Конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 23 шілдедегі № 495 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 тамызда № 11871 болып тіркелді

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы 17-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде мерзімді оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануы;
      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жариялану күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика Министрінің
      міндетін атқарушы                          Ұ. Қарабалин

Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 23 шілдегі
№ 495 бұйрығымен  
бекітілген     

Конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесі

Пайдалы қазбалар түрі

Кен орнының, жер қойнауы учаскесінің атауы

Орналасқан жері

Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар түрі

Облысы

Географиялық координаттары солтүстік ендігі және шығыс бойлығы.

1

2

3

4

5

6

Көмірсутегі шикізаты

1.

Көмір-сутегі шикізаты

Имашев кен орны

Атырау

46040'54"  48032'05"
46042'52"  48041'36"
46037'20"  48042'00"
46039'00"  48033'50"

*ескертпе – 1 нүктеден 2 нүктеге дейін келісімшартты аумақ ҚР мен РФ арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы 2005 жылғы 18 қаңтардағы шартына сәйкес Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік шекараларын бойлай өтеді.

Барлау