"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 19-5/519 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 19-6/551 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 шілдеде № 11730 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 380 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.09.2018 № 380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 19-5/519 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9820 тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 18 (28496) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережеге:

      мынадай мазмұндағы 11-1 тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Комитеттің мынадай аумақтық бөлімшелері бар:

      1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалану реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      6) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      7) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      8) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.";

      мынадай мазмұндағы 11-2 тармақпен толықтырылсын:

      "11-2. Комитеттің мынадай бағынысты ұйымдары бар:

      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазагромелиосушар" республикалық әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын.";

      14 тармақты келесі мазмұндағы 23-1), 23-2), 23-3), 23-4), 23-5), 23-6), 23-7), 23-8), 23-9), 23-10) және 23-11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "23-1) бөгеттер иелерінің бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгілеген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      23-2) су қорғау аймақтарының, белдеулерінің және оларды шаруашылықта пайдалану режимдерінің жобалау құжаттамасының келіседі;

      23-3) ауыз су сапасындағы жер асты суларын ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін пайдалануға рұқсат беруді келіседі;

      23-4) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердің белгіленуін келіседі;

      23-5) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын әуесқой және спорттық балық аулау үшін пайдалануды келіседі;

      23-6) бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді;

      23-7) ағаш ағызу үшін пайдаланылатын су объектілерінің тізбесін және оларды тазарту тәртібін келіседі;

      23-8) ұйымдарды бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаудан өткізеді;

      23-9) бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын әзірлейді;

      23-10) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

      23-11) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетіне белгіленген заңнамалық тәртіпте:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде кезеңдік басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйелерде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрықтан туындайтын басқа іс-шараларды қабылдансын.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А.Мамытбеков