Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 550 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 тамызда № 11915 болып тіркелді

      "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiліп отырған Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      _______________А. Мамытбеков


      2015 жылғы 20 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________________Е. Досаев


      2015 жылғы 13 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _________________Қ. Қасымов


      2015 жылғы 1 шілде

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 550 бұйрығымен
бекітілген

Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді)
техникалық пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағының 26-26)-тармақшасына сәйкес әзірленді және кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай айқындамалар пайдаланылады:

      1) авария – технологиялық процестің бұзылуы, тетіктердің, жабдықтар мен құрылыстардың зақымдануы;

      2) бақыланатын көрсеткіштер – техникалық құралдардың көмегімен өлшенген немесе құрылыс өлшемдері негізінде есептелген гидротехникалық құрылыстардың жай-күйінің сандық және сапалық параметрлері;

      3) гидротехникалық құрылыстың қауіпсіздігі – кеме қатынасының қауіпсіздігін және адамдардың өмірін, денсаулығын, қоршаған ортаны және шаруашылық объектілерін қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін гидротехникалық құрылыстың (шлюздің) қасиеті;

      4) гидротехникалық құрылыс (шлюз) қауіпсіздігінің критерийлері – гидротехникалық құрылысты (шлюзді) пайдаланудың, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің, оны пайдалануға беру мен пайдаланудан шығарудың әртүрлі режимдері мен жағдайлары кезінде оның қауіпсіздігін сипаттайтын бақыланатын диагностикалық көрсеткіштердің шекті мәндері;

      5) диагностикалық көрсеткіштер – "құрылыс – негіз – су қоймасы" гидротехникалық құрылыс жүйесінің тұтастай алғанда немесе оның жекелеген бөліктерінің қауіпсіздігіне баға беруге мүмкіндік беретін гидротехникалық құрылыстың (шлюздің) жай-күйін диагностикалау мен бағалау үшін неғұрлым маңызды бақыланатын көрсеткіштер;

      6) жоғарғы және төменгі бьеф – гидротехникалық құрылыстан (шлюзден) тиісінше жоғары және төмен орналасқан өзен (арна) учаскесі;

      7) жөндеу – гидротехникалық құрылыстың (шлюздің) жарамды күйін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар кешені;

      8) кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстың (шлюздің) бастығы – кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстың (шлюздің) барлық персоналына басшылық ететін және құрылыстың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін лауазымды тұлға;

      9) техникалық қызмет көрсету – гидротехникалық құрылысты қауіпсіз пайдалануды және жарамды күйде ұстауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені;

      10) уәкiлеттi орган – iшкi су көлiгi саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      11) уәкiлеттi органның кәсiпорны – негiзгi мiндетi қызмет көрсетілетін шекаралар шегінде кемелердiң қауiпсiз жүзуiн қамтамасыз ету мақсатында iшкi су жолдарын және кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды тиісінше күтiп-ұстау мен дамыту үшiн өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыру болып табылатын iшкi су көлiгiнiң мемлекеттік кәсіпорны

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де айқындамалар мен терминдер Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды
(шлюздерді) техникалық пайдалану

      3. Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) (бұдан әрі – гидротехникалық құрылыстар) пайдалану:

      1) гидротехникалық құрылыстарды жарамды күйде күтіп-ұстау;

      2) гидротехникалық құрылыстардың гидротехникалық және құрылыс бөліктерін, конструкциялары мен жабдықтарын, аумағы мен акваториясын техникалық пайдалану;

      3) жоспарлы жұмыстарды уақтылы жүргізу;

      4) гидротехникалық құрылыстардың құрылысы мен реконструкциясын ескере отырып, олардың реконструкциясы мен жаңғыртылуын перспективалық түрде жоспарлау;

      5) осы Қағидаларды және 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңы (бұдан әрі – Заң) нормаларын сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.

      4. Уәкілетті органның кәсіпорны гидротехникалық құрылысты және оның жабдығын бекітілген жобалық және атқарушылық құжаттамаға және техникалық шарттарға толық сәйкестікте пайдалануды қамтамасыз етеді.

      5. Уәкілетті органның кәсіпорны әрбір гидротехникалық құрылыста:

      1) электрондық және қағаз жеткізгіштегі техникалық паспорттың;

      2) құрамына гидротехникалық құрылыс кіретін гидротораптың қағаз жеткізгіштегі бас жоспарының;

      3) осы гидротехникалық құрылыстың және оның жабдығының барлық сызбалары мен схемаларының, оның ішінде онда бақылау-өлшеу аппаратурасын орналастыру жөніндегі сызбалар көшірмелерінің толық жиынтығының;

      4) уәкiлеттi органның кәсіпорны бекіткен тетіктерді және жабдықтарды пайдалану жөніндегі жедел нұсқаулықтар мен басқа да ғылыми-техникалық құжаттаманың (гидротехникалық құрылыста және гидротехникалық құрылыс үшін орындалған байқаулар, тексерулер, зерттеулер материалдарының) болуын қамтамасыз етеді.

      6. Гидротехникалық құрылыстың орталық басқару пультінде басқарудың, сигнал беру мен қорғаудың қағидаттық және монтаждық схемалары көшірмелерінің жиынтығы орналастырылады.

      7. Гидротехникалық құрылыстардың гидротехникалық және құрылыс бөліктерінің конструкциялары мен жабдықтарын, аумағы мен акваториясын техникалық пайдалану осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес іс-шаралардың сақталуын қамтиды.

3. Гидротехникалық құрылыстарды зерттеп-қарау тәртібі

      8. Гидротехникалық құрылыстар мен жабдықтарды тексеру профилактикалық, инспекторлық, кезектен тыс және арнайы болып бөлінеді.

      9. Зерттеп-қарауды құрамын уәкілетті органның кәсіпорны тағайындайтын комиссия жүргізеді.

      10. Зерттеп-қараудың нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес гидротехникалық құрылыстарды тексеру актісімен ресімделеді, онда гидротехникалық құрылыстың техникалық жай-күйін бағалау көрсетіледі.

      11. Гидротехникалық құрылысты инспекторлық зерттеп-қараулар гидротехникалық құрылыста навигацияның ашылуы мен жабылуы кезінде жылына екі рет жүргізіледі және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес гидротехникалық құрылысты инспекторлық зерттеп-қараулар нәтижесімен акт толтырылады.

      12. Кезектен тыс зерттеп-қараулар құрылыстар бөліктерінің зақымдануын немесе бұзылуын туындатқан дүлей апаттар мен авариялардан кейін, сондай-ақ жабдықтар жұмысындағы жиі істен шығулар мен пайдалану шарттарын басқа да бұзушылықтар кезінде жүргізіледі.

      13. Гидротехникалық құрылысты арнайы зерттеп-қараулар жобалау және ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын тарта отырып, кемінде 5 жылда 1 рет ұйымдастырылады. Арнайы тексеру кезінде гидротехникалық құрылыстың және оның жабдығын қауіпсіз пайдалану үшін ағымдағы жағдайына баға беру жүргізіледі.

      14. Гидротехникалық құрылыстарды байқаулар мен зерттеулер өзінің сипаты бойынша визуалдық және аспаптық болып бөлінеді және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес құрылыстар мен жабдықтарды міндетті көлемде аспаптық тексерулер, өлшеулер, сынаулар мен зерттеулер жүргізуді көздейді.

      15. Байқаулар нәтижелері журналдар мен формулярларға енгізіледі және гидротехникалық құрылыстың жұмысында анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін пайдаланылады.

      16. Байқаулар нәтижелері жыл сайын гидротехникалық құрылыс қауіпсіздігінің диагностикалық көрсеткіштерінің мәндерімен салыстырылады.

4. Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздік
критерийлерін айқындау тәртібі

      17. Критерийлер мониторингілеу процесінде гидротехникалық құрылыстардың жай-күйінің негізгі қадағаланатын және бақыланатын сандық және сапалық көрсеткіштерін белгілейді.

      18. Критерийлер құрылымы бойынша:

      1) құрылыстардың техникалық жай-күйін сипаттайтын критерийлерге;

      2) құрылыстарды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларды сипаттайтын критерийлерге бөлінеді.

      19. Құрылыстардың техникалық жай-күйін сипаттайтын критерийлер құрамына осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес параметрлер кіреді.

      20. Құрылыстарды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларды сипаттайтын критерийлер құрамына осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес белгілерді қамтиды.

      21. Әрбір сандық және сапалық параметр үшін олардың К1 және К2 шекті рұқсат етілген мәндері айқындалады.

      К1 – диагностикалық көрсеткіштер мәндерінің ескерту деңгейі, оған қол жеткізілген кезде гидротехникалық құрылыстың (шлюздің) және оның негізінің тұрақтылығы, механикалық және сүзгіштік беріктігі, сондай-ақ су төгу және су жіберу құрылыстарының өткізу қабілеті әлі де болса қалыпты пайдалану жағдайларына сәйкес келеді;

      К2 – диагностикалық көрсеткіштер мәндерінің шекті деңгейі, одан асып кеткен кезде гидротехникалық құрылысты (шлюзді) жобалық режимдерде пайдалануға жол берілмейді;

      22. К1 және К2 шамалары құрылысты пайдалану жағдайларына және олар белгіленген қолданыстағы жүктемелерге сәйкес бақыланады.

      23. Гидротехникалық құрылыстың бақыланатын сандық және сапалық диагностикалық көрсеткіштер тізбесі әрбір гидротехникалық құрылыстың пайдалану жай-күйін жедел бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді және осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес көрсеткіштерді қамтиды.

      24. Гидротехникалық құрылыстың бақыланатын сандық және сапалық диагностикалық көрсеткіштер тізбесі әрбір нақты құрылыс үшін табиғи жағдайларды, гидротехникалық құрылыстардың конструктивті ерекшеліктерін және гидротехникалық құрылысты пайдалану жағдайларын ескере отырып нақтыланады және толықтырылады.

      25. Диагностикалық көрсеткіштердің мәндерін (қауіпсіздік критерийлерін) айқындаудың (тағайындаудың) екі міндетті кезеңі белгіленеді:

      1) жобалау сатысында (бір кезде);

      2) пайдалану сатысында (кезең-кезеңімен қайта қаралады).

      26. Критерийлер құрамын және олардың К1 және К2 көрсеткіштерінің мәндерін:

      1) жобалау сатысында – гидротехникалық құрылыстың сүзгілік, гидравликалық және температуралық режимдерін есептеулер мен эксперименталдық зерттеулер нәтижелерін, кернеу-деформациялық күйін, жүктемелердің негізгі және ерекше үйлесуіне беріктігі мен тұрақтылығын талдау негізінде, сондай-ақ материалдың беріктік, деформациялық және сүзгілік сипаттамаларын талдау негізінде;

      2) пайдаланылатын құрылыстар үшін – мынадай ақпаратты:

      жоба құрамында әзірленген критерийлік мәндерді жүктемелердің негізгі және ерекше үйлесуінің барынша жоғарғы нақты күштік әсерлері кезінде пайдаланылатын құрылыстағы бақыланатын көрсеткіштермен салыстыру нәтижелерін;

      құрылыс материалдарының нақты физика-механикалық сипаттамалары мен гидротехникалық құрылыс негізінің топырақ түрлері туралы деректерді пайдалана отырып, құрылыстың неғұрлым жауапты бөліктерінің тексеруші есептеулерінің нәтижелерін;

      заттай бақылаулар мен нақты жүктемелер деректерін пайдалана отырып салынған статистикалық модельдерді (және олар бойынша есептерді) талдау нәтижелерін көп факторлы талдау негізінде айқындау керек.

      27. Диагностикалық көрсеткіштердің К1 (ал қажет болған жағдайда К2) критерийлік мәндерін түзету және толықтыру заттай байқаулар нәтижелерін талдау негізінде және мыналарды:

      1) осы заттай байқаулар деректері бойынша қалыптастырылған статистикалық үлгілер негізінде орындалған болжам нәтижелерін;

      2) гидротехникалық құрылыстың нақтыланған есептік схемаларына, құрылыстар материалдарының және негіз топырақтары түрлерінің қасиеттері параметрлерінің, сондай-ақ жүктемелердің негізгі және ерекше үйлесу параметрлерінің нақтыланған есептік мәндеріне қолданылатын заттай қадағалау нәтижелері негізінде "калибрленген" математикалық моделдер бойынша тексеру есептерін пайдалана отырып, гидротехникалық құрылысты пайдалану тәжірибесі негізінде жүзеге асырылады.

      28. Критерийлерді және олардың мәндерін түзету мынадай жағдайларда:

      1) гидротехникалық құрылыстарды пайдалануға беру алдында;

      2) пайдаланудың алғашқы екі жылынан кейін;

      3) гидротехникалық құрылысты реконструкциялағаннан, оларды күрделі жөндегеннен, қалпына келтіргеннен және пайдалану шарттарын өзгерткеннен кейін;

      4) пайдаланудан шығару кезінде және консервациялау кезінде;

      5) гидротехникалық құрылыс қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер, қағидалар мен нормалар өзгерген кезде;

      6) авариялық жағдайлардан кейін жүзеге асырылады.

      29. Критерийлерді мониторингілеу гидротехникалық құрылыстардың техникалық көрсеткіштеріне заттай (визуалдық және аспаптық) байқаулар нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.

      30. Гидротехникалық құрылыстың жай-күйі Көзг диагностикалық көрсеткіштердің өлшенген мәндерін олардың К1 және K2 өлшемдік мәндеріне салыстыру негізінде белгіленеді:

      1) Көзг < К1 кезде гидротехникалық құрылыстың жай-күйі "қалыпты" деп саналады және гидротехникалық құрылыстың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген деп саналады;

      2) К1 мәндерінің бір немесе бірнеше диагностикалық көрсеткіштері артқан кезде немесе диагностикалық көрсеткіштер болжанатын шектен шығып кеткен кезде, (К1 < Көзг < К2) мәндер интервалының осы жүктемелер деңгейі кезінде гидротехникалық құрылыстың жай-күйі "әлеуетті қауіпті" деп саналады, бұл ретте гидротехникалық құрылыстың жай-күйін және оның қауіпсіздік деңгейін бағалауды нақтылау үшін жобалау және ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарта отырып, сарапшылық кеңес құрылады. Уәкілетті органның кәсіпорны гидротехникалық құрылыстың "әлеуетті қауіпті" жай-күйі басталғаны туралы уәкілетті органды хабарландырады және гидротехникалық құрылысты "қалыпты" жағдайға келтіру бойынша жедел шаралар қабылдайды;

      3) бір немесе бірнеше диагностикалық көрсеткіштер К2өзг > К2) критерийлік мәндерінің екінші (шекті) деңгейінен артқан кезде – гидротехникалық құрылыстың жай-күйі "авария алдындағы" деп саналады, бұл ретте гидротехникалық құрылысты жобалық режимдерде одан әрі пайдалануға жол берілмейді.

5. Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды жөндеуден
өткізу тәртібі

      31. Жоспарлы жөндеу жұмыстары мыналарды:

      1) техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жоспарлауды және жүргізуді;

      2) ағымдағы және күрделі жөндеулерді, реконструкциялауды және жаңғыртуды жоспарлауды және жүргізуді қамтиды.

      32. Жоспарлы жөндеу жұмыстарының белгіленуі мен мақсаттары гидротехникалық құрылыстар мен жабдықтарды олардың пайдаланудан кенеттен шығып қалуын болдырмайтын жарамды техникалық жай-күйін қамтамасыз етуден тұрады.

      33. Жоспарлы жөндеу жұмыстары жөндеуаралық кезеңдердің ұзақтығын және тұтастай алғанда, құрылыстар мен жабдықтардың қызмет ету мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік береді, құрылыстар мен жабдықтардың техникалық жай-күйін жақсартады, жөндеуге арналған шығыстарды азайтады.

      34. Жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру мынадай негізгі іс-шараларды өткізуді қамтиды:

      1) бақылау, зерттеу нәтижелерінде негізделген ақаулық тізімдеме жасауды, ақаулар картасын дайындауды, қажет болған жағдайда жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, барлық жөндеу-құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша сметалық есептеулерді, жоспарлар мен кестелерді жасауды қоса алғанда, жөндеуді жоспарлауды;

      2) жұмыс жүргізу кестесін жасауды, құрылыс алаңын, жұмыс орындарын дайындауды, персоналға нұсқама жүргізуді, энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелеріне және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу орнына сығылған ауа жүйелеріне қосылу нүктесін қамтамасыз етуді, құрылыс алаңын қажетті жабдықтармен, құрал-саймандармен, механизмдермен қамтамасыз етуді қоса алғандағы жөндеу-құрылыс жұмыстарын ұйымдастыруды;

      3) нысанға келіп түсетін материалдардың сапасын бақылаудың барлық түрлерін қамтамасыз етуді, нысандағы құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізуге техникалық қадағалау жүргізуді, Қазақстан Республикасында қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерге сәйкес (жұмыстар журналы, жасырын жұмыстарды куәландыру актілері, жауапты құрылымдарды қабылдау актілері, коррозияға қарсы жұмыстар журналы, қолданылатын материалдарға сертификаттар, орындау сызбалары және т.б.) объектілерде атқару құжаттамасын жүргізуді қоса алғанда, жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуді;

      4) Қазақстан Республикасы сәулет-құрылыс қызметі туралы заңнамада айқындалған объектінің аяқталған құрылысымен (жөндеуімен) пайдалануға беруді.

      35. Ағымдағы жөндеу кезінде құрылыстың негізгі пайдаланушы сипаттамаларының төмендеуіне әкелмейтін конструкциялардың кішігірім ақаулары мен бүлінуі жойылады, тез тозатын бөлшектері, жекелеген тораптары жүйелі түрде ауыстырылады, жабдықтары реттеледі және бапталады, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстың жекелеген бөлшектерін мезгілінен бұрын тозудан уақтылы сақтау жөнінде жұмыстар жүргізіледі. Ағымдағы жөндеу навигацияаралық кезеңде жөнделетін негізгі жабдықты жөндеуді қоспағанда, бүкіл жыл бойы жүргізіледі.

      36. Жөндеу жұмыстары (ревизиялар, ағымдағы және күрделі жөндеу) көбінесе навигацияаралық кезеңде жүргізіледі.

      37. Техникалық қызмет көрсету гидротехникалық құрылыстарды жарамды күйде ұстауға бағытталған пайдаланушы персоналдың күшімен орындалады. Техникалық қызмет көрсетудің нәтижелері бойынша конструкциялар мен жабдықтарды жөндеудің қажеттілігі айқындалады.

      38. Гидротехникалық құрылыстардағы жөндеу жұмыстарын уәкілетті орган кәсіпорнының мамандары немесе шартты негізде мамандандырылған кәсіпорындарды тарта отырып ұйымдастырылады.

      39. Оларды жөндеу кезінде жасалған құрылыстар мен жабдықтар қонструкцияларының барлық өзгерістері гидротехникалық құрылыс паспортына, сондай-ақ тиісті растауы бар тиісті сызбаларға енгізіледі.

      40. Гидротехникалық құрылыстарда авариялық сипаттағы жұмыстарды орындау үшін қосалқы бөлшектер мен жабдықтардың азаймайтын қоры болуы қажет, олардың номенклатурасына:

      1) кеме өткізуге байланысты және жөндеуаралық кезеңнен аз немесе онша аспайтын қызмет мерзімі бар және осының салдарынан әрбір кезекті жөндеу кезінде, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету процесінде ауыстыруға жататын негізгі технологиялық жабдықтардың тез тозатын барлық бөлшектері (мойынтіректер жапсырмалары, қиылатын сұққылар, серіппелер, пластина тәріздес шынжырлар, манжеттер және тығыздамалар, электромагниттік аппараттардың катушкалары, релелік-контакторлық аппаратурасының контактілері, қыздыру элементтері және т.б.);

      2) жөндеуаралық кезеңі бірден көп қызмет мерзімі бар, бірақ 5 бірліктен асатын бір үлгідегі жабдықтар саны кезінде гидротехникалық құрылыстарға кең қолданысы бар сериялық емес өндірістегі бөлшектер (тістегершіктер, шұбалшаңдар, тісті және шұбалшаң дөңгелектер, белағаштар, біліктер, бекітпе дөңгелектері, мойынтіректер корпустары, контакторлар, реле, позициялық қосқыштар, басқару кілттері, коммутациялық аппараттар және т.б.);

      3) қызмет ету мерзіміне қарамастан ерекше жауапты тораптарға арналған дайындалуы қиын және еңбекті көп қажет ететін бөлшектер (жиналған гидроцилиндрлер немесе олардың штоктары, табан және гальсбантты құрылғылар, амортизаторлар, бекітпе арбалары, тіреу және тірек жастықтары және т.б.);

      4) істен шығуы кеме өткізудің тоқтауына әкеліп соғатын сериялық дайындалатын жабдық (редукторлар, майсорғылар, электр қозғалтқыштар, қақпаларды және бекітпелерді тығыздау элементтері және т.б.) қамтылады.

      41. Басқа мақсаттар үшін қосалқы бөлшектер мен жабдықтардың азаймайтын қорын жұмсауға жол берілмейді.

      42. Қосалқы бөлшектердің, материалдар мен жабдықтардың азаймайтын қорының тізбесін уәкілетті органның кәсіпорны әрбір гидротехникалық құрылыс үшін жеке жасайды және оны уәкілетті орган бекітеді.

      43. Азаймайтын қор тізбесі гидротехникалық құрылыстың пайдаланылатын қосалқы бөлшектері, материалдары мен жабдығы тізбесінде өзгеріске әкеп соққан гидротехникалық құрылыстың жабдықтары мен жүйелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты қайта қаралады және бекітіледі.

  Кеме қатынайтын гидротехникалық
құрылыстарды (шлюздерді) техникалық
пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу
қағидаларына 1-қосымша

Гидротехникалық құрылыстардың гидротехникалық және құрылыс
бөліктерін, конструкциялары мен жабдықтарын, аумағы мен
акваториясын техникалық пайдалану жөніндегі іс-шаралар

      1. Бетонды және темірбетонды конструкциялар, жер құрылыстары бойынша:

      1) бетонды, темірбетонды және тас конструкцияларды оларды пайдалану процесінде және гидротехникалық құрылыс жобасында қаралған ұстау қабілеті (беріктік және тұрақтылық) бойынша, шекті рұқсат етілген деформациялар бойынша, климаттық факторлар мен судың бұзушы ықпалына қарсы төзуі бойынша сәйкестігі қамтамасыз етіледі;

      2) гидротехникалық құрылыстарда уәкілетті органның кәсіпорны бетон мен темірбетонның су өткізбеуіне, геодезиялық, климаттық және механикалық деформацияларына, шытынаудың, кавернаның, жарықшақтардың және басқа да бүлінулердің пайда болуына, температуралық тігістер қатаюының жай-күйіне, қақпалар мен бекітпелердің төсегіш бөліктеріндегі штрабтық бетонның жай-күйіне, жұқа қабырғалы конструкциялардың жай-күйіне, бетонды конструкцияларда сілтілеу өнімдері қатпарлануының пайда болуы мен асқынуына, тотты ағып кетулер мен қабыршақтанулардың пайда болуына және асқынуына жүйелі байқаулар жүргізуді қамтамасыз етеді;

      3) шлюз табалдырықтарының және басқа да конструктивтік элементтердің көлденең және тік жылжулары геодезиялық бақылау әдістерімен жүйелі түрде тексерілуге жатады;

      4) рұқсат етілген шектен асатын ауытқушылықтар анықталған кезде (гидротехникалық құрылыс қауіпсіздігінің белгіленген шекті рұқсат етілген көрсеткіштері) уәкілетті органның кәсіпорны себептерді анықтап, оларды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлейді. Қажет болған кезде бұл жұмысқа мамандандырылған жобалау немесе ғылыми-зерттеу ұйымдары тартылады;

      5) бетон арқылы сүзгіленуі және оның беріктігінің жобалықпен салыстырғанда азаюы анықталған кезде бетонның су өткізбеуін қалпына келтіру немесе оны ауыстыру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі;

      6) жергілікті жағдайларға байланысты бетонға судың агрессивті әсер ету дәрежесін айқындау үшін сүзілген суға химиялық талдау кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бетонға қатысты судың жоғары агрессиясы анықталған кезде оның зиянды әсерін жою немесе азайту жөніндегі іс-шаралар қабылданады. Қажетті іс-шараларды әзірлеу үшін мамандандырылған ғылыми-зерттеу немесе жобалау ұйымдарын тартуға ұсыным беріледі;

      7) бетонды және темірбетонды конструкциялар бетінің, сондай-ақ арматураның қорғаныс бетінің зақымдануын уақтылы жою керек. Бетонның ірі зақымдануларын жою мамандандырылған ғылыми-зерттеу немесе жобалау ұйымдарын тарта отырып, әзірленген жоба бойынша жүргізілуге тиіс;

      8) гидротехникалық және құрылыс конструкцияларының бетоны оған минералды майларының түсуінен қорғалуы қамтамасыз етіледі;

      9) бетонның бетіне су тұрып қалуына жол берілмейді. Су ақпай қалған кезде ағызатын құбырларды төсеу немесе бетон бетіне қажетті еңіс беру арқылы оның ағып кетуін қамтамасыз ету керек;

      10) температуралық-шөгу және температуралық тігістердің гидрооқшаулау сыналары тігістер арқылы суды сүзгіленуден қорғауды қамтамасыз етуге және бұзылуға ұшырамауға тиіс. Сына арқылы сүзгілеу анықталған кезде оның жай-күйін мұқият тексеру, сүзгілену себептерін айқындау және оларды жою керек;

      11) жер құрылыстарының жоталары мен еңістері олардың жобалық геометриясының сақталуын қамтамасыз ететін жарамды күйде ұсталады. Анықталған шайындылар, көшкіндер, шөгулер, топырақтың қаңсуы мен шайылуы, еңіс бекітулерінің бұзылуы уақтылы жойылуға жатады және олардың пайда болу себептері жойылуға жатады;

      12) желілік жер құрылыстарында құрылыстың пикеттік ұзындығын белгілейтін белгілердің болуы ұсынылады;

      13) гидротехникалық құрылыстардың кіреберіс каналдары кемелердің авариясыз жүзуін үшін және оларда кеме қатынаудың кепілдік берілген габариттерімен қамтамасыз етіледі. Олардағы тереңдікті өлшеулер мен трал жұмыстары уәкілетті органның кәсіпорны бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі;

      14) кіреберіс каналдар жағалауындағы навигациялық және басқа да белгілер жарамды күйде болуы қамтамасыз етіледі;

      15) кіреберіс каналдардағы кеме қозғалысының жылдамдығы кемелер үлгілеріне, каналдардың табиғи түйісуі мен еңістер белгіленуінің күйіне байланысты уәкілетті органның Заңының 9 бабының 1 тармағының 26-23) тармақшаларының талаптарына сәйкес бекітілген ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларына сәйкес тиісті белгілерді қоюмен шектеледі.

      2. Гидромеханикалық жабдық бойынша:

      1) жабық жағдайдағы қақпалар мен бекітпелер табалдырыққа дұрыс бекітілуге немесе тауашаға кіруге және сүзгіге қарсы контурға іргелес болуға, ашық жағдайда – гидротехникалық құрылыстың кеме жүзетін габариттерінің шегінен аспауы қамтамасыз етіледі.

      2) қысымдағы қақпалар мен бекітпелердің тірек және тірек-жүру тораптары жабық жағдайларда, сол сияқты маневр жасау кезінде де гидротехникалық құрылыстың қалыптарына гидростатикалық қысымды дұрыс беруі қамтамасыз етіледі;

      3) қақпалар мен бекітпелерге, олардың тірек және тірек-жүру тораптарына есептік мәндерден асатын жүктемелер түсіруге жол берілмейді;

      4) қақпалар мен бекітпелердің қауіпсіздік критерийлерімен және гидротехникалық құрылыс жобасымен регламенттеліп белгіленген шамалардан артық қисаюы мен деформациясына жол берілмейді;

      5) шлюздерді пайдалану кезінде қысымдағы, сондай-ақ ағында жұмыс істеп тұрған бекітпелердің вибрациясына жол берілмейді;

      6) бекітпелерді вибрация болатын жағдайларда тоқтатуға жол берілмейді. Қысымдағы жұмыс жағдайындағы бекітпелердің вибрациясы пайда болған кезде вибрацияның пайда болу себептері дереу анықталады және оларды жоюға шаралар қолданылады;

      7) электр жетекті тетіктер көмегімен бекітпелермен маневрлеуге автоматты басқару схемасында көзделген басқару мен қорғаудың реттелген және дұрыс жұмыс істейтін аппаратурасы болған кезде ғана рұқсат етіледі. Бекітпелермен маневрлеу жөніндегі операциялардың кезектілігін бұғаттаулардың тиісті жүйесімен белгілеу және бақылау қажет. Қақпалар мен бекітпелердің қозғалысы кедергісіз және бір қалыпты, серпіліссіз болуы қамтамасыз етіледі, сондай-ақ аралық және түпкі жағдайлардағы аялдамалар жобалық схемаларға сәйкес қамтамасыз етіледі;

      8) су өтетін галереялар мен басқа да су өткізгіш шұңқырлардың негізгі бекітпелерінде ағындағы сенімді жабылу қамтамасыз етіледі;

      9) дөңгелекті тірек-жүру бөліктерінің үйкелетін бөлшектерінде, сондай-ақ табан тіректері мен гальсбантты құрылғыларда жарамды және сенімді жұмыс істейтін майлағыш қондырғылар болуға тиіс;

      10) қақпалардың жаяу адамдар өтетін көпіршелері, стационарлық тіреулер, өтпелер мен қоршаулар жарамды күйде ұсталады;

      11) қысқы уақытта мұздың күштік әсеріне есептелмеген қақпалар мен бекітпелер алдында қатпайтын мұзойықтың (мұз суаттары) ұсталады;

      12) қатты аяздардан кейінгі (300С-тан төмен) ықтимал сызаттар мен жарықшақтарды анықтау мақсатында қақпалар мен бекітпелердің барлық дәнекерленген конструкциялары мұқият тексеруге жатады;

      13) бекітпелердің қоқыс жинағыш торкөздері үнемі тазалануға жатады;

      14) жөндеу қоршауларының табалдырықтары, тауашалары мен ойықтары кезеңдік тексеруге жатады және әрбір орнату алдында қоқыстан тазартылады.

      3. Жетекті тетіктер бойынша:

      1) бекітпелердің жетекті тетіктері гидротехникалық құрылыс жобасында көзделген шарттар мен нормаларды қанағаттандыруға тиіс. Жетекті тетіктердің кинематикалық және гидромеханикалық схемаларындағы, тетіктер мен гидрожүйелерді жүктемелерден қорғау бойынша механикалық және гидравликалық құрылғылар құрамы мен конструкцияларындағы өзгерістерге осы гидротехникалық құрылыс жобасын әзірлеген ұйыммен келісім бойынша ғана жол беріледі;

      2) электр жетекті тетіктер бекітпенің кез келген жағдайында тетікті тоқтату үшін тежеуіш қондырғылармен, тетікті шектен тыс жүктемелерден қорғау құрылғыларымен, электр қозғалтқыштарды және тетіктердің жекелеген тораптарын ревизиялау үшін тоқтатқыш құрылғылармен жабдықталады;

      3) редукторлар май көрсеткіштермен жабдықталады, онда тәуекелдермен рұқсат етілген май деңгейін белгілеу керек. Барлық навигациялық кезеңде редукторлар пломбаланады;

      4) тетіктердің жұмысына рұқсат етілген мәндерден асатын деформация және қақпалар мен бекітпелер тетіктерінің немесе металл конструкцияларының жауапты бөліктерінің бұзылуы кезінде, беріліс бөлшектерінде сызаттар мен деформациялардың пайда болуы кезінде, бөлшектер рұқсат етілген мәндерден асып тозуы кезінде, жауапты бөлшектер бекіткішінің нашарлауы және бұзылуы кезінде, тежегіш құрылғыларындағы ақаулықтар кезінде, қақпалар мен бекітпелердің күйіне жетек тетіктері торабы күйінің сәйкес болмаған кезде, редукторлардағы май деңгейі рұқсат етілген деңгейден төмендеген кезінде, редукторлардағы мойынтіректер мен майдың температурасы +750С-тан жоғары болған кезде жол берілмейді;

      5) механикалық қорғаныстың құрылғыларын шектен тыс жүктемелерден реттеу және олардың әрекетін әзірлеуші зауыттың техникалық нұсқаулықтарына сәйкес жүргізіледі;

      6) өзара ілеспе құрылғылармен байланысқан тетіктердегі тежеуіштер екі тетіктің бір уақытта тежелуін қамтамасыз етуге тиіс;

      7) пластина тәріздес шынжырларға мұқият күтім ұйымдастырылады. Шынжырларды оларға шаң-тозаң мен кір түсуден қорғау, оларды мезгілімен жуып, мұқият майлау керек. Шынжырлардың тозуына жүйелі бақылау жүргізу қажет;

      8) жүктері түсірілмеген және тоқтатылмаған тетіктердің тежеуіштерін реттеуге және тораптарын бөлшектеуге жол берілмейді;

      9) қақпалар мен бекітпелердің гидрожетектері жүйені шектен тыс жүктемеден және май қысымының жоғарылауынан қорғайтын сақтандырғыш клапандармен, жұмыс жүктемесінің шекті мәнін көрсететін шкаласында қызыл сызық бар манометрлермен, қақпалар мен бекітпелердің жармалар гидроцилиндрдің штогы келісілген қозғалысы бақыланатын құрылғылармен жабдықталады;

      10) гидрожетектерді жұмысқа қосуға қысым релесінің, ток қорғанысының жарамсыздығы кезінде, гидрожетекті басқару жүйесіндегі жарамсыздық кезінде, пайдаланылатын нормаларға сәйкес келмейтін май сапасы кезінде, майдың температурасы белгіленген шегінен төмен болған кезде, майсорғыштардың немесе іске қосуды реттейтін аппаратураның жарамсыздығы кезінде, майсорғыш қондырғысы бактарындағы май деңгейінің номиналды көрсеткіштен төмен болған кезде жол берілмейді;

      11) гидрожетек майсорғыш қондырғысы бактарындағы май деңгейі рұқсат етілген деңгейден төмен болған кезде; сорғыларда қағыстар, шуыл пайда болған кезде, сондай-ақ сорғылар мен құбыр өткізгіштерде вибрацияның кенеттен артуы кезінде; электр қозғалтқыштарының қызып кетуі кезінде; технологиялық қорғаныстың жарамсыздығын анықтаған кезде; майдың жүйеден ағып кетуі пайда болған кезде дереу тоқтатуға жатады;

      12) май құбырөткізгіштерін, гидроцилиндрлерді, майсорғы қондырғыларын әрбір жөндегеннен кейін гидрожетекті сынауға дейін гидравликалық жүйенің жұмыс қысымынан 50 %-ға артатын қысыммен 10 минут ішінде қысыммен тығыздау жүргізіледі;

      13) гидрожетектердің сақтандырғыш клапандары номиналды қысымнан 0-15 %-ға артатын қысымға реттелуі қамтамасыз етіледі;

      14) май бактары, реттегіштер қаптамалары, сақтандырғыш клапандар, манометрлер барлық навигациялық кезең ішінде пломбаланған түрде ұсталады;

      15) гидрожетектерде пайдаланылатын май оған белгіленген талаптарға сәйкес болуы қамтамасыз етіліп, оның сапасына тұрақты бақылау жүргізу қажет;

      16) қақпалар мен бекітпелерді ұзақ уақытқа жабық жағдайға келтіру кезінде гидроцилиндрлердің штоктары майланады.

      4. Қосалқы жабдық бойынша:

      1) гидротехникалық құрылыстардағы шварттық құрылғылар (стационарлық рымдар мен тумбалар, қалқымалы рымдар) беріктігі бойынша есептік кемеден қабылданған шварттық күшке сәйкес болуы қамтамасыз етіледі; гидротехникалық құрылысқа жақындау кезінде кеме жүргізушілеріне жақсы көрінетін нөмірленуі болуға тиіс; қолайсыз ауа температурасы кезіндегі жұмыс кезеңінде қалқымалы рымдар рымдық тауашалардың үстіңгі бөлігіне ілінеді немесе олардан алынады; шаруашылық және өзге де мұқтаждықтарға стационарлық кептіргіш сорғы агрегаттарын пайдалануға жол берілмейді; егер көліктің жалпы салмағы конструкцияның жүк көтергіштігінен асатын болса, гидротехникалық құрылыстың көпірлі және консолды конструкциялары бойынша оны өткізуге жол берілмейді; жүккөтергіш және өзге де қосалқы жабдықты, байланыс автоматтандыру құралдарын және басқа да құрылғыларды пайдалану әзірлеуші зауыттың нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Металл конструкцияларын тот басудан қорғау бойынша:

      1) гидротехникалық құрылыстардың барлық металл конструкцияларын, тетіктерін, қосалқы және жөндеу жабдықтарын қорғаушы жабындыларын жүйелі түрде жағу жолымен тот басудан қорғау қажет;

      2) әрбір гидротехникалық құрылыстағы тот басудан қорғау бойынша жұмыстарды жоспарлау үшін қақпалардың, бекітпелердің, тетіктердің металл конструкцияларының боялуға тиіс аумағы және кезеңділігі көрсетілген анықтамалық деректері болуға тиіс;

      3) әрбір құрылыстағы металл конструкциялардың тот басуға қарсы жабындысының жай-күйі жыл сайынғы навигацияның жабылуынан кейін, ал құрылыстардың суасты бөлігінде – камералар мен галереяларды кептірген кезде немесе суасты тексерулерінің көмегімен айқындалады;

      6. Электр-техникалық жабдық бойынша:

      1) І санатты электр қабылдағыштар тәуелсіз өзара резервтейтін екі қуат беру көзінен электр энергиясымен қамтамасыз етілуге тиіс, қуат беру көздерінің бірінен электрмен жабдықтау бұзылу кезінде олардың электрмен жабдықталу үзілісіне қуат беру автоматты қалпына келу уақытына ғана рұқсат етіледі. І санатты электр қабылдағыштардың ерекше тобын электрмен жабдықтау үшін үшінші тәуелсіз өзара резервтейтін қуат беру көзінен қосымша қоректендіру көзделеді. Электр қабылдағыштардың ерекше тобы үшін үшінші тәуелсіз қуат беру көзі ретінде және І санатты қалған электр қабылдағыштар үшін екінші тәуелсіз қоректендіру көзі ретінде жергілікті электр станциялары, энергия жүйелерінің электр станциялары (атап айтқанда, генераторлық кернеу шиналары), арнайы үзіліссіз қорек агрегаттары, аккумуляторлық батареялар және т.б. пайдаланылады. Егер электрмен жабдықтауды резервтеумен технологиялық процесті қажетті үздіксіз қамтамасыз ету мүмкін болмаса немесе егер электрмен жабдықтауды резервтеу экономикалық тұрғыдан орынсыз болса, технологиялық резервтеу жүзеге асырылады;

      2) гидротехникалық құрылыстың электр қондырғыларын энергия жүйесіне қосу гидротехникалық құрылыс жобасына, 2004 жылғы 9 шілдедегі "Электроэнергетика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 21) және 26) тармақшаларына сәйкес жүргізіледі;

      3) кеме қатынайтын шлюздерде таратушы қалқанда тиісті қосулармен резервті қоректендіруге ауыстыру мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс, оны қосу тәсілдеріне оқытылған жедел персонал орындайды;

      4) шлюзде жедел қосуларды жүргізуге қаблетті жұмыскерлер тізімін уәкілетті орган кәсіпорнының басшылығы бекітеді және энергиямен жабдықтаушы ұйымға ұсынады;

      5) резервтік трансформаторлар және оларды қоректендіретін желілер навигациялау кезеңінде қосылуға әзір жарамды күйде болуы қамтамасыз етіледі;

      6) гидротехникалық құрылыстарда мынадай номиналдан жоғары, ұзақтығы - 5 %, жүктемесі номиналдан жоғары емес, қысқа уақытты (тәулігіне 6 сағатқа дейін) - 10 %, жүктемесі номиналдан жоғары емес, авариялық жағдайларда трансформаторды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа (әзірлеуші зауыттың паспортына) сәйкес авариялық жағдайларда күштік трансформаторлар кернеуінің жоғарылауына жол беріледі;

      7) гидротехникалық құрылыстарды үзіліссіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін олар резервтейтін кез келген кабельдің өзара ауыстырылуын қамтамасыз ету үшін желілердің кескіні мен саны бойынша тепе-тең резервті күштік және бақылау кабельдері салынады. Резервті кабельдер ұштарының кабель резервтелетін неғұрлым алыс орналасқан электр қондырғыларына қосылу үшін жеткілікті ұзындығы қамтамасыз етіледі;

      8) гидротехникалық құрылыстардағы кабельдік каналдардың үстінгі және сүзгіленген судың ағуы мен жойылуы үшін еңістері қамтамасыз етіледі. Ғимаратқа кіру орындарында кабельді себілген топырақтан ықтимал механикалық бұзылулардан қорғау қажет;

      9) электр құрылғылары мен жабдықтардың металл бөліктері, сондай-ақ күштік және бақылау кабельдерінің металл қабығы мен сауыты жеке сенімді жерге тұйықталады;

      10) гидротехникалық құрылыстарда негізгі және қосалқы электр қабылдағыштардың қоректенуі үшін таратушы қалқандар орнатылады. Шлюздер бастарының тұрақтарында жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған ауыспалы қосалқы электр қабылдағыштарды қосу үшін жалғау құрылғылары көзделеді. Негізгі электр қабылдағыштардың тізбектеріне басқа жүктемелерді қосуға жол берілмейді.

      7. Басқару пульттері, автоматты басқару, қорғау және бұғаттау құрылғылары бойынша:

      1) кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарда тетіктердің электр жетектерін орталық және жергілікті басқарудың болуы қамтамасыз етіледі;

      2) орталық басқару пультінен шлюз камерасының, жоғарғы және төменгі бьеф айлақтарының және осы айлақтарға жақын жерлердің жақсы көрінуі қамтамасыз етіледі (стационарлық бейне бақылау камералары арқылы көріністі қамтамасыз етуге жол беріледі);

      3) жергілікті басқару пульттері оларды басқаруға арналған тетіктерге тікелей жақын жерде және осы тетіктерді бақылауға ыңғайлы орындарда орналасады;

      4) орталық басқару пультінің үй-жайында қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес жұмыс жарығы мен температура (180C-тан төмен емес) ұсталады;

      5) орталық пульттің үй-жайында: техникалық және жедел құжаттама; белгі беру шамдарының қоры (әрбір үлгідегі 5 шамнан кем емес); барлық үй-жайлар кілттерінің екі жинағы, оның біреуі үнемі жабылатын шкафта болады, электрмегафон, екі қол шамы; дүрбі, дәрі-дәрмек қобдишасы, радиостанция, өртке қарсы және жеке қорғану құралдарының жинағы болуға тиіс;

      6) басқару пульттері, шығу жинақтары, тұйықталатын құрылғылар, жедел жабу кілттері, жол қосқыштары және қорғаныс аспаптары пломбаланады. Пломбалардың бүтіндігін вахта бастығы бақылайды;

      7) басқару пульттеріне, автоматика панельдерінде, магнитті контроллерларға тоқ тізбектері үшін – кескіні кемінде 2,5 мм, қалған басқару және белгі беру тізбектері үшін – кемінде 1,5 мм оқшауланған мыс сымдарын ғана төсеуге рұқсат етіледі;

      8) барлық басқару түймешелері мен кілттері олардың арналған операцияларын көрсететін жазулармен жарақтандырылады. Белгі беру шамдары мен басқа да белгі беру аппараттарында белгі берудің мақсатын көрсететін жазулар қойылады. Аталған жазбалар жұмыс схемаларында (мнемосхемаларда, қағидаттық электр және технологиялық) болады. Қозғалтқыштардың ток күшін бақылайтын амперметрлерде жабдықтардың рұқсат етілген технологиялық жүктемедегі жұмысы кезіндегі токтың шамасы қызыл сызықпен белгіленуге тиіс;

      9) электр жабдығы орналасқан ғимараттар мен құрылыстарға кіре берістерде/шыға берістерде көрсететін белгілер, қажет болғанда ескерту белгілері, сондай-ақ авариялық және қосалқы шығудың жарық белгілерін көрсететін ескерту белгілері орналасады;

      10) шлюздік тетіктердің электр жетектерін басқару схемасы берілген технологиялық кезектілікте қақпалар мен бекітпелердің тетіктерін циклді және бөліп басқаруын, жұмыстық бұғаттауды (шлюзденудің қалыпты процесіне сәйкес келмейтін кезектілікте қақпалар мен бекітпелер тетіктерін қосуға тыйым салатын), тетіктерді тоқтату құрылғысын (жабдықтың қалыпты жұмыс режимі бұзылған жағдайда), бағдаршамдардың белгі берулерін басқару құрылғысын, бекітпелер мен қақпалар жиектерінің түпкілікті орналасуының дабылын) көздейді;

      11) шлюздік тетіктердің электр жетектерін басқару схемасында электр қозғалтқыштар шектен тыс қызып кеткен және электр жетектерінің тізбектерінде қысқа тұйықталулар, тетік бөліктерінде қауіпті күштер туындаған, бекітпе ашылу немесе жабылудың шекті орындарынан өткен, жұмыс істеп тұрған электр жетегінде тетіктердің қол жетегін қосу жағдайларында авариялық бұғаттауды (жарық және дыбыс дабылдар) көздейді;

      12) жекелеген бұғаттауды жұмыстан жасанды түрде шығаруға жол берілмейді. Құрылыстың қалыпты режимінің бұзылулары кезінде ғана әрбір жағдайда міндетті түрде шлюз вахтасы бастығының қатысуы кезінде шлюз бастығының рұқсатымен жол беріледі;

      13) бұғаттау әрекетін тексеру мен автоматика және қорғау құрылғыларын жұмысқа қосу шлюз вахтасы бастығының тікелей басшылығымен жүргізіледі;

      14) навигацияаралық жөндеуден және навигация ашылғанға дейін электр жабдықтарды сынаудан кейін барлық электр схемаларын жақсарту жүргізіледі және барлық авариялық және жұмыс істейтін бұғаттау құрылғыларының жұмысы тексеріледі. Барлық электр схемаларын жақсартпай және барлық авариялық және жұмыс істейтін бұғаттау құрылғыларының жұмысын тексермей электр жабдығының жұмысына жол берілмейді;

      15) автоматика және қорғау аппаратурасын тексеру, ревизиялау және жақсарту гидротехникалық құрылыс (шлюз) бастығы бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі;

      16) қақпалар мен бекітпелер жұмысының режимдеріне, электр жабдықтың бұғаттау және белгі беру құрамына әсер ететін шлюзді басқару схемаларындағы өзгерістер уәкілетті орган кәсіпорнының жетекшісінің құрған комиссиясымен мақұлданған жобалау құжаттамасы өзгерген кезде ғана енгізілуі мүмкін;

      17) электр жабдықтарының істен шығуының немесе автоматика және қорғау құрылғылары қосылуының барлық жағдайлары жазатын электронды (магниттік) аппаратурада тіркеледі және негізгі жабдықтардың істен шығу және ақаулары журналына жазылуға тиіс, оны пайдаланушы персонал талдайды, ал олардың себептері дереу жойылады;

      8. Навигациялық жабдық және байланыс бойынша:

      1) кемелерді кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыс арқылы өткізу алыс бағыттағы (жақындау) бағдаршамдармен және жақын бағыттағы (кіру) бағдаршамдармен реттеледі. Бағдаршамдық белгі беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 845 қаулысымен бекітілген Ішкі су жолдарында жүзу қағидаларына сәйкес орындалады;

      2) кіру бағдаршамдарының белгі берулері: қызыл от – гидротехникалық құрылысқа кіруге тыйым салынған, кемелер жағалау құрылғылары маңында тоқтайды; жасыл от – гидротехникалық құрылыс кемені кіргізуге әзірленгенін және оның шлюзге кіруіне рұқсат берілгенің білдіреді. Шығу бағдаршамының жасыл оты – шлюздеу аяқталды, кеменің шлюзден шығуына немесе басқа камераға өтуіне болады;

      3) бағдаршамда белгі берулердің болмауы гидротехникалық құрылысқа немесе шлюздің кіреберіс каналына кемелер қозғалысына тыйым салынумен тең, кемелер тоқтауы және шлюз вахтасы бастығының командасын басшылыққа алуы қажет. Осындай жағдайларда шлюз вахтасының бастығы кемелер қозғалысын радиобайланыс көмегімен реттейді немесе арнайы қызмет көрсетуші персоналды қояды. Ақаулық қысқа мерзімде жойылуға тиіс;

      4) біржақты қолданыстағы бағдаршамдарда оттардың екі жасыл (қозғалысқа рұқсат беретін) және қызыл (қозғалысқа тыйым салатын) түсі болады. Бағдаршамдағы қызыл түс әрқашан жасыл түстің үстінде орналасады;

      5) кіру бағдаршамдары шлюз басында тиісті бағдаршамның оттарын кіреберіс каналда тұрған кемеден көрінуді қамтамасыз ететін биіктікте орналасады;

      6) кіру бағдаршамдарының рұқсат ететін немесе тыйым салатын оттары тиісті қақпалардың орналасуына қарай автоматты түрде қосылады. Алыс бағдаршамдардың оттары қақпа тетіктерін және камералар бағдаршамдарын басқаруға қарамастан жекелеген кілттермен басқарылады;

      7) рұқсат етілген белгі беру өшіп қалған немесе осы белгі беру шамдары жанып кеткен кезде тыйым салатын белгі беру автоматты түрде жануға тиіс;

      8) кіреберіс каналдарында және шлюз камераларында кеме тұрағының шекарасын белгілеу үшін кемеден жақсы көрінетін неонды шамдарды немесе қызыл лағыл әйнектен жасалған жарық түтіктерін пайдалана отырып, орындалған тоқтату оттары орнатылады. Бетондағы тоқтату отының астында бояумен 80 де 20 сантиметр мөлшерінде жолақ сызылады, ал айлақтарда қызыл бояумен "Тоқта" белгісі салынады;

      9) гидротехникалық құрылыстардағы навигациялық белгі берудің жай-күйі навигацияда кемінде бір рет тексеріледі. Алыс бағдаршамның оты, ал ол болмаған кезде кіру бағдаршамының түсі 1 километрден кем емес қашықтықта көрініп тұруы керек;

      10) жоғарғы және төменгі бьефтер жағынан шлюздердің кіру және кіреберіс каналдары, сондай-ақ шлюздер жанындағы бөлу дамбаларының төбелері фарватердің жабдықтау қағидаларында көзделген: ағыс бойынша оңға – қызыл, солға - ақ түс оттарымен белгіленеді;

      11) гидротехникалық құрылыстар телефон байланысымен, 12-15 километр қашықтықта кемелермен екі жақты байланысты ұстауға мүмкіндік беретін ультра қысқа толқынды байланыспен, дауыс зорайтқыш байланысымен; объект ішілік ауыспалы радиобайланыспен жабдықталады;

      12) радиохабарландыру аппаратурасын орналастыру гидротехникалық құрылыс және оған іргелес жатқан акваторияның барлық аумағы мен үй-жайларында берілетін өкімдер мен нұсқаулардың естілуін қамтамасыз етеді.

      9. Қосалқы электр қабылдағыштар бойынша:

      1) гидротехникалық құрылыстың сыртқы жарықтандырылуы жұмыс және кезекші болып бөлінеді. Кезекші жарықтандыру тобына шлюз камерасының бойындағы ғимараттар мен өтпелер маңындағы аумақтың ең төменгі қажетті жарықтандыруын қамтамасыз ететіндей орналастырылған сыртқы жарықтандырудың 20-25 % шамы кіреді;

      2) сыртқы жарықтандыру шамдарының конструкциясы мен орналасуы кеме жүргізушілері мен гидротехникалық құрылыстың вахталық персоналын шамдардың көз қарықтырар әсерінен қорғауды және электр қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

      3) гидротехникалық құрылыстардың жұмыс жарығы кемелерді өткізу және жөндеу жұмыстарын жүргізу уақытында шектеулі көріну жағдайлары басталған кезде қосылады. Жұмыс және кезекші жарықты қосу мен өшіруді басқаруда орталық басқару пультіне шығатын автоматты басқару болады;

      4) камерадағы шварттық құрылғылардың ең аз жарығы төменгі бьеф деңгейінде, жағалау және бағыттаушы құрылыстардың сондай ақ шкаф бөліктері, баған және қақпа топсалары ауданындағы жарық - кемінде 5 люкс;

      5) әрбір жарық түсіруші тірекке жеке сақтандырғыштар немесе басқа да қорғаныс аппаратын орналастыру ұсынылады. Қорғаныс аппаратурасы адамдардың оларды кездейсоқ ұстап қалуынан сенімді қорғалады;

      6) жарықтандыруды тексеру нұсқаулығы мен кестесіне сәйкес күндізгі уақытта сыртқы жарықтандыру желісі шамдарының жарамдылығы кезең-кезеңімен тексеріледі, жарамсыз шамдар дереу ауыстырылады. Әрбір гидротехникалық құрылыста сыртқы жарықтандыру шамдарына қауіпсіз қызмет көрсетуге арналған құрылғылардың болуы қамтамасыз етіледі.

      10. Өндірістік және қызметтік ғимараттар бойынша:

      1) өндірістік және қызметтік ғимараттардың техникалық сипаттамалары гидротехникалық құрылыстың паспортына енгізіледі және оны гидротехникалық құрылыс басшылығы тіркейді. Ғимараттар мен құрылыстар кезең-кезеңімен мамандандырылған ұйымдардың техникалық куәландыруынан өтеді;

      2) уәкілетті органның кәсіпорны гидротехникалық құрылыстың өндірістік және қызметтік ғимараттарын жарамды күйде және оларға қойылатын пайдалану талаптарына сәйкес, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау және өндірістік санитария, экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес ұстауды қамтамасыз етеді;

      3) әрбір гидротехникалық құрылыста киімдерге арналған шкафтары бар шешінетін орындар, су қайнату аспаптарымен, оны сақтауға арналған ыдыстармен, тамақты жылытуға арналған плиталармен, тоңазытқыштармен жабдықталған, ас қабылдауға арналған үй-жайлар, қысқы уақытта ашық ауада жұмыс істейтін персоналдың жылынуы үшін жылы үй-жайлар, арнайы киімді кептіруге арналған құрылғылармен қамтамасыз етіледі;

      4) уәкілетті органның кәсіпорны ғимараттар мен құрылыстардың шөгуін бақылауды жүйелі түрде жүргізілуін қамтамасыз етеді. Ғимараттардың іргетастары мен конструкцияларында жарықтар анықталған кезде іргетастар жұмысының сенімдігін қамтамасыз ететін шараларды уақтылы әзірлеу мен қабылдау және маяктар мен аспаптық өлшеулердің көмегімен жарықтардың дамуына бақылау орнату қажет.

      11. Аумақ және акватория бойынша:

      1) гидротехникалық құрылыс үшін құрылыстарды орналастыруға, гидротехникалық құрылысты пайдалану және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған аумақ бөлінеді;

      2) жерді пайдалану құқығына құжаттама уәкілетті органның кәсіпорнында, ал көшірмелері - гидротехникалық құрылыста сақталады. Құжаттамаға жер учаскелерінің құрамы мен пайдаланылуы туралы тиісті өзгерістер уақтылы енгізіледі;

      3) гидротехникалық құрылыс аумағының шекаралары бас жоспарға енгізіледі және жергілікті жерде межелік белгілермен белгіленеді;

      4) гидротехникалық құрылыс аумағының шекаралары шегінде суды қорғау аймағы мен жолағының шекаралары, сондай-ақ санитарлық-қорғау аймақтарының шекаралары белгіленеді;

      5) әрбір гидротехникалық құрылыс үшін Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексіне сәйкес арнайы су пайдалану мен қоршаған ортаға эмиссияларға арналған рұқсаттар ресімделеді;

      6) ортақ пайдаланымдағы көлік қозғалысына рұқсат етілмейтін кіреберіс жолдар гидротехникалық құрылыстың қоршалмаған учаскесінің шекарасында шлагбауммен жабдықталады;

      7) қар ерудің басталуына қарай таулы жыралар мен орлар тазартылады, аумақ көктемгі және нөсер суларды өткізуге дайындалады;

      8) гидротехникалық құрылыстың аумағында ағымдағы пайдалану немесе жөндеу жұмыстары үшін қажет етілмейтін бөгде заттардың, қоқыстың, құрылыс материалдары мен жабдықтарының болуына жол берілмейді;

      9) гидротехникалық құрылыс акваториясы таза ұсталуға тиіс, бекітпе тетіктерінің қолданысы аймағында қалқып жүрген қоқыс ұстап алуға және аулаққа шығаруға жатады. Суды майлау және басқа да заттармен, тазартылмаған ағындармен ластауға жол берілмейді.

  Кеме қатынайтын гидротехникалық
құрылыстарды (шлюздерді) техникалық
пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу
қағидаларына 2-қосымша

      Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылысты арнайы зерттеп-қарау актісінде мынадай ақпараттар болуы тиіс (ақпараттың кейбір бөлігі алынып тасталуы мүмкін немесе КГТҚ құрылымдық ерекшеліктеріне немесе пайдалану технологиясының ерекшеліктеріне байланысты толықтырылуы мүмкін):

Кеме қатынайтын гидротехникалық
құрылысты арнайы зерттеп-қарау актісі

      "Актіні жасау орны" 20__ ж. "___"________

      Зерттеп-қаралатын КГТҚ атауы:________________________________________

      Меншік иесінің атауы:________________________________________________

      Пайдаланушы ұйымның атауы: __________________________________________

      КГТҚ орналасқан жері: _______________________________________________

      КГТҚ қауіпсіздігі жағдайын бағалау мақсатында, ______________________

      __________________________ № ___өкім негізінде 20____ж "___" _______.

      келесі құрамдағы комиссия:

      Комиссия төрағасы:

      _______________________________________ ___________________________

       (тегі, қысқаша аты-жөні) (лауазымы, ұйым)

      Комиссия төрағасының орынбасары:

      _______________________________________ ___________________________

       (тегі, қысқаша аты-жөні) (лауазымы, ұйым)

      Комиссия мүшелері:

      _______________________________________ ___________________________

       (тегі, қысқаша аты-жөні) (лауазымы, ұйым)

      _______________________________________ ___________________________

       (тегі, қысқаша аты-жөні) (лауазымы, ұйым)

      20____ж. "___" _______ бастап 20____ж "___" _______. дейінгі кезеңде

      _____________________________________________________________________

       (КГТҚ атауы)

      құрылыстар мен жабдықтардың техникалық жағдайына тексеру жүргізілді.

      1. КГТҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР:

      1) Құрылыс мерзімі, уақытша және тұрақты пайдалануға іске қосу күні:

      2) КГТҚ пайдалануға қабылдаудың мемлекеттік комиссия актісінің деректемелері:

      3) Бас жобалаушы:

      4) Механикалық жабдықты бас жобалаушы:

      5) Құрылыс бойынша бас мердігер:

      6) Жер пайдалану құқығына құжаттар:

      7) Құрылыс класы:

      8) Қысым шебінің жалпы ұзақтығы:

      9) Тексеруге дейінгі жылдың негізгі өндірістік көрсеткіштері:

      - Навигация ұзақтығы:

      - Шлюздеу саны:

      - Шлюзден өткен флот бірлігінің саны:

      10) Тыстама ауданындағы табиғи-климаттық жағдайлар:

      - ауа райы:

      - топография:

      - геология:

      - жобадағы сейсмикалығы: және ҚНжЕ бойынша:

      11) Су қоймасы:

      - ҚТД кезінде айна ауданы, км2;

      - Толық көлемі, млн. м3;

      - Пайдалы көлем, млн. м3;

      - Реттеу сипаты.

      2. КГТҚ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

      12) КГТҚ мақсаты:

      13) КГТҚ түрі:

      14) Негізгі гидрологиялық сипаттамалары:

      - Қалыпты тірек деңгейінің (ҚТД) белгісі:

      - Күшейтілген тірек деңгейінің (КТД) белгісі:

      - Бос көлем деңгейінің (БКД) белгісі:

      - КТД кезіндегі КГТҚ-тағы қысым:

      - ҚТД кезіндегі КГТҚ-тағы қысым:

      - БКД кезіндегі КГТҚ-тағы қысым:

      - Тасқын өткізудегі құрылыстың қатысуы:

      15) КГТҚ құрылымдық бөлшектерінің құрамы:

      16) КГТҚ құрылымдық бөлшектерінің негізгі техникалық және пайдалану параметрлері (пайдалану жылдарындағы жасалған өзгерістерді есепке алғандағы жобалық мәліметтер):

      17) Электр-механикалық жабдықтың қысқаша техникалық сипаттамасы:

      3. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАНЫҢ БОЛУЫ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗІЛУІ

      18) Жобалық құжаттаманың болуы, сақтау шарттары:

      19) Атқару құжаттамасының болуы, сақтау шарттары:

      20) КГТҚ қызметін реттейтін КГТҚ-та қолданыстағы қағидалар мен нұсқаулардың болуы:

      21) КГТҚ техникалық паспортының болуы және жүргізілуі, жөндеу және реконструкциялар келтіру туралы ақпарат енгізу уақыттылығы:

      22) Жедел құжаттама жүргізу.

      4. ПАЙДАЛАНУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ

      23) КГТҚ пайдалану персоналының штаттық кестесі ауысуын бағалау:

      24) КГТҚ мамандары құрамының жеткіліктігін, біліктілік деңгейін, оларды дайындауды бағалау:

      25) Пайдалану персоналын оқытуды, білімдерін тексеруді ұйымдастыру және жүргізу:

      26) Құрылыстарға техникалық қызмет көрсету және жөндеудің бекітілген талаптарға, жөндеуді, бақылаулар мен зерттеулерді қараудың жоспарлары мен кестелеріне сәйкестігі:

      27) Іс-шараларды ұйымдастыру және орындау, оларды орындау КГТҚ қарау комиссиясы актісімен немесе КГТҚ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қадағалау органдарының ұйғарымдарымен ұсынылған:

      5. КГТҚ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАРДЫ ОРЫНДАУ

      28) КГТҚ пайдалану қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыратын бекітілген Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидалары қолданылған кезінде орындалған негізгі іс-шаралар тізбесі:

      29) КГТҚ жөндеу және реконструкциялау бойынша жоспарланған жұмыстар көлемінің жеткіліктілігі:

      6. КГТҚ-ның БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫМЕН ЖАБДЫҚТАЛУЫ

      30) Жобаға сәйкес және жұмысқа қабілетті жағдайдағы (оның ішінде пайдалану жылдарында қосымша орнатылған) БӨА атауы мен саны

Құрылыс және БӨА орнату орнының атауы

БӨА атауы

Аспаптар саны

ескертулер

Жоба бойынша

орнатылған

қолданыстағы








      31) БӨА жағдайын және жеткіліктілігін бағалау:

      7. КГТҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА БАҚЫЛАУ ҰЙЫМДАСТЫРУ

      32) Жоспарлы бақылаулар мен зерттеулерді жүзеге асыратын мамандардың құрамы, біліктілік деңгейі, даярлау және қайта даярлау туралы мәліметтер:

      33) БӨА және аспаптарды тексеру сынақтарын орындау:

      34) Мәліметтер:

      - су торабы құрылысының гидротехникалық бөлігіне, электро-техникалық және гидрокүш жабдығына бақылау мен зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу туралы:

      - нормативтік құжаттармен, әдістемелік ұсынымдармен, оқу құралдармен жасақталғандығы туралы:

      - заттай бақылау жүргізу бойынша нұсқаулармен жасақталғандығы туралы:

      - өлшеу жабдықтарымен жасақталғандығы туралы:

      35) Бекітілген талаптарына сәйкес бақылаулар мен зерттеулер бойынша атқару құжаттамасын жүргізу:

      36) КГТҚ техникалық жағдайын пайдаланушы ұйымның бақылау туралы мәліметтер:

      37) Құрылыс жағдайының көрсеткіштері және пайдалану шарттары бойынша (кіммен және қашан әзірленген) құрылыс қауіпсіздігі критерийлерінің бекітілген мәнінің болуы:

      38) Мамандандырылған ғылыми-зерттеу және жобалау-құрастыру ұйымдарының зерттеу жүргізуі.

      8. КГТҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІ

      Пайдаланушы ұйым жүргізетін бақылаулар мен зерттеулер негізінде, комиссия жұмысының қорытындысы және арнайы ғылыми-зерттеу және жобалау-құрастыру ұйымдарының зерттеу материалдары бойынша үнемі өткізілетін бақылаулар мен зерттеулер қорытындысымен салыстырғанда, КГТҚ және олардың жабдықтарының нақты техникалық жай-күйі туралы мәліметтер келтіріледі, атап айтқанда:

      39) КГТҚ бөгетінің, бастары мен қабырғаларының нақты белгілері:

      40) Шөгу сипаты және олардың қарқындылығы:

      41) КГТҚ бөгетінің, бастары мен қабырғаларының шөгуінің максималды әркелкілігі:

      42) Камера қабырғаларының көлденең ауысуы, олардың сипаты және қарқындылығы:

      43) Шлюздің төменгі басының төменгі бъеф жағына қарай көлденең ауысуын бақылау бойынша мәліметтер:

      44) КГТҚ бөгетінің, бастары мен қабырғаларының, бетон түбінің жағдайы:

      45) КГТҚ жармасы мен қақпасы салынатын көлденең және тігінен нығыздалуының штрабтық бетонының жай-күйі;

      46) Қақпа мен жарманың салынатын тірек бөлігі штрабтық бетонының жай-күйі;

      47) Температуралық-шөгінді жіктердің кілтегінің жай-күйі;

      48) Температуралық-шөгінді жіктерді ашу;

      49) Жоғарғы және төменгі бъефтегі судың нақы максималды деңгейі:

      50) Іріктеу және дренаждық қондырғылардың жұмысы;

      51) Шлюз бастары мен қабырғаларын қайырмалы төсеуінің жай-күйі;

      52) Понур мен рисберм жай-күйі;

      53) Жарма мен қақпаның, олардың тірек құрылымдарының және төсеме бөліктерінің жай-күйі;

      54) Жарма мен қақпа тығыздауышының жай-күйі;

      55) Резервтік энергия қуат көзінің бар болуы;

      56) Жарма мен қақпа жетегі механикалық жабдықтарының жай-күйі;

      57) Күш беретін электр жабдықтарының және оны жабдықтайтын кабельдердің жай-күйі;

      58) Шлюзді басқару жүйесін блокадалау жай-күйі;

      59) Өрт сөндіру құралдарының болуы;

      60) Құрылыстар мен жабдықтардың жай-күйі туралы басқа да деректер, оларға сілтеме қауіпсіздік белгілерінде бар;

      61) Жер астындағы бөгет пен дамбаның техникалық жағдайы сипатталған кезде:

      - бөгет пен дамбаның жоғарғы бөлігінің нақты минималды белгісі;

      - шөгу сипаты мен олардың қарқындылығы;

      - жоғарғы бъефтегі су деңгейінің максималды белгісі және төменгі бъефтегі су деңгейінің минималды белгісі (жобалық және нақты);

      - жоғарыдағы құлама тіреуіш жағдайы;

      - төмендегі құлама тіреуіш жағдайы;

      - дренаждық призма мен дренаждық кювет жағдайы;

      - іріктеу режимі;

      - төмендегі құлама бетінің өзгеруі;

      - бөгет пен дамбаның жағдайы туралы басқа да деректер көрсетіледі, оларға сілтеме қауіпсіздік белгілерінде бар;

      62) Бетондық бөгеттің техникалық жағдайы сипатталған кезде:

      - бөгет жоғарғы бөлігінің нақты минималды белгісі;

      - шөгу сипаты мен олардың қарқындылығы;

      - жеке секциялар шөгуінің әркелкілігі;

      - жоғарғы бъефтегі су деңгейінің максималды белгісі және төменгі бъефтегі су деңгейінің минималды белгісі (жобалық және нақты);

      - секциялардың көлденең ауысуы туралы деректер;

      - температуралық-шөгінді жіктердің жай-күйі;

      - іріктеу режимі;

      - понур мен рисберм жай-күйі;

      - бетонның, әсіресе жарма мен қоршау тіреуінің аймағындағы бетонның жай-күйі;

      - жармалардың, қоршаулар мен жетек механизмдердің жай-күйі;

      - энергия қуат көзінің жай-күйі;

      - электр жабдықтарының және оны жабдықтайтын кабельдердің жай-күйі;

      - жағалық жер астындағы жанасудың жай-күйі;

      - бетондық бөгеттің жағдайы туралы басқа да деректер көрсетіледі, оларға сілтеме қауіпсіздік белгілерінде жай-күйі;

      63) Кеме өткізуді 72 сағаттан артық уақытқа тоқтатуға әкеліп соқтырған авария ретінде бағаланған көлік оқиғасының себептері мен сипаты:

      9. КГТҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ТЕКСЕРУ АКТІСІНІҢ ҰСЫНЫСТАРЫН ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ОРГАНЫНЫҢ ҰЙҒАРЫМЫН ОРЫНДАУ

      Өткен тексеру мезгілінен бастағандағы аралықта ұсыныстарды орындау туралы мәліметтер және КГТҚ қауіпсіздігін қадағалау органдарының ұйғарымдары туралы деректер келтіріледі.

Ұйғарым атауы

Кіммен берілді

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы белгі

белгіленген

нақты








      10. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ОҚШАУЛАУҒА ЖӘНЕ ЖОЮҒА, КГТҚ АВАРИЯ КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚТЫ ЖӘНЕ АУМАҚТЫ ҚОРҒАУҒА ПАЙДАЛАНУШЫ ҰЙЫМНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ

      64) Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ алдын алу және жою бойынша іс-әрекет жоспарының болуы.

      65) КГТҚ апаттық жөндеу үшін материалдардың азаймайтын қорының, құрал-саймандардың, жабдықтардың, жинақтаушы бұйымдардың және қосалқы бөлшектердің болуы.

      66) КГТҚ жер бөлу шегіндегі жолдардың, көпірлердің және кіре беріс жолдардың жағдайы, КГТҚ пайдаланушы персоналы үшін авариялық шығуының жай-күйі.

      67) КГТҚ пайдалану бойынша іс-шараларды сапалы орындауға КГТҚ персоналының құрамын, біліктілік дәрежесін және дайындығын бағалау.

      68) Төтенше жағдайлардағы жұмысқа пайдаланушы персоналдың дайындығы.

      69) Авариялық жағдай кезінде КГТҚ персоналымен апаттық байланыстың, судың қысымын тоқтату қондырғысының жарылу қаупі кезінде халықты хабарландырудың жергілікті жүйесінің болуы.

      70) КГТҚ судың қысымын тоқтату қондырғысының жарылуы кезіндегі мүмкін зиянды есептеудің болуы:

      11. КОМИССИЯНЫҢ ШЕШІМДЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫ

      1) Тексерілетін нысандардың техникалық жай-күйі туралы.

      2) Бақылау және зерттеу жүргізу, БӨА жеткіліктілігі және қосымша БӨА орнату бойынша ұсыныстар туралы.

      3) КГТҚ пайдаланудың қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі туралы және құрылыстың өз қызметін орындау мүмкіндігі туралы жалпы шешім:

      4) Оларды жүзеге асырудың ұсынылатын мерзімімен КГТҚ техникалық жай-күйін және қауіпсіздіктің дұрыс деңгейін көтеруге бағытталған іс-шаралар (жөндеу, қалпына келтіру және т.б.).

      12) ҚОЛДАРЫ

      Актіге барлық комиссия мүшелері және төраға қол қояды.

      Акт үш данада жасалада.

  Кеме қатынайтын гидротехникалық
құрылыстарды (шлюздерді) техникалық
пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу
қағидаларына 3-қосымша

Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылысты
инспекторлық зерттеп-қарау
АКТІСІ

      20___ж. "____"_______________________________________________________

       (құрастырылған орны)

      _____________________________________________________бұйрық негізінде

      Комиссия құрамында:

      төраға

      _____________________________________________________________________

       (тегі, қысқаша аты-жөні, лауазымы)

      мүшелері

      _____________________________________________________________________

      ____ қатысуымен

      "____" _______________ 20___ ж. бастап 20___ ж. "____" ______________

      дейінгі кезеңде

      _______________________________________инспекторлық тексеру жүргізді.

       (ГТҚ атауы)

      Ұсынылған құжаттамамен танысу, кеме қатынайтын гидротехникалық

      құрылыстарды, жабдықтарды қарау және автоматика жабдықтары мен

      қондырғыларын қозғалыста тексеру нәтижесінде комиссия белгіледі:

      1. Құрылыстар мен жабдықтардың техникалық жай-күйі

      1.1 Бетондық құрылымдар

      1.2 Гидромеханикалық жабдықтар

      1.3 Электротехникалық жабдықтар

      1.4 Басқару, автоматтандыру және байланыс жүйелері

      2. Өндірістік жоспарды орындау

      2.1 Шлюздің сенімді және авариясыз жұмысын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар:

       2.1.1 Шлюзді ағымдағы жөндеу __________________________________

       2.1.1.1 Шаруашылық тәсілмен орындалды _________________________

       2.1.1.2 Мердігерлік тәсілмен орындалды ________________________

       2.1.2 Шлюзді күтіп-ұстау ______________________________________

       2.2 Реконстукциялау және жөндеу бойынша іс-шаралар

       3 Бақылау және тексеру кестелерін орындау

       4 Электро-техникалық және гидро-механикалық жабдықтарды жұмыста тексеру, оқшаулаудың қимылын тексеру

       5 Техникалық және жедел-техникалық құжаттаманың бар болуы, оларды жүргізу және мазмұны

       6 Қауіпсіздік техникасының, өнеркәсіптік санитария жай-күйі және ережелерді сақтау

       7 Эксплуатациялық персоналмен құрылыстың толықтырылуы _________

      Штаттық кесте бойынша, адам__________________

      Нақты адам, адам ____________________________

       8 Өткен инспекторлық тексеру ұйғарымдарын орындау (өртті қадағалау, мемлекеттік техникалық қадағалау, энергоқадағалау, қоршаған ортаны қорғау, бассейндік су инспециясы және т.б.)

      _____________________________________________________________

Ұйғарым тармағы

Қысқаша мазмұны

Орындалу мерзімі

Орындамау себебі






      9 Құрылыстар мен жабдықтарды пайдаланудағы табылған кемшіліктер

Құрылыс атауы

Қысқаша мазмұны




      10 Комиссия ұйғарымы

Қысқаша мазмұны

Орындау мерзімі және жауапты орындаушы

Орындау туралы белгі





       Қызметті жақсарту бойынша комиссия ұсыныстары__________________

      Төраға ____________________ _____________________________

       (қолы) (Т.А.Ә.А)

      Комиссия мүшелері ____________________

       (қолы) (Т.А.Ә.А)

      Кеме қатынайтын гидротехникалық

      құрылыстарды (шлюздерді) техникалық

      пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу

      қағидаларына 4-қосымша

Гидротехникалық құрылыстағы бақылаулар мен зерттеулердің құрамы

      1. Гидротехникалық құрылыстың гидротехникалық бөлігі бойынша бақылаулар мен зерттеулердің құрамы:

      1) мыналарды:

      тіреу желісін;

      құрылыстар мен олардың негіздерінің шөгуі мен қисаюларын;

      жердегі құрыстардың шөгуін;

      жердегі құрылыстардың жергілікті деформациялануларын;

      бетон құрылыстарының көлденең ығысуларын;

      үстіңгі саңылау өлшегіштер бойынша көршілес секциялардың салыстырмалы ығысуларын;

      құрылыстардың көлденең ығысуын бақылаулар нәтижелерін талдау және бағалауды бақылауды қамтитын құрылыстардың орын ауыстыруларын бақылаулар;

      2) мыналарды:

      құрылыстардағы пьезометрлердің орналасуын;

      сүзгіленген сулар деңгейін бақылауларды;

      сүзгілеуді көзбен шолып бақылауларды;

      сүзгіленген судың шығындарын өлшеуді және дренаждар мен сүзгілеу ошақтарындағы суффозияны бақылауларды;

      бақылаулар нәтижелерін графикалық ресімдеуді;

      құрылыстардың сүзгіленген режимінің жай-күйін бағалауды;

      температуралық-шөгу жіктері тығындарының жұмысын талдауды қамтитын сүзгіленуді бақылаулар;

      3) мыналарды:

      бетонның үстінгі жағының жай-күйін және штрабты бетонды;

      бетон құрылыстарының біртұтастығын;

      жарықтың пайда болуын және оның дамуын;

      бетон арқылы суды сүзгілеуді және бетонды тот басуын;

      бетонның беріктігін айқындауды;

      температуралық-шөгу жіктерінің тығындарын;

      тас қалауды;

      ағаш конструкцияларын;

      құрылыстар ауданындағы понурлардың, рисбермдердің, түбі мен жанамалардың шайылуларын және бұзылуын;

      кеме қатынайтын арналарды қамтитын гидротехникалық құрылыстар конструкцияларының жай-күйін бақылаулар;

      4) мыналарды:

      су деңгейінің ауытқуын;

      гидротехникалық құрылыстың ұзартылған навигация және қыс уақыты кезеңіндегі жұмысы мен жай-күйін;

      гидротехникалық құрылыстардағы судың ағуын;

      бақылаулардың күнтізбелік жоспарларын;

      техникалық құжаттама мен есептілікті қамтитын басқа да бақылаулар, күнтізбелік жоспарлар, техникалық құжаттама және есептілік.

      2. Гидротехникалық құрылыстың механикалық бөлігі бойынша бақылаулар мен зерттеулердің құрамы:

      1) мыналарды:

      дәнекерленген, шытырланған және болтты қосылуларды;

      металл конструкциялардың механикалық бұзылуларын;

      металл конструкциялардың тот басу бұзылуларын;

      металл конструкциялардың вибрациясын;

      екі жаққа ашылатын қақпалардың геометрикалық өлшемдері мен шөгуін;

      екі жаққа ашылатын қақпа жақтауларының бұралуы мен салбырауын;

      қақпалардың шкаф таушаларындағы дұрыс орналасуын;

      әртүрлі үлгідегі қақпалардың жүктемелердегі шөгуі мен майысуын;

      қақпалардың жұмыс жағдайындағы төбелерінің белгілерін және тік жазықтықта қақпалардың ауытқушылығын айқындауды;

      екі жаққа ашылатын қақпа бағанасы жағдайының екпінге байланысты биіктігі бойынша орналасуын;

      екі жаққа ашылатын қақпалардың біліктері айналу осінің тіктігін бақылауларды қамтитын қақпалар мен бекітпелердің металл конструкцияларының техникалық жай-күйін бақылаулар;

      2) мыналарды:

      екі жаққа ашылатын қақпалардың табан құрылғыларын бақылауларды;

      гальсбанттық құрылғыларды бақылауларды;

      екі жаққа ашылатын қақпалардың тіреу және тірек жастықшаларын бақылауларды;

      қақпалар мен бекітпелердің сырғымалы тірек құрылғыларын бақылауларды;

      сегментті бекітпелердің шарнир тіреулерін бақылауларды;

      қақпалар мен бекітпелердің тығындарын бақылауларды қамтитын қақпалар мен бекітпелердің тірек-жүру құрылғыларын, нығыздау және тығындау бөліктерін бақылаулар;

      3) мыналарды:

      болат канаттардың тозуын бақылауларды;

      канатқа әсер ететін күшті есептеуді;

      пластина тәріздес тізбектердің тозуын бақылауларды;

      оның негізгі жұмыс режимі кезінде тізбектерге түсетін күшті тексеруді қамтитын қақпалар мен бекітпелер тетіктерінің тартқыш органдарын бақылаулар;

      4) мыналарды

      ашық тісті берілістерді бақылауларды;

      жабық тісті берілістерді бақылауларды;

      біліктер мен мойынтіректерді бақылауларды;

      тежегіштерді бақылауларды;

      жалғайтын және фрикционды муфталарды бақылауларды қамтитын тісті жетекті тетіктерді бақылаулар;

      5) мыналарды:

      күштік цилиндрлерді бақылауларды;

      майсорғы қондырғысын бақылауларды;

      басқару жүйесін бөлу және бақылау аппараттарын бақылауларды;

      гидро жетекті қондырғыны жалпы сынаулар мен оның негізгі өлшемдерін айқындауды қамтитын гидравликалық жетекті тетіктерді бақылаулар.

      3. Оның жай-күйі мен жұмысына бақылаулар мен зерттеулер жүргізу қамтамасыз етілетін гидротехникалық құрылыстардың электр техникалық бөлігі бойынша объектілер құрамы:

      1) мыналарды:

      күштік трансформаторларды;

      өлшеу трансформаторларын;

      майлы ажыратқыштарды;

      жүктемені ажыратқыштарды;

      ажыратушыларды;

      кешенді бөлу құрылғылары мен жинақтаушы шиналарды;

      айырғыштарды;

      1000 В жоғары кернеудегі сақтандырғыштарды;

      оқшаулағыштарды қамтитын кіші станциялардың электр жабдығы;

      2) мыналарды:

      электр қозғалтқыштарды;

      электр магниттерді;

      резисторларды;

      күштік конденсаторларды;

      электр гидравликалық жетектерді;

      электр гидравликалық итергіштерді қамтитын күштік электр жабдығы;

      3) мыналарды:

      контакторлар мен магнитті қосқыштарды;

      басқару релесін;

      қорғаныш релесін;

      1000 В дейінгі кернеудегі сақтандырғыштарды;

      автоматты ажыратқыштарды қамтитын релелі-контакторлық және қорғаныш аппаратурасы;

      4) мыналарды:

      басқару тізбектерін оқшаулауды;

      басқару схемалары элементтерінің өзара әрекеттесуін;

      жол және түптілікті ажыратқыштарды;

      басқару трансформаторларын (стабилизаторларды);

      тұрақты ток көздерін (түзеткіштерді) қамтитын қосалқы тізбектер мен автоматты басқару аппаратурасы;

      5) мыналарды:

      сельсинді белгі беруді;

      қалқымалы құрылғылар мен көрсеткіштер датчиктерін;

      өндірістік белгі беруді;

      бағдаршамдық белгі беруді;

      тоқтату оттарын;

      фотобұғаттауды қамтитын белгі беру;

      6) мыналарды:

      жартылай өткізгіш аспаптарының және интегралдық схемалардың жұмыс қабілеттілігін бағалауды, жартылай өткізгіш аспаптарын сынауды;

      асинхрон-вентильді каскад негізінде контактісіз қосуды реттеу құрылғыларын;

      тиристорлы коммутаторларды, басқару станциялары мен қосқыштарды;

      контактісіз позициялық қайта қосқыштарды қамтитын контактісіз аппаратура;

      7) мыналарды:

      әуе желілерін;

      кабель желілерін қамтитын әуе және кабель желілері;

      8) жерге тұйықтау құрылғылары;

      9) тасымалды электрлі аспап және төмендеткіш қауіпсіздік трансформаторлары;

      10) электр жетектер мен гидротехникалық құрылыстарды басқару жүйелері.

  Кеме қатынайтын гидротехникалық
құрылыстарды (шлюздерді) техникалық
пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу
қағидаларына 5-қосымша

Құрылыстардың техникалық жай-күйін сипаттайтын критерийлер

      1. Құрылыстардың анағұрлым маңызды қасиеттерін аспаптық бақылау нәтижесінде алынған сандық параметрлер:

      1) бъефтегі (каналдағы) су деңгейінің белгісі,

      2) гидротехникалық құрылыстардың өзгеру (шөгу, жылжу, майысу, еңкею және т.б.) параметрлері;

      3) өзен немесе канал арнасының шайлулары параметрлері; құрылыс құрылымдарының ақаулары (опырылудың және басқа да бұзылулардың тереңдігі мен ауданы, арматураның ашылу ауданы);

      4) гидротехникалық құрылыс бөлшектеріндегі кернеу мен күш;

      5) сызат пен жіктердің ашылу ені мен тереңдігі;

      6) іргетас пен құрылыстағы су сүзілу параметрлері (депрессия қисығы, сүзілу қысымы мен шығыны, сүзілу жылдамдығы мен градиенті);

      7) металл құрылымдарының ақаулары (сызаттардың ені, ұзындығы мен ашылуы; коррозия, түр өзгеру, құрылымдық бөлшектердің тозу параметрлері және т.б.);

      8) механикалық жабдықтың қауырттылық-өзгерген жағдайының параметрлері; электр жабдықтары мен электр желілерінің параметрлері.

      2. Өлшеудің аспаптық құралдарын пайдаланусыз құрылыстардың аса маңызды қасиеттерін бақылау нәтижесінде алынған сапалық белгілер:

      1) Құрылыс құрылымдарында ақаудың болуы (сынықтар, каверналар, арматураның ашылуы және басқа); құрылымдар арқылы сүзілу белгілері мен сипаттамаларының болуы (дақтардың, оңудың пайда болуы, су температурасының өзгеруі, ағудың тамшылық немесе сорғалап ағатын сипаты, топырақты шығару және т.б.); көзбен шолып анықталатын құрылыс құрылымдарының өзгеру белгілері (шөгу, көлденең бағыттағы ысырылу, қисаю және т.б.);

      2) Жер астындағы құрылыстардың бүліну белгілері (қырлары мен құламада жарықтардың, шұңқырдың пайда болуы, бетінің бұйраттылығы, жер қазғыштар жүрісінің болуы, өсімдігінің сипаты, ылғал сүйгіш өсімдігінің, қызылсу мұзының, бұлақтың сазданудың пайда болуы және т.б.);

      3) Металл құрылымдарында ақаудың болуы (сызаттардың пайда болуы, орны, сипаты, металл бетінің бұзылуы, металл бұйымдары қалыптарының өзгеруі және т.б., жалғанған жерлердің өзгеруі, қозғалғыштығының өзгеруі, отыру жағдайы, жабын жағдайы және т.б.);

      4) Механикалық және электр жабдықтары жағдайының өзгеру белгілері (құрылымдық бөлшектер температурасының көтерілуі, шудың болуы, технологиялық сұйықтық түсінің өзгеруі және т.б.);

      3. Гидротехникалық құрылыстардың құрылымдаулық (жобалық) құжаттама талаптарына сәйкестігін сипаттайтын белгілер:

      1) шекті жағдайдың бірінші немесе екінші топтары бойынша есептеулер кезінде шекті жағдайды болдырмау шарттары орындалмайтын құрылыстың құрылымдаулық (жобалық) құжаттамадан ауытқуын сипаттайтын белгілер;

      2) судың есептілік шығынын өткізу қамтамасыз етілмейтін құрылыстың құрылымдаулық (жобалық) құжаттамадан ауытқуын сипаттайтын белгілер;

      3) пайдалану және кеме өткізу қауіпсіздігі (жобамен қарастырылған құрылыс элементтерінің жоқтығы) бұзылатын құрылыстың құрылымдаулық (жобалық) құжаттамадан ауытқуын сипаттайтын белгілер.

  Кеме қатынайтын гидротехникалық
құрылыстарды (шлюздерді) техникалық
пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу
қағидаларына 6-қосымша

Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды пайдалану
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шарттарды сипаттайтын
критерийлер

      1. Гидротехникалық құрылыстарды пайдалану шарттарының жобаға және нормативтік талаптарға сәйкестігін сипаттайтын белгілер:

      1) Пайдалану тәртібіне жобалық талаптарды орындау (кеме өткізу тәртібі, қақпаны реттеу сызбасы және т.б.);

      2) Техникалық пайдалану бойынша нормативтік және жобалық талаптарды орындау (жөндеуді, жабдықтарды техникалық қамтамасыз етуді дер кезінде орындау, су шайып кетумен және үйіндінің жиналуымен, коррозиямен күресу және т.б.);

      3) Гидротехникалық құрылыстарды пайдалану және жай-күйін бақылау қызметін ұйымдастыру:

      гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне аспаптық және көзбен шолу бақылауын ұйымдастыру (қарау аралығы, ақпаратты өңдеу жеделдігі және шешім қабылдау, қауіпсіздік критерийлерінің болуы және т.б.);

      гидротехникалық құрылыстарды пайдалану қызметінің және жай-күйіне бақылаудың кәсіптік деңгейі (білім деңгейі, лицензияның болуы, қайта дайындау, персоналдың жұмысын бақылау және т.б.);

      пайдалануды ұйымдастыруды нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету (бұйрықтардың, ведомстволық нұсқаулардың, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу және жағдайын бақылау кестелерінің, лауазымдық нұсқаулардың, қажетті техникалывқ құжаттаманың болуы және т.б.).

      2. Пайдаланушы ұйымның аварияны оқшаулауға және жоюға дайындық дәрежесін сипаттайтын белгілер:

      1) пайдаланушы персоналдың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылға дайындық деңгейі (төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл жасау бойынша персоналды оқыту және жаттықтыру);

      2) апаттық қауіп-қатерді және төтенше жағдайлар салдарын жоюды нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету:

      уәкілетті органның кәсіпорны бекіткен аварияның алдын алу және жою бойынша нұсқаулардың болуы, гидротехникалық құрылыстарда авария алды (авариялық) жағдайлардың пайда болуы кезіндегі гидротехникалық құрылыстар персоналының іс-қимылы;

      объектіде төтенше жағдайлар саласындағы жергілікті атқарушы органмен және өңірлік органмен гидродинамикалық аварияларды және оның салдарын оқшаулау және жою бойынша уәкілетті органның кәсіпорны бекіткен бірлескен жоспардың болуы;

      гидротехникалық құрылыстардың авариясы нәтижесінде келетін ықтимал зиян үшін азаматтық жауапкершілікті қаржылық қамтамасыз ету туралы мәліметтер;

      гидротехникалық құрылысты нақты күзету (инженерлік күзет құрылыстары, персонал, дабыл жүйесі және т.б.);

      құрылыстарда бүлінулер мен авариялық жағдайларды жедел жою үшін қажетті құрылыс материалдар қорының, жер қазу техникасының, автокөліктің, механизмдер мен сүңгуір құралдарының болуы;

      гидротехникалық құрылыс орналасқан аудандағы және аумақтағы жолдардың, көпірлер мен кіреберістің жай-күйі, сондай-ақ объектіде жұмыс істейтін пайдаланушы персоналдың авариялық шығатын жерлерінің болуы және оның жай-күйі;

      авариялық дабыл және пайдаланушы персонал мен халықты хабарландыру жүйесінің жағдайы;

      сақтандыру қондырғысының жай-күйі;

      объектіні резервтік электрмен жабдықтаудың және авариялық қақпаларды электрмен жабдықтаудың автономды көздерінсіз жай-күйі;

      авариялық қақпаның, бекітпенің жағдайы кіретін құрылысты пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін амалдар.

      3. Гидротехникалық құрылыс жобасының қолданыстағы нормалар мен жобалау қағидаларына сәйкестігін сипаттайтын критерийлер:

      1) шекті жағдайлардың бірінші және екінші топтары бойынша есептеу кезінде жобаның қолданыстағы нормалар мен қағидаларға сәйкестігі;

      құрылыс материалдары мен іргетас жыныстарының физико-механикалық қасиеттерінің есептік мәндерін анықтау және белгілеу әдістерін өзгерту;

      жобада қабылданған әсер мен қуаттың есептік мағынасын анықтау әдісін өзгерту;

      2) судың есептік шығынын өткізуге құрылыстың өткізу қабілетін есептеу кезінде қолданыстағы нормалар мен қағидаларға жобаның сәйкестігі:

      жобада қабылданған судың есептік шығынын анықтау әдісін өзгерту;

      жобада қабылданған құрылыстардың өткізу қабілетінің әдістемесін өзгерту.

      3. Құрылысты пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жобалаудың нормалары мен қағидаларында қарастырылған құралдардың болуы:

      авариялық дабыл және пайдаланушы персонал мен халықты хабарландыру жүйесінің болуы;

      сақтандыру қондырғылардың болуы;

      объектіні резервтік электрмен жабдықтаудың және авариялық қақпаларды электрмен жабдықтаудың автономды көздерінің жай-күйі;

      объектіні резервтік электрмен жабдықтаудың және апаттық қақпаларды электрмен жабдықтаудың автономды көздерінің болуы;

      авариялық қақпаның, бекітпенің болуы.

  Кеме қатынайтын гидротехникалық
құрылыстарды (шлюздерді) техникалық
пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу
қағидаларына 7-қосымша

Гидротехникалық құрылыстың бақыланатын сандық және
сапалық диагностикалық көрсеткіштерінің тізбесі

      1. Пайдаланылатын гидротехникалық құрылыстың жай-күйін бағалау үшін мынадай сандық көрсеткіштерді (техникалық құралдардың көмегімен өлшенетін және өлшеулер негізінде есептелетін) бақылау қажет:

      1) құрылыстар мен оның негіздерінің тік және көлденең орын ауыстырулары, өзгеруін;

      2) бетон және темірбетон құрылыстарының секция аралық жіктері бойынша өзара ығысуын;

      3) бетон және темірбетон құрылыстарында жарықтардың, блокаралық жіктердің ажырауын;

      4) бетондық бөгеттің жартас негізімен қосылуы бойынша жарықтардың таралу тереңдігін;

      5) бетон және темірбетон құрылыстарының сипаттық кесінділерінің бұрылу бұрыштарын;

      6) дренаждық құрылғыларға және жерасты өніміне түсетін немесе күндізгі бетке шығатын сүзілген су шығынын (жалпы және құрылыстар мен олардың негіздерінің жекелеген учаскелері бойынша);

      7) топырақ құрылыстарының және жағалау қабысуларының денесінде сүзілу ағынының депрессиялық беті белгілерін;

      8) топырақ құрылыстарының, негіздердің және жағалау қабысуларының денесінде пьезометриялық қысымдар мен олардың градиенттерін;

      9) бетон құрылыстары табандарына іріктеу қысымын;

      10) топырақ материалдары мен негіздерден бөгеттердің суға төзімді элементтеріндегі қуыс қысымы мен оның таралу қарқындылығын;

      2. Гидротехникалық құрылыстың жай-күйін бағалау үшін құрылысқа әсер ететін қуат пен әсерді бақылау қажет, олардың қатарына жатады:

      1) жоғарғы және төменгі бъефтер тарапынан гидростатикалық қысым (су деңгейі, су қоймасын толтыру және іске қосу кестелері);

      2) құрылысты қоршаған орта температурасы (ауаның, судың);

      3) үйінділер қысымы (олардың деңгейі және механикалық сипаттамалары);

      4) мұздың құрылыстар мен механикалық жабдықтарға әсері;

      5) құрылысқа динамикалық әсерлер (түсетін су ағынының, гидроагрегат жұмысының, теміржол және автомобиль көлігінің, өнеркәсіптік жарылыстардың);

      6) сейсмикалық әсерлер (динамикалық ауысулар, жылдамдық, сейсмикалық оқиға кезіндегі іргетасын үдету).

      3. Пайдаланылатын гидротехникалық құрылыстың авария қаупінің деңгейін (қауіпсіздік деңгейін) бағалауды мынадай сапалық көрсеткіштерді ескере отырып орындау қажет:

      1) гидротехникалық құрылысты пайдаланудың құрылымдық-жинақтаушы шешімдері мен шарттарының қолданыстағы нормалар мен ережелерге, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстың жай-күйін қазіргі заманғы есептеу әдістері мен бағалау әдістеріне (шетелдік тәжірибені қоса алғанда) сәйкестігі;

      2) жобада қабылданған ықтимал табиғи әсерлердің есептік деңгейлерінің асып кету қаупі;

      3) құрылыстар материалдарының механикалық және іріктеу сипаттамаларының есептік мәндерінің, сондай-ақ іргетас жыныстары қасиеттерінің өзгеруі;

      4) өлшеу құралдарымен бақыланатын жай-күй көрсеткіштерінің қауіпсіздік критерийлеріне сәйкестігі;

      5) сараптамалық негізде бағаланатын (оның ішінде көзбен шолып бақыланатын) жай-күй көрсеткіштерінің қауіпсіздік критерийлеріне сәйкестігі;

      6) пайдалану шарттарының бұзылуы;

      4. Көзбен шолып бақылауға пайдаланылатын гидротехникалық құрылыстар жағдайының келесі сапалық көрсеткіштері жатады:

      1) жоталарда, бермаларда немесе еңістерде топырақтың шөгуі немесе үйілуінің болуы мен дамуы;

      2) еңістер мен жағалау бөктерінің жергілікті көшкіндері;

      3) бөгет еңістерінің толқын қорғанысы бекітпелерінің зақымдалуы;

      4) құрылыстың негізі мен денесінде қуыстар мен қисаюлардың болуы;

      5) құрылыстар шектерінде, құрылыс элементтері мен әр түрлі механикалық және іріктеу қасиеттермен жанасу аймақтарында, сондай-ақ жерасты өнімдерінде жарықтардың болуы мен дамуы;

      6) құрылыстардың потерналарында су кетулер, бетонды сілтілендіру іздері;

      7) дренаждық құрылғылардың ластануы, қатқылдануы, қатып қалуы;

      8) сүзілген судың шығуындағы тот басулар;

      9) судың тамшылап ағуы және еңістер мен бөктердің су болуы;

      10) сүзілген суда лайланудың болуы;

      11) су бұратын тракт элементтерінің механикалық зақымданулары және төменгі бьефтегі кіреберіс каналы түбінің шайылулары;

      12) жоғарғы бьефтегі тасындылардың болжамды көлемдері мен деңгейі.