Деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасы тiл туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағының нысанын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 25 маусымдағы № 221 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 476 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 шілдеде № 11770 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 173 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № 308 бірлескен бұйрығымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитеті әзірлеген «Босқындар туралы есеп» (коды 7291203, индексі 8-КҚ, кезеңділігі жартыжылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 382 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 18 ақпанда № 7427 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 178*182 (27256); 2012 жылғы 5 мамырдағы № 210-215 (27289) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                               Ә. Смайлов