"Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Иеленетін (иеленген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республик

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 87 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 шілдеде № 11643 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 65 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.04.2018 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Иеленетін (иеленген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 179 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9866 тіркелген, 2014 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 10 желтоқсанда "Заң газеті" газетінің № 186 (2580) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қаржылық тұрақтылық және тәуекелдерді басқару департаменті (Тутушкин В.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 87 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 179 қаулысына
1-қосымша

Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын
жақсартуға маманданған ұйымның қызмет түрлерін жүзеге асыру
қағидалары

      1. Осы Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның (бұдан әрі - Ұйым) Заңның 5-1-бабының 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

      2. Қағидалардың мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) баланстық құны - негізгі борыштың, есептелген сыйақының, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың), сыйлықақының немесе халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескере отырып дисконттың жиынтық құны;

      2) банк - қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борышы және (немесе) есептелген сыйақысы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен асқан мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың несие портфеліндегі (қалыптастырылған резервтерді ескермей есептелген) көлемі 10 (он) пайыздан асатын екінші деңгейдегі банк;

      3) күмәнді және үмітсіз активтер - қарыздар Иеленетін (иеленген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптардың 3-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келген жағдайда, олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борышы және (немесе) есептелген сыйақысы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен асатын мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша талап ету құқығы;

      4) негізделген қаржыландыру - Ұйымның банкке банктік салым шартының банктің баланстық құны бойынша бағаланатын, 6 (алты) айдан аспайтын келесі күнтізбелік ай ішінде банктік салымның мөлшерімен кем емес көлемдегі күмәнді және үмітсіз активтерінің көлемін төмендету жөніндегі міндеттемесі көзделетін талаптарымен банкте ақша орналастыру түріндегі қаржы ресурстарын беру;

      5) шарт - мәні банктің күмәнді және үмітсіз активтерін Ұйымның иеленуі болып табылатын Ұйым мен банк арасында жасалатын шарт.

      3. Ұйым сатып алатын күмәнді және үмітсіз активтердің құны мынадай тәсілдердің бірімен айқындалады:

      1) мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау, сондай-ақ зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы және бағалау қызметі нарығында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі бар тәуелсіз бағалау компаниясы (бұдан әрі - тәуелсіз бағалау компаниясы) айқындайтын күмәнді және үмітсіз активтердің құны бойынша;

      2) тәуелсіз бағалау компаниясы дисконтты қолдана отырып айқындайтын күмәнді және сенімсіз активтердің құны бойынша;

      3) шарт жасау күнгі баланстық құн бойынша;

      4) дисконтты қолдана отырып шарт жасау күнгі баланстық құн бойынша.

      Ұйым сатып алынатын күмәнді және үмітсіз активтің құнын айқындау тәсілін дербес таңдайды.

      4. Ұйым сатып алған күмәнді және үмітсіз активтерді бірмезгілде сату, оның ішінде төлемді кейінге қалдыру талаптарымен сату жағдайларын қоспағанда, сатып алынатын күмәнді және үмітсіз активтерді қамтамасыз ету құрамында өнеркәсіптік мүліктік кешендер кепілі, жабдық және технологиялық желілер, аяқталмаған құрылыс объектілері бар болған жағдайда тәуелсіз бағалау компаниясына және оған қолданылатын бағалау рәсімдеріне түгендеу және/немесе инспекция және/немесе техникалық аудит және/немесе технологиялық сараптама бойынша іс-шараларды қоса алғанда, кепіл заттарын кешенді зерттеу бойынша талаптар ұсынылады.

      Күмәнді және үмітсіз активтерді бағалау үшін тартылатын тәуелсіз бағалау компанияларының тізбесін Ұйым банкпен келісім бойынша, Қағидалардың 3-тармағы 1) тармақшасының талаптарын сақтау шартымен айқындайды.

      Тәуелсіз бағалау жүргізу шығыстарын қаржыландыру Ұйым мен банктің келісімі бойынша айқындалады.

      Банк немесе Ұйым күмәнді және үмітсіз активтерге жүргізілген тәуелсіз бағалаудың нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тәуелсіз бағалау компаниялары қолданатын рәсімдердің және олардың бағалау стандарттарына сәйкес келу аудитін жүргізу үшін аудиторлық компанияны тартуға жол беріледі. Аудиторлық компанияны тарту шығыстары жүргізілген тәуелсіз бағалау нәтижелерімен келіспеген тараптың есебінен жүзеге асырылады.

      Егер Ұйым шығыстарының есебінен жүргізілген тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша Ұйым Ұйымның сатып алуы үшін банк ұсынған күмәнді және үмітсіз активтердің Сатып алынатын күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптардың критерийлеріне сәйкес келмеуін анықтаса, банк осы бағалауды жүргізу бойынша шығыстарды өтейді.

      5. Күмәнді және үмітсіз активтің құнына дисконтты Ұйымның күмәнді және сенімсіз активтерді иеленуге, ұстап тұруға және кейіннен өткізуге байланысты тәуекелдері мен шығыстарын есептеуге арналған Ұйымның ішкі нормативтік құжаттарында көзделген тәртіппен Ұйым дербес айқындайды.

      6. Күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алу кезінде, егер күмәнді және үмітсіз активтердің банк ұсынған құны күмәнді және үмітсіз активтердің Ұйым ұсынған құнынан жоғары болса, онда Ұйымның талап етуі бойынша күмәнді және үмітсіз активтердің құнын төмендетуден болуы ықтимал шығыстарды банк, оның акционері (ірі қатысушысы немесе банк холдингі) немесе үшінші тұлға Ұйым үшін шығарылған кепілдікті немесе опционды орындау жолымен өтейді.

      Ұйымның талап етуі бойынша кепілдікті немесе опционды орындауды қамтамасыз ету үшін банк не оның акционері (ірі қатысушысы немесе банк холдингі) күмәнді және үмітсіз активтердің құнын төмендетуден болуы ықтимал шығыстардың сомасына өтімді активтерді кепілге ұсынады.

      Кепілдікті немесе опционды орындауды қамтамасыз ету қажеттілігі, сондай-ақ кепілге ұсынылатын өтімді активтердің тізбесі күмәнді және үмітсіз активтерді ұсынған банк пен Ұйым арасындағы шарттың талаптарымен айқындалады.

      7. Ұйым сатып алған күмәнді және үмітсіз активтерді бірмезгілде сату кезінде сатып алушыға (инвесторға) төлем жасауды кейінге қалдыру ұсынылған жағдайда сатып алушының (инвестордың) ақы төлеу жөніндегі міндеттемелері Ұйым күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алған банк акционерінің немесе үшінші тұлғаның өтімді кепілмен қамтамасыз етуді ұсынуы арқылы қамтамасыз етіледі.

      8. Банктерден Ұйым сатып алған күмәнді және үмітсіз активтерді басқару мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырады:

      1) Ұйым дербес түрде;

      2) күмәнді және үмітсіз активтерін Ұйым сатып алған банктер;

      3) өзге де қаржы ұйымдар, кәсіби сарапшылар және халықаралық аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар.

      9. Банктік салым шартының талаптарында Ұйымның банктік салымды ішінара (баланстық құны бойынша бағаланатын күмәнді және үмітсіз активтердің төмендетілмеген көлемі мөлшерінде) не банк ол негізделген қаржыландыру шеңберінде қабылдаған міндеттемелерді орындаған жағдайда толық мөлшерде мерзімінен бұрын қайтару құқығы көзделеді.

      10. Ұйым мен тиісінше күмәнді және үмітсіз активтерді беретін және қабылдайтын банк арасындағы сенімгерлікпен басқару шартында сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтердің құнын қалпына келтіруден (төмендетуден) түскен (болған) кірістерді (шығыстарды) банк пен Ұйымның арасында бөлу тәртібі қамтылады.

      11. Ұйым тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 15 (он бесінен) кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өзінің қызметі туралы ақпаратты (Ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді бағалау, сатып алу және банктермен жұмыс жөніндегі қызметінің ағымдағы жағдайын көрсете отырып) ұсынады.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 87 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 179 қаулысына
2-қосымша

Иеленетін (иеленген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын
талаптар

      1. Осы Иеленетін (иеленген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның (бұдан әрі - Ұйым) иеленетін (иеленген) күмәнді және үмітсіз активтеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) банк - несие портфелінде қарыздар бойынша 10 (он) пайыздан астам қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астан мерзімі өткен берешегімен қарыздардың көлемі бар (қалыптастырылған резервтерді ескерусіз есептелген) екінші деңгейдегі банк;

      2) күмәнді және үмітсіз активтер - қарыздар Талаптардың

      3-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келу талабымен, олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша талап ету құқығы;

      3) қарыз алушылар тобы - осы топта қарыз алушы заңды тұлғалардың бірмезгілде акционерлері немесе қатысушылары не қоса қарыз алушылары, кепіл берушілері, кепілгерлері болып табылатын, бір кредиттік желі шеңберінде берілген қарыздар бойынша қарыз алушы заңды тұлғалар тобы;

      4) Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингі - Қазақстан Республикасына Standard & Poor’s, Fitch Ratings, Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттіктер берген рейтингтер;

      5) шарт - Ұйым мен банк арасында жасалатын шарт, Ұйым банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленуі оның нысаны болып табылады.

      3. Ұйым қарыздар бойынша талап ету құқығын осындай қарыздар бірмезгілде мына барлық критерийлерге сәйкес келгенде иеленеді:

      1) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (оның ішінде бір кредиттік желі шеңберінде қарыз алушылар тобына берілген);

      2) мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғалар – Қазақстан Республикасының резиденттері және (немесе) қарыз алушылар тобы қарыздар бойынша қарыз алушылар болып табылады;

      3) Талаптардың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген кепіл түрлерін қоспағанда, кепілмен, оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденттері – эмитенттер шығарған және "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының ресми тізіміне енгізілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингіне сәйкес келетін немесе одан асатын кредиттік рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – эмитенттер шығарған бағалы қағаздармен қамтамасыз етілген қарыздар;

      4) шартты жасау күніндегі негізгі борыш сомасын, есептелген сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоса алғанда, берешектің қалдығы 60 (алпыс) және одан көп миллион теңгені немесе шетел валютасында балама соманы құрайды;

      5) қарыз алушының (кепіл берушінің) қызметінің негізгі түрі:

      ауыл, орман және балық шаруашылығына;

      білім беруге;

      денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге;

      сумен қамтуға, кәріз жүйелеріне, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауға;

      қаржы және сақтандыру қызметіне;

      кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке;

      әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметке;

      қызметтің басқа түрлерін ұсынуға;

      бұрынғы аумақтық ұйымдар мен органдар қызметіне;

      мемлекеттік басқаруға және қорғанысқа, міндетті әлеуметтік қамсыздандыруға;

      үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтары және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтерді шығаратын қызметке жатпайды.

      4. Ұйым:

      1) қарыз алушыға (кепіл берушіге) қатысты іріктеу, оңалту немесе банкроттық рәсімдері жүргізілген;

      2) Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингіне сәйкес келетін немесе одан асатын кредиттік рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – эмитенттер шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі, ал Ұйым иеленген күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алушыға (инвесторға), оның ішінде төлемді кейінге қалдыру талаптарымен, - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарынан тыс мүлік және мүліктік құқық, не Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтық айналымда шектелген мүлік кепіл мәні болып табылған;

      3) қарыз бойынша жалғыз кепіл мәні:

      аяқталмаған құрылыс объектілері;

      жылжымайтын тұрғын үй;

      компьютер жабдығы және техника;

      арнайы техника;

      айналымдағы тауарлар;

      болашақта түсетін мүлік;

      жиһаз;

      жер қойнауын пайдалану құқығы;

      авторлық құқық;

      лицензиялар;

      патенттер;

      талап ету құқығы;

      жерді пайдалану құқығы;

      жалдау құқығы;

      тауар белгісіне арналған құқық;

      үшінші тұлғалардың кепілдіктері мен кепілгерліктері болған жағдайларды қоспағанда, банктерден қарыздар бойынша талап ету құқығын иеленеді.

      5. Қамтамасыз етудің жалпы кепілдік құнындағы кепілдің жекелеген мәні құнының үлесіне қойылатын талаптарды белгілейтін тәртіп Ұйымның ішкі нормативтік құжаттарында көзделеді.

      6. Талаптардың 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларының,

      4-тармағының 1) және 3) тармақшаларының, 5-тармағының ережелері Ұйым иеленген күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алушыға (инвесторға), оның ішінде төлемді кейінге қалдыру талаптарымен бірмезгілде сату жағдайларына қолданылмайды.