2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 206-бабына сәйкес республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылы кемінде 500 (бес жүз) миллион АҚШ долларына балама мөлшерде мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар (мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер) шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
1) елдің кредиттік рейтингін жаңарту, инвесторларды тарту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар шығару нарығы мен әріптестерін айқындау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуді;
2) осындай мәміле үшін белгіленген талаптарға сәйкес қажетті құжаттамалар дайындауды;
3) мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырудан республикалық бюджетке қаражаттың түсуін қамтамасыз етуді;
4) шығарылым әріптестеріне комиссиялық сыйақы түрінде көрсетілген қызметтердің ақысын төлеуді қамтамасыз етуді;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов