"Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 шілдеде № 11659 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес және Қостанай қаласы прокуратурасының 2015 жылғы 15 маусымдағы № 2-090107-15-07445 ұсынысы негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 4 тамыздағы № 1926 "Қостанай қаласының коммуналдық мүлігін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5039 болып тіркелген, "Наш Костанай" газетінде 2014 жылғы 28 тамызда жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Ф.Х. Аракелянға жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшінде енеді.

      Әкім                                       А. Ахметжанов