Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2015 жылғы 8 маусымдағы
№ 184 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 шілдеде № 11692 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 133 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің 26.09.2016 № 145 қаулысымен.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Балқаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Балқаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы "Балқаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 27 наурызында № 3111 тіркелген, "Балқаш өңірі" газетінде 2015 жылдың 28 наурызында № 13 (7543) жарияланған) № 19 қаулысымен бекітілген "Балқаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге (бұдан әрі - Ереже) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген Ереженің 9-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 040300, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, № 64.";
      17-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Манат Ришат Манатұлына жүктелсін.
      3. Аудан әкімі аппаратының басшысы Манат Ришат Манатұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Балқаш ауданының әкімі Б. Жүнісов