Исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу, пайдалану және бөлу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 88 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 шілдеде № 11650 тіркелді.

      "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Түзету коэффициентін қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Қ. Келімбетов

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 92 қаулысымен бекітілді

Түзету коэффициентін қолдану қағидалары

      1. Осы Түзету коэффициентін қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты (бұдан әрі - міндетті сақтандыру шарты) бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезінде түзету коэффициентін қолдану тәртібін белгілейді.

      Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының аумағында ашылған филиалдарына қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Егер сақтандыру оқиғасы (сақтандыру оқиғалары) шарттың қолданылу кезеңінде сақтанушының кінәсі бойынша орын алған жағдайда, Заңның 17-бабына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақысы түзету коэффициентіне көбейтіледі.

      3. Түзету коэффициенті міндетті сақтандыру шартын жасау күнінің алдындағы соңғы 5 (бес) жыл ішінде зардап шеккен қызметкерлердің орташа жылдық саны және міндетті сақтандыру шартын жасау күніне сақтанушы қызметкерлерінің тиісті жалпы саны негізінде айқындалады. Түзету коэффициенттерінің мәндері Заңның 17-1-бабының 2-тармағында белгіленген.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Заңның 17-бабы 1-тармағының үшінші бөлігінде көзделген міндетті сақтандыру шартына қосымша келісімді жасаған кезде төленуге тиіс сақтандыру сыйлықақысына негізгі міндетті сақтандыру шартын жасаған кезде төленген сақтандыру сыйлықақысын есептеген кезде айқындалған түзету коэффициенті қолданылады.

      5. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Зардап шеккен қызметкерлердің санын есептеу үшін қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін 30 – 100 пайыз аралығында қоса алғанда белгілеуге не оның өліміне алып келген, 2015 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 190-бабының 1-тармағына сәйкес сақтанушының кінәсі бойынша орын алған, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актімен ресімделген сақтандыру оқиғаларының саны ескеріледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Егер сақтанушының қызметінен ерекшеленетін қызметті жүзеге асыратын сақтанушының филиалы (филиалдары) болған жағдайда, түзету коэффициенті барлық зардап шеккен қызметкерлердің орташа жылдық санын және жұмыс берушінің және оның филиалының (филиалдарының) қызметкерлерінің жалпы санын ескере отырып есептеледі.

      8. Сақтандыру ұйымы түзету коэффициентін сақтандырушының сақтандыру бойынша дерекқордан не сақтанушының өтінішінен, не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан сұрау салу жолымен алынған ақпарат негізінде алған, сақтанушының кінәсі бойынша орын алған сақтандыру оқиғасының (сақтандыру оқиғаларының) болуы туралы ақпараты бар сақтандыру есебіне қарай қолданады.

      9. Зардап шеккен қызметкерлердің орташа жылдық санын есептеу үшін міндетті сақтандыру шартын жасау күнінің алдындағы соңғы бес аяқталған қаржы жылы пайдаланылады.

      10. Сақтанушы түзету коэффициенттерін міндетті сақтандыру шартын жасау күнінің алдындағы соңғы 5 (бес) жыл ішінде сақтандыру жағдайлары болмаған жағдайда, Заңның 17-1-бабының 2-1-тармағына сәйкес айқындайды.

      Ескерту. Қағида 10-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.