Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 4-4/258 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 шілдеде № 11706 тіркелді.

      "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрдің
міндетін атқарушы
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы " "

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Е. Досаев

      2015 жылғы " "



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 4-4/258 бұйрығымен
бекітілген

Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағалары

      Ескерту. Бағалар жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.01.2019 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Карантиндік объекті түрі

Техника түрі*

ҚҚС**-сыз баға, теңге

ҚҚС***-мен баға, теңге

1

2

3

4

5

1.

Жемісті дақылдардың шығыс жеміс жемірі, калифорниялық қалқаншалы сымыр, Комсток құрты секілді карантиндік зиянкестері

Желдеткішті немесе арқаға ілінетін бүріккіштер

1126,4

1261,57

2.

Жемісті екпелердің америкалық ақ көбелек секілді декоративтік және карантиндік зиянкестері

Желдеткішті немесе арқаға ілінетін бүріккіштер

5844

6545,28

3.

Бақша дақылдарының қауын шыбыны секілді карантиндік зиянкестері

Желдеткішті немесе арқаға ілінетін бүріккіштер

3378

3783,36

4.

Жібек көбелектері секілді орманның карантиндік зиянкестері

Жеңіл авиация, аса жеңіл авиация (АЖА), желдеткішті бүріккіштер, аэрозольді генераторлар

1126,4

1261,57

5.

Қазақстан Республикасының карантиндік объектілері тізбесіне қосылған арамшөптердің карантиндік түрлері

Штангалы, желдеткішті немесе арқаға ілінетін бүріккіштер

529

592,48

6.

Оңтүстік америкалық қызанақ күйесі (ашық топырақта)

Арқаға ілінетін бүріккіштер

19649

22006,88

7.

Оңтүстік америкалық қызанақ күйесі (жабық топырақта)

Арқаға ілінетін бүріккіштер

23244

26033,28

8.

Картоптың алтын түстес жұмырқұрты

Трактормен агрегатталатын сепкіш

13621

15255,52

9.

Жемісті дақылдардың бактериялық күйігі

Желдеткішті бүріккіштер

5781

6474,72

10.

Қарағайдың қара мұртты қоңызы

Желдеткішті бүріккіштер

2735

3063,2

      Ескертпе:

      * Бүріккіш техника түрін таңдау карантиндік организмдердің даму ерекшеліктерін, залалданған алаңдарды, химиялық өңдеу жөніндегі жұмыстардың тиімді және уақтылы жүргізілуін ескере отырып жүргізіледі.

      ** Қосылған құн салығын есепке алмағанда, карантиндік объектілерге қарсы 1 гектарды өңдеу бағасы.

      *** Қосылған құн салығын есепке алғанда, карантиндік объектілерге қарсы 1 гектарды өңдеу бағасы.