Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 13 шілдедегі № 19-2/645 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 579 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 тамызда № 11983 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 19-2/1131 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 809 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 № 19-2/1131 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2015 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрық Казақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. «Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласының жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 24-03/184 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 111 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6960 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 14 маусымдағы № 249-250 (26648) сандарында жарияланған) бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрінің       Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы                  міндетін атқарушы
      ___________ С. Омаров              ____________Т. Жақсылықов

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының
      Құқықтық статистика және
      арнайы есепке алу жөніндегі
      комитетінің төрағасы
      ________________С. Айтпаева
      2015 жылғы « »______________

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрінің  
міндетін атқарушы       
2015 жылғы 13 шілдедегі № 19-2/645
және Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің  
міндетін атқарушы       
2015 жылғы 31 шілдедегі № 579 
бірлескен бұйрығына 1-қосымша 

Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау
саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Осы Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, бассейндік су инспекцияларының су объектілерінен су алуды жүзеге асыратын бастапқы су пайдаланушыларды тәуекел дәрежелері бойынша жатқызуы үшін әзірленді.
      2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) бақылау субъектісі – өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе қайталама су пайдаланушыларға жеткiзу үшiн тiкелей су объектiлерiнен су алуды жүзеге асыратын, сондай-ақ, шаруашылықтың әртүрлi салаларын сумен қамтамасыз ету үшiн тежеуiш гидротехникалық құрылыстардың көмегiмен жер үстiндегi су ағынын реттеу жөнiндегi қызметтердi жүзеге асыратын, су шаруашылығы ұйымдарының қызметтерін пайдаланатын және техникалық және өндірістік мұқтаждықтар үшін сумен жабдықтау жүйелерінен су алатын жеке және заңды тұлғалар (бастапқы су пайдаланушылар);
      2) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел – халықтың сумен қамтамасыз етілуінің төмендеуі, су объектілерінің ластануының, қоқыстануының және сарқылуының пайда болуы, бөлінген лимиттерге сәйкес су ресурстарын алуға арналған су пайдаланушылар құқығының бұзылуы, сондай-ақ су пайдаланушылар қызметінің нәтижесінде, оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, елді мекендерге судың зиянды әсер ету ықтималдығы;
      3) объективті критерийлер – тексерілетін субъектілерді (объектілерді) белгілі бір қызмет саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты іріктеу үшін пайдаланылатын және жекеленген тексерілетін субъектіге (объектілге) тікелей тәуелді болып табылмайтын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      4) субъективті критерийлер – тексерілетін субъектілерді (объектілерді) нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметінің нәтижелеріне байланысты іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      5) тексеру парағы – сақталмауы тек қана адам өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін тексерілетін субъектілер қызметіне қойылатын талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.
      3. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу объективті және субъективті критерийлер негізінде жүзеге асырылады.
      4. Объективті критерийлер бойынша, су объектілерінің стратегиялық маңыздылығына және су алу көлемдеріне байланысты барлық бақылау субъектілері тәуекелдің екі дәрежесі бойынша жіктеледі:
      1) жоғары тәуекел дәрежесі – ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесіне жатқызылған объектілерді пайдаланатын және тәулігіне 5 мың текше метрден жоғары су алуды, көлемі 10 миллион текше метр және одан жоғары су қоймаларын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектілері;
      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтын – тәулігіне 5 мың текше метрден аспайтын су алуды, көлемі 10 миллион текше метрден аспайтын су қоймаларын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектілері.
      5. Жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексеру субъектілеріне іріктеп тексерулер, жоспардан тыс тексерістер және бақылаудың басқа нысандары жүргізіледі.
      Жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған тексеру субъектілеріне жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың басқа нысандары жүргізіледі.
      6. Субъективті критерийлерді айқындау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
      1) есептілік – 2–ТП-сушар нысаны бойынша;
      2) шағымдар – жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен бақылау субъектілеріне расталған шағым және өтініштердің болуы және саны;
      3) мемлекеттік органдардың ақпараты;
      4) алдыңғы тексерулер нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) тексеру парағында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді.
      7. Ақпарат көздері негізінде осы Критерийлерге қосымшаға сәйкес субъективті критерийлер айқындалады.
      8. Реттейтін мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес субъективті критерийлердің тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0 – ден 100 – ге дейінгі шкала бойынша есептеледі.
      Өрескел дәрежедегі бір бұзушылық 100 көрсеткішіне теңдестіріледі.
      Егер өрекел дәрежедегі бұзушылық анықталмаса, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылық көрсеткіштері есептеледі, сосын қосылады.
      Елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішін анықтаған кезде 0,7 салмақ коэффиценті колданылады және осы көрсеткіш келесі формуламен есептеледі:
      Р3 = (К2 х 100/К1) х 0,7
      бұл жерде:
      Р3 – елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші;
      К1 – тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге (талдауға) берілген елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың жалпы саны;
      К2 – анықталған елеулі дәрежедегі бұзушылықтар саны.
      Елеулсіз дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 салмақ коэффиценті колданылады және осы көрсеткіш келесі формуламен есептеледі:
      Рн = (К4 х 100/К3) х 0,3
      бұл жерде:
      Рн – елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші;
      К3 – тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге (талдауға) берілген елеусіз дәрежедегі бұзушылықтардың жалпы саны;
      К4 – анықталған елеусіз бұзшылықтар саны.
      Тәуекел дәрежелерінің көрсеткіші (Р) келесі формула бойынша елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады:
      Р = Р3 + Рн
      бұл жерде:
      Р - тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
      Р3 – елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші;
      Рн – елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші;
      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға жатады:
      1) жоғары тәуекел дәрежесі – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 60-тан 100-ге дейін болған кезде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізіледі;
      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтын – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейін болған кезде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізілмейді.
      9. Іріктеп тексерулер жүргізу еселігі жылына бір реттен жиі болмайды.
      Тәуекел дәрежелерін талдау және бағалау кезінде нақты тексеру субъектісіне (объектісі) қатысты пайдаланылған және бұрын есепке алынған субъективтік критерийлердің деректері қолданылмайды.
      10. Іріктеп тексерулер тізімі субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің ең жоғарғы көрсеткіштеріне ие бақылау субъектілері басымдықтарын ескере отырып жасалады.
      11. Іріктеп тексерулер алдыңғы жылдың ұқсас кезеңінің жартыжылдық деректерімен салыстыра отырып, ақпаратты және соңғы есепті кезеңнің жартыжылдық деректерін бағалау нәтижелері бойынша жарты жылға қалыптастырылатын іріктеп тексерулер тізімі негізінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының   
су қорын пайдалану және қорғау 
саласындағы тәуекел дәрежесін 
бағалау критерийлеріне қосымша

Критерийлердің атауы

Бұзушылықтардың дәрежесі

1. «Алдыңғы тексерулердің нәтижелері» ақпарат көзі бойынша (ауыртпалық дәрежесі төмендегі талаптарды сақтамау кезінде белгіленеді)

1

Су ресурстарын ұтымды пайдалану, су ысырабын қысқарту шараларын қабылдау

Өрескел

2

Белгiленген су пайдалану лимиттерiн, рұқсат етiлген көлемдерiн мен режимдi сақтау

Өрескел

3

Су шаруашылығы құрылыстарын және қондырғыларын пайдалану немесе қолдану су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларына сәйкес жүргізіледі

Өрескел

4

Су пайдалануға арналған рұқсат құжаттарының болуы

Өрескел

5

Жер үстi және жер асты суларынан су жинау алаңының ластануына жол бермеу

Өрескел

6

Су объектiлерiнiң ластануын, қоқыстануын және сарқылуын, су объектілеріне зиян келтіруді болдырмау жөніндегі су қорғау іс-шаралары жүргізіледі

Өрескел

7

Арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта айқындалған және су пайдаланудың лимитін анықтау кезінде келісілген су пайдалану шарттарын орындау белгiленген мерзiмдерде жүргізіледі

Елеулі

8

Су пайдаланғаны үшiн төлемдердiң уақтылы жүзеге асырылуы

Елеулі

9

Сарқынды және коллекторлық сулардың су шаруашылығы құрылыстарының және ағызу құрылыстарын су тарту, су жiберу қондырғыларының өлшеу құралдарымен және су өлшеу аспаптарымен жабдықталуы

Елеулі

10

Гидромелиорациялық жүйенiң, су шаруашылығы құрылысы паспортының болуы

Елеулі

11

Бұрғылау және барлау жұмыстарына келісімнің болуы

Елеулі

12

Су ресурстарын пайдалануды есепке алуды жүргізу

Елеулі

13

Жеке және заңды тұлғалардың балансындағы гидрогеологиялық ұңғымаларды жою немесе консервациялау құрылғыларымен жабдықталуы, оның iшiнде өздiгiнен төгiлетiн және барлау, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымалар

Елеулі

14

Су объектiлерiнiң су қорғау белдеулерiнде және аймақтарында орналасқан жер учаскелерiндегі шаруашылық және өзге де қызмет режимiне қойылатын талаптарды жеке және заңды тұлғалардың сақтауы

Елеулі

15

Бұрғылау және басқа да жұмыстарды жүргiзу кезiнде жерасты суы бар жиектердi өздiгiнен төгiлетiн және барлау ұңғымаларын реттеушi құрылғылармен және бақылау құралдарымен жабдықтау, уәкiлеттi органмен келiсiлген жобалау құжаттамасына сәйкес жер асты суларын қорғау жөнiндегi басқа да шараларды қабылдау

Елеусіз

16

Жер асты суларына мониторинг Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте әзірленген және келісілген мониторингі ұйымдастыру және жүргізу жобасына сәйкес жүргізіледі

Елеусіз

17

Барлық авариялық жағдайлар мен су пайдаланудың технологиялық режимiнiң бұзылуы туралы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарына және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына дереу хабарлау

Елеусіз

2. «Шағымдардың болуы» ақпарат көзі бойынша

1

Су ресурстарын ұтымды пайдаланбау, су ысырабын қысқарту шараларын қабылдау фактісі бойынша бір және одан көп шағымдардың болуы

Өрескел

2

Су ресурстарын су пайдалануға арналған рұқсат құжаттарынсыз пайдалану фактісі бойынша бір немесе одан көп шағымдардың болуы

Өрескел

3

Заңсыз су ұңғымасын бұрғылау және жер асты суларының су тарту тоғандарын салу фактісі бойынша бір немесе одан көп шағымдардың болуы

Елеулі

4

Су шаруашылығы құрылыстары мен қондырғыларының, сондай-ақ сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiнің зақымдалуы, су қорғау және су шаруашылығы белгілерін жою фактісі бойынша бір немесе одан көп шағымдардың болуы

Елеулі

5

Белгіленген су сервитуттарының бұзылуы фактісі бойынша бір немесе одан көп шағымдардың болуы

Елеусіз

3. «Мемлекеттік органдардан алынған ақпарат» ақпарат көзі бойынша

1

Су объектiлерiн заңсыз басып алу, заңсыз су пайдалану, су пайдалану құқығын қайта табыстау туралы ақпараттардың түсуі

Өрескел
 
 

2

Суды ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды, сондай-ақ су режимiнiң жай-күйiн жақсартуды қамтамасыз ететiн гидротехникалық, технологиялық, орман-мелиорациялық, санитариялық және басқа да iс-шаралардың жүргiзiлмеуi туралы ақпараттың түсуі

Өрескел

3

Су объектiлерiнен өндiрiлген немесе бөлiнген жер асты және жер үстi суларын ұтымды, мақсатты пайдалану туралы ақпараттардың түсуі

Елеулі

4

Белгіленген су сервитуттарының бұзылуы туралы ақпараттың түсуі

Елеусіз

4. «Есептілік» ақпарат көзі бойынша

1

Мемлекеттiк су кадастрының есептiлiгiн, су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларының есебін тапсырмау

Өрескел

2

Мемлекеттiк су кадастрының есебi мен есептiлiгiнің, су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларының деректерiн бұрмалау

Елеулі

3

Судың бастапқы есебiнен алынған тоқсандық ақпаратты ұсынбау

Елеусіз

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрінің  
міндетін атқарушы       
2015 жылғы 13 шілдедегі № 19-2/645
және Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің  
міндетін атқарушы       
2015 жылғы 31 шілдедегі № 579 
бірлескен бұйрығына 2-қосымша 

нысан

Тексеру парағы

___________________________________________________________ саласында
(«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
  туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қосымшаға сәйкес)
______________________________________________________________қатысты
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
_____________________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт
_____________________________________________________________________
                                (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) БСН (ЖСН)______________________
Орналасу орны________________________________________________________



Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін рұқсат құжатының талаптарын сақтау және су ысырабын қысқарту шараларын қабылдау





2

Белгiленген су пайдалану лимиттерiн, рұқсат етiлген көлемдерiн мен режимдi сақтау





3

Су шаруашылығы құрылыстарын және қондырғыларын пайдалану немесе қолдану су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларына сәйкес жүргізіледі





4

Су пайдалануға арналған рұқсат құжаттарының болуы





5

Жер үстi және жер асты суларынан су жинау алаңының ластануына жол бермеу





6

Су объектiлерiнiң ластануын, қоқыстануын және сарқылуын, су объектілеріне зиян келтіруді болдырмау жөніндегі су қорғау іс-шаралары жүргізіледі





7

Арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта айқындалған және су пайдаланудың лимитін анықтау кезінде келісілген су пайдалану шарттарын орындау белгiленген мерзiмдерде жүргізіледі





8

Су пайдаланғаны үшiн төлемдердiң уақтылы жүзеге асырылуы





9

Сарқынды және коллекторлық сулардың су шаруашылығы құрылыстарының және ағызу құрылыстарын су тарту, су жiберу қондырғыларының өлшеу құралдарымен және су өлшеу аспаптарымен жабдықталуы





10

Гидромелиорациялық жүйенiң, су шаруашылығы құрылысы паспортының болуы





11

Бұрғылау және барлау жұмыстарына келісімнің болуы





12

Су ресурстарын пайдалануды есепке алуды жүргізу





13

Жеке және заңды тұлғалардың балансындағы гидрогеологиялық ұңғымаларды жою немесе консервациялау құрылғыларымен жабдықталуы, оның iшiнде өздiгiнен төгiлетiн және барлау, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымалар





14

Су объектiлерiнiң су қорғау белдеулерiнде және аймақтарында орналасқан жер учаскелерiндегі шаруашылық және өзге де қызмет режимiне қойылатын талаптарды жеке және заңды тұлғалардың сақтауы





15

Бұрғылау және басқа да жұмыстарды жүргiзу кезiнде жерасты суы бар жиектердi өздiгiнен төгiлетiн және барлау ұңғымаларын реттеушi құрылғылармен және бақылау құралдарымен жабдықтау, уәкiлеттi органмен келiсiлген жобалау құжаттамасына сәйкес жер асты суларын қорғау жөнiндегi басқа да шараларды қабылдау





16

Жер асты суларына мониторинг Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте әзірленген және келісілген мониторингі ұйымдастыру және жүргізу жобасына сәйкес жүргізіледі





17

Барлық авариялық жағдайлар мен су пайдаланудың технологиялық режимiнiң бұзылуы туралы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарына және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына дереу хабарлау





18

Су ресурстарын ұтымды пайдаланбау, су ысырабын қысқарту шараларын қабылдау фактісі бойынша бір және одан көп шағымдардың болмауы*





19

Су ресурстарын су пайдалануға арналған рұқсат құжаттарынсыз пайдалану фактісі бойынша бір немесе одан көп шағымдардың болмауы*





20

Заңсыз су ұңғымасын бұрғылау және жер асты суларының су тарту тоғандарын салу фактісі бойынша бір немесе одан көп шағымдардың болмауы*





21

Су шаруашылығы құрылыстары мен қондырғыларының, сондай-ақ сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiнің зақымдалуы, су қорғау және су шаруашылығы белгілерін жою фактісі бойынша бір немесе одан көп шағымдардың болмауы *





22

Белгіленген су сервитуттарының бұзылуы фактісі бойынша бір немесе одан көп шағымдардың болмауы*





23

Су объектiлерiн заңсыз басып алу, заңсыз су пайдалану, су пайдалану құқығын қайта табыстау туралы ақпараттардың болмауы **





24

Суды ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды, сондай-ақ су режимiнiң жай-күйiн жақсартуды қамтамасыз ететiн гидротехникалық, технологиялық, орман-мелиорациялық, санитариялық және басқа да iс-шаралардың жүргiзiлмеуi туралы ақпараттың болмауы**





25

Су объектiлерiнен өндiрiлген немесе бөлiнген жер асты және жер үстi суларын ұтымды, мақсатты пайдалану туралы ақпараттардың болмауы**





26

Белгіленген су сервитуттарының бұзылуы туралы ақпараттың болмауы**





27

Мемлекеттiк су кадастрының есептiлiгiн, су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларының есебін тапсыру***





28

Мемлекеттiк су кадастрының есебi мен есептiлiгiнің, су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларының деректерiн тапсыру***





29

Судың бастапқы есебiнен алынған тоқсандық ақпаратты тапсыру ***





      * осы талап «Шағымдардың болуы» ақпарат көзі болған кезде қолданылады.
      ** осы талап «Мемлекеттік органдардан алынған ақпарат» ақпарат көзі болған кезде қолданылады.
      *** осы талап «Есептілік» ақпарат көзі туралы болған кезде қолданылады.

Лауазымдық тұлға (тұлғалар)

__________  ______  _________________________________________________
(лауазымы)  (қолы)  (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болган жағдайда))
__________  ______  _________________________________________________
(лауазымы)  (қолы)  (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болган жағдайда))

Тексерілетін субъектінің жетекшісі
__________  ______  _________________________________________________
(лауазымы)  (қолы )  (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)