"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7–бабының 1-тармағының 111) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарына еңбек шарттарын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі |
Т. Дүйсенова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
А. Исекешев __________________
2015 жылғы 29 мамыр
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев __________________
2015 жылғы 29 мамыр
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 379 бұйрығымен бекітілді |
Ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және
(немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарына еңбек
шарттарын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген
тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы
көрсетілімдер тізбесі
1. Нерв жүйесінің аурулары:
1) функцияларының жетіспеушілігі бар ағзалардың туа біткен аномалиясы;
2) сыртқы факторлардың әсерінен орталық және шеткі нерв жүйесінің, ішкі ағзалар мен тірек-қимыл аппаратының зақымдану салдары: радиация, кәсібі бойынша жұмысын орындауға кедергі келтіретін ағзалар мен жүйелер функцияларының бұзылуын тудыратын, қайтымсыз өзгерістердің дамуы бар термиялық, химиялық және басқа да әсерлер;
3) ми мен жұлын жарақаты, айқын неврологиялық бұзылулармен қатар жүретін цереброваскулярлық аурулар, сондай-ақ олардың салдары;
4) қозғалыс және сезімталдық бұзылуы бар нерв жүйесінің органикалық аурулары (сирингомиелия және сирингобульбия, миелопатия, балалардың церебралдық сал ауруы және оның салдары, экстрапирамидалық, құрылымның пирамидалық және мишық жүйелерінің зақымдануы, БАБ, дегенеративтік аурулар, факоматоздар, шашыраңқы беріш, жіті диссеминиралдық демиелинизациялардың салдары, диффузиялық беріш, бас пен жұлынның жіті қан тамырлары ауруларының салдары, ми қанайналымы функциясының созылмалы жетіспеушілігі – II және одан да жоғары сатыдағы дисциркуляторлық энцефалопатия);
5) орталық нерв жүйесінің созылмалы қабыну аурулары (энцефалит, менингоэнцефалит, менингит, миелит, энцефаломиелит және басқалар) және оның айқын неврологиялық бұзылуларымен салдары;
6) айқын және асқынған бастың сақина аурулары, ұстамалы өткінші транзиторлық церебралдық ишемиялың ұстамалар мен ұқсас синдромдар, нарколепсия, каталепсия, есінен танудың әртүрлі түрлері, көру, есту бұзылуларының пароксизмдері, синкопалдық жағдайлар мен басқалар;
7) кәсібі бойынша жұмысын орындауға кедергі келтіретін нерв жүйесінің тұқым қуалайтын аурулары;
8) кәсібі бойынша жұмысын орындауға кедергі келтіретін функцияларынің тұрақты бұзылулары бар шеткі нерв жүйесінің, нервтік-бұлшықеттің созылмалы аурулары;
9) мидың қатерлі және қатерсіз аурулары, жұлынның және шеткі нерв жүйесінің қатерлі аурулары.
2. Психикалық бұзылулар мен мінез-құлық бұзылулары:
1) ауыр тұрақты немесе жиі асқынатын ауырусынушылық көріністерінен созылмалы психикалық және мінез-құлық ауытқулары, пароксизмалдық бұзылулары бар эпилепсия;
2) симптоматикалық, психикалық бұзылуларды қоса алғандағы органикалық бұзылулар;
3) психобелсенді заттарды тұтынуға байланысты психикалық бұзылулар мен мінез-құлықтың бұзылулары (3 жылдан кем емес тұрақты оңалту сатысынан басқа);
4) шизофрения, шизофрениялық және сандырақ бұзылулар;
5) кемінде 3 жыл интермиссияға жақын тұрақты терең ремиссиядан басқа көңіл-күй (аффектілік бұзылулар) бұзылулары;
6) стреске байланысты невроздық және соматикалық түрдегі бұзылулар (дәрігерлік–консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) шешімі бойынша);
7) физиологиялық бұзылулар мен физикалық факторларға байланысты мінез-құлықтық синдромдар (ДКК шешімі бойынша);
8) жеке басының бұзылулары мен үлкен жастағы мінез-құлық;
9) ақыл-ой кемістігі;
10) әдетте бала және жасөспірім жаста басталатын эмоциялық бұзылулар мен мінездің бұзылулары;
11) барлық психикалық аурулар кезіндегі суицидтік әрекеттерден кейінгі жағдай;
12) алкоголизм, нашақорлық, уытқұмарлық.
3. Соматикалық аурулар:
1) 2-дәрежелі, 3-қауіпті артериялық гипертония; 2-дәрежелі, 4-қауіпті артериялық гипертония; 3-дәрежелі, 2-4-қауіпті артериялық гипертония; жұмысқа жіберу мәселесі криздік ағым болмаған және тиімді емдеу кезінде шешіледі;
2) жүректің тоқтау, жіті жүрек функциясының жетіспеушілігінің, талып қалу немесе басқа да пароксизмалдық жағдайлардың даму, белгіленген ырғақ жүргізушісінің, Гис шоғының толық блокадалану қаупін төндіретін жоғары градациядағы жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің (оның ішінде жыбырлақ аритмия, пароксизмалдық тахикардия, экстрасистолия, ІІ және ІІІ дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада, синустық түйін әлсіздігінің синдромы) бұзылуы;
3) миокардиттің, эндокард пен перикардтің (оның ішінде жүрек ақауы, миокардиттер, кардиомиопатиялар, эндокардиттер, күшейетін және адгезивтік - констриктивтік перикардиттер) созылмалы аурулары, II және III дәрежедегі, тромбоэмболиямен, Лаун бойынша жоғары градациялар ырғағының бұзылуымен және басқа да пароксизмалдық жағдайлардың даму қаупімен асқынған жүрек функциясының жеткіліксіздігі;
4) өкпе артериясының тромбоэмболиясынан кейінгі жағдай;
5) ІІ - IV функциялық класымен тұрақты стенокардия, бұрын бастан өткерген ірі ошақтық миокард инфаркті мен II және ІII дәрежедегі жүрек функциясының жетіспеушілігімен, тромбозбен, эмболиямен, ырғақтың айқын бұзылыстарымен, жүректің аневризмімен жүректің созылмалы ишемиялық ауруының басқа да нысандары;
6) жіті ревматикалық қызба: белсенді сатысы, жүрек пен басқа да ағзалар мен жүйелерді зақымдаумен, сондай-ақ зиянды жағдайда жұмысты орындауға кедергі келтіретін бастан өткерген жүректен тыс зақымдау салдарымен жиі қайталануы;
7) аорта аневризмдері, аортиттер, коронарлық артериялардың ангиопластиктері, аневризмэктомия мен аортопластиктер, жүрек қақпақшаларын протездеу және жүрек пен қан тамырларына басқа да күрделі операциялар. Митралдық комиссуротомиядан, артериялық ағындарды байлаудан және басқа да қарапайым кардиохирургиялық араласулардан, ірі коронарлық артериялардың бірінің окклюзиясынан немесе айқын стенозынан, аорто-коронарлық шунттаудан кейінгі жағдайдан кейін жұмысшы тиімді емдеуден кейін ғана жұмысқа жіберіледі;
8) ІІ және одан да жоғары дәрежедегі жүрек функциясының жетіспеушілігі, ырғағы мен өткізгіштігінің асқынған бұзылулары бар жүректің алкоголдік зақымданулары;
9) II, III және IV функциялық кластағы ауыртпалықтағы тұрақты стенокардиясымен жүректің ишемиялық ауруы, ІІ және ІІІ дәрежедегі жүрек функциясының жетіспеушілігімен күшейген стенокардия, инфарктен кейінгі ірі ошақтық кардиосклероз;
10) ырғақ пен өткізгіштігінің бұзылулары - ІІ және одан жоғары атриовентрикуляциялық блокада, синустық шоқтың әлсіздігі, пароксизмалдық тахиырғақтың жиі ұстамалары, тұрақты нысандағы жыбырлақ аритмия, Лаун бойынша жоғары градациялардың жүрекшелік және қарыншалық экстрасистолиясы;
11) белгіленген ырғақ жүргізушісі;
12) жиі асқынуларымен, қан кетуге бейімділігімен, ІІ және ІІІ дәрежедегі тыныс алу функциясының жеткіліксіздігімен өкпенің созылмалы аурулары (өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, интерстициалдық пневмония, саркоидоз, эмфизема, бронхоэктатикалық және өкпенің ІІ және жоғары сатыдағы басқа да тән емес аурулары). Фиброздаушы альвеолит. Бастан өткерген спонтанды пневмоторакстен кейінгі жағдай;
13) бақыланбайтын ауырлықтың ауыр дәрежесіндегі бронх демікпесі; бақыланатын бронх демікпесі – әртүрлі айқындылық дәрежесі, жұмысқа жіберу мәселесі ДКК шешіледі;
14) ауыр ағынымен және айқын ауырсыну синдромымен, жиі асқынуларымен, қан кетуге бейімділігімен (оның ішінде асқазанның және ұлтабардың ойық жара ауруы, диеталық тамақтануды, ұйқы режимін сақтауды және дене жүктемелерін шектеуді талап ететін операциялық араласудың салдары, энтерит, энтероколит, ойық жаралы колит, Крон ауруы, холангит, холецистит, панкреатит, гепатит) асқорыту ағзаларының созылмалы аурулары, бүйрек функцияларының жетіспеушілігі, бауыр циррозы;
15) кез келген дәрежедегі бүйректің созылмалы жетіспеушілігімен бүйректің созылмалы ауруы, ІІІ дәрежелі нефроптозе. Несеп-тас ауруы. Подагралық нефропатия;
16) қосылыс тіндерінің диффузиялық аурулары (үлкен коллагеноздар): ревматоидтық артрит, жүйелі қызылжегі, жүйелі склеродермия, дерматомиозит, жүйелі васкулиттер, түйінді полиартериит, аллергиялық (эозинофилдік) гранулематоздық ангиит, Вегенер гранулематозы, Такаясу ауруы, геморагиялық васкулит, Гудпасчер синдромы, алып жасушалы артрит, анкилозирлеуші спондилоартрит, декомпенсация сатысындағы Шегрен синдромы, Бехчет синдромы;
17) басқа ағзалар мен жүйелердің зақымдану белгілерімен, олардың функцияларының бұзылуымен күшеймелі ағымы бар эдокриндік жүйенің созылмалы аурулары, оның ішінде 1 типтегі қант диабеті, субкомпенсация және декомпенсация сатындағы 2 типтегі қант диабеті, орта және ауыр дәрежедегі гипотиреоз және диффуздық-уытты зоб, гиперпаратиреоз, гипопаратиреоз, феохромоцитома, Аддисон ауруы, гиперальдостеронизм; кәсіби міндеттерді орындауға кедергі келтіретіндер;
18) тамақтану мен зат алмасудың ауыр бұзылулары, өкпе және жүрек функциясымен ІІІ және IV дәрежедегі семіру;
19) II және III дәрежедегі буын функцияларының бұзылуларымен қоса жүретін созылмалы асқынған полиартропатия (ревматоидтық және басқа да артриттер, подагра және басқа да алмасу артропатиялары);
20) апластикалық және қайталанбалы аутоиммундық гемолитикалық анемия. Қан мен қан өндіру ағзаларының басқа да туа пайда болған, қайталанбалы және күшейген аурулары. Қан өндіру және оған ұқсас тіндердің қатерлі ісіктері;
21) қанның қатерлі аурулары;
22) қанның ұйығыштығының бұзылуы, пурпура және басқа да геморрагиялық бұзылу жағдайы;
23) аллергеннен қайталанып әсер етуін болдырмау мүмкін болмайтын туындаған анафилактикалық шоктан кейінгі жағдай.
4. Хирургиялық аурулар:
1) туа біткен аномалиялар мен деформациялар, оның ішінде аяқ-қолдың 6 және одан да көп сантиметрлерге қысқа болуы;
2) басқа тармақтарда көрсетілмеген және кәсіби қызметте кедергі келтіретін зақымдалған ағзалардың тұрақты бұзылуларымен қоса жүретін жарақаттар мен хирургиялық араласулардың салдары;
3) кәсіби мәні бар функцияларының тұрақты бұзылуы бар сүйектердің, шеміршектердің, аяқ-қол және омыртқаның ірі буындарының созылмалы аурулары;
4) тесіп өткен бассүйек-ми жарақаттарынан немесе операциялардан кейінгі бассүйек сүйектерінің ақаулары;
5) созылмалы іріңді аурулар (өкпе, ішперде абсцестері, пиоторакс, парапроктит, ішек, несеп жыланкөздері мен басқалар);
6) өңештің тыртықтық өзгерістері, функциялардың айқын бұзылуларымен және асқынулармен диафрагмалық жарықтар;
7) симптомдық дивертикулез, полипоз және асқорыту трактісінің басқа да симптомдық қатерсіз ісіктері. Жарықтар. Үлкен емес асқынбаған жарықтар кезінде жұмысшыларды жұмысқа жіберу тәсілі жекеше;
8) айқын ауырсыну синдромымен және асқынуларымен өт-тас аурулары (оның ішінде созылмалы холангит, реактивті панкреатит, айқын холецистит);
9) асқорыту трактісінің, несеп пен нәжісті ұстмауымен немесе кідіріспен қоса жүретін несеп шығару ағзаларының және қуықасты безінің созылмалы аурулары;
10) шеткі артериялардың стеноздаушы атеросклерозы, Бюргер ауруы, Рейноның айқын синдромы. Қан тамырлары қабырғаларының жыртылу қаупімен аневризмдер мен артерияның басқа да аурулары;
11) көктамыр функциясының айқын созылмалы жетіспеушілігімен аяқ көктамырларының варикоздық кеңеюі. Тромбофлебит, тромбоэмболитикалық ауру. Асқынған геморрой;
12) лимфангиит, басқа да лимфоісіктер - III дәрежелі күспектік.
5. Тері және венериялық аурулар:
1) терінің созылмалы аурулары: созылмалы таралған, жиі қайталанатын экзема, тұқым қаулайтын псориаз, таралған, артропатиялық, пустулездік, псориатиялық эритродермия, созылмалы таралған, жиі қайталанатын дерматит, созылмалы қайтымсыз таралған ихтиоз;
2) буллездік аутоиммундық бұзылулар: күлдіреуік (пемфигус), пемфигоид, герпес түріндегі Дюринг дерматиті;
3) гангреноздық пиодермия, ауыр ағынды басқа да созылмалы пиодермия;
4) тері ісіктері (Капоши саркомасы, меланома);
5) кеш нейромерез;
6) склеродермияның, эритематоздың (фотосенсибилдеуші нысандар) терілік көріністері.
6. Көз аурулары:
1) глаукома;
2) жиі қайталанулармен көздің созылмалы асқынған аурулары;
3) бинокулярлық көрудің жоқтығы мен бұзылуы;
4) еңбек жағдайына байланысты контактілік түзету;
5) мамандығы бойынша міндеттерін орындауды қиындататын функциялардың бұзылуларымен көру ағзасының анофтальмі, аномалиясы;
6) мамандығы бойынша міндеттерін орындауды қиындататын функциялардың бұзылуларымен көру ағзасының қатерсіз және қатерлі аурулары;
7) жас аппаратының, конъюнктивтің, аққабықтың, мөлдірқабықтың, нұрлы қабықтың және көру функцияларының бұзылуларымен және тоқтамай жас ағуларымен цилиарлық дененің созылмалы аурулары;
8) мамандығы бойынша міндеттерін орындауды қиындататын функциялардың бұзылуларымен катаракта, афакия, екі жақты артифакия;
9) көру функцияларының бұзылуымен қан тамыры қабығының, торқабықтың, шыны тәріздес дененің, көру нервісінің аурулары;
10) белгілеу нүктесінен бастап 20 градусқа дейінгі кез келген меридианда көру өрісінің тарылуы;
11) түнгі соқырлық, ымырттық көрудің және еңбек жағдайына қарай көруге көз тұрақтылығының төмендеуі;
12) А", "В", "С" типтегі түсті көрудің туа біткен аномалиясы (ахроматопсия, протанопия, дейтеранопия, протаномалия, дейтераномалия).
7. Гинекологиялық аурулар
1) жүктілік пен емізу кезеңі;
2) бала туу жасындағы әйелдер анамнезіндегі дағдыға айналған ұрықты көтере алмау және аномалиясы;
3) жамбас ағзалары функцияларының бұзылуларымен әйелдердің жыныстық ағзаларының қатерсіз ісіктерің;
4) айқын ауырсыну синдромымен мено-метроррагиямен әйелдердің жыныстық органдарының аурулары;
5) мено, метроррагиялармен аналық бездердің дисфункциясы;
6) тубоовариалдық ісіктермен немесе гидросальпингспен әйелдердің жамбас ағзаларының созылмалы асқынған аурулары;
7) кез-келген орындағы күрт айқын дисплазия;
8) жамбас ағзалары функцияларының бұзылуларымен немесе анемнезденген қан кетулермен қоса жүретін декубиталдық (трофикалық) ойық жарамен кез-келген дәрежедегі әйелдердің жыныстық ағзаларының түсіп қалуы;
9) әйелдердің жыныстық ағзаларының ісіктері.
Аурудың сатысы мен жүргізілген түзету еміне байланысты жұмысқа жіберіледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Құлақ, тамақ, мұрын аурулары:
1) 3 метрден астам жерде сыбырлап сөйлеуін түзете отырып, екі құлаққа естуді протездеу кезінде ІІ және ІІІ дәрежедегі нейросенсорлық кереңдікте еңбек жағдайына қарай жұмысқа жіберіледі.
2) екі құлақтағы тұрақты толық кереңдік немесе естімейтін мылқаулық:
3) отосклероз;
4) Меньер ауруы немесе вестибулярлық функцияның бұзылуымен ішкі құлақтың аурулары;
5) созылмалы синуситтер (мұрынмен демалу бұзылуларымен полипоздық – бітегіш полиптер);
6) аносмия;
7) мұрынмен демалу бұзылуларымен мұрын қалқаншаларының қисаюы;
8) мұрын және сыртқы демалу функцияларының бұзылуларымен үстіңгі тыныс алу жолдарының қатерсіз ісіктері;
9) естуді жақсарту операцияларынан кейінгі жағдай.
Еңбек жағдайына және естуді жақсарту операциялардың түріне байланысты жұмысқа жіберіледі;
10) лабиринтит, лабиринттік фистула, лабиринттік дисфункция;
11) склерома, Вегенер гранулематозы (некроздайтын респираторлық гранулематоз), өңештің тыртықты стеноздары;
12) есту функцияларының бұзылуларымен ортаңғы және ішкі құлақтың созылмалы аурулары.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Инфекциялық аурулар:
1) ағзалар мен жүйелердің бұзылуларымен қоса жүретін созылмалы инфекциялық және паразиттік аурулар (оның ішінде адамның иммун тапшылығынан туындаған ауру, бруцеллез, терең микоздар, токсоплазмоз);
2) зақымданған ағзалардың функциялық бұзылуларымен қоса жүретін кез келген орындағы белсенді туберкулез (оның ішінде операциядан кейінгі);
3) өнеркәсіптік аэрозолдарға байланысты жұмыстар кезінде бастан өткерген туберкулезден кейінгі үлкен қалдық өзгерістер.
10. Психикалық бұзылу, мінез - құлықтың бұзылуы және нерв жүйесінің аурулары:
1) өтпелі невротикалық бұзылулар, депрессивті көрініс, стреске жіті реакция.
Тежеуіш жұмысшылар, жол бұрушылар, тіркеушілер, жол машиналары мен темір жол көлігі механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылардың топтарында жұмыс істейтіндер, теміржол вагондарының жолсеріктері, кондукторлары, өндірістік-пайдалану бөлімшелерінің басшылары, техник-механиктер тиімді емнен кейін жұмысқа жіберіледі.
Көрсетіп жасаған суицидтік әрекетімен адамның бір реттік истериялық бұзылуынан кейін кезектен тыс міндетті медициналық тексеріп - қарау 6 айдан кейін жүргізіледі;
машинистердің, жүргізушілердің және олардың көмекшілерінің тобынан басқа жұмыскерлер жұмысқа жіберіледі;
2) пароксизмалды және түбегейлі бұзылуларсыз бір қалыпты вегетативті нерв жүйесінің айқын бұзылуы, көрудің бұзылуынсыз бас сақинасы.
Жеңіл вегетативті бұзылулар машинистер, жүргізушілер және олардың көмекшілері мен машинистің көмекшісінсіз пойыз жұмысын атқаратын жұмысшылар мамандығына түсетіндерден басқа, пойыздардың қозғалысымен байланысты жұмыстарға қарсы көрсетілім болып табылмайды.
Жол машиналары мен темір жол көліктерінің механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылар топтарының басшылары жұмысқа жіберіледі;
3) сезімтал және қозғалыс функцияларының жиі асқынбайтын және анық көрінбейтін бұзылуларымен перифириялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.
Жиі асқынбайтын жеңіл радикулярлық синдромдар жылжымалы жабдық жүргізушілері мен машинистері, тежеуіш жұмысшылар, жол бұрушылар, тіркеушілер, жол машиналары мен темір жол көлігі механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылардың топтарына түскен жұмысшылар, теміржол вагондарының жолсеріктері, кондукторлары, өндірістік-пайдалану бөлімшелерінің басшылары, техник-механиктер, желілік құрылыстарға және станциялық байланыс жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылар, мамандандырылған бөлімшелердің басшыларына қарсы көрсетілім, басшылар мен инженерлер лауазымдарына жұмысқа түсетіндер жұмысқа жіберіледі. Машинистің көмекшінсіз пойыз жұмысына тағайындалатын немесе атқаратын машинистерден басқа жұмыс істейтіндер жіберіледі.
Саусақ, табан және аяқ функцияларының бұзылулары бар аяқ пен қол нервтерінің жеңіл парездері, локомотивтік бригадаларда жұмыс істейтіндер, ұзақ уақыт жүріп жұмыс істеуге байланысты жұмыстарда жұмыс істейтіндер, сондай-ақ кәсіптік маңызды функцияларының бұзылулары болған кезде кәсіппен айналысатындар үшін қарсы көрсетілім.
Көлікте есеп жүргізумен айналысатын диспетчерлер, қызметшілер, тежеуіш жұмысшылар, жол бұрушылар, тіркеушілер, жол машиналары мен темір жол көлігі механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылар топтарында жұмыс істейтіндер тиімді емнен кейін жұмысқа жіберіледі;
4) органикалық өзгерістер (жарақаттардың, нейроинфекциялардың салдары және улану) және аздаған неврологиялық бұзылуларымен орталық нерв жүйесінің біртіндеп күшейетін аурулары.
Жылжымалы жабдық жүргізушілері мен машинистері, көлікте есеп жүргізумен айналысатын диспетчерлер, қызметшілер үшін қарсы көрсетілім.
Қалған жұмыскерлердің кәсіптік жарамдылығына сараптама тәсілі жеке жүргізіледі;
5) идиопатиялық бет-ауыз дистониясы, спастикалық қисық мойын, блефароспазм, органикалық тектес тартылулар және жұмыс істеуге кедергі келтіретін басқа да экстрапирамидалық және қозғалыс бұзылулары.
Жылжымалы жабдық жүргізушілері мен машинистері және олардың көмекшілері үшін қарсы көрсетілім;
6) жіті инфекциялық, уланушылық және басқада ұқсас психоздардан кейінгі жағдайда, соматикалық аурулар кезінде өткінші жеңіл ауыспалы психикалық бұзылулар, жұмыскерлер жеке тәртіппен бір жылдан кем емес дәрігерлік қадағалауда болған соматикалық аурулардан сауыққан және психикалық функциялары толық қалпына келген кезде жұмысқа жіберіледі;
7) дискогендік радикулиттерді тиімді хирургиялық емдегеннен кейінгі жағдай.
Операциядан кейін 6 айдан соң ғана жұмысқа жіберіледі.
Жылжымалы жабдық жүргізушілері мен машинистері, көлікте есеп жүргізумен айналысатын диспетчерлер, қызметшілер, тежеуіш жұмысшылар, жол бұрушылар, тіркеушілер мамандықтарындағы жұмысшылар үшін қарсы көрсетілім.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Соматикалық аурулар:
1) 0-I-дәрежедегі жүрек функциясының жеткіліксіздігімен жүрек ырғағының және төменгі градациялардағы өткізгіштігінің (экстросистолия, 1-дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада, пароксизмдерсіз WPW (ВПУ) -синдромы (Вольф- Паркинсон- Уайт) және анық емес бұзылулар) бұзылуы.
Барлық топтағы жұмыс істейтіндер тиімді емнен кейін жұмысқа жіберіледі.
Бір қалыпты тахи - немесе брадикардия, сирек монотондық кеш экстрасистолия, Гис шоғының оң аяғының толық емес блокадасы жылжымалы жабдықтың жүргізушілері мен машинистері тобы мамандығына түсетіндер, пойыз жұмысын машинистің көмекшісінсіз атқаратын машинистер, жүргізушілер тобындағы жұмысшылар үшін қарсы көрсетілім;
2) бастан өткермеген миокард инфарктінсіз және айқын аритмиясыз 0-I дәрежедегі жүрек функциясының жеткіліксіздігі, 1 функционалдық кластағы стенокардиясы бар жүректің созылмалы ишемиялық ауруы.
Кардиолог дәрігерді тарта отырып, дәрігерлік комиссиясының (бұдан әрі- ДК) шешімі бойынша электрокардиограммада өзгерісі жоқ барлық топтағы жұмыс істейтіндер жұмысқа жіберіледі;
3) жүрек ырғағының және төменгі градациядағы өткізгіштігінің бұзылуы бар эндокардтың, миокардтың және перикардтың созылмалы аурулары.
Айқын емес регургитация мен митралдық қақпашаның пролапсы, жүрек көлемінің үлкеюі, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, ырғақтың бұзылуы.
Жылжымалы жабдықтың жүргізушілері мен машинистерінің тобына жұмысқа түсетіндер мен жұмыс істейтіндер үшін қарсы көрсетілім;
4) вегетативтік нерв жүйесі мен эндокриндік ағзалардың аурулары кезінде функционалдық тұрақсыз, жүрек қызметінің анық-айқын көрінбейтін бұзылулары.
Көлікте есеп жүргізумен айналысатын диспетчерлер, қызметшілер, тежеуіш жұмысшылар, жол бұрушылар, тіркеушілер, жол машиналары мен темір жол көлігі механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылардың топтарындағы жұмысқа түскендерге қарсы көрсетілім.
Жұмысқа түсетін және жұмыс істейтін қалған топтар тиімді емнен кейін жұмысқа жіберіледі;
5) артериялық қысымды дәрі-дәрмекпен түзетуге қарамастан, жүрек-қантамырлық жүйе тарапынан асқынулардың жоғары қаупімен (3), өте жоғары қаупімен (4) II - III дәрежелі артериялық гипертензия.
Жылжымалы жабдықтың жүргізушілері мен машинистері тобында жұмыс істейтіндер, тежеуіш жұмысшылар, жол бұрушылар, тіркеушілер, жол машиналары мен темір жол көлігі механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылар (жол бұрушылары постының бас кезекшісін қоса алғанда, тасымалдау жөніндегі кезекші), жол машиналары мен темір жол көлігі механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылар (жолдарды және басқа да жасанды құрылыстарды ағымдағы ұстау мен жөндеуден босатылған бригадир, темір жол жолдарын және жасанды құрылыстарды қараушылар, жол монтері, аға жол мастерін қоса алғанда, жол мастері, туннель мастері) үшін қарсы көрсетілім;
6) коронарлық шунттаудан, коронарлық артерияларға ангиопластикадан, стендтеуден, аневризмэктомия мен аортопластикадан, жүрек қақпақшаларын протездеу мен жүрек және қан тамырларына күрделі операциялардан кейінгі жағдай.
Темір жол көлігінде пойыздардың қозғалысымен байланысты жұмыскерлер үшін қарсы көрсетілім.
Митралдық комиссуротомиядан, артериялық ағындарды таңудан және күрделі емес кардиохирургиялық араласулардан кейінгі жағдай.
Бастықтар мен инженерлер тиімді емнен кейін жұмысқа жіберіледі.
Асқынулар және функционалдық бұзылулар болмаған кезде жүрек жарақатын тігу операциясынан кейінгі жағдай.
Машинистер мен машинистердің көмекшілері үшін қарсы көрсетілім;
7) Анамнезде естен танумен созылмалы артериялық гипотензияның барлық нысандары.
Басы айналмаған және есінен танбаған кезде 100 және 60 мм. сынап бағанасынан төмен тыныштықтағы тұрақты артериялық гипотензия, есінің бұзылуынсыз тұрақты гипотензия барлық топтағы жұмысқа түсетіндер: жылжымалы жабдық жүргізушілері мен машинистер үшін қарсы көрсетілім.
Анамнезде естен тану белгілерінсіз ортостатистикалық артериялық гипотензия жылжымалы жабдықтың жүргізушілері мен машинистері тобы мамандығына түсетіндер, пойыз жұмысын машинистің көмекшісінсіз атқаратын машинистер, жүргізушілер тобындағы жұмысшылар үшін қарсы көрсетілім;
8) бронхоэктатикалық ауруға байланысты операциялардан кейінгі жағдай.
Машинистің көмекшісінсіз пойыз жұмысымен айналысатын машинистер үшін қарсы көрсетілім. Қалған жұмыскерлер тиімді емнен кейін жұмысқа жіберіледі.
Ағзалардың саркодиозы.
Сарапшының тәсілі кәсіптік мәні бар функциялардың бұзылуының айқындығына байланысты болады;
9) асқазан ауруларын тиімді оперциялық емдеуден кейінгі жағдай.
Машинистің көмекшісінсіз пойыз жұмысымен айналысатын машинистер үшін қарсы көрсетілім.
10) қолайлы өтіп жатқан лимфолейкоз (анемиясыз, геморрагикалық синдромсыз және ісіктің үлкен көлемінсіз).
Машинистер тобының жұмысшылар үшін қарсы көрсетілім.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Хирургиялық аурулар:
1) кәсіптік жұмысын атқаруға анық кедергі келтірмейтін бастан өткерген сүйектер мен буындардың (туберкулез, остеомиелит және басқалар) қабыну процесінің салдары;
Жылжымалы жабдық жүргізушілері мен машинистерінің топтарына жұмысқа түсетіндер үшін қарсы көрсетілім.
2) 0-I дәрежедегі буындар функцияларының бұзылулары бар деформацияланатын және басқа остеоартроздар, дорсолгиялар және спондилопатиялар.
Көлікте есеп жүргізумен айналысатын қызметшілер, диспетчерлер тобына жұмысқа түсетіндер мен жұмыс істейтіндер мамандықтары үшін қажетті функциялары сақталған кезде жұмысқа жіберіледі.
Басшы қызметіне түсетіндер және жол машиналары мен темір жол көліктерінің механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылардың топтарында жұмыс істейтіндер жұмысқа жіберіледі;
3) бірнеше фаланганың әртүрлі байланысуымен бірінші саусақтың, екі саусақтың болмауы және қолдың қармайтын немесе ұстайтын функцияларын ішінара бұзатын деформациялар.
Көрсетілген деформациялар кезінде барынша жұмыс істейтін аяқ-қол (оң, сол) және функцияларының бұзылу дәрежесі ескерілуі тиіс.
Диспетчерлік топтар үшін жазу, сызу, пультпен жұмыс істеу функциялары сақтау ескерілуі тиіс.
Табан функцияларын бұзатын деформациялар машинистерге, машинистердің көмекшілеріне, вагондарды қараушыларға, пойыздарды құрастырушыларға, пойыздарды құрастырушылардың көмекшілеріне, вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеушілерге, жол және жасанды құрылыстарды қараушыларға, жол монтерлеріне қарсы көрсетілім;
4) айқын созылмалы күретамыр функциясының жетіспеушілігі жоқ аяқ күретамырларының варикоздық кеңеюі.
Жылжымалы жабдық жүргізушілері мен машинистері тобына жұмысқа түсетіндер мен жұмыс істейтіндер үшін қарсы көрсетілім;
5) айқын қабынуы мен шаншу қаупі белгілері жоқ асқынбаған өт-тас және несеп-тас аурулары (өт қабының және бүйрек түбекшелерінің "мылқау" тастары).
Барлық топтарға жұмысқа түсетіндер мен жылжымалы жабдық жүргізушілері мен машинистердің тобында жұмыс істейтіндер үшін қарсы көрсетілім.
Қалған топтарда жұмыс істейтіндер жедел тиімді емнен немесе несеп- (өт) тастары өздігінен шыққаннан кейін жұмысқа жіберіледі;
6) Рейно ауруы (синдромы).
Жылжымалы жабдықтың жүргізушілері мен машинистері тобына түсетін жұмысшыларға, машинистің көмекшісінсіз пойыз жұмысын атқаратын машинистер үшін қарсы көрсетілім. Қалған жағдайларда айқын емес Рейно синдромы кезінде кәсіптік маңызды функцияларының бұзылулары болмаған кезде жұмысқа жіберіледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Көз аурулары:
1) рұқсат етілген көздің көру жітілігі.
Әр көздегі 1,0 көру жітілігімен жылжымалы жабдық жүргізушілері мен машинистерінің тобына жұмысқа түсетіндер жұмысқа жіберіледі.
Жақсы көретін көздің 0,6, нашар көретін көздің 0,4 көру жітілігімен көлікте есеп жүргізумен айналысатын диспетчерлердің, қызметшілердің тобына жұмысқа түсетіндер жұмысқа жіберіледі.
Жақсы көретін көздің 0,8, нашар көретін көздің 0,5 көру жітілігімен тежеуіш жұмысшылар, жол бұрушылар, тіркеушілер, жол машиналары мен темір жол көлігі механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылардың топтарына жұмысқа түсетіндер жұмысқа жіберіледі.
Жақсы көретін көздің 0,8, нашар көретін көздің 0,5 көру жітілігімен теміржол вагондарының жолсеріктері, кондукторлары, өндірістік пайдалану бөлімшелерінің басшылары, техник-механиктердың тобына жұмысқа түсетіндер жұмысқа жіберіледі.
Жақсы көретін көздің 0,8, нашар көретін көздің 0,4 көру жітілігімен жол машиналары мен темір жол көлігі механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылардың тобына жұмысқа түсетіндер жұмысқа жіберіледі.
Жақсы көретін көздің 0,7, нашар көретін көздің 0,3 көру жітілігімен желілік құрылыстарға және станциялық байланыс жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жөніндегі жұмысшылардың, мамандандырылған бөлімше басшыларының тобына жұмысқа түсетіндер жұмысқа жіберіледі.
"Рұқсат етілген көздің көру жітілігі": жылжымалы жабдық жүргізушілері мен машинистерінің тобына түзетумен, сондай-ақ түзетусіз қажетті көру жітілігі ескеріледі. Жылжымалы жабдық жүргізушілері мен машинистерінің, теміржол вагондары жолсеріктерінің, кондукторларының, өндірістік пайдалану бөлімшелері басшыларының, техник-механиктер топтары мамандығының жұмысшылары мен жұмысқа түсетіндердің, оқушылардың, талапкерлердің көру жітілігін анықтау - Ландольт кестесінің дөңгелектері бойынша, басқа мамандықтарға Головин Сивцев кестесінің әріптік оптоүлгісі бойынша жүзеге асырылады.
Көру жітілігін түзетуге рұқсат берілмеген жағдайда тежеуіш жұмысшылардың, жол бұрушылардың, тіркеушілердің, жол машиналары мен темір жол көлігі механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылардың топтарында жұмыс істейтіндердің, теміржол вагондары жолсеріктерінің, кондукторларының, өндірістік пайдалану бөлімшелері басшыларының, техник-механиктердің, желілік құрылыстарға және станциялық байланыс құралдарына қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жөніндегі жұмысшылардың, мамандандырылған бөлімше басшыларының топтары үшін "түзетусіз" бөлімі бойынша, түзетуге рұқсат берген жағдайда – "түзетумен" немесе "түзетусіз" бөлімі бойынша сараптамалық қорытынды шығарылады. Көзілдірік немесе жанаспалы түзету қажеттілігі жағдайында қорытындыда: "көзілдірікпен (жанаспалы линзамен) жарамды" деп көрсетіледі. Осы жағдайда рұқсат берілгендерде қосымша екі көзілдірік немесе линзаның болуы, оларды киюді (және қосымша оптикалық құралдардың бар болуын) бақылауды локомотив депосының нұсқаушы құрамы мен денсаулық сақтау пунктінің медициналық персоналы жүзеге асырады.
Жұмысқа түсетіндер үшін рефракциясы циклоплегиямен айқындалады: жылжымалы жабдық жүргізушілері мен машинистері (жол машиналарының машинистері және машинистің көмекшісі мамандығынан басқа) топтарының мамандығында 0,5 диоптрий (бұдан әрі – Д) аметропияға дейін жұмысқа жіберіледі. Жол бұру бекетінің кезекшісі, дабыл қағушы, пойыздарды құрастырушы, пойыздар құрастырушысының (аға құрастырушыны қоса алғанда) көмекшісі, жүк пойыздарының кондукторы (аға кондукторды қоса алғанда), вагондардың қозғалу жылдамдығын реттеуші, электр дәнекерлеуші, электрогазбен дәнекерлеуші (жол бойында жұмыс істейтіндер) 1,0 Д аметропияға дейін жұмысқа жіберіледі. Барлық кәсіптік топтар үшін пресбиопиялық түзетуге рұқсат беріледі. Анизометропияны оптикалық түзету 2,0 Д аспайтын айырмашылық кезінде, жақсы төзімділік жағдайында рұқсат беріледі. Кератотомиядан немесе кератопластикадан кейін талапкерлер, оқушылар және жылжымалы жабдық жүргізушілері мен машинистері тобының мамандығына түсетіндер, сондай-ақ пойыз жұмысына көмекшісіз тағайындалатын және жұмыс істейтін машинистер жұмысқа жіберілмейді. Басқа мамандықтардың жұмысқа түсетіндері мен жұмыскерлері кәсіптік маңызды функциялары сақталып, асқынулар болмаған кезде рұқсат беріледі. Рефракциялық операциядан кейін көру функциялары орта есеппен 1 жылдан кейін қалпына келетінін ескерген жөн. Операцияға дейінгі негізгі миопия немесе гиперметропиялық рефракция жылжымалы жабдық жүргізушілері мен машинистері тобының жұмыскерлерінде 4,0 Д-дан аспауы мүмкін. Көлікте есеп жүргізумен айналысатын диспетчерлер, қызметшілер, тежеуіш жұмысшылар, жол бұрушылар, тіркеушілер, жол машиналары мен темір жол көлігі механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылардың топтарына жұмысқа түсетіндер мен жұмысшылар, теміржол вагондарының жолсеріктері, кондукторлары, өндірістік пайдалану бөлімшелерінің басшылары, техник-механиктер, желілік құрылыстарға және станциялық байланыс жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жөніндегі жұмысшылар, мамандандырылған бөлімше басшыларының топтарына жұмысқа түсетіндер мен жұмысшыларда - 6,0 Д-дан аспауы тиіс (рефракция жағдайы туралы деректер болмаған кезде ультрадыбыстық биометрия жүргізіледі: көз осінің ұзындығы 26,0 мм астам немесе 22,0 мм кем болғанда тексерілуші жарамсыз деп танылады);
2) жұмысшылардағы афакияны түзету: интраокулярлық линзаның (бдан әрі - ИОЛ) тұрақсыз жағдайында, көздің алдыңғы немесе артқы камераларына шығып кетуге бейімділігі, артифакты көз гипертензиясы, кистоздық фильтрациялық жастықша.
Жылжымалы жабдық жүргізушілері мен машинистер тобында жұмыс істейтіндер, теміржол вагондарының жолсеріктері, кондукторлары, өндірістік пайдалану бөлімшелерінің басшылары, техник-механиктер үшін қарсы көрсетілім.
Көлікте есеп жүргізумен айналысатын диспетчерлер, қызметшілер тобында жұмыс істейтіндер, жол машиналары мен темір жол көлігі механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылар үшін тек біржақты интракапсулярлық ИОЛ ғана рұқсат етіледі, екі жақты ИОЛ-ды ДК шешеді.
Тежеуіш жұмысшылар, жол бұрушылар, тіркеушілер, жол машиналары мен темір жол көлігі механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылардың топтарында жұмыс істейтіндер үшін кез-келген түрдегі біржақты ИОЛ рұқсат етіледі, екі жақты ИОЛ-ды ДК шешеді;
Желілік құрылыстарға және станциялық байланыс жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жөніндегі жұмысшылар, мамандандырылған бөлімше басшылардың топтарында жұмыс істейтіндер үшін тек біржақты интракапсулярлық немесе артқы камералық ИОЛ рұқсат етіледі, екі жақты ИОЛ-ды ДК шешеді;
3) түсті көру аномалиясы.
Тежеуіш жұмысшылар, жол бұрушылар, тіркеушілер, жол машиналары мен темір жол көлігі механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылардың топтарында жұмыс істейтіндер жұмысқа жіберіледі.
4) глаукома.
Барлық жұмысқа түсетіндер мен жұмысшылар, пойыз жұмысын машинистің көмекшісінсіз атқаратын машинистер үшін қарсы көрсетілім;
Операциямен немесе дәрі-дәрмекпен компенсацияланған және тұрақтандырылған ІІ сатыдағы және жергілікті гипотензиялық терапиямен және тұрақтандырылған І сатыдағы глаукома пойыз жұмысымен айналысатын мамандықтың барлық топтарындағы жұмысқа түсетіндер; машинистер тобының жұмысшылары, жылжымалы жабдық жүргізушілері үшін қарсы көрсетілім.
Жақсы нәтижемен операция жасалған және жергілікті гипотензиялық терапияны қолданбай компенсацияланған І сатыдағы глаукома.
Жылжымалы жабдықтың жүргізушілері мен машинистері тобына жұмысқа түсетін жұмысшылар мен пойыз жұмысын машинистің көмекшісінсіз атқаратын машинистер үшін қарсы көрсетілім.
Глаукомамен ауыратын жұмыскерлер жыл сайын 2 рет міндетті қарап-тексеруден өтеді;
5) қосарланумен қоса жүретін көз бұлшық етінің аурулары. Бинокулярлық көрудің бұзылуымен қылилық.
Жылжымалы жабдық жүргізушілері мен машинистері, желілік құрылыстарға және станциялық байланыс жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жөніндегі жұмысшылар мамандықтары тобына жұмысқа түсетіндер мамандандырылған бөлімше басшылары (өндіріс учаскесі бастығының лауазымынан басқа) үшін қарсы көрсетілім;
6) 30 градустағы ең төменгі шекпен көру өрісін шектеу.
Көліктегі есеппен айналысатын диспетчерлерге, қызметшілерге, тежеуіш жұмысшыларға, жол бұрушыларға, тіркеушілерге, жол машиналарына және темір жол көлігінің механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу жұмысшыларына, темір жол вагондарының жолсеріктеріне, кондукторларға, өндірістік пайдалану бөлімшелерінің басшыларына, техник-механиктерге, желілік ғимараттар мен станциялық байланыс жабдығына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшыларға, мамандандырылған бөлімшелердің басшыларына жеке рұқсат ету;
Кез-келген меридианда нақты нүктеден 20 және одан артық градуста көру аумағының шектелуі. Орталық скотома (абсолюттік немесе салыстырмалы).
Жылжымалы жабдық жүргізушілері мен машинистерінің тобы үшін қарсы көрсетілім.
Кез-келген меридианда нақты нүктеден 30 және одан артық градуста көру аумағының шектелуі.
Көлікте есеп жүргізумен айналысатын диспетчерлер, қызметшілер, тежеуіш жұмысшылар, жол бұрушылар, тіркеушілер, жол машиналары мен темір жол көлігі механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылар, темір жол вагондарының жолсеріктері, кондукторлар, өндірістік пайдалану бөлімшелерінің басшылары, техник-механиктер, желілік ғимараттар мен станциялық байланыс жабдығына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылар, мамандандырылған бөлімшелердің басшылары үшін қарсы көрсетілім;
7) +1,5Д қатты емес сфералық линзамен, +1,0Д қатты емес цилиндрлік линзамен түзете отырып, көру жітілігін төмендету әр көзде 1,0-ден төмен. Жылжымалы жабдықтың жүргізушілері мен машинистері тобы мамандығына түсетін жұмысшылар және машинистің көмекшісінсіз пойыз жұмысын атқаратын машинистер үшін қарсы көрсетілім.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Құлақ, тамақ, мұрын аурулары:
1) Ортаңғы және ішкі құлақтың (нейросенсорлық құлақ мүкістігі, қайталанған кохлеарлық неврит, адгезивтік отит, мезо- және эпитимпанит, тубоотит және басқалар) созылмалы аурулары және есту функциясының бұзылуымен байланысты олардың салдары.
"О" (нөлдік) бөлімі – үндестік аудиометриясы кезіндегі құлақтың естігіштігі жас шегінің есту кестесінің қалыпты деңгейіне сәйкес келеді.
"А" бөлімі – сөйлеу жиілігіндегі (500, 1000, 2000 Гц) үндестік аудиометриясы кезіндегі құлақ естігіштігінің орташа-арифметикалық төмендеуі 15 дБ-дан аспайды.
"Б" бөлімі – сөйлеу жиілігіндегі үндестік аудиометриясы кезіндегі құлақ естігіштігінің орташа-арифметикалық төмендеуі 20 дБ-дан аспайды.
"В" бөлімі – сөйлеу жиілігіндегі үндестік аудиометриясы кезіндегі құлақ естігіштігінің орташа-арифметикалық төмендеуі 30 дБ-ға дейін. Үндестік аудиометриясында ауа өткізгіштігінің шектері нөлдік желіден 5-10 дБ-ға ауытқуын физиологиялық норма нұсқасы деп санаған жөн.
Жылжымалы жабдық жүргізушілері мен машинистері, диспетчерлер, көліктегі есептеуді жүргізумен айналасатын қызметкерлер, жол машиналары мен темір жол көлігі механизміне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылар, желілік құрылыстарға және станциялық байланыс жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жөніндегі жұмысшылар, мамандандырылған бөлімше басшыларының топтарына "О" (нөлдік) бөлімі бойынша жұмысқа түсетіндер жұмысқа жіберіледі;
Жол машиналары мен темір жол көлігі механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылардың тобына "А" бөлімі бойынша жұмысқа түсетіндер жұмысқа жіберіледі;
Теміржол вагондарының жолсеріктері, кондукторлары, өндірістік пайдалану бөлімшелерінің басшылары, техник-механиктердің тобына "Б" бөлімі бойынша жұмысқа түсетіндер жұмысқа жіберіледі;
Жылжымалы жабдық жүргізушілері мен машинистері, диспетчерлер, көліктегі есептеуді жүргізумен айналасытын қызметшілер, тежеуіш жұмысшылар, жол бұрушылар, тіркеушілер, жол машиналары мен темір жол көлігі механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылар желілік құрылыстарға және станциялық байланыс жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жөніндегі жұмысшылар, мамандандырылған бөлімше басшыларының топтарында "Б" бөлімі бойынша жұмыс істейтіндер жұмысқа жіберіледі;
Теміржол вагондарының жолсеріктері, кондукторлары, өндірістік пайдалану бөлімшелерінің басшылары, техник-механиктер, жол машиналары мен темір жол көлігі механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылардың тобына "В" бөлімі бойынша жұмыс істейтіндер жұмысқа жіберіледі;
2) есту фукциясының бұзылулары жоқ сыртқы және ортаңғы құлақтың созылмалы аурулары (рецидивтік іріңді отит, тубоотит, мерингит және басқалар).
Жолаушылар вагондарының жолсеріктері емдеу тиімді болмаған кезде сыртқы грибоктық отиттерімен жұмысқа жіберілмейді.
Желілік құрылыстарға және станциялық байланыс жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жөніндегі жұмысшылар, мамандандырылған бөлімше басшылардың топтарына жұмысқа түсетіндер жұмысқа жіберіледі;
Барлық топтарда жұмыс істейтіндер тиімді емнен кейін жұмысқа жіберіледі;
3) жұтқыншақ және көмекейдің (гиперплатикалық ларингит, полиптер, фибромалар және басқа да қатерсіз ісіктер) созылмалы аурулары.
Анық сөйлеуді бұзатын ерін, тіл, қатты және жұмсақ таңдай, жақ, жұтқыншақ, көмекей аурулары, сапарда келіссөздер жүргізетін диспетчерлер, машинистер мен машинистің көмекшілері үшін қарсы көрсетілім.
Желілік құрылыстарға және станциялық байланыс жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жөніндегі жұмысшылар, мамандандырылған бөлімше басшылардың топтарына жұмысқа түсетіндер жұмысқа жіберіледі;
Жылжымалы жабдық жүргізушілері мен машинистері, теміржол вагондарының жолсеріктері, кондукторлары, өндірістік пайдалану бөлімшелерінің басшылары, техник-механиктер, жол машиналары мен темір жол көлігі механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылар, желілік құрылыстарға және станциялық байланыс жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жөніндегі жұмысшылар, мамандандырылған бөлімше басшыларының топтарында жұмыс істейтіндер тиімді емнен кейін жұмысқа жіберіледі;
4) мұрын және сыртқы тыныс алу функциясының бұзылулары бар мұрын қуысы мен қосалқы қуыстарының (аллергиялық риносинусопатия, ісіп-іріңдеу синуситі, озена, қатерсіз ісіктер) созылмалы аурулары.
Барлық топтағы жұмысшылар тиімді емнен кейін жұмысқа жіберіледі.
15. Осы тізбенің 10-тармағынан бастап 14-тармағын қоса алғанда қызметі темір жол көліндегі пойыздардың қозғалысына тікелей байланысты жұмысшылар үшін жеке медициналық қарсы көрсетілімдер.
2. Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу
үшін жалпы медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесі
16. Инфекциялық аурулар мен инфекциялық қоздырғыштарды (стафилококк, стрептококк, мерез, гонорея және басқалар) иеленушілер.
17. Іш сүзегі, паратифтер, сальмонеллез, дизентерия аурулары қоздырғыштарының бактериясын иеленушілік.
18. Гельминттер жұмыртқаларын иеленушілік.
19. Іріңді аурулар - акушериялық және хирургиялық стационарларда, жаңа туған нәрестелер, шала туған нәрестелер патологиясының бөлімшесінде, балалар сүт асханалары, крем-кондитерлік және басқа да азық-түлік өнімдерін дайындау мен сату бойынша ұйымда.
20. Жұқпайтын тері аурулары (псориаз, экзема, аллергиялық дерматиттер).
21. Туберкулезбен ауырып жазылғандар:
Перзентханаларға (бөлімшелерге), балалар ауруханаларына (бөлімшелеріне), жаңа туған нәрестелер мен шала туған нәрестелер патологиялары бөлімшесіне;
Туберкулезге қарсы диспансерлердегі орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға (балалар яслилері/бақшалары, сәбилер үйі, балалар үйі, балалар санаторийлері) және мектеп ұйымдарының кіші сыныптарына.