"Нарық субъектілерін Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 2

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 552 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 тамызда № 11908 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 740 бұйрығымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Зияткерлік меншік және жылжымайтын мүлікті тіркеу салаларындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 1379 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9999 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі 28.01.2015 ж. жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті:
      1) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмелерін Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне мәлімет үшін жолдауды;
      2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                  Б. Имашев