"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 593 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 812 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 тамызда № 11954 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 580 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.08.2017 № 580 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 1 шілдедегі № 01-38.14 дсп бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 593 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11535 тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрілігінің Регламентінде:

      16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "16. Бюджет кодексінің және "Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 2 наурыздағы № 235 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының талаптарына сәйкес Министр бекітетін Ішкі бақылау департаменті (бұдан әрі – ІБД) жұмыс жоспарларын қоспағанда, қызметіне тікелей Министр жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің жұмыс жоспарларын олардың басшылары бекітеді."

      56-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "56. Сақтау мерзімі 10 жылға дейінгі құжаттар (сақтау мерзімі 75 жыл, тұрақты, ЭПҚ белгісі бар құжаттардан басқа) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттардың электрондық нысанында ғана қабылданады және жолданады.

      Шығыс хат-хабарларына қол қою өкілеттігі:

      Оның өз өкілеттігі шеңберінде Жауапты хатшымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жіберілетін құжаттарға Министр немесе Министрдің міндетін атқару ресми жүктелген тұлға қол қояды;

      орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, республика және шетелдердің ұйымдарына жіберілетін құжаттарға өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша жауапты хатшы немесе вице-министр қол қояды;

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдарға жіберілетін құжаттарға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптарға жауапты хатшы, вице-министрлермен, комитет төрағаларымен қол қояды;

      Ведомстваларға жіберілетін құжаттарға немесе оның аймақтық және құрылымдық бөлімшелердің басшылары немесе оның орнын алмастыратын тұлға қол қояды.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрдің міндетін атқарушы

А. Рау