі болып табылады.

      173. Топпен ұшуларды орындау кезінде қауіпті факторларды болдырмау (төмендету) мыналармен:

      1) ұшқыштар топтарының құрамын іріктеумен;

      2) жауынгерлік (ұшу) даярлығы курстарының жоспарланған жаттығулары бойынша ұшулардың әдістемелік сұлбаларын нақтылаумен;

      3) ұшқыштар құрамының әуе кемелерінің маневр жасау сипаттамаларын, әртүрлі топтар құрамында маневр жасау ерекшеліктерін зерделеумен және қауіпсіздік шараларын сақтаумен;

      4) ұшу тапсырмасын орындау реттілігі мен жүйелілігін пысықтау үшін "жерде ұшуды жасау" тренаждарын, сондай-ақ әуеде және жерде соқтығысуды болғызбау үшін ілесіп ұшушы мен жетекшінің іс-қимылдарын жүргізумен;

      5) ұшқыштар құрамын оқып-үйретудің, нұсқаушыларды даярлау (тексеру) бойынша мақсатты ұшуларды жүргізу кезінде ұшуларды басқару

      мен басшылық жасаудың бірыңғай әдістемесін пысықтаумен жүзеге асырылады.

      174. Төмен, барынша төмен биіктіктерде ұшуларды орындау кезінде жиі қайталанатын қауіпті факторлар:

      1) әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзу;

      2) әуе кемелері экипаждарының ұшулар ауданындағы жергілікті жердің бедерін, қауіпсіз биіктікті есептеу әдістемесін және қауіпсіздік шараларын білмеуі;

      3) әуе кемелері экипаждары мүшелерінің ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету борттық жүйелерін, радиобиіктік өлшеуіштерді пайдалану тәртібін бұзуы;

      4) қауіпсіз ұшу биіктіктерін айқындау кезіндегі есептеулердегі қателіктер;

      5) барометрлік биіктік өлшеуіштерді жиынтық түзетулерді есептеудің бірыңғай әдістемесін бұзу болып табылады.

      175. Төмен және барынша төмен биіктіктерде ұшулар кезінде қауіпті факторлардың ықпал етуін болдырмау (төмендету) үшін мыналар қажет:

      1) ұшқыштар құрамының, ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының және әуе қозғалысын басқару органдарының жергілікті жер бедерлерін және ұшулар ауданындағы жасанды кедергілерді, сондай-ақ ұшулардың қауіпсіз биіктіктерін есептеу тәртібін білуін тексеру (жылына екі реттен жиі емес);

      2) дәліздердің (бағыттардың) барынша төмен қауіпсіз биіктіктерін нақтылау (жылына бір реттен жиі емес);

      3) ұшқыштар құрамының биіктікті айқындау мен ұстау тәртібін және олардың ерекшеліктерін білуін тексеру (ұшуларға алдын ала даярлау күндері);

      4) ұшқыштар құрамының, ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының қауіпсіздік шараларын білуін тексеру (ұшуларға алдын ала даярлау күндері).

      176. Таулы жерлерде ұшуларды орындау кезінде ұшулар қауіпсіздігіне ықпал ететін негізгі қауіпті факторлар:

      1) ұшулар қағидаларын бұзумен бұлт жауып тұрған асулар, тау шыңдары және шоқылар үстінен ұшуларды орындау;

      2) таудағы әуеайлақтарға қонулар кезінде барометрлік биіктік өлшеуіштерді дұрыс пайдаланбау;

      3) таудағы әуеайлақтан ұшып шығу мен қонуды орындау ерекшеліктерін ескермеу және әуе кемесінің барынша үлкен ұшу (қону) салмағын дұрыс есептемеу;

      4) әуайлақ жетекті радиостанциясын ұшып өткенге дейін барынша аз қауіпсіз эшелоннан (биіктіктен) төмен радиолокациялық бақылау болмаған (радиолокациялық бақылау тұрақсыз болғанда) кезде қонуға кіру кезінде төмендеуді орындау болып табылады.

      177. Таулы жерлерде ұшуларды орындау кезінде қауіпті факторлардың ықпал етуін болдырмау (төмендету) үшін:

      1) авиациялық оқиғалар мен авиациялық инциденттерді талдау материалдары бойынша арнайы сабақтар өткізу (жылына бір реттен жиі емес);

      2) ұшқыштар құрамымен, ұшуларға басшылық жасау тобы персоналымен навигацияның, авиациялық техниканы жауынгерлік қолданудың, пайдаланудың және әуе қозғалысын ұйымдастырудың ерекшеліктері жөніндегі семинарлар өткізу (жылына екі реттен жиі емес);

      3) ұшқыштар құрамының, ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының таудағы әуеайлақта төмендеу және қонуға кіру сұлбалары құрылымының ерекшеліктерін білуін тексеру (ұшуларға алдын ала даярлау күндері);

      4) ұшқыштар құрамымен және ұшуларға басшылық жасау тобы персоналымен таудағы әуеайлақта ұшу мен қонуды орындау кезіндегі барометрлік биіктік өлшеуіштерді пайдалану әдістемесі бойынша тренаждар өткізу (ұшуларға алдын ала даярлау күндері);

      5) ұшқыштар құрамының, ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының қауіпсіздік шараларын білуін тексеру (ұшуларға алдын ала даярлау күндері);

      6) тікұшақтарда бұлт жауып тұрған асулар, тау шыңдары және шоқылар үстінен ұшуларды орындауды болдырмау;

      7) әрбір биік таулы алаңдардан ұшып шығу алдындағы бақылап қалықтау кезінде үнемі тікұшақтың ұшу мүмкіндіктерін тексеру;

      8) тау шыңында орналасқан алаңға қонуға кіруді тікұшақты оған шығар сәтке дейін алаң деңгейінен төмен төмендеуге жол бермей, күн түскен немесе жел өтетін жақтағы тау беткейі арқылы жасау;

      9) биіктігі 1700 метрден астам алаңға тікұшақты қондыруды орындау кезінде қозғалтқыштардың жылдам жұмыс істеу режімін пайдалану;

      10) еңістері бар алаңға тікұшақты қондыруды тежелген дөңгелектермен жүргізу қажет.

      178. Жауынгерлік кезекшілікті атқару барысында ұшуларды орындау кезінде ұшулар қауіпсіздігіне ықпал ететін негізгі қауіпті факторлар мыналар болып табылады:

      1) жауынгерлік кезекшілікті атқаруға тартылатын ұшқыштар құрамының және жауынгерлік басқару офицерлерінің жеткіліксіз жаттыққандығы;

      2) жауынгерлік кезекшілікке кезекшілік саны бойынша шектеулерді ескермей, ұшқыштар құрамы мен жауынгерлік басқару офицерлерін тағайындау;

      3) іздестіру-құтқару күштерімен және құралдарымен қамтамасыз етілмеген аудандарға ұшып шығу болып табылады.

      179. Жауынгерлік кезекшілікті атқару барысында ұшуларды орындау кезінде қауіпті факторлардың ықпал етуін болдырмау (төмендету) үшін:

      1) жауынгерлік кезекшілік атқаруға қажетті даярлық деңгейі бар ұшқыштар құрамы мен жауынгерлік басқару офицерлері тартылсын;

      2) кезекші күштердің әуе кемелерін қолдану аудандарында іздестіру-құтқаруды қамтамасыз ету ұйымдастырылсын;

      3) жауынгерлік кезекшілікке түсетін жеке құрамның еңбек және демалыс режімін сақтау қамтамасыз етілсін;

      4) жауынгерлік кезекшілік атқаруға арналған үй-жайлар жабдықталсын.

3-параграф. Ұшуларды штурмандық және аэронавигациялық
қамтамасыз етудегі қауіпті факторлар және оларды жою жөніндегі іс-шаралар

      180. Штурмандық қамтамасыз етуде және аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуде ұшулар қауіпсіздігіне ықпал ететін жиі қайталанатын қауіпті факторлар:

      1) штурмандық қатынаста ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі басшылық құжаттардың талаптарын бұзу;

      2) ұшқыштар құрамы, ұшуларға басшылық жасау тобы персоналы штурмандық даярлығының және жаттыққандығының жеткіліксіз деңгейі;

      3) ұшқыштар құрамының навигациялық жағдай ерекшеліктерін және ұшулар ауданы навигациялық жабдығының кемшіліктерін білмеуі;

      4) аэронавигациялық ақпарат құжаттарын әзірлеу кезінде әуе кеңістігі құрылымын реттейтін талаптарды бұзу;

      5) аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру тәртібін айқындайтын талаптарды бұзу;

      6) нысаналық-навигациялық жабдықтың жай-күйіне және ақаусыздығына жүйелі бақылаудың болмауы;

      7) әуе кемелері экипаждарының, ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының және басқару пункттері есептоптарының белгіленген

      әуе навигациясы, жауынгерлік қолдану және оларды орындау сапасын бақылау тәртібін бұзуы;

      8) штурмандық қатынаста белгіленген қауіпсіздік шараларын бұзу болып табылады.

      181. Штурмандық қамтамасыз етуде және аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуде ұшулар қауіпсіздігіне ықпал ететін қауіпті факторларды болғызбау:

      1) штурмандық қатынаста ұшулар қауіпсіздігі жай-күйін жүйелі талдаумен;

      2) штурмандық даярлауды ұйымдастыру және жүргізу және штурмандық қатынаста ұшуға әзірлікті бақылау тәртібін айқындайтын талаптарды орындаумен;

      3) навигация және жауынгерлік қолдану бойынша ұшқыштар құрамының кәсіби даярлығы және жаттыққандығы деңгейін арттырумен;

      4) штурмандық қамтамасыз ету және аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету жүйелерін жетілдірумен жүзеге асырылады.

      182. Ұшуларды штурмандық қамтамасыз етуде қауіпті факторлардың ықпал етуін (оқшаулауды) болдырмау үшін жүргізілетін негізгі іс-шаралар тізбесі осы Нұсқаулыққа 6-қосымшада мазмұндалған.

4-параграф. Ұшуларды инженерлік-авиациялық қамтамасыз етудегі
қауіпті факторлар және оларды жою жөніндегі іс-шаралар

      183. Инженерлік-авиациялық қамтамасыз етуде жиі қайталанатын қауіпті факторлар:

      1) бөлімшелердің, авиациялық бөлімдер мен қамтамасыз ету бөлімдерінің инженерлік-авиациялық қызметтерінің ұйымдық-штаттық құрылымының шешілетін міндеттердің ауқымы мен күрделілігіне сәйкес келмеуі;

      2) қосалқы бөлшектермен және агрегаттармен қанағаттанарлықсыз қамтамасыз етілу, бұл авиациялық техниканың ақаулығын қалпына келтіру үшін басқа әуе кемелерінен алынған агрегаттарды пайдалану қажеттілігіне байланысты монтаждау-бөлшектеу жұмыстары санының елеулі артуына әкеп соқтырады;

      3) авиациялық техниканың сенімділігін артыруға бағытталған өнеркәсіп бюллетеньдерін орындамау;

      4) инженерлік-техникалық құрам кәсіби даярлығының жеткіліксіз деңгейі;

      5) инженерлік-техникалық құрамның әуе кемелерінің ұшулар саны төмендеген жағдайларда ұшуларға дайындық түрлерін орындауда практикалық дағдыларының болмауы;

      6) авиациялық техникада жұмыстарды орындау технологиясын бұзу болып табылады.

      184. Инженерлік-техникалық құрамның қате іс-қимылдарының алдын алу жөніндегі негізгі іс-шараларға мыналар жатады:

      1) кейіннен оларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды пысықтаумен және іске асырумен жол берілетін қателіктер себептерін зерделеу;

      2) авиациялық техниканы пайдалану құрылымын және қағидаларын, анағұрлым қауіпті және жиі қайталанатын құрылымдық және өндірістік кемшіліктерді және авиациялық техниканың істен шығуын болғызбау әдістерін зерделеу;

      3) пайдаланылатын авиациялық техниканың эргономикалық кемшіліктерін және олардың жұмыс сапасына ықпал етуін жою жөніндегі шараларды іске асыруды зерделеу;

      4) авиациялық техниканы ұшуларға дайындау жөніндегі жұмыстарды орындаудағы тұрақты дағдыларды ұстау үшін дайындық түрлері бойынша кешенді тренаждарды өткізу;

      5) авиациялық техникадағы жұмысты орындау толықтығы мен сапасын бақылау жүйесін ұдайы жетілдіру;

      6) авиациялық техниканы пайдалану кезінде ақаусыз және сеніп берілген бақылау-тексеру аппаратурасын, қызмет көрсету жабдығы мен құрал-саймандарды пайдалануды, шығыс және жанармай-жағармай материалдарын қолдануды Заңға сәйкес техникалық құжаттама талаптарына сәйкес пайдалану;

      7) авиациялық техникада орындалатын жұмыстардың ауқымы мен күрделілігінің қолда бар күштер мен құралдарға, сондай-ақ инженерлік-техникалық құрам кәсіби даярлығы деңгейіне сәйкес келуін қамтамасыз ету;

      8) нәтижелерді құжаттаумен және талдаумен авиациялық техниканы толық және сапалы дайындауды бағалау үшін объективті бақылау құралдарын пайдалану;

      9) авиациялық мамандарды басқа авиациялық бөлімдерде анықталған қауіпті факторлар, сондай-ақ оны пайдаланудағы кемшіліктер туралы жедел және объективті хабардар ету, оларды жою жөніндегі тиімді іс-шараларды пысықтау мен іске асыру;

      10) инженерлік-техникалық құрамның кінәсінен авиациялық қозғалтқыштардың газды-ауа трактына бөгде заттардың (авиақозғалтқыштарды сынап-тексеру үшін қақпақшалар, мұз, құрал-сайман, авиақозғалтқыштарды сынақтан өткізуге арналған алаң үстіндегі нәрселер, киім-кешек) түсіп кетуі жағдайларын болдырмау;

      11) әуе кемелерін қардан, мұздан, құмнан, насекомдардан және басқа сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен сапалы тазартпау фактілеріне жол бермеу;

      12) реттеу жұмыстарын жүргізу кезінде реттеудің қате нәтижелерін болдырмау;

      13) ақаулықтарды жою жөніндегі жұмыс сапасын арттыру, істен шығулар себептерін дұрыс айқындамаудан істен шығулардың қайталану жағдайларына жол бермеу;

      14) кейіннен сыртқы қабатын зақымдаумен, қозғалтқышқа түсіп кетуімен, отынның, майдың және басқа да сұйықтықтардың ағып кетуімен ұшуда олардың істен шығуына әкеп соқтыратын фонарьларды, есіктерді, қақпақтарды, люктарды, капоттарды, тығындарды жаппауды (сапалы жаппауды) болғызбау;

      15) әуе кемелерінің әртүрлі жүйелері құбырлары қосымша сомындарының зақымдануын, бекітпе элементтерін және агрегаттар қамыттарын және сұйықтықтар мен газ жүйелері құбырларын дұрыс бекітпеуге жол бермеу;

      16) қызмет көрсету, агрегаттарды ауыстыру жөніндегі жұмыстарды, басқару, бұрама механизмдері жүйелеріндегі толық пысықтауларды орындау кезінде қате контр-бекіту немесе оның болмауы жағдайларын болдырмау;

      17) сүзгі элементтерін тексеру және жуу кезінде Заңға сәйкес техникалық құжаттама талаптарын сақтау;

      18) бір орындаушының басқаға аяқталмаған жұмысты беру жағдайларын болдырмау, бұл жұмыс көлемінің толық орындалмауына және істен шығудың туындауына әкеп соқтырады.

5-параграф. Ұшуларды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз етудегі қауіпті факторлар және оларды жою жөніндегі іс-шаралар

      185. Ұшуларды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз етуде жиі қайталанатын қауіпті факторлар:

      1) авиациялық бөлімдер, қамтамасыз ету бөлімдері қамтамасыз ету қызметтері мен бөлімшелерінің ұйымдық-штаттық құрылымдарының орындалатын міндеттердің ауқымына сәйкес келмеуі;

      2) инженерлік-әуеайлақтық және техникалық қамтамасыз ету қызметтері мен бөлімшелері мамандарын кәсіби даярлаудың төмен деңгейі;

      3) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) жасанды жабынын, топырақты ұшу-қону жолақтарын, әуеайлақішілік және кіреберіс жолдарын пайдаланып күтіп ұстауды және ағымдағы жөндеуді ұйымдастырудағы кемшіліктер;

      4) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) ұшуларды жүргізуге дайындаудағы кемшіліктер;

      5) жеке құрамның қызмет өткеруін ұйымдастырудағы әуеайлақ қоршауын бұзушылықтар;

      6) материалдық құралдарды қабылдауды, сақтау мен бақылауды ұйымдастырудағы бұзушылықтар;

      7) жаппай қолданылатын жерүсті қызмет көрсету құралдарын пайдалануды ұйымдастырудағы кемшіліктер;

      8) автокөлік, жаппай қолданылатын жерүсті қызмет көрсету құралдары және әуеайлақтағы жаяу жүргіншілер қозғалысын ұйымдастырудағы бұзушылықтар;

      9) әуеайлақты және әуе қозғалысын басқару объектілерін электрмен жабдықтаудағы бұзушылықтар болып табылады.

      186. Ұшуларды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз етудегі қауіпті факторларды болғызбау:

      1) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) жасанды жабынын, топырақты ұшу-қону жолақтарын, әуеайлақішілік және кіреберіс жолдарын дұрыс пайдаланып күтіп ұстауды және ағымдағы жөндеуді уақтылы орындауды ұйымдастырумен;

      2) әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жасанды жабынын маркалауды орындаумен;

      3) бүйірлік және соңғы қауіпсіздік жолақтарының, авариялық тежеу алаңдарының, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) қоршауы жай-күйін бақылаумен;

      4) Заңға сәйкес әуеайлақты (тікұшақ айлағын) ұшуларды жасауға дайындау және қабылдау қағидаларын сақтаумен;

      5) қамтамасыз ету қызметтері мен бөлімшелерінің мамандарын техникалық даярлауды ұйымдастырумен;

      6) жаппай қолданылатын жерүсті қызмет көрсету құралдарын арнайы жабдықтауда техникалық қызмет көрсету мен регламенттік жұмыстарды пайдалануды және орындауды ұйымдастырумен;

      7) сұрыпталмаған материалдық құралдарды әуе кемелеріне беру жағдайларын болдырмаумен;

      8) жеке құрамның және техниканың әуеайлақтың ұшу алаңы бойынша қозғалыс бағыттарын, жаппай қолданылатын жерүсті қызмет көрсету құралдарын әкелу, маневр жасату, әуе кемесі жанына сүйреп тарту және орнату сұлбаларын білуімен және оларды сақтауымен;

      9) әуеайлақты және электрмен жабдықтау техникалық құрылғыларының және әуе қозғалысын басқару объектілерінің ақаусыз жай-күйін бақылаумен және ұстаумен жүзеге асырылады.

      187. Ұшуларды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз етудегі қауіпті факторлардың ықпал етуін (оқшаулауды) болдырмау үшін жүргізілетін негізгі іс-шаралар тізбесі осы Нұсқаулыққа 7-қосымшада мазмұндалған.

6-параграф. Ұшуларды байланыспен және радиотехникалық
қамтамасыз етудегі қауіпті факторлар және оларды жою жөніндегі іс-шаралар

      188. Ұшуларды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз етудегі жиі қайталанатын қауіпті факторлар:

      1) орындалатын міндеттер көлеміне байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің ұйымдық-штаттық құрылымының сәйкес келмеуі;

      2) әуе кемелерінің экипаждарына және ұшуларға басшылық жасау тобы персоналына деректер берудегі ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары операторларының кателіктері;

      3) радиолокациялық станция антеннасының үш және одан да көп айналымы ішінде авиацияны басқару пункттерінің жұмыс орындарына радиолокациялық ақпаратты беруді тоқтату;

      4) нысанаға бағыттаудың соңғы кезеңінде авиацияны басқару пункттерінің жұмыс орындарына радиолокациялық ақпаратты беруді тоқтату;

      5) "Зілзала" белгі беруіне ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары операторының назар аудармауы немесе оны екі минуттан астам уақыт кеш беруі;

      6) жеке құрамның ұшуларды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын қосу және қайта қосу бойынша іс-қимылдарындағы қателіктері;

      7) ұшуларды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары электрмен қоректендіру жүйесіндегі істен шығулар, дербес қоректендіру көздерін уақтылы қоспау;

      8) ұшуларды басқару пункттерінде ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының жұмыс орындарын жабдықтаудың белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      9) ұшуларды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын үлгілік сұлбадан ауытқумен өрістету;

      10) ұшуда қолданылмаған ұшуларды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын пайдалану болып табылады.

      189. Ұшуларды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз етудегі қауіпті факторларды болғызбау:

      1) жеке құрамның кәсіби даярлығы мен жаттыққандығы деңгейін арттырумен;

      2) жеке құрамды өз міндеттерін, оның ішінде ерекше жағдайларда орындауға әзірлігін ұдайы бақылаумен;

      3) ұшуларды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын дайындау сапасын арттырумен;

      4) басқару, навигациялау мен қону объектілерін энергиямен жабдықтау жүйесін (көп реттік резервке қоюмен) жетілдірумен;

      5) ұшуларды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының техникалық ақаусыздығын және дұрыс пайдалануды ұдайы бақылауды ұйымдастырумен;

      6) ұшуларды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының жиі қайталанатын істен шығуларының алдын алу жөніндегі іс-шараларды орындаумен;

      7) авиацияны басқару пункттерін жабдықтау жөніндегі құжаттардың талаптарын орындаумен жүзеге асырылады.

      190. Ұшуларды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз етудегі қауіпті факторлардың ықпал етуін (оқшаулауды) болдырмау үшін жүргізілетін негізгі іс-шаралар тізбесі осы Нұсқаулыққа 8-қосымшада мазмұндалған.

7-параграф. Ұшуларды метеорологиялық және орнитологиялық
қамтамасыз етудегі қауіпті факторлар және оларды жою жөніндегі іс-шаралар

      191. Ұшуларды метеорологиялық және орнитологиялық қамтамасыз етудегі жиі қайталанатын қауіпті факторлар:

      1) ауа райы болжамдарындағы қателіктер және ұшуларға басшылық жасау тобы персоналын және ұшқыштар құрамын ауа райының қауіпті құбылыстары туралы уақтылы хабардар етпеу;

      2) авиациялық бөлімдер (бөлімшелер) командирлерінің, олардың орынбасарлары мен ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының күрделі метеорологиялық жағдайларды елемеуі, әуе кемелері экипаждарын олардың даярлық деңгейіне және ұшу тапсырмаларын орындау сипатына сәйкес келмейтін метеорологиялық жағдайларда ұшуға жіберу;

      3) ауа райын радиолокациялық және әуеден барлауды қанағаттанғысыз ұйымдастыру, әуе кемелері экипаждарынан ауа райы туралы объективті емес ақпарат;

      4) олардың даярлық деңгейіне сәйкес келмейтін метеорологиялық жағдайға түскен кезде әуе кемелері экипаждары іс-қимылдарындағы қателіктер;

      5) ұшуларды қанағаттанарлықсыз орнитологиялық қамтамасыз ету;

      6) әуеайлақты метеорологиялық жабдықпен техникалық жарақтандырудың белгіленген минимумға сәйкес келмеуі болып табылады.

      192. Ұшуларды метеорологиялық және орнитологиялық қамтамасыз етудегі қауіпті факторларды болғызбау:

      1) метеорологиялық қызмет мамандарының ұшуларды метеорологиялық және орнитологиялық қамтамасыз ету жөніндегі басшылық құжаттардың талаптарын уақтылы орындауымен;

      2) метеорологиялық қызмет мамандарының кәсіби деңгейін ұдайы жетілдірумен;

      3) ұшқыштар құрамын және ұшуларға басшылық жасау тобы персоналын метерологиялық жағдайды бағалау мен талдауға, ауа райының қауіпті құбылыстарын анықтауға, ауа райы нашарлаған кезде немесе әуе кемелерінің экипаждары ауа райының қауіпті құбылыстары аймағына тап болған кезде білікті іс-қимылдарға оқып-үйретумен;

      4) ауа райын радиолокациялық, әуеден барлау және толық барлауды объективті және уақтылы жүргізумен;

      5) басқару органында метеорологиялық ақпарат алмасу жүйесін жетілдіру бойынша шараларды уақтылы қабылдаумен;

      6) метеорологиялық бөлімшелерді қажетті дауылдық шеңбердегі метеорологиялық станциялары бар байланыс арналарымен қамтамасыз етумен;

      7) әуеайлақтарды қазіргі заманғы ұшуларды техникалық метеорологиялық құралдармен және құстарды үркіту құралдарымен жабдықтаумен жүзеге асырылады.

      193. Ұшуларды метеорологиялық және орнитологиялық қамтамасыз етудегі қауіпті факторлардың ықпал етуін (оқшаулауды) болдырмау үшін жүргізілетін негізгі іс-шаралар тізбесі осы Нұсқаулыққа 9-қосымшада мазмұндалған.

8-параграф. Ұшуларды медициналық қамтамасыз етудегі
қауіпті факторлар және оларды жою жөніндегі іс-шаралар

      194. Ұшуларды медициналық қамтамасыз етудегі жиі қайталанатын қауіпті факторлар:

      1) әуе кемесі экипажы мүшелерінің медициналық тексерусіз, сырқаттанған жай-күйде медициналық бақылаудан кейін, мерізімі өтіп кеткен дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясының қорытындысымен ұшып шығуы;

      2) ұшу алды еңбек, демалыс және тамақтану режімін ұтымды ұйымдастырмау немесе сақтамау;

      3) әуе кемесі экипажы мүшелерінің алкогольдік ішімдіктерді, есірткі және психотроптық заттарды тұтынуы;

      4) ұшу жүктемесін ұтымды нормаламау салдарынан ұшқыштар құрамы жұмыс қабілетінің төмендеуі;

      5) ұшу тапсырмасында көзделген қорғаныш керек-жарағынсыз әуе кемесі экипажының ұшуды орындауы;

      6) қорғаныш керек-жарағының және оттегілі-тыныс алу аппаратурасын дұрыс пайдаланбау немесе олардың ақаулы болуы;

      7) ұшулар уақытында әуеайлақта санитарлық көліктің болмауы;

      8) ұшуда туындаған немесе ұшу алды медициналық тексеру уақытында анықталмаған ұшқыштың (экипаж мүшесінің) денсаулық жағдайының бұзылуы, жұмыс қабілетінің күрт төмендеуі;

      9) әуе кемесі экипажы мүшелерінің психологиялық үйлесімсіздігі;

      10) тұрмыстық және кәсіби факторлардың (отбасылық-тұрмыстық, қызметтік) психикалық зақымдаумен ықпал етуі;

      11) ұшу факторларының және әуе кемесі кабинасындағы қолайсыз гигиеналық жағдайлардың организмге ықпал етуі (артық жүктеме, шайқалу, гипоксия, барометрлік қысымның төмендеуі және жарылу декомпрессиясы, кабина ауасына бөгде қосындылардың түсуі, ұтымсыз температура режімі);

      12) әуе кемесінің оттегі жүйесіне сұрыпталмаған оттегіні құю болып табылады.

      195. Ұшуларды медициналық қамтамасыз етуде қауіпті факторларды болғызбау:

      1) ұшуларды ұйымдастырудағы, қамтамасыз ету мен ұшу алды еңбек, демалыс және тамақтану режіміндегі кемшіліктерді жою жөніндегі, ұшу жүктемесін, бөлімшелердегі (экипаждардағы) психологиялық ахуалды нормалау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеумен және қолбасшылыққа ұсынумен;

      2) денсаулық жағдайы және дербес психологиялық ерекшеліктері бойынша ұшуға үйретуге және әуе кемесінің жаңа түрлеріне қайта үйретуге жарамды адамдарды іріктеумен;

      3) дәрігерлік-ұшқыштар сараптамасын уақтылы жүргізумен;

      4) комиссияаралық кезеңде ұшқыштар құрамының денсаулық жағдайын қарқынды дәрігерлік қадағалаумен (тексеру, емдеу, алдын алу демалысын беру немесе ұшулардан уақытша шеттету);

      5) ұшуларды дайындау мен жүргізу кезеңінде ұшқыштар құрамының және ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының денсаулық жағдайын медициналық бақылаумен;

      6) ұшу алды еңбек, демалыс және тамақтану режімін сақтауды бақылаумен;

      7) ұшқыштар құрамының қорғаныш керек-жарағын іріктеумен және дәлдеп пішумен;

      8) ұшқыштар құрамын артық қысым болған кезде демалуға үйретумен, барокамералық көтеру өткізумен, артық жүктемеге қарсы костюмдегі артық қысым жасау кезінде жаттықтырумен;

      9) ұшқыштар құрамын ұшудағы ерекше жағдайлардағы іс-қимылдарға психологиялық-физиологиялық даярлау мен арнайы жаттықтыру жүргізуге қатысумен;

      10) ұшуда пайдалануға арналған медициналық оттегі сапасын тексерумен;

      11) басқа мамандармен бірлесіп, ұшуда адамның техникамен өзара іс-қимылына теріс ықпал ететін және ерекше жағдайлардың туындауына әкеп соқтыратын индикация, белгі беру, басқару, тіршілік әрекетін қамтамасыз ету және құтқару жүйелеріндегі эргономикалық кемшіліктерді анықтаумен;

      12) ұшқыштар құрамын қорғаныс тәсілдерін пайдалану дағдыларына оқып-үйретумен және ұшулардың қолайсыз ықпал ету факторларына төзімділікті арттыратын жаттығуларды орындаумен;

      13) авиациялық медицина мәселелері бойынша ұшқыштар құрамын бірінші медициналық жәрдем көрсетуге, сондай-ақ ұшу уақытында денсаулық жағдайына өзін-өзі бақылау және өзара бақылау бойынша дайындау жүзеге асырылады.

6. Ұшулар қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл

      196. Ұшулар қауіпсіздігі органдары қарамағында мемлекеттік авиация әуе кемелері бар мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ қызметі ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдармен өзара іс-қимылда оларға жүктелген міндеттерді шешеді.

      Ұшулар қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру мемлекеттік авиация ұшулар қауіпсіздігі органына жүктеледі.

      197. Мемлекеттік авиация ұшулар қауіпсіздігі органының басшысы:

      1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авариялық жағдай туралы жыл сайын 15 ақпанға дейін өткен күнтізбелік жыл үшін баяндайды;

      2) мемлекеттік авиация басқару органдарына авариялық жағдай туралы ақпаратты және авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі ұсынымдарды жыл сайын 20 ақпанға дейін өткен күнтізбелік жыл үшін ұсынады.

      198. Мемлекеттік авиация басқару органдары мемлекеттік авиация ұшулар қауіпсіздігі органына мыналарды:

      1) жыл сайын, 1 шілдеге және 1 желтоқсанға дейін мемлекеттік авиация басқару органдарында және авиациялық бөлімдерінде (қамтамасыз ету бөлімдерінде) ұшулар қауіпсіздігінің жай-күйін тексеру қорытындылары бойынша анықталған кемшіліктерді жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты;

      2) ай сайын:

      ағымдағы айдың 25-і күніне дейін – келесі айға арналған авиациялық бөлімдердің жоспарланған ұшу сағаты және негізгі міндеттері (ұшуларға, оларды қамтамасыз ету және ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа қатысты оқу-жаттығулар, зымырандарды іс жүзінде ұшыру, әуе кемелері топтарының ұшулары, авиациялық техника көрсетулері, жиындар, конференциялар және басқа да міндеттер), сондай-ақ ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар (осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша);

      5-і күніне дейін – өткен айдың ұшулар қауіпсіздігі жай-күйін талдау және авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі қызмет, зақымданған және қалпына келтірілген әуе кемелері, авиациялық оқиғаларды болғызбау жүйесі мен әдістемесін жетілдіру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстар, авиациялық бөлімдер (қамтамасыз ету бөлімдері) мен ұшулар қауіпсіздігі органдарының толық жабдықталу жай-күйі туралы (осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша);

      5-і күніне дейін – ұшқыштар құрамының (ұшқыш, штурман) дайындық деңгейі туралы және ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының дайындық деңгейі туралы деректер (осы Нұсқаулыққа 11-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша);

      3) апта сайын жұмаға:

      Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы әуе кемелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;

      4) күн сайын:

      сағат 8.00-ге дейін – авиация жұмыс жоспарынан үзінді-көшірмелер мен өткен тәуліктегі ұшулар нәтижелері туралы баянат, мемлекеттік авиация әуе кеңістігін пайдалану тәуліктік жоспары;

      сағат 17.00-ге дейін – кейінгі тәуліктерге арналған жоспарлы ұшу кестелері;

      ұшулар аяқталғаннан кейін (ауызша) – әуе кемелерінің істен шығуы және авиация жұмыс жоспарының орындалмауына әкеп соқтырған ұшуларды қамтамасыз етудегі кемшіліктер және авиациялық инциденттер туралы ақпаратты;

      5) дереу – авиациялық оқиғалар мен елеулі авиациялық инциденттер туралы баяндаманы ұсынады.

7. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау
бойынша іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету

      199. Ақпараттық қамтамасыз ету мыналарды:

      1) ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі ақпаратты әзірлеуді, талдауды және жеткізуді;

      2) ақпараттық материалдарды;

      3) ақпаратты жеткізу және жинау құралдарын;

      4) ақпарат корреспонденттерін және адресаттарын;

      5) ақпарат деректері банкін қамтиды.

      200. Ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері болып мыналар табылады:

      1) авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру нәтижелері туралы, анықталған қауіпті факторлар және оларды жою бойынша қабылданған шаралар немесе олардан бас тарту туралы жеткізілімдерді жинау және талдау;

      2) мемлекеттік авиация басқару органдарына, авиациялық бөлімдер мен қамтамасыз ету бөлімдеріне ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі жедел және кезеңдік ақпаратты жеткізу;

      3) мерзімді басылымдарда және бұқаралық ақпарат құралдарында ұшулар қауіпсіздігін насихаттау.

      201. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мемлекеттік авиацияның құрылымдық бөлімшелерді, ғылыми-зерттеу ұйымдарын тартумен мемлекеттік авиация ұшулар қауіпсіздігі органына жүктеледі.

      202. Ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі ақпараттық құжаттар құрылымы мыналарды қамтиды:

      1) авиациялық оқиғалар мен инциденттердің жағдайларын қысқаша мазмұндау;

      2) авиациялық оқиғалар мен инциденттердің себептерін, ұшудағы ерекше оқиғаның даму қарқынын сипаттау;

      3) істен шығуларды табу белгілерін және осы жағдайларда авиациялық персоналдың қажетті дұрыс іс-қимылын сипаттау;

      4) әуе кемелері экипаждарының, инженерлік-техникалық құрамның дұрыс (дұрыс емес) іс-қимылдарын талдау және талқылау, қызметтік құжаттар талаптарының орындалу дәрежесі;

      5) осындай оқиғалардың қайталануын болдырмау үшін қажетті шаралар туралы ұсынымдар;

      6) басшының (командирдің, бастықтың) талаптарын жеке құрамға жеткізу;

      7) оларды орындауды ұйымдастыру бойынша нұсқау.

      203. Мемлекеттік авиация басқару органына, авиациялық бөлімге, қамтамасыз ету бөліміне авиациялық оқиға (авиациялық инцидент) туралы ақпарат келіп түскен кезде, командир (бастық):

      1) ақпаратты жеке зерделейді;

      2) бағынысты органда (бағынысты бөлімде) ұшулар қауіпсіздігі бойынша істің ағымдағы жай-күйін бағалайды;

      3) көрсетілген ұсынымдарды орындау бойынша жұмыстарды орындаушыларды, негізгі бағыттарды, мазмұнын, көлемін және мерзімін анықтайды;

      4) жеке құраммен ақпаратты зерделеу уақыты мен орнын белгілейді.

      Авиациялық оқиға (авиациялық инцидент) туралы ақпарат жеке құрамға, оған қатысты бөлігінде жеткізіледі.

      204. Мемлекеттік авиация басқару органдарында әзірленетін ұшуларды ұйымдастыру, жасау және қамтамасыз ету жөніндегі құжаттардың жобалары мемлекеттік авиация ұшулар қауіпсіздігі органымен келісіледі.

      Қазақстан Республикасының

      мемлекеттік авиациясында

      авиациялық оқиғалар мен

      инциденттерді болғызбау

      жөніндегі нұсқаулыққа

  1-қосымша
  Үлгі

Жоспарланған алдын алу іс-шараларының тізбесі

Р/с

Іс-шаралар және тақырыптар атауы

Кім тартылады

Кім жүргізеді

Өткізу орны

Өткізу күні

Өткізу қорытындылары

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

1.

Мыналарға қатысу:

мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі жөніндегі конференцияға.

Басшылық құрам

Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы Ұшулар қауіпсіздігін қадағалау бас басқармасының бастығы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Астана қаласы














2.

Мыналарды өткізу:

бөлімде әдістемелік кеңестер отырыстарын:

ауа райының белгіленген минимумы кезінде ұзақ үзілістерден кейін ұшқыштар құрамын қатарға қосу кезінде ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Кеңес мүшелері

Бөлім командирі

Жоспарлау бөлмесі














3.

Арнайы сабақтар:

төмен және барынша төмен биіктіктерде ұшуларды орындау кезінде орын алған авиациялық оқиғаларды, елеулі авиациялық инциденттерді және авиациялық инциденттерді талдау.

Ұшқыштар құрамы, Ұшуларға басшылық жасау тобы

Бөлім командирі

Оқу сыныбы














4.

Авиациялық оқиғалардың мынадай себептерден:

ұшуларды ұйымдастыруда және оған басшылық жасауда бұзушылықтардың болуынан:

әуеайлақта және полигонда ұшуларға басшылық жасауда ұшуларға басшылық жасау тобының жаттыққандығын талдау;

әуеде ұшақтардың қақтығысуынан қайталануын болғызбау жөніндегі іс-шаралар

















5.

Ұшқыштар құрамын ұшудағы ерекше жағдайлардағы іс-қимылдарға даярлау.

















6.

Ұшу дайындығының жаңа түрлерін меңгеру кезінде авиациялық оқиғаларды және инциденттерді болғызбау жөніндегі шаралар.

















7.

Авиациялық оқиғаларды және авиациялық инциденттерді болғызбау бойынша жеке жаттықтырулар.

















8.

Әуеайлақты мақсатқа сәйкес техникалық қарап тексеру.

















9.

Айға, тоқсанға, жартыжылдыққа, бір жылға ұшулар қауіпсіздігінің жай-күйін талдау.

















10.

Ұшудағы ерекше жағдайлардағы іс-қимылдар бойынша ұшуларға басшылық жасау тобын тексеру.

















11.

Ерікті хабарламалар жүйесі бойынша жасырын сауалнама жүргізу.

















12.

Мыналар бойынша көмек көрсету:

ұшудағы ерекше жағдайлардағы іс-қимылдар бойынша тренаждар өткізу;

….

Ұшқыштар құрамы, Ұшуларға басшылық жасау тобы

Бөлім командирі,

авиациялық эскадрильялар командирлері

Оқу

сыныбы














13.














  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясында
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді болғызбау
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша

Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау
жөнінде ұсынылатын іс-шаралар
тізбесі

      1. Мемлекеттік авиация басқару органында:

      1)әуеде әуе кемелерінің қақтығысуларынан:

      соңғы 5 жылда авиациялық оқиғалар мен маңызды авиациялық инциденттердің талдауын әзірлеу және сабақтар жетекшісін даярлау;

      Мемлекеттік авиация авиациялық бөлімдері командалық пункттерінің аудандық Әуе қозғалысын басқару орталығымен және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің Бас командалық пунктімен тікелей байланысын қамтамасыз ету;

      2) әуе кемелерінің жергілікті жер бедерімен соқтығысуларынан:

      соңғы 5 жылдағы авиациялық оқиғалар мен маңызды авиациялық инциденттердің талдауын әзірлеу және сабақтар жетекшісін даярлау;

      әуеайлақтар аудандарында барынша төмен қауіпсіз биіктіктер есептерінің дұрыстығын нақтылау – жыл сайын;

      ұшқыштар құрамынан, ұшуларға басшылық жасау тобының адамдарынан, басқару пункттері есептоптарынан ұшулар ауданы бойынша білімін және барынша төмен қауіпсіз биіктіктер есептерінің тәртібін тексеру – жылына 1 реттен сирек емес;

      3) әуе кемесінің айналып төмен құлдилауынан және құлауынан:

      соңғы 5 жылдағы авиациялық оқиғалар мен маңызды авиациялық инциденттердің талдауын әзірлеу және сабақтар жетекшісін даярлау;

      объективті бақылау материалдары бойынша авиациялық бөлімдердің басшылық құрамының ұшуды басқару техникасының сапасын талдау – жылына 1 рет;

      ұшу-әдістемелік дағдылар деңгейін анықтау үшін нұсқаушыларды практикалық ұшуларда тексеру – жылына 1 рет;

      4) ұшудағы және қонудағы қателіктерден:

      соңғы 5 жылдағы авиациялық оқиғалар мен маңызды авиациялық инциденттердің талдауын әзірлеу және сабақтар жетекшісін даярлау;

      5) ауа-райының қауіпті құбылыстарына түсуден:

      метеорологиялық қамтамасыз ету жағдайын талдау және оның сапасын арттыру жөніндегі шаралар – айына 1 рет;

      басшылық құрамның ауа-райын дұрыс бағаламауына байланысты авиациялық оқиғалар мен маңызды авиациялық инциденттерді талдау жөнінде сабақтар өткізу – жылына 2 рет;

      6) пайдалану шектеулерін асырғаннан:

      соңғы 5 жылдағы авиациялық оқиғалар мен маңызды авиациялық инциденттердің талдауын әзірлеу және сабақтар жетекшісін даярлау;

      7) жауынгерлік қолдануды және ұшу-тактикалық оқу-жаттығуларды орындау барысындағы қателерден:

      соңғы 5 жылдағы авиациялық оқиғалар мен маңызды авиациялық инциденттердің талдауын әзірлеу және сабақтар жетекшісін даярлау;

      әуе кемелері – кедергі қоюшыларды пайдаланумен және

      ұшу-тактикалық оқу-жаттығуға дайындық кезеңінде шектеулі радиоалмасу жағдайында ұшқыштар ауысымын өткізуді ұйымдастыру;

      ұшу-тактикалық оқу-жаттығуға дайындық кезеңінде ұшқыштар құрамымен және ұшуларға басшылық жасау тобының персоналымен, басқару пункттері есептоптарымен жауынгерлік қолдануды және ұшу-тактикалық

      оқу-жаттығуларды орындау кезінде болған авиациялық оқиғалар мен маңызды авиациялық инциденттерді талдау бойынша сабақтар.

      2. Авиациялық бөлімде:

      1) әуеде әуе кемелерінің қақтығысуларынан:

      топтық ұшулар алдында авиациялық оқиғалар мен маңызды авиациялық инциденттерді талдау жөнінде семинар өткізу – жылына 2 реттен сирек емес;

      басшылық құраммен "ұшуды жерде жүріп жаттығу" көрсету тренажын өткізу – кемінде жылына 1 рет;

      алдын ала дайындық кезеңінде жоспарлық кестенің жаттығулары бойынша "ұшуды жерде жүріп жаттығу" тренажын өткізу;

      2) әуе кемелерінің жергілікті жер бедерімен соқтығысуларынан:

      ұшқыштар құрамымен, ұшуларға басшылық жасау тобының персоналымен авиациялық оқиғалар мен маңызды авиациялық инциденттердің себептерін зерделеу жөнінде семинар өткізу – оқыту кезеңінде 1 рет;

      басқару пункттерінде орнатылған радиолокациялық құралдарды пайдалану тәртібін нақтылау – жыл сайын;

      3) әуе кемесінің айналып төмен құлдилауынан және құлауынан:

      объективті бақылау материалдары бойынша авиациялық бөлімдердің басшылық ұшқыш құрамының ұшуларды басқару техникасының сапасын талдау – айына 1 рет;

      4) әуе кемесінің ауа-райының қауіпті құбылыстарына түсуінен:

      ұшқыштар құрамымен және ұшуларға басшылық жасау тобының персоналымен ауа-райы жағдайларын бағалау әдістемесі, ауа-райын барлауды және алдын ала барлауды өткізу жөнінде практикалық сабақтар өткізу – оқу кезеңінде 1 рет;

      5) әуе кемелерін пайдалану шектеулерін асырғанынан:

      әуе кемелері шектеулерін асырудан болған авиациялық оқиғалар мен маңызды авиациялық инциденттерді талдау жөнінде семинар өткізу – оқу кезеңінде 1 рет;

      6) оқу-жаттығулар барысындағы қателерден:

      ұшу-тактикалық оқу-жаттығу тақырыбына және тікелей ұшу алдында ұшулар қауіпсіздігі мәселелерін пысықтауға сәйкес лездемелер мен топтық жаттығуларды өткізу;

      ұшу-тактикалық оқу-жаттығуларға қатысатын әуе кемелерін эшелондау және қонуға кіру тәртібін айқындау;

      7) тікұшақтардың сол жақтың өздігінен айналуға түсуінен:

      ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі арнайы сабақтар – оқыту кезеңінде 1 рет;

      ұшқыштар құрамымен тренаждар – ай сайын.

      3. Авиациялық бөлім командирі орынбасарларына:

      1) әуе кемелерінің әуеде қақтығысуларынан:

      ұшудың барлық кезеңдерінде әдістемелік әзірлеулерде қауіпті жақындасулар мен қақтығысуларды болғызбау жөнінде қауіпсіздік шараларын айқындау – жыл сайын;

      2) әуе кемелерінің жергілікті жер бедерімен соқтығысуларынан:

      ұшуларға басшылық жасау тобының персоналымен биіктік өлшеуіштері мен қону жүйесінің тасымалды индикаторларын пайдалану бойынша тренаждар өткізу – алдын ала даярлық күндерінде;

      3) әуе кемесінің айналып төмен құлдилауынан және құлауынан:

      соңғы 5 жылдағы авиациялық оқиғалар мен маңызды авиациялық инциденттерді талдау жөнінде семинар өткізу – жылына 2 рет;

      практикалық есептермен әуе кемелерінің маневрлік мүмкіндіктерінің физикалық мағынасын зерделеу жөнінде сабақтар өткізу – жылына 2 рет;

      ұшқыштар құрамымен және ұшуларға басшылық жасау тобының персоналымен "Ұшқыштың (экипаждың) айналып төмен құлдилауы және иірімге құлауы кезіндегі іс-қимылы, іс-қимылдардың аэродинамикалық негіздемесі" тақырыбында семинар өткізу – тоқсанына 1 рет;

      ұшқыштар құрамымен және ұшуларға басшылық жасау тобының персоналымен "Ұшқыштың (экипаждың) пилотаж фигураларын орындау кезіндегі ауытқуларды түзету бойынша іс-қимылы, іс-қимылдардың аэродинамикалық негіздемесі" тақырыбында семинар өткізу – тоқсанына 1 рет;

      ұшқыштар құрамымен және ұшуларға басшылық жасау тобының персоналымен "Ұшқыштың (экипаждың) кеңістік бағдарын жоғалтуы кезіндегі іс-қимылы, аспаптар бойынша қонуға кіру кезінде ауытқуларды түзетулер іс-қимылдарының аэродинамикалық негіздемесі" тақырыбында семинар өткізу – тоқсанына 1 рет;

      4) әуе кемелерінің ауа-райының қауіпті құбылысына түсуінен:

      әдістемелік сұлбаларда ауа-райын барлауды өткізу тәртібін нақтылау, әрбір тапсырма үшін метеоэлементтердің шектес мағыналарын айқындау – жылына 1 рет;

      метеорологиялық аспаптардың жай-күйін тексеру – тоқсанына 1 рет;

      ұшуларға басшылық жасау тобының персоналымен ауа-райының нашарлауы кезіндегі іс-қимылдар бойынша кешенді тренаждар өткізу – алдын ала даярлау күнінде, айына 1 рет;

      5) ұшудағы және қонудағы қателерден:

      соңғы 5 жылда ұшудағы және қонудағы қателерден болған авиациялық оқиғалар мен маңызды авиациялық инциденттерді талдау жөнінде сабақтар өткізу – жылына 1 рет;

      ұшқыштар құрамымен және ұшуларға басшылық жасау тобының персоналымен "Ұшқыштың (экипаждың) ұшудағы және қонудағы ауытқуларды түзету кезіндегі іс-қимылы, іс-қимылдардың аэродинамикалық негіздемесі" тақырыбында семинар өткізу – тоқсанына 1 рет;

      6) әуе кемелерін пайдалану шектеулерін асырғаннан:

      әуе кемелерін пайдалану шектеулерінің физикалық мәнін білуі бойынша сабақтар өткізу және сынақтар қабылдау – кезеңде 1 рет;

      авиациялық техниканы жерде және әуеде пайдалану дұрыстығын объективті бақылау материалдары бойынша талдау және бағалау – ұшқыштар ауысымынан кейін;

      авиациялық техникада фонарьларды жабу бойынша тренаждар өткізу – парктік күндері.

      4. Авиациялық бөлім қызметтерінің бастықтарына:

      1) әуе кемелерінің әуедегі қақтығысуларынан:

      ұшуларға басшылық жасау тобының персоналынан және басқару пункттерінің есептоптарынан эшелондау қағидалары бойынша сынақтар қабылдау – жылына 2 рет;

      ұшуларға басшылық жасау тобының персоналымен, басқару пункттерінің есептоптарымен эшолондау бойынша тренаждар өткізу – ай сайын;

      биіктік өлшеуіштерінде әуе кемелерінің түзетулерін есепке алуын бақылау;

      радиолокациялық станциялардың айнала шолу индикаторларында белгіленген әуе трассаларының эшелондарын түсіру;

      ұшуларға басшылық жасау тобының персоналымен қонуға кіру үшін әуе кемелерінің ағындарын құру жөнінде тренаждар өткізу – әрбір ұшу алдында;

      2) әуе кемелерінің жергілікті жер бедерімен соқтығысуларынан:

      ұшқыштар құрамымен және ұшуларға басшылық жасау тобының персоналымен таулы жерлерде ұшулар кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша семинар өткізу – жылына 2 рет;

      планшеттер мен айнала шолу индикаторларына барынша төмен қауіпсіз биіктіктер секторларын түсіру;

      радиолокациялық станциялардың жабу секторлары сұлбаларының болуын тексеру;

      3) жауынгерлік қолдану және ұшу-тактикалық жаттығуларды орындау барысындағы қателерден:

      ұшқыштар құрамымен, басқару пункттері есептоптарымен және ұшуларға басшылық жасау тобының персоналымен оқу-жаттығуларда және жауынгерлік даярлықты тексерулерде ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқауларды зерделеу;

      5. Авиациялық эскадрильялар командирлеріне:

      1) әуе кемелерінің әуеде қақтығысуларынан:

      қателер жіберген ұшқыштарды айқындау, жаттыққандықты анықтау, одан әрі әдістемелік кеңесте баяндаумен топтық ұшуларда барынша ұзақ үзілістерді белгілеу – жылына 1 реттен жиі емес;

      топтық ұшулар қағидалары бойынша сынақтар қабылдау – жылына 2 рет;

      алдын ала даярлықта және ұшулар алдында жетекшіні жоғалту кезінде сақ болу тәртібі мен дұрыс іс-қимылдар жөнінде тренаждар өткізу;

      2) әуе кемелерінің жергілікті жер бедерімен соқтығысуларынан:

      ұшқыштар құрамынан көзбен ұшу қағидалары және аспаптар бойынша ұшуға ауысу тәртібі бойынша сынақтар қабылдау – жылына 2 рет;

      3) әуе кемесінің айналып төмен құлдилауынан және құлауынан:

      құлдилау және терең спиральдар белгілерін анықтау және бұл реттегі іс-қимылдар жөнінде тренаждар өткізу – алдын ала даярлық күндері;

      әуе кемелерінің тұрақтылығы және оларды басқару ерекшеліктері жөнінде семинар өткізу – жылына 2 рет;

      кейіннен әдістемелік кеңесте баяндаумен ұшқыштар құрамының объективті бақылау материалдары бойынша күрделі (жоғарғы) пилотажды орындауда жаттыққандығын бағалау – жылына 1 рет.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясында
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді болғызбау
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша

Әзірленетін құжаттар мен өткізілетін іс-шаралар
тізбесі

Р/с №

Құжаттың, іс-шараның атаулары

Әзірлеу жиілігі (өткізу)

Әзірлеу үшін негіздеме

жыл

кезең

тоқсан

ай

Мемлекеттік авиация басқару органдарында

1.

Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау бағдарламасы.

+










Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі нұсқаулық (бұдан

әрі – Нұсқаулық)

2.

Ұшулар қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі әскери кеңес.

+










Басшы нұсқауы

3.

Лауазымды адамдардың авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау бойынша ұйымдастырушылық рөлін бағалауы бар бұйрық.

+










Басшы нұсқауы

4.

Ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі конференция.

+










Басшы нұсқауы

5.

Ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі әдістемелік кеңес.

+










Басшы нұсқауы

6.

Ұшулар қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі әдістемелік кеңестер материалдары.

+










Басшы нұсқауы

7.

Ұшулар қауіпсіздігінің

жай-күйін бағалау жөнінде қорытындылар шығару бөлімі.




+







Басшы нұсқауы

8.

Авиациялық инциденттерді талқылау (талдау).







+




Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)

9.

Авиациялық техника сенімділігін кезең-кезеңімен талдау.







+




Нұсқаулық

10.

Ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі көрсетілетін сабақтар материалдары.

+










Нұсқаулық

11.

Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі

іс-шаралар жоспары.










+

Нұсқаулық

Авиациялық бөлімдерде

1.

Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау бағдарламасы.

+










Нұсқаулық

2.

Ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі конференция (авиациялық бөлімде).

+










Нұсқаулық

3.

Ұшулар қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі әдістемелік кеңестердің материалдары.







+




Нұсқаулық

4.

Ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі арнайы сабақтар.










+

Нұсқаулық

5.

Авиациялық инциденттерді талқылау (талдау).










+

Қағидалар

6.

Авиациялық техника сенімділігін кезең-кезеңімен талдау.







+




Нұсқаулық

7.

Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі

іс-шаралар жоспары.










+

Нұсқаулық

8.

Объективті бақылау материалдары бойынша ұшу тапсырмаларының сапалы орындалуын талдау.

+




+

+

Нұсқаулық

9.

Бөлім командирінің авиациялық инциденттерді тексеру нәтижелері жөніндегі бұйрықтары.










+

Қағидалар

Қамтамасыз ету бөлімдерінде (бөлімшелерінде)

1.

Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау бағдарламасы.

+










Нұсқаулық

2.

Ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі арнайы сабақтар.










+

Нұсқаулық

3.

Авиациялық инциденттерді талқылау.










+

Қағидалар

4.

Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі

іс-шаралар жоспары.










+

Нұсқаулық

5.

Бөлім командирінің авиациялық инциденттерді тексеру нәтижелері жөніндегі бұйрықтары.










+

Қағидалар

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясында
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді болғызбау
жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша

      Үлгі

______________________ әскери бөлімінің ұшулар қауіпсіздігі

      әскери бөлімнің нөмірі

жай-күйінің және авиациялық оқиғалар мен инциденттерді
болғызбау жөніндегі қызметтің талдауы

      (20__ жылғы ____________)

      есеп айы

      1. Жоспарланған және орындалған ұшу ауысымдары мен ұшулардың саны

Р/с №

Атауы

Жоспарланды

Орындалды

Орындалу %

Орындалмау себептері

1.

Ұшу ауысымдары, олардың ішінде:





Күндіз, қарапайым метеорологиялық жағдай





Күндіз, күрделі метеорологиялық жағдай





Түнде, қарапайым метеорологиялық жағдай





Түнде, күрделі метеорологиялық жағдай





2.

Ұшулар, олардың ішінде:





Күндіз, қарапайым метеорологиялық жағдай





Күндіз, күрделі метеорологиялық жағдай





Түнде, қарапайым метеорологиялық жағдай





Түнде, күрделі метеорологиялық жағдай






      Ескертпе:

      Ұшу ауысымдары мен ұшуларды орындамау себептері ұшуларды болдырмау туралы нұсқаудың күні мен нөмірін көрсетумен мәтінмен бірдей мазмұндалсын.

      2. Орындалған ұшу уақыты

Р/с №

Ұшу уақыты түрі

Жоспарланды

Орындалды

Орындалу %

Ескертпе

1.

Жалпы ұшу уақыты, соның ішінде:





2.

Оқу-жауынгерлік даярлыққа





3.

Өзара іс-қимылда





4.

Тасымалдауға





5.

Күніне барлығы





6.

Күндіз, күрделі метеорологиялық жағдай





7.

Бұлтты күні





8.

Түнде барлығы





9.

Түнде, күрделі метеорологиялық жағдай





10.

Бұлтты түні





11.

Түнгі бүркеу асты





12.

Күндізгі бүркеу асты





13.

Нұсқаушылық





14.

Курсанттарды дайындау





15.

Тренажерда





.


      3. Даярлық түрлері бойынша ұшу уақыты

Р/с №

Ұшу дайындығы түрі

Ұшулар саны

Ұшу уақыты

Ескертпе

1.

Ұшуды басқару техникасы




2.

Әуе навигациясы




3.

Жауынгерлік қолдану




4.

Ұшу-тактикалық даярлық




.


      4. Жауынгерлік қолдануға ұшулар саны

Р/с №

Жауынгерлік қолдану түрі

Жауынгерлік қолдануға ұшулар саны

Сыналмаған жауынгерлік қолдану себептері

Барлығы

Олардың ішінде

Сынақ

Сынақсыз (қанағаттанарлықсыз)

1.

Бомба лақтыру





2.

Зымырандарды ұшыру (басқарылатын зымырандар/басқарылмайтын зымырандар)





3.

Радиолектрондық күрес құралдарын қолдану





4.

Фото атулар





5.

Парашютшілердің десантталуы





.


      5. Ұшудың есептік режімдерінен ауытқулар (жауынгерлік даярлық курстары (ұшу даярлығы курстары) нормативтері шегінен шыққан қанағаттанарлықсыз бағаға) және ұшқыштар құрамының ұшу тапсырмаларын (саны) орындау кезіндегі қате іс-қимылдары және олардың себептері (себептердің негіздемесі):

      1) ұшу даярлығы түрлері бойынша

Ұшуды басқару техникасы

Әуе навигациясы

Жауынгерлік қолдану

Ұшу-тактикалық даярлық






      2) ұшқыштар құрамының сыныптық біліктілігі бойынша

Снайпер

1-сынып

2-сынып

3-сынып

Сыныпсыз







      3) ұшулар кезеңдері бойынша

Ұшуда

Биікке көтерілу

Ұшуды басқару техникасы

Бағдар бойынша

Әуе нысаналары бойынша жауынгерлік қолдану

Жерүсті нысаналары бойынша жауынгерлік қолдану

Шеңбер бойынша ұшу (жүйеде)

Қонуға беттеу

Қонуда

Барлығы












      4)радиобайланыс бойынша – мәтінмен бірдей.

      5) қате іс-қимылдарды қысқаша талдау – мәтінмен бірдей.

      6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанттарын ұшуда оқытып-үйретуді талдау:

      1) жерүсті даярлығы және ұшу даярлығы мерзімдері, курсанттардың, ұшқыштар топтарының саны;

      2) ұшулардың авиациялық техникамен, ұшуларды қамтамасыз етудің жерүсті құралдарымен қамтамасыз етілуі;

      3) ұшқыш-нұсқаушы құрам дайындығының болуы және деңгейі;

      4) курсанттарды оқытудағы кемшіліктер мен олқылықтар (басшылық құжаттарды бұза отырып, ұшқыш-нұсқаушы құрам курсанттарын оқытып-үйретуге жіберу жағдайлары, ұшуды оқытып-үйрету әдістемесіндегі кемшіліктер, курсанттарды ұшу керек-жарағымен жабдықтаудағы кемшіліктер);

      5) ұшу даярлығын орындауды талдау (ұшулар саны, курсанттар жол берген тән ауытқулар мен қателіктер, курсанттар жасаған авиациялық инциденттер, курсанттарды ұшулардан шеттету себептері немесе ұшуды оқытып-үйретуді тоқтату).

      7. Инженерлік-авиациялық қамтамасыз етуде ұшулар қауіпсіздігінің жай-күйін талдау:

      1) авиациялық техникада орындалған жұмыс түрлері

Авиациялық техника түрі

Регламенттік жұмыстар

Ұшуларға дайындық

Парктік күндер

Маусымдық қызмет көрсетуге ауысу бойынша жұмыстар

Сақтау бойынша жұмыстар

Түрі

Саны

Алдын ала

Ұшу алды

Қайталап ұшуға

Ұшудан кейін





















      2) авиациялық қозғалтқыштарды ауыстыру (қашан, себебі, негіздеме, ескертулер мен нәтижелер);

      3) мақсатқа сәйкес қарап тексерулер және тексерулер (қандай, қашан, негіздеме, ескертулер мен нәтижелер);

      4) кезеңдік жұмыстар (қандай, қашан, ескертулер мен нәтижелер);

      5) әскери жөндеу (қандай, қашан, себебі, ескертулер мен нәтижелер);

      6) өнеркәсіп бюллетеньдері бойынша жұмыстар (қандай, қашан, негіздер, ескертулер мен нәтижелер);

      7) авиациялық техникада анықталған істен шығулар мен ақаулықтар

Р/с №

Әуе кемесінің түрі (борттық №)

Істен шығу күні және жұмыс түрі

Істен шығулар (жағдай) сипаттамасы

Себебі

Кінәлілік және салдар

Күні және жою тәсілдері








      8) авиациялық техниканың, тренажерлардың жұмыс істеуі

Әуе кемесінің түрі

Істен шығулар саны

Орындалған жұмыс көлемі

Жалпы

Әуеде

Авиациялық инцидент

Елеулі авиациялық инцидент

Жалпы

Әуеде

Бір істен шығуға

Бір авиациялық инцидентке

Бір елеулі авиациялық инцидентке






















      9) істен шығулар мен ақаулықтардан сақтандыру бойынша алдын алу іс-шаралары;

      10) авиациялық жою құралдарын қолдану және оларда орындалған жұмыстар

Авиациялық жою құралдарының түрі

Қолдану саны

Орындалған жұмыстар

Регламенттік жұмыстар

Қолдануға дайындық

Маусымдық қызмет көрсету

Түрі

Саны




















      11) инженерлік-авиациялық қызмет мамандарының технологиялық тәртіп бұзушылықтары:

Р/с №

Күні және авиациялық техникадағы жұмыс түрі

Бұзушылыққа жол берген маманның лауазымы, әскери атағы, тегі А.Ә. (бар болған жағдайда)

Бұзушылықтың, себептің және салдардың сипаттамасы

Бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар және кінәлілерді жазалау











      12) инженерлік-техникалық құрам өткізген немесе ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі инженерлік-авиациялық қызмет мамандарын тартумен өткізілген басқа да іс-шаралар;

      13) инженерлік-авиациялық қатынаста ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерді талап ететін мәселелер.

      8. Ұшуларды инженерлік-әуеайлақтық қамтамасыз етуде ұшулар қауіпсіздігінің жай-күйін талдау

Р/с №

Күні

Ұшуларды жерүсті қамтамасыз ету құралдарының істен шығулары, оларды пайдалану кезінде персонал жол берген бұзушылықтар мен олқылықтер

Себебі





      1) ұшуларды инженерлік-әуеайлақтық қамтамасыз ету бойынша бұзушылықтар мен олқылықтардан болған авиациялық инциденттер;

      2) әуеайлақты ұстауда және ұшуларға дайындауда жіберілген бұзушылықтар;

      3) авиациялық отынды қабылдауды, сақтауды және сапасын бақылауды ұйымдастырудағы кемшіліктер;

      4) зарядты аккумуляторлық станциялардың жұмысындағы кемшіліктер (олқылықтар);

      5) әуеайлақта автокөліктің, ұшуларды жерүсті қамтамасыз ету құралдарының және жаяу жүргіншілердің қозғалысын ұйымдастырудағы бұзушылықтар;

      6) әуеайлақты және әуе қозғалысын басқару объектілерін электрмен қамтамасыз етудегі бұзушылықтар (олқылықтар);

      7) әуеайлақ жабындарының техникалық жай-күйі туралы мәліметтер

Жабын элементінің атауы

Техникалық жай-күйі

Жалпы алаңы

Бар ақаулар

Ақаулар көлемі (м2, м3, ұз.бойы.м)

Жүргізілген жұмыс түрлері (ауыстыру, жөндеу, құю және т.б.)

Жұмыс көлемі (м2, м3, ұз.бойы.м)

Жасанды жабыны бар ұшу-қону жолағы







Магистральды жүру жолы







1,2,3,4-жүру жолдары







Тұрақ орны







Орталық май құю орнының орналасуы







Топырақты ұшу-қону жолағы







Бақылау-жуу пункті







Кіреберіс автомобиль жолдары








      Ескерту.

      Бағандар әрбір жабын элементі бойынша жеке толтырылады.

      9. Ұшулар қауіпсіздігі, байланыс және ұшуларды радиотехникалық құралдармен қамтамасыз ету жай-күйін талдау

Р/с №

Күні

Байланыс және ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының істен шығулары, ақаулықтары, персоналдың оларды пайдаланудағы бұзушылықтары мен олқылықтары

Себебі





      1) ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз етудің жай-күйі (ұшудың радиотехникалық құралдарының бар болуы, жабдықталуы, соңғы рет тексерілген күні және айналып ұшу);

      2) ұшуларды қамтамасыз ету үшін ұшуда пайдаланылмаған байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын қолдану;

      3) басқару пункттеріндегі ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының жұмыс орындарын жабдықтаудағы және оларды пайдаланудағы бұзушылықтар;

      4) әуеайлақта байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын үлгілік сұлбадан ауытқулармен өрістету;

      5) байланыс және радиотехникалық қамтамасыз етумен ұшуларды қамтамасыз ету бойынша бұзушылықтар мен олқылықтардан болған авиациялық инциденттер.

      10. Метеорологиялық және орнитологиялық қамтамасыз етуде ұшулар қауіпсіздігінің жай-күйін талдау:

      1) ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету техникалық құралдарының жай-күйі (техникалық құралдардың бар болуы, жабдықталуы, соңғы рет тексерілген күні);

      2) ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз ету бойынша бұзушылықтар (әуеайлақта құстарды үркітудің активті, пассивті, акустикалық және биоакустикалық құралдарының болмауы, әуе кемелерінің құстармен соқтығысуы, әуеайлақ ауданында құстардың шоғырлану орындарының болуы);

      3) ауа райы болжамдарындағы қателіктер және ұшуларға басшылық жасау тобы персоналын және ұшқыштар құрамын ауа-райының қауіпті құбылыстары туралы уақтылы хабардар етпеу;

      4) ұшуларды метеорологиялық және орнитологиялық қамтамасыз ету бойынша бұзушылықтар мен олқылықтардан болған авиациялық инциденттер;

      5) басшылық ұшқыштар құрамы мен ұшуларға басшылық жасау тобы персоналы тарапынан метеорологиялық жағдайларды елемеу, әуе кемелерінің экипаждарын олардың даярлық деңгейіне және ұшу тапсырмаларын орындау сипатына сәйкес келмейтін метеожағдайларда ұшуға жіберу;

      6) ауа-райын радиолокациялық және әуеден барлау жүргізуді қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру, әуе кемелерінің ұшқыштар экипаждарынан ауа райы туралы объективті емес ақпарат;

      7) әуеайлақтың метеорологиялық тұрғыдан техникалық жабдықталуының белгіленген ауа райы минимумына сәйкес келмеуі.

      11. Ұшулар қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету жай-күйін талдау:

      1) ұшқыштар құрамының денсаулық жағдайы;

      2) ұшуларды медициналық қамтамасыз ету бойынша талаптарды бұзу жағдайлары (ұшқыштар құрамының және ұшуларға басшылық жасау персоналының ұшу алды демалу режімін бұзуы, ұшуларды орындау уақытында авиациялық персоналдың денсаулық жағдайының нашарлауы, ұшқыштар құрамы мен ұшуларға басшылық жасау тобының демалысаралық кезеңі мерзімдерін бұзуы, дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясы, тереңдетілген медициналық қарап тексеру мерзімдерінің өтуі);

      3) ұшуларды медициналық қамтамасыз ету бойынша бұзушылықтар мен олқылықтардан болған авиациялық инциденттер.

      12. Авиациялық инциденттерді тексеру материалдары.

      13. Ұшулар қауіпсіздігі бойынша арнайы сабақтар (күні, тақырыбы, қаралатын мәселелер, сабақ жетекшісі, тартылатын ұшқыштар және инженерлік-техникалық құрамның санаты).

      14. Шешуді талап ететін ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері.

      15. Ақшалай қаражаттың жеткіліксіз бөлінуінен ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шешілмеген мәселелері.

      16. Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұшқыштар құрамының, ұшуларға басшылық жасау тобының персоналы мен жерүсті мамандарының білікті кәсіби іс-қимылдарының оң мысалдары.

      17. Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бұдан бұрын анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар мен нұсқауларды орындау тиімділігі.

      18. Бөлімнің басшылық құрамының авиациялық оқиғаларды болдырмау жөніндегі қызметін бағалау.

      19. Бөлімде авиациялық оқиғаларды болдырмау жүйесі мен әдістемесін жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар.

      _________________________ әскери бөлімінің командирі

      әскери бөлім нөмірі

      ____________________ __________________________________

      әскери атағы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясында
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді болғызбау
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша

Ұшуларды басқару мен әуе қозғалысын ұйымдастырудағы
қауіпті факторлардың ықпал етуін болдырмау (оқшаулау)
үшін өткізілетін негізгі іс-шаралар
тізбесі

Қауіпті факторлар

Қауіпті факторларды болдырмау үшін өткізілетін негізгі іс-шаралар

1. Белгіленген тәртіпті және ұшуларды басқару қағидаларын (әуе қозғалысына қызмет көрсету) сақтаудағы бұзушылықтар (олқылықтар).

1. Арнайы уәкілетті органның мемлекеттік авиация авиациялық персоналы қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы.

2. Тікұшақтар ұшуларын, әуеайлақтан тыс ұшулар мен ұшуларды ұйымдастыру ерекшелігін ескере отырып, белгіленген тәртіпті және ұшуларды басқару ережесін (әуе қозғалысына қызмет көрсету) сақтауына үлкен авиациялық бастықтар (тексерушілер) тарапынан ұдайы бақылау.

3. Командирлердің (бастықтардың, тексерушілердің) ұшулар үдерісінде белгіленген тәртіп пен ұшуларды басқару ережесін (әуе қозғалысына қызмет көрсету) сақтауда бұзушылықтарды (олқылықтарды) анықтаған жағдайда олар ұшуларды шектеуге немесе тоқтатуға шешім қабылдауға міндетті.

2. Әуе қозғалысын басқару органдары ұшуларға басшылық жасау тобының лауазымды адамдарының ұшуларды басқаруға жеке даярлығы кезіндегі немқұрайлылығы.

1. Ұшуларға басшылық жасауға дайындалмаған мамандарды жіберуді болдырмау мақсатында әуе қозғалысын басқару органдары ұшуларға басшылық жасау тобының лауазымды адамдары дайындығын жан-жақты бақылауды ұйымдастыру, кезекші ауысымдарға нұсқау беруді және олардың жұмысына талдауды жүргізу.

2. Әзірлікті бақылауда олардың жеке даярлығында кемшіліктерді айқындаған кезде әуе қозғалысын басқару органдары ұшуларға басшылық жасау тобының лауазымды адамдарына ұшуларды басқару дайындығына қосымша уақыт беру немесе ұшуларды басқарудан (әуе қозғалысын басқарудан) шеттету.

3. Әуе қозғалысын басқару органдары ұшуларға басшылық жасау тобы лауазымды адамдарының жеткіліксіз кәсіби даярлығы.

1. Ұшуларға басшылық жасау тобы мен әуе қозғалысын басқару органдары кезекші ауысымдарының лауазымды адамдарының арнайы даярлығы, қажет болған кезде ұшуларды басқаруға (әуе қозғалысын басқаруға) сертификаты (куәлігі) және тиісті рұқсатнамасы болуы керек.

2. Әуе қозғалысын басқару бойынша жаңа кешендерді меңгеру және кәсіби даярлығын арттыру мақсатында әуе қозғалысын басқару органдары ұшуларға басшылық жасау тобының лауазымды адамдары кезең-кезеңімен немесе қажеттілігі бойынша даярлық орталықтарында (оқу орындарда) арнайы курстарда оқудан өтулері тиіс.

3. Мемлекеттік авиация басқару органдарында, авиациялық әскери оқу орындарында және авиациялық бөлімдерде білімді тексеру және олардың кәсіби даярлығын арттыру мақсатында жыл сайын ұшуларға басшылық жасау тобының барлық лауазымды адамдарымен (әуе қозғалысын басқару органдарының мамандарын тартумен) жиындар (арнайы сабақтар) өткізіледі.

Жиындарды өткізу нәтижелері бойынша ұшуларға басшылық жасау тобы адамдарының кәсіби даярлық бойынша кемшіліктерін және оларды жою мерзімдерін көрсетумен, сынақтар тапсыру нәтижелері бойынша оларды ұшуларға басшылық жасауға жіберу туралы тиісті командирлердің (бастықтардың) бұйрықтары шығарылады.

4. Жаттықтыруды өткізу үшін сандық оқу-жаттығу тренаждарын (тренаждарды) пайдалану. Басқару пункттерінің жұмыс орындарын автоматтандырылған басқару құралдарымен жабдықтау.

5. Әуе қозғалысын басқару органдары ұшуларға басшылық жасау тобы лауазымды адамдарының жаттыққандығы деңгейіне ұдайы бақылауды ұйымдастыру, ұшуларды басқаруда (әуе қозғалысын басқаруда) үзілістердің болмауы, даярлықтың нақты деңгейін ескере отырып, белгіленген мерзімдерден асатын үзілістер кезінде әуе қозғалысын басқару органдары ұшуларға басшылық жасау тобының лауазымды адамдарын (әуе қозғалысын басқару органдары) ұшуларды басқаруға (әуе қозғалысын басқаруға) жіберуде әдістемені қатаң сақтау.

4. Әуе қозғалысын басқару органдары ұшуларға басшылық жасау тобы лауазымды адамдарының өзара

іс-қимылындағы бұзушылықтар (олқылықтар).

1. Әуе қозғалысын басқару органдары орталықтарының әскери және азаматтық секторларының өзара іс-қимыл тәртібі әуе қозғалысын басқару органдары орталықтарының әскери және азаматтық секторлары кезекші ауысымдары лауазымды адамдарының өзара және қызметі әуе кеңістігін пайдаланумен байланысты басқа да органдармен өзара іс-қимылы жөніндегі нұсқаулықпен анықталады.

2. Орталықтың әскери және азаматтық секторларының кезекші ауысымдары жалпы залда орналасуы тиіс.

Ұшудың әртүрлі кезеңдерінде әуе кемелері экипаждарын басқару, ұшуда ерекше (апаттық) жағдайлардың туындауы, ұшуларды басқару құралдарының толық немесе ішінара істен шығулары кезінде әуе қозғалысын басқару органдары ұшуларға басшылық жасау тобы лауазымды адамдарының өзара іс-қимылын ұйымдастыру бойынша кезеңдік тренаждарды (жаттықтыруларды) ұйымдастыру және өткізу.

5. Жұмыс қабілетінің төмендеуі салдарынан әуе қозғалысын басқару органдары ұшуларға басшылық жасау тобы лауазымды адамдарының бұзушылықтары (олқылықтары немесе қателіктері).

1. Әуе қозғалысын басқару органдары ұшуларға басшылық жасау тобының лауазымды адамдарын жыл сайынғы міндетті медициналық куәландыру, ұшу алды даярлық кезеңінде медициналық тексеруден өту.

2. Ұшулардың жоспарлы кестелерін әуе қозғалысын басқару органдары ұшуларға басшылық жасау тобының лауазымды адамдарына жүктемелердің олардың кәсіби даярлығы деңгейіне сәйкестігіне (сағат бойынша ұшулар қарқындылығы, бірдей уақытта басқарудағы әуе кемелері экипаждарының саны, ұшу тапсырмаларының сипаты

және т.б.) талдау.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясында
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді болғызбау
жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша

Ұшуларды штурмандық қамтамасыз етудегі қауіпті факторлардың ықпал етуін (оқшаулауды) болдырмау үшін өткізілетін негізгі іс-шаралардың тізбесі

Қауіпті факторлар

Қауіпті факторларды болдырмау үшін өткізілетін негізгі іс-шаралар

1. Әуе кемесінің жер (су) бетімен және олардағы кедергілермен соқтығысы

1) әуе кеңістігін пайдалану тәртібі мен ережесін бұзу;

2) ұшқыштар құрамының ұшулар ауданын, ұшулар ауданындағы жергілікті жер бедерін, қауіпсіз биіктіктерді есептеу әдістемесін, төмен және барынша төмен биіктіктерде, таулы жерде ұшуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік шараларын нашар білуі;

3) әуе кемесі экипажы мүшелерінің ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етудің борттық жүйелерін, радиобиіктік өлшеуіштерді пайдалану әдістемесін бұзуы;

4) ұшулардың қауіпсіз биіктігін айқындау кезінде есептеулердегі қателер;

5) барометрлік биіктік өлшеуіштердің жиынтық түзетулерін есепке алудың бірыңғай әдістемесін бұзу;

6) ұшуға метеорологиялық ауа-райы болжамын елемеу;

7) әуе кемелерінің ұшуы мен қонуы үшін әуеайлақтардың минимумын айқындау әдістемесін бұзу;

8) қонуға кіруді орындау кезінде әуеайлақ ауданында белгіленген төмендеу сұлбасын бұзу;

9) биік таулы әуеайлаққа қонуды орындау кезінде барометрлік аспаптарды пайдалану әдістемесін нашар білу;

10) төмен және барынша төмен биіктікте ұшуға дайындықты ұйымдастыруды орындау кезінде нормативтік құжаттар талаптарының бұзылуы;

11) төмен және барынша төмен биіктіктерде, таулы жерде ұшуларды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу.

1) әуе кемелерінің жергілікті жер бедерімен соқтығысынан авиациялық оқиғалар мен авиациялық инциденттерді жүйелі талдау;

2) ұшқыштар құрамының ұшулар ауданын, ұшулар ауданындағы жергілікті жер бедерін, ұшудың қауіпсіз биіктіктерін есептеу әдістемесін, төмен және барынша төмен биіктікте, таулы жерде ұшуларды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын білуін жүйелі тексеру;

3) ұшқыштар құрамымен, ұшуларға басшылық жасау тобының адамдарымен, полигондарда ұшулар басшыларымен және басқару пункттері кезекші ауысымымен ұшу биіктіктерін белгілеу және берілген биіктікті ұстау тәртібі бойынша семинарлар өткізу;

4) ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етудің борттық жүйелерін, радиобиіктік өлшеуіштерді пайдалану тәртібі бойынша кешенді тренаждар жүргізу;

5) әуе кемелерінің жер (су) бетіндегі кедергілермен соқтығысуы қаупінің туындауына ықпал ететін ұшудың метеорологиялық жағдайын зерделеу бойынша сыныптық-топтық сабақтар өткізу;

6) ұшуларға басшылық жасау тобы адамдарымен, полигондарда ұшулар жетекшілерімен және басқару пункттері есептоптарымен оқу-жаттығулар, жеке және кешенді жаттықтырулар өткізу кезінде штурмандық есептерді орындау дағдыларын қалыптастыру (жетілдіру);

7) белгіленген ұшу биіктіктері мәндері мен аэронавигациялық ақпарат құжаттарында басылған қонуға кіруге арналған төмендеу сұлбаларының басшылық құжаттар талаптарына сәйкестігін бақылау;

8) барометрлік биіктік өлшеуіштер үшін жиынтық түзетулерді есепке алуды ұйымдастыру және бақылау;

9) әуеайлақ ауданында және әуеайлақ аймақтарында бағыт бойынша ұшудың қауіпсіз биіктіктерін есептеу әдістемесінің сақталуын бақылау;

10) төмен және барынша төмен биіктіктерде, таулы жерде ұшуларды орындау кезінде жеке құрамның қауіпсіздік шаралары білімін бақылау.

2. Әуеде әуе кемелерінің қауіпті жақындаулары мен соқтығысы

1) әуеде ұшақтарды эшелондау тәртібін айқындайтын нормативтік құжаттар талаптарының бұзылуы;

2) әуеайлақ ауданының әуе кеңістігі құрылымы элементтерінің өзара орналасу параметрлері белгіленген нормативтік құжаттарды бұзу;

3) әуе қозғалысын басқару органдары кезекші ауысымдарының қате іс-қимылдары;

4) авиациялық техниканың істен шығуынан, ұшу жағдайларының өзгеруінен және навигациядағы өрескел қателіктерден әуе кемесі экипажының берілген бағыттан, режімнен және ұшу бейінінен әдейі ауытқуы;

5) жауынгерлік тәртіпте ұшулардың белгіленген параметрлерінің бұзылуы;

6) топтық ұшуларды орындауда жеткіліксіз жаттыққандық;

7) топтық ұшуларды орындау кезінде әуе кемесі экипажының қауіпсіздік шараларын бұзуы.

1) әуе кемелерінің қауіпті жақындаулары мен соқтығыстарынан болатын авиациялық оқиғалар мен авиациялық инциденттерді кезең-кезеңімен талдау;

2) ұшқыштар құрамының жаттықққандығы деңгейін бақылау және топтық ұшуларды орындау дағдысын уақтылы қалпына келтіру;

3) ұшқыштар құрамының, ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының, полигондардағы ұшулар жетекшілерінің және басқару пункттері кезекші ауысымдарының эшелондау қағидаларын білуін бақылау;

4) ұшқыштар құрамының, ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының, полигондардағы ұшулар жетекшілерінің және басқару пункттері кезекші ауысымдарының топтық ұшуларды орындау қағидалары бойынша білімін бақылау;

5) топтық ұшудың әртүрлі кезеңдерінде сақтық таныту сұлбасын әзірлеу және енгізу;

6) әуеайлақ ауданының әуе кеңістігі құрылымы элементтерінің өзара орналасуы параметрлерін бақылау. Аэронавигациялық ақпарат құжаттарына уақтылы өзгерістер енгізу;

7) ұшқыштар құрамына, ұшуларға басшылық жасау тобы персоналына, полигондардағы ұшулар жетекшілеріне және басқару пункттері кезекші ауысымдарына топтық ұшуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік шараларын жеткізу.

3. Ұшуда отынның толық жануы

1) әуе кемелерінің жету бойынша мүмкіндіктерін айқындау кезінде штурмандық есепті орындаудағы қателер;

2) ұшулар бағытында метеорологиялық жағдайдың іс жүзіндегі деректері бойынша инженерлік-штурмандық есепті нақтылаусыз ұшу;

3) әуе кемесі экипажының ұшудағы отын шығынын бақылау әдістемесін бұзуы;

4) қосалқы әуеайлаққа кету үшін қажетті отынның ең аз қалдығын айқындауда әуе кемесі экипажының қателіктері;

5) әуе кемесі экипажын ұшуға (ұшып өтуге) штурмандық даярлауды формальды бақылау;

6) ұшқыштар құрамының, ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының, полигондардағы ұшулар жетекшілерінің және басқару пункттері кезекші ауысымдарының әуе кемелері экипаждарын қосалқы әуеайлақтарға бағыттау кезіндегі қате іс-қимылдары.

1) отынның толық жануынан немесе отынның апаттық қалдығы бар әуе кемелерін қондырудан болған авиациялық оқиғалар мен авиациялық инциденттерді жүйелі талдау;

2) ұшқыштар құрамымен, ұшуларға басшылық жасау тобы персоналымен, полигондардағы ұшулар жетекшілерімен және басқару пункттері кезекші ауысымдарымен ұшудағы отын шығынын есептеу (бақылау) бойынша кешенді тренаждар жүргізу;

3) ұшқыштар құрамының, ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының, полигондардағы ұшулар жетекшілерінің және басқару пункттері кезекші ауысымдарының шығу деректерін және әуе кемелерінің жету бойынша мүмкіндіктерін және әуедегі кезекшілігі уақытын айқындау әдістемесі бойынша білімін бақылау;

4) метеожағдайдың іс жүзіндегі деректерін және ұшу режімі өзгерістерін ескере отырып, ұшу алдындағы инженерлік-штурмандық есепті нақтылау;

5) қосалқы әуеайлаққа ұшуды және қонуды орындау үшін қажетті отынның барынша аз қалдығын есептеуді орындау. Ұшуларға алдын ала даярлық, ұшып өтетін экипаждарды даярлау сыныптарындағы стендтерде отынның барынша аз қалдығы мәндерінің болуы;

6) әуе кемелері экипаждарын ұшуға (ұшып өтуге) штурмандық даярлау сапасын бақылауды ұйымдастыру.

4. Ұшуда бағдарды жоғалту

1) ұшуларды қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру және басқару;

2) әуе кемелері экипаждарының әуе навигациясы негізгі ержелерін бұзуы;

3) девиациялық жұмыстарды ұйымдастыру және орындау жөніндегі басшылық құжаттар талаптарының бұзылуы;

4) бағдарлауды жүргізу қағидаларының бұзылуы;

5) ұшулар ауданында навигациялық жабдықтың жетіспеушілігі;

6) әуе навигациясының борттық және жерүсті құралдарын кешенді пайдалану әдістемесін бұзу;

7) ұшулар ауданын, аэронавигациялық жағдайды, ұшуда навигациялық жабдықты пайдалану тәртібін нашар білу;

8) әуе кемелері экипаждарының навигациялық жағдайдың күрделенуі жағдайындағы ұшуларға жеткіліксіз дайындығы.

1) бағдарды жоғалту жағдайларын талдау және әуе кемесінің экипаждарына оларды болдырмау жөніндегі ұсынымдарды жеткізу;

2) ұшулар ауданы, аэронавигациялық жағдай, әуе кемелерін навигациялық жабдықтау тәртібі білімі бойынша сынақтарды зерделеуді және қабылдауды ұйымдастыру;

3) ұшқыштар құрамымен әуе навигациясының борттық және жерүсті құралдарын пайдалану әдістемесі бойынша тренаждар ұйымдастыру;

4) ұшқыштар құрамының, ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының, полигондардағы ұшулар жетекшілерінің және басқару пункттері кезекші ауысымдарының әуе кемесі экипажының ұшуда бағдарды жоғалтуы кезіндегі іс-қимылдар тәртібі бойынша білімін бақылау;

5) девиациялық және радиодевациялық жұмыстарды девиациялық және радиодевациялық жұмыстарды орындау жөніндегі басшылық құжаттардың талаптарына қатаң сәйкестікте уақтылы орындау;

6) қалған девиация кестелерін құрастыру дұрыстығын бақылау және олардың әуе кемесінің бортында болуы;

7) ұшу ауданында навигациялық жабдықтауды ұйымдастыру;

8) бағдарды жоғалту жағдайларын болдырмауға бағытталған қауіпсіздік шараларын әзірлеу және оларды ұшқыштар құрамына, ұшуларға басшылық жасау тобы персоналына, полигондардағы ұшулар жетекшілеріне және басқару пункттері кезекші ауысымдарына жеткізу.

5. Әуе кемесінің ұшу үшін қауіпті метеорологиялық жағдайлар аймақтарына түсуі

1) ұшудағы әуе кемелері экипаждарын ауа-райы жағдайының нашарлауы және ұшу бағдарында, полигонда (десанттау алаңында), және әуеайлақ ауданында қауіпті

ауа-райы құбылыстарының дамуы туралы уақтылы хабардар етпеу;

2) ұшулар жетекшісінің қону әуеайлағындағы (полигондағы, десанттау ауданындағы) ауа-райының нақты жағдайы туралы қасақана қате деректерді беруі;

3) әуе кемесі экипажының ол ұшуларға дайындалмаған метеорологиялық жағдайларға түсуі кезіндегі қате іс-қимылдары;

4) ұшуларды ұйымдастыру мен жүргізуді регламенттейтін басшылық құжаттардың талаптарын және ауа-райының қауіпті құбылыстарынан айналып өту кезінде қауіпсіздік шараларын елемеу.

1) әуе кемелерінің ауа-райының қауіпті құбылыстарына түсуінен болатын авиациялық оқиғалар мен авиациялық инциденттерді талдау;

2) әуе кемелерінің ауа-райының қауіпті құбылыстарына түсу себептерін және әуе кемесі экипажының осы жағдайлардағы іс-қимылдарын зерделеу;

3) қалың шоғырланған, жаңбырлы шоғырланған бұлттылықты табу үшін және оларды айналып өту мақсатында маневр жасау үшін ұшқыштар құрамын борттық РЛЖ-ны қолдануға үйрету;

4) ұшқыштар құрамының онда ұшуларға дайындалмаған метеожағдайларға түсуі кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша тренаждар жүргізу;

5)ұшуларды ұйымдастыру мен жүргізуді регламенттейтін басшылық құжаттардың талаптарын және ауа-райының қауіпті құбылыстарынан айналып өту кезіндегі қауіпсіздік шараларын терең зерделеу.

6. Жауынгерлік қолдану кезіндегі авиациялық оқиғалар мен авиациялық инциденттер

1) полигонда (десанттау алаңында) ұшуларға басшылық жасауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі басшылық құжаттардың талаптарын бұзу;

2) полигонды (десанттау алаңын) әуе жағдайын бақылау құралдарымен жабдықтаудағы кемшіліктер;

3) берілген ұшу режімі мен орнын өрескел қателіктермен жауынгерлік тәртіпте ұстау;

4) авиациялық жою (десанттау) құралдарын жауынгерлік қолданудың қауіпсіз шарттарын бұзу;

5) жеке құрамның полигон ауданында (десанттау алаңында) және нысаналық жағдайда бағдарларды білмеуі;

6) басқару органдарының әуе кемелері көздеу-навигациялық жабдығымен және қару-жарағымен жұмыс істеу дағдысының нашарлығы;

7) жауынгерлік қолдануды орындау кезіндегі қауіпсіздік шараларының бұзылуы;

8) ұшқыштар құрамының, ұшуларға басшылық жасау тобы персоналының, полигондардағы ұшулар жетекшілерінің және басқару пункттері кезекші ауысымдарының авиациялық жою құралдарын жауынгерлік қолданудың қауіпсіз жағдайларын білмеуі.

1) жауынгерлік қолдануды орындау кезінде орын алған авиациялық оқиғалар мен авиациялық инциденттерді талдау;

2) ұшқыштар құрамының жауынгерлік қолдануды орындау кезіндегі тән қателері және қауіпсіздік шараларын бұзу жағдайлары бойынша білімін бақылау;

3) полигондағы ұшулар жетекшілерімен жауынгерлік қолдану кезінде әуе кемелері экипаждарына басшылық жасау, бақылау, көмек көрсету әдістемесі мен ерекшеліктері бойынша сабақтар өткізу;

4) ұшқыштар құрамының қару-жарақты, көздеу-навигациялық жабдықты басқару органдарымен жұмыс тәртібі және жауынгерлік жолда көңіл бөлу бойынша тренаждарды ұйымдастыру;

5) алдын ала және ұшу алды даярлық кезеңінде жеке құрамға жауынгерлік қолдануды орындау кезіндегі қауіпсіздік шараларын жеткізу;

6) ұшқыштар құрамының авиациялық жою құралдарын қолданудың қауіпсіз жағдайларын білуін бақылау;

7) ұшқыштар құрамының полигон ауданында нысаналық жағдайды, берілген нысаналарды іздеу және оларға шығу тәсілдерін, маневр жасау және радиобайланыс жүргізу тәртібін білуін бақылау;

8) полигонда нысана алаңы элементтері жабдығы мен объективті бақылау құралдарын орналастыру жөніндегі басшылық құжаттар талаптарының орындалуын бақылау.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясында
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді болғызбау
жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша

Қауіпті факторлардың ұшуларды әуеайлақтық-техникалық
қамтамасыз етуде ықпал етуін болдырмау (оқшаулау) үшін
өткізілетін негізгі іс-шаралар тізбесі

Қауіпті факторлар

Қауіпті факторларды болдырмау үшін өткізілетін негізгі іс-шаралар

1. Әуеайлақты ұстау және ұшуларға дайындаудағы бұзушылықтар.

1. Әуеайлақтың аға авиациялық бастығының комиссиясы (кемінде жылына 2 рет) әуеайлаққа техникалық тексеру жүргізу. Комиссия жұмысының нәтижесі анықталған кемшіліктерді жою актісі мен жоспары болып табылады.

2. Әуеайлақ маңындағы аумаққа әуеайлаққа техникалық тексеру жүргізу кезінде әуе кемелері ұшуының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін объектілер мен құрылыстардың құрылысын қадағалау.

3. Ұшуларды қамтамасыз ету бөліміне (бөлімшесіне) әуеайлақ төсемін жөндеуге және дайындауға қажетті бөлінген уақытты ескерумен жоспарлау:

1) әрбір айда кемінде 3 тәулік қатар;

2) жоспарлы ұшуларға даярлық кезінде кемінде 3 сағат;

3) ауысымдар арасындағы ұшуларға даярлық кезінде кемінде1 сағат.

4. Ұшуларға әуеайлақты қабылдау кезінде ұшулар жетекшісі қамтамасыз ету бөлімшесінің командирімен бірлесіп, ұшу-қону жолағы, шеткі және жиектегі қауіпсіздік жолақтары шегінде құрғату-су ағызу жүйесі құдықтарының мықты жабылуын тексеру.

5. Әуеайлақты тексеру аяқталғаннан кейін топырақтың (қар жабынның) төзімділігі мен тегістігін көрсете отырып, әуеайлақтың ұшуларға әзірлік жай-күйін есепке алу журналы бойынша ұшулар жетекшісіне тапсыру.

6. Ұшулар барысында жасанды ұшу-қону жолағын қарап тексеруді ұшу ауысымында кемінде 1 рет жүргізу.

7. Әуеайлақты периметрі бойынша екі қатарға тікенекті сыммен қоршау.

8. Әуеайлақты күрделі жөндеуді және қайта құруды орындағаннан кейін ұшу жолағы элементтері геометриялық өлшемдерінің әуеайлақтың формуляры мен басты жоспарына сәйкестігі.

9. Мыналарды қамтитын ақауларды дереу жою:

1) жасанды жабындардың бетінде бөгде заттардың, көктайғақтың болуы;

2) ажыратылған арматураның өткір ұштары, өткір ұштары бар плиталардың сынықтары мен тереңдігі кемінде 30 мм астам сынықтар;

3) ұшу-қону жолағында және магистральдық басқару жолында тиісінше 25 және 30 мм астам плиталардың өзара кертпештері;

4) биіктігі 30 мм астам тігістердің үстіндегі резеңке битумнан жасалған білікшелер;

5) ұшу-қону жолағының асфальт-бетонды жабындағы тереңдігі 30 мм және басқару жолында кемінде 50 мм астам қадалар, толқындар мен ауытқулар.

10. Көктемде және ұшу алаңының топырақты бөлігін (топырақты ұшу-қону жолағының, қауіпсіздік жолақтарының) жөндеуден кейін нивелирлік түсірілімнің көмегімен жабын бетінің тегістігін бақылау.

11. 3 метрлік төрткілдешті төсеген кезде ұшу жолағының топырақ бөлігіндегі тегіс еместі бақылау, көліктік ұшақтар үшін кемінде 15 см, басқа үлгідегі әуе кемелері үшін – 10 см

(қар жабынының тегістігіне қойылатын талаптар ұқсас).

12. Ұзындығы кемінде 200 м (әуе кемесінің типіне

байланысты – 270 м), ені – кемінде 100 м авариялық тежеу алаңының болуы.

13. Әуедегі кіреберіс жолақтарындағы кедергілердің биіктігі ұшу-қону жолағының шетінен учаскелердегі рұқсат етілетін еңістер шегіне сәйкес болуы: 400 м – 0,005, 1450 м – 0,013, 9000 м – 0,02.

14. Ұшу-қону жолағының шетінде анағұрлым қатты төсемі бар 20 метрлік өтпелі учаскелер, жасанды жабындардың жиектері бойынша – кемінде 0,5 м өтпелердің болуы.

15. Ұшу жолағының шекараларында қар үйіндісінің болмауы. Қар үйіндісі кемінде 1:15 аспайтын еңіспен орындалуы тиіс.

16. Авиациялық қозғалтқыштарды уақытынан бұрын алуды ескерту үшін мемлекеттік авиацияны басқару органдары мен авиациялық бөлімдерінде іс-шаралар жоспарын пысықтау, жыл сайын.

2. Авиациялық отынды қабылдау, сақтау және сапасын бақылауды ұйымдастырудағы кемшіліктер.

1. Әуеайлақ жанар-жағармай материалдары қоймасында авиациялық отынды (теміржол цистерналарынан құйып алудан бастап және әуе кемелерінің бактарына құюға дейін) жабық түрде айдау технологиясын сақтау.

2. Шығыс резервуарларында қабылдау, құю және тазарту құбырларының, ағызу крандары мен әуе сүзгілерінің болуы.

3. Отынды сүзгілеу сұлбасының белгіленген талаптарға сәйкестігі және кемінде 5 – 7 мкм номиналдық жіңішкелігі жанармайды екі рет сүзгілеуді қамтамасыз ету.

4. Жанар және жағармай материалдары қоймасының зертханасы мен бақылау пунктінің жабдықпен және бақылау материалдарымен жабдықталуының басшылық құжаттар талаптарына сәйкес келуі.

5. Әуе кемелеріне сапалы жанармай құюды қамтамасыз ететін негізгі жұмыстарды орындаудың технологиялық картасының ережелерін қатаң сақтау.

6. Авиациялық майды (сұйықтықты) тек тұндырғаннан, сүзгілегеннен және тазалығын тексергеннен кейін пайдалану. Майды (сұйықтықты) бақылап талдауды шығыс сыйымдылығын әрбір толтыру кезінде жүргізу.

7. Акт жасай отырып, оларға төзімділік пен герметикалыққа орнатылған жабдықпен отын құбырларын сынау (тереңдетілген – жылына 1 рет, тереңдетілмеген – екі жылда 1 рет).

3. Зарядтау аккумуляторлық станциялар жұмысындағы кемшіліктер (олқылықтар).

1. Зарядтау аккумуляторлық станцияларының үй-жайларында күштеп желдетумен (қышқыл және сілті цехтары үшін бөлек), орталықтандырылған жылыту мен және су құбырымен тиісті бөлмелер санының болуы.

2. Басшылық құжаттардың талаптарына сәйкес зарядтау аккумуляторлық станциялардың бақылау-өлшеу апаратурасымен, құралмен, қондырғылармен, ыдыспен және басқа да мүлікпен жабдықталуы.

3. Аккумуляторлық батареяларда регламенттеу жұмыстарын авиациялық бөлімде әзірленетін және қамтамасыз ету бөлімімен (бөлімшесімен) келісілетін жоспар-кестеде көзделген мерзімдерде орындау.

4. Әуе кемелеріне әуеайлақтық-техникалық қызмет көрсету құралдарын пайдалануды ұйымдастырудағы кемшіліктер.

1. Әуе кемелерінің әуеайлақтық-техникалық қызмет көрсету құралдарын пайдалану кезінде негізгі қуат қондырғысының жұмыс істеу әрбір 50 ± 10 және 200 (+40, – 30) сағат сайын регламенттеу жұмыстарын жоспарлау және орындау. Регламенттеу жұмыстарын базалақ шассиге нөмірлік техникалық қызмет көрсетуді жүргізумен қатар орындау.

2. Тиісті техникалық қызмет көрсетуді және регламенттеу жұмыстарынан өтпеген, сондай-ақ басшылық құжаттарда тізбесі жарияланған басқа да кемшіліктері бар автомобиль және арнайы автомобиль техникасын пайдалануға жол бермеу.

5. Әуеайлақта автокөлік, ұшуларды жерүсті қамтамасыз ету құралдарының және жолаушылар қозғалысын ұйымдастырудағы бұзушылықтар.

1. Әуеайлақтың ұшу алаңы бойынша жеке құрамның және автомобиль техникасының қозғалу бағдарларының кестесіне сәйкес таңбасы (межелеу) бар белгіленген бағдарлар мен бағыттар бойынша әуеайлақтағы машиналардың қозғалысы.

2. Машиналар жүргізушілерінің мынадай қағидаларды сақтауы:

1) ұшу-қону жолағына, басқару жолына шығу үшін рұқсат алып, жүргізуші ұшу-қону жолағына, басқару жолына дейін 50 м жетпей тоқтауға, онда әуе кемесінің жоқ екеніне көз жеткізуге және тек содан кейін қозғалысты жалғастыруға міндетті;

2) басқару жолы бойынша қозғалған кезде жүргізуші қарсы жүріп келе жатқан әуе кемесіне дейін кемінде 100 м қалғанда оның жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басқару жолын босатуға, жиекке шығуға және тоқтауға міндетті;

3) Әуе кемесіне оған қызмет көрсету үшін келген машиналар жүргізушілерінің әуе кемесі технигінің барлық командалары мен өкімдерін орындауы. Машинаның әуе кемесіне 10 м жақын келуіне әуе кемесі технигінің рұқсатынсыз тыйым салынады.

4) Әуе кемесін сүйреп тарту кезінде жүргізушіні сүйреп тартуды басқаратын адамға бағындыру. Әуе кемесінің сынуын болдырмау үшін кемінде 20 шақ/сағ. жылдамдықпен қалыпты (жұлқусыз, күрт бұрылыссыз) жүргізіледі. Түнгі уақытта сүйреу кезінде және әуе кемесінде нашар көріну кезінде міндетті түрде аэронавигациялық шамдар, ал тартқышта – жақын жарық фаралар қосылады.

6. Әуеайлақты және әуе қозғалысын басқару объектілерін электрмен жабдықтаудағы бұзушылықтар (олқылықтар).

1. Әуеайлақтарды электрмен жабдықтау кемінде екі байланыссыз өзара резервтегі электр энергиясымен қоректендіру көздерінен.

2. Әуе қозғалысын басқару, радионавигация, қондыру және байланыс объектілерін электрмен жабдықтау кепілдендірілген электр энергиясымен қоректендіру қалқанынан.

3. Әуе қозғалысын басқару, радионавигация, қондыру және байланыс объектілерін кепілдендірілген қоректендіру қалқанына жылыту аспаптарын, сондай-ақ әуеайлақтың кез келген басқа да объектілерін қосуға тыйым салу.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясында
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді болғызбау
жөніндегі нұсқаулыққа
8-қосымша

Қауіпті факторлардың ұшуларды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз етуге әсер етуін болдырмау (оқшаулау) үшін өткізілетін негізгі іс-шаралар тізбесі

Қауіпті факторлар

Қауіпті факторларды болдырмау үшін өткізілетін негізгі іс-шаралар

1. Радиолокациялық станциялар, радиолокациялық қону жүйелері, автоматты радиопеленгаторлар операторларының әуе кемелерінің экипаждары мен ұшуларға басшылық жасау тобына деректерді берудегі қателіктері.

1. Жеке құрамның кәсіби даярлық деңгейін, функционалдық міндеттерін орындау қабілетін талдау.

2. Радиолокациялық станциялар мен пеленгаторлар есептоптарымен тренаждарды қолдана отырып, әуе кемелерінің экипаждарына және ұшуларға басшылық жасау тобының адамдарына ақпаратты дұрыс беру жөнінде, қалыпсыз жағдайдағы іс-қимылдарға назар аудара отырып, тиімді оқыту үдерісін ұйымдастыру.

3. Операторлардың әуе кемелерінің координаталарын айқындаудағы, биіктік, пеленг мағыналарын есептеудегі және т.б. білімі мен дағдыларын жүйелі түрде (жылына екі реттен кем емес) тексеруді қамтамасыз ету.

4. Оператор лауазымына кәсіби тұрғыдан даярланған және психологиялық тұрақты, жақсы дикциясы мен реакциясы бар әскери қызметшілерді іріктеу.

2. Авиацияны басқару пункттерінің жұмыс орындарына радиолокациялық ақпарат беруді қатарынан үш және одан көп антенна айналымы ішінде тоқтату. Соңғы бағыттау кезеңінде радиолокациялық ақпарат беруді тоқтату.

1. Радиолокациялық станцияларға техникалық қызмет көрсетуді, радиолокациялық станциялардың көпфункционалды жүйелерінің анағұрлым жиі қайталанатын істен шығуларын талдауды және ескертуді ұйымдастыру.

2. Қолда бар радиолокация құралдарын кешенді қолдану, авиацияны басқару пункттерінің жұмыс орындарына радиолокациялық ақпаратты үздіксіз беруді қамтамасыз ету үшін радиолокациялық станциялар резервін құру.

3. Радиолокациялық станциялар есептоптарының радиолокациялық ақпарат беруде қолда бар резервтерін жедел пайдалану жөнінде жүйелі жаттықтырулар жүргізу.

3. Радиолокациялық станциялар, радиолокациялық қону жүйелері, автоматтық радиопеленгаторлар операторларының "Зілзала" белгісін өткізіп алуы немесе оны беруді екі минуттан аса кешіктіруі.

1. Операторлардың "Зілзала" белгісін алғаннан кейінгі іс-қимылдардағы жаттықтыруларын өткізу, ұшуларға басшылық жасау тобына оларды уақтылы беруді.

2. Белгілерді қабылдау аппаратурасының жұмыс қабілетін, соның ішінде байланыс пен радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын ұшу алдында ұшып тексеру барысында және ұшуларды қамтамасыз ету үдерісінде мерзімді бақылау.

4. Ұшуда сыналмаған байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын ұшуларды қамтамасыз ету үшін пайдалану.

Күндіз аспаптар бойынша ұшулар қағидалары бойынша және түнде ұшып сыналмаған байланыс пен радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын қамтамасыз ету үшін бөлу жағдайларын болдырмау, соның ішінде ұшу алдында ұшып тексеру болмаған кезде, ал ұшуды бақылаумен тексерілмеген радиомаяктік жүйелерді әртүрлі метеожағдайларда пайдалануға тыйым салу.

5. Жеке құрамның әуе кемесінің ұшқыштар экипажына және ұшуларға басшылық жасау тобының адамдарына ақпаратты беруді тоқтатуға (немесе оның төмендеуіне) әкеп соқтыратын байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын қосу жөніндегі біліксіз іс-қимылдары.

1. Жеке құрамды байланыс пен радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының негізгі жұмыс қағидаттарына, олардың құрылғылары мен техникалық мүмкіндіктеріне оқытып-үйретуді, сол білімді ұдайы бақылауды ұйымдастыру.

2. Жеке құрамды байланыс пен радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын қабылдау-тарату құрылғыларының резервтегі жиынтықтарына ауыстырып қосу жөніндегі іс-қимылдарға жаттықтырудың жоғары деңгейіне қол жеткізу.

3. Кезекші ауысым жеке құрамының жоғары жауапкершілігін, орындаушылығы мен тәртіптілігін, өз қызметтік борышы мен жұмыс орнындағы функционалдық міндеттерін нақты орындаудың маңыздылығы жөніндегі түсінігін тәрбиелеу.

6. Байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының электрмен қоректендіру жүйесіндегі істен шығулары, автономдық көздерді уақтылы қоспау.

1. Негізгі және резервтегі электрмен қоректендіру көздерінің жұмыс қабілетіне жүйелі тексеру жүргізу.

2. Байланыс пен радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының объектілерін электрмен жабдықтау жүйесін жетілдіру, оның элементтерінің бас тартуларына тұрақтылықты арттыру.

3. Автономдық автоматтандырылған электрмен қоректендіру көздерін пайдалану.

4. Кезекші ауысымның жеке құрамымен тұтынушыларды сыртқы электрмен қоректендіру көздерінен автономдыққа ауыстырып қосу жөніндегі тренаждар өткізу, жеке құрамның жаттықтырылу деңгейін ұдайы бақылау.

7. Басқару пункттерінде ұшуларға басшылық жасау тобы адамдарының жұмыс орындарын жабдықтаудағы және оларды пайдаланудағы бұзушылықтар.

1. Басқару пункттерінде ұшуларға басшылық жасау тобы адамдарының жұмыс орындарын нормативтік және пайдалану құжаттарының талаптарына қатаң сәйкестікте тасымалданатын индикаторлы қондырғылармен алғашқы жабдықтау.

2. Басқару пункттеріндегі жұмыс орындарын дұрыс дайындау және оларды ұшуларға басшылық жасау тобының лауазымды адамдарына ұшуларды қамтамасыз етуге беру.

3. Пайдалану үдерісінде жұмыс орындары жабдығының құрамын өзгертуге және оларға айнала шолу индикаторларын еркін түрде бағыттауға (ұшу-қону жолағына қатысты) жол бермеу.

4. Ұшуларға басшылық жасау тобы адамдары жұмыс орындарының жұмыс қабілетін және толық жабдықталуын, олардың типтік тізбеге сәйкес келуін бақылау.

8. Әуеайлақта байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын үлгілік сұлбадан ауытқумен өрістету.

1. Кедергілердің биіктігі бойынша шектеулерді ескере отырып, жақын жетекті радиомаяктардың антенналық діңгектерінің биіктігін таңдау. Тегіс жергілікті жерде антеннаны ұшу-қону жолағының басынан 850 және 1200 м қашықтықта орналастырылған кезде ол тиісінше 6,5-10 м құрауы мүмкін.

2. Ұшу-қону жолақтары мен басқару жолдарының бойының, қауіпсіздік жолағының аяқталу аймағының және ұшақтар тұрағы орындарының негізінде әлсірететін қимасы бар барлық шамдар мен әуеайлақтық бағдаршамдарды (әлсіз тіректер) орнату.

3. Ұшу-қону жолағы мен басқару жолдары жарық шамдарының, кіру және шектеу жарық шамдарының биіктігі олар орнатылған жердің бетінен 0,45 м аспауының жоғарлауын болдырмау.

9. Байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының ұшу уақытында істен шығуы.

1. Күнделікті, ай сайынғы, маусымдық техникалық қызмет көрсетудің (жылына 2 рет), жылдық техникалық қызмет көрсетудің уақтылылығын және сапасын бақылау.

2. Негізгі және резервтегі байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын жүйелі түрде тексеру.

3. Ұшуларды қамтамасыз етуге жеке құрамның және техниканың әзірлігіне кешенді тексеру жүргізу.

4. Байланыс пен радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын күйге келтіру және технологиялық карталардың талаптарына олардың жұмыс режімдерін сәйкес келтіруді тексеру.

5. Басқару пункттерінің тасымалданатын жабдығын, объективтік бақылау, басқару және дабылдама құралдарына бақылау тексеру жүргізу.

6. Басқару пункттерінде ұшуларды байланыс пен радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын ұшу алдында ұшып тексеру әдістемесін орындау.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясында
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді болғызбау
жөніндегі нұсқаулыққа
9-қосымша

Ұшуларды метеорологиялық және орнитологиялық қамтамасыз етуде қауіпті факторлардың әсер етуін болдырмау (оқшаулау) үшін өткізілетін негізгі іс-шаралар тізбесі

Қауіпті факторлар

Қауіпті факторларды болдырмау үшін

өткізілетін негізгі іс-шаралар

1. Ауа райын болжаудағы қателер және ұшуларға басшылық жасау тобының персоналы мен ұшқыштар құрамын ауа райының қауіпті құбылыстары туралы уақтылы хабардар етпеу.

1. Метеорологиялық бөлімшелер жеке құрамының арнайы даярлық деңгейін арттыру мақсатында авиациялық бөлімдердің басшылық және ұшқыштар құрамымен, сондай-ақ әуе қозғалысын басқару пункттері мен басқару органдарының есептоптарымен авиациялық метеорология бойынша сабақтар өткізу.

2. Метеорологиялық жағдайды болжаудың сенімді және анағұрлым жасалған әдістерді метеорологиялық және орнитологиялық қамтамасыз ету нысандары мен тәсілдерін әзірлеу және оларды метеорологиялық бөлімшелер жұмысының практикасына енгізу.

3. Кезекші синоптиктің ұшулар жетекшісіне нақты ауа райы және өзінің, сондай-ақ қосалқы әуеайлақтардағы және сағат сайын ұшулар кезеңінде ұшулар ауданы бойынша орнитологиялық жағдай туралы деректерді, ал аспаптар бойынша ұшу қағидалары бойынша ұшқан кезінде, белгіленген төмен ауа райы кезінде және тұрақсыз, кенеттен өзгеретін метеорологиялық жағдайда – әрбір 30 минут сайын баяндау. Ұшулар жетекшісінің нұсқауы бойынша баяндамалар одан да жиі жасалады.

4. Кезекші синоптиктің ол кезінде ұшуларға шектеу қойылатын немесе тоқтатылатын (экипаждар маршруттан қайтарылатын) ауа райының қауіпті құбылыстарына дейінгі метеорологиялық элементтердің өлшемдік мәндері мен шекті арақашықтықтарын айқындау.

5. Ұшулар аяқталғаннан кейін ұшулар жетекшісінің ұшуларға ауа райының болжамын және ұшуларды метеорологиялық және орнитологиялық қамтамасыз етудің сапасын бағалауы. Қамтамасыз ету сапасы "өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық" және "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланады.

6. Дауылды ескертулер ауа райының қауіпті құбылысы пайда болуы басталғанға дейін кемінде 30 минуттан кешіктірілмей қолтаңба қоя отырып тапсырылуы тиіс: ұшулар кезеңінде – ұшулар жетекшісіне; ұшулар болмаған кезде – командалық пункттің жедел кезекшісіне, ұшақтарды қабылдау және жіберу жөніндегі кезекшіге (кезекші авиадиспетчерге). Одан басқа, авиациялық бөлімнің дауылды ескерту жөніндегі нұсқаулығына сәйкес командирге және басқа да лауазымды адамдарға баяндалады.

2. Басшылык ұшқыштар құрамы мен ұшуларға басшылық жасау тобының персоналы тарапынан метеорологиялық жағдайларды елемеу, әуе кемелерінің экипаждарын олардың дайындық деңгейіне және ұшу тапсырмаларын орындау сипатына сәйкес келмейтін метеожағдайларда ұшуға шығару.

1. Мемлекеттік авиация басқару органдары метеорологиялық бөлімшелері ауысымдарының бастықтары әуеайлақтарда (бағыттарда) нақты және күтілетін метеорологиялық жағдайдың ұшулардың авиациялық бөлімдерінде орындалатын сипатына сәйкестігін бақылау.

2. Кезекші синоптиктің метеожағдайлар сәйкес келмеген кезде ұшуларды тоқтату туралы командалық пункттердің жедел кезекшілеріне дереу баяндау және ұсынымдар беру.

3. Авиациялық бөлім командирі (ұшулар жетекшісі) күрделі, кенеттен өзгеретін (тұрақсыз) метеожағдайлар кезінде мынадай шаралар қабылдайды:

1) ұшу тапсырмаларын тоқтатулар, кезекші синоптикті тыңдау, егер метеожағдайлар мүмкіндік берсе, ауа райына толық барлау жүргізу және метеорологиялық жағдайды жаңадан бағалағаннан кейін ұшуларды одан әрі жалғастыруға шешім қабылдау;

2) дауылды ескерту алған кезде күтілетін метеорологиялық жағдайды өзгерту туралы кезекші синоптиктің баяндамасын тыңдау, ауа райының күтілетін қауіпті құбылыстары басталғанға дейін 30 минут бұрын күтілетін өзгертуді бағалау және ұшуларды тоқтату;

3) әуеайлақ ауданында ауа райы кенеттен бұзылған кезде ұшақтарды өз әуеайлағына қондыруды ұйымдастыру. Егер метеожағдайлар әуе кемелері ұшатын экипаждардың даярлық деңгейіне сәйкес келмесе, оларды қосалқы әуеайлаққа жіберу.

3. Радиолокациялық және әуеде ауа райын барлауды жүргізуді қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру, әуе кемелерінің ұшқыштар экипаждарынан ауа райы туралы объективті емес ақпарат.

1. Ауа райына әуеде барлауды бастағанға дейін 1 сағат және барлаушы ұшақтың ұшып шығуы алдында 20-25 минут бұрын, ұшуларды бастағанға дейін 30 минут бұрын, ЖМЖ-да ұшулар уақытында – әрбір 2 сағат сайын, КМЖ-да – әрбір сағат сайын, БАМ-да – әрбір 30 минут сайын (қажет болған кезде-жиі) ұшулар жетекшісінің нұсқауы бойынша ауа райына радиолокациялық барлау жүргізу.

2. Ауа райына әуеде барлауды ұшу алды нұсқаулар басталғанға дейін тікелей ұшу ауысымы алдында жүргізу.

3. Ұшулар барысында ауа райына толық барлау жүргізу. Көзбен шолып ұшу қағидалары бойынша ұшулар кезінде – 2 сағаттан жиі емес, аспаптар бойынша ұшулар қағидалары бойынша – сағат сайын, ал белгіленген ауа райы минимумы кезінде – 30 минуттан кейін (қажет болғанда – жиі).

4. Әуеайлақтың метеорологиялық тұрғыдан техникалық жабдықталуының белгіленген ауа райы минимумына сәйкес келмеуі.

Ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз етуді регламенттейтін басшылық құжаттардың ауа райы минимумының әртүрлі мағынасы кезінде ұшып шығуды және қонуды қамтамасыз ететін әуеайлақтардың метеорологиялық жабдықтың құрамын айқындау.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясында
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді болғызбау
жөніндегі нұсқаулыққа
10-қосымша
  Үлгі

________________ әскери бөлімінің 20__ жылғы _________ арналған

      әскери бөлімнің нөмірі (айы)

жоспарланған ұшу уақыты және негізгі міндеттері

      1. _____________________ әскери бөлімі ұшу дайындығының негізгі

      әскери бөлімнің нөмірі

      міндеттері (оқу-жаттығулар, зымырандарды практикалық ұшырулар, әуе

      кемелері топтарының қайта ұшулары, авиациялық техниканы көрсетулер,

      жиындар, конференциялар және ұшуларға, оларды қамтамасыз етуге және

      ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа жататын басқа

      да тапсырмалар).

      2. Жоспарланған ұшу ауысымдарының және ұшулардың саны

Р/с №

Атауы

Жоспарлануда

Ескертпе


1.

Ұшу ауысымдары, олардың ішінде:



Күндіз, қарапайым метеорологиялық жағдай



Күндіз, күрделі метеорологиялық жағдай



Түнде, қарапайым метеорологиялық жағдай



Түнде, күрделі метеорологиялық жағдай



2.

Ұшулар, олардың ішінде:



Күндіз, қарапайым метеорологиялық жағдай



Күндіз, күрделі метеорологиялық жағдай



Түнде, қарапайым метеорологиялық жағдай



Түнде, күрделі метеорологиялық жағдай




      3. Ұшқыштардың келесі айға жоспарланған ұшу уақыты

Р/с №

Ұшу уақыты түрі

Жоспарлануда

Ескертпе

1

Жалпы ұшу уақыты, олардың ішінде:



2

Оқу-жаттығу жауынгерлік даярлауға



3

Өзара іс-қимылға



4

Тасымалдауға



5

Күніне барлығы



6

Күндіз, күрделі метеорологиялық жағдай



7

Бұлтты күні



8

Түнде барлығы



9

Түнде, күрделі метеорологиялық жағдай



10

Бұлтты түні



11

Түнгі бүркеу асты



12

Күндізгі бүркеу асты



13

Нұсқаулық



14

Курсанттарды дайындау



15

Тренажерда




      4. Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар

      (мәтінмен бірдей және келесі айға ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі

      іс-шаралар жоспары).

      ___________________________ әскери бөлімінің командирі

      әскери бөлімнің нөмірі

      ____________________ _____________________________________

      әскери атағы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік авиациясында
авиациялық оқиғалар мен
инциденттерді болғызбау
жөніндегі нұсқаулыққа
11-қосымша

      Үлгі

      1-кесте

______________________ әскери бөлімінің ұшқыштар құрамының

      әскери бөлімнің нөмірі

даярлық деңгейі

Р/с №

Лауазымы

Әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Туған күні

Білімі

Әуе кемесі түрі

Даярлық деңгейі

Сынып

Жалпы ұшу уақыты, сағат

Ұшқыштың қону минимумы

Қол жеткізілген

Іс жүзінде

Барлық үлгіде

Аталған үлгіде

Ағымдағы жылда

Күндіз

Түнде

Нұсқаушылық

Күндіз

Түнде

























































      кестенің жалғасы

Даярлық деңгейі

Жауынгерлік іс-қимылдарға әзірлігі

Тексерулер

Демалыс уақыты

Дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясынан өту күні

Күндіз

Түнде

Ұшуды басқару техникасы

Әуе навигациясы

Жауынгерлік қолдану

Қозғалтқыштың бұзылуын елестету

Қайталанатын аспаптар бойынша

Нұсқаушылық

қарапайым метеорологиялық жағдай

күрделі метеорологиялық жағдай

ауа райының белгіленген минимумы

қарапайым

метеорологиялық жағдай

күрделі метеорологиялық жағдай

ауа райының белгіленген минимумы

Дайындалған

Сапта

Дайындалған

Сапта

Дайындалған

Сапта

Дайындалған

Сапта

Дайындалған

Сапта

Дайындалған

Сапта














































































      ___________________________ әскери бөлімінің командирі

      әскери бөлімнің нөмірі

      ____________________ _____________________________________

      әскери атағы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      2-кесте

________________ әскери бөлімі ұшуларға басшылық жасау тобы

      әскери бөлімнің нөмірі

персоналын дайындау деңгейі
(сондай-ақ ұшуларға басшылық жасауға рұқсатнамасы бар жеке
құрам, ұшулар басшысы, полигондағы ұшулар басшысы, таяу аймақ
басшысы, қонуға кіру басшысы, қашық аймақ басшысы, жауынгерлік
басқару офицері бойынша деректер)

Р/с №

Лауазымы

Әскери атағы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Сынып

Ұшуларға басшылық жасауға рұқсатнама

Соңғы тексеру күні

Соңғы басшылық жасау күні

Демалыс

Дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясы

Бұйрық №

Күндіз

Түнде

қарапайым метеорологиялық жағдай

күрделі метеорологиялық жағдай

қарапайым

метеорологиялық жағдай

күрделі метеорологиялық жағдай

1.





































2.







































































      ___________________________ әскери бөлімінің командирі

      әскери бөлімнің нөмірі

      ____________________ _____________________________________

      әскери атағы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)