"Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 316 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 маусымда № 11415 тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 16 наурызда № 97-98 (27371-27372) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған бастапқы есеп құжаттарының нысандары:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес КО-1 нысаны;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес КО-2 нысаны;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес КО-3 нысаны;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес КО-4 нысаны;
      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес КО-5 нысаны;
      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес С-1 нысаны;
      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес С-2 нысаны;
      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Е-1 нысаны;
      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Е-2 нысаны;
      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Е-3 нысаны;
      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес А-1 нысаны;
      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес А-2 нысаны;
      13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес А-3 нысаны;
      14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес А-4 нысаны;
      15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес А-5 нысаны;
      16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес ҰМА-1 нысаны;
      17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес ҰМА-2 нысаны;
      18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес ҰМА-3 нысаны;
      19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес ҰМА-4 нысаны;
      20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес БА-1 нысаны;
      21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес БА-2 нысаны;
      22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес БА-3 нысаны;
      23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес НҚ-1 нысаны;
      24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес НҚ-2 нысаны;
      25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес Қ-1 нысаны;
      26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес Қ-2 нысаны;
      27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес Қ-3 нысаны;
      28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес Қ-4 нысаны;
      29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес Қ-5 нысаны;
      30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес Қ-6 нысаны;
      31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес Қ-7 нысаны;
      32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес Түг-1 нысаны;
      33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес Түг-2 нысаны;
      34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес Түг-3 нысаны;
      35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес Түг-4 нысаны;
      36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес Түг-5 нысаны;
      37) осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес Түг-6 нысаны;
      38) осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес Түг-7 нысаны;
      39) осы бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес Түг-8 нысаны;
      40) осы бұйрыққа 40-қосымшаға сәйкес Түг-9 нысаны;
      41) осы бұйрыққа 41-қосымшаға сәйкес Түг-10 нысаны;
      42) осы бұйрыққа 42-қосымшаға сәйкес Түг-11 нысаны;
      43) осы бұйрыққа 43-қосымшаға сәйкес Түг-12 нысаны;
      44) осы бұйрыққа 44-қосымшаға сәйкес Түг-13 нысаны;
      45) осы бұйрыққа 45-қосымшаға сәйкес Түг-14 нысаны;
      46) осы бұйрыққа 46-қосымшаға сәйкес Түг-15 нысаны;
      47) осы бұйрыққа 47-қосымшаға сәйкес Түг-16 нысаны;
      48) осы бұйрыққа 48-қосымшаға сәйкес Түг-17 нысаны;
      49) осы бұйрыққа 49-қосымшаға сәйкес Түг-18 нысаны
      50) осы бұйрыққа 50-қосымшаға сәйкес Ж-1 нысаны;
      51) осы бұйрыққа 51-қосымшаға сәйкес А-1 нысаны бекітілсін.»;
      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 51-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ресми жариялануы тиіс және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің   
2015 жылғы 21 мамырдағы
№ 316 бұйрығына  
қосымша        

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 562 бұйрығына    
51-қосымша       

А-1 нысаны


Ұйым (жеке кәсіпкер)________________________________________________

ЖСН/БСН

Құжат нөмірі

Жасалған күні



БУХГАЛТЕРЛІК АНЫҚТАМА

Операцияның мазмұны:_________________________________________________

Р/с

Дебет

Кредит

Сомасы, теңге

Тізбек мазмұны

Негіздеме

Шоты

Талдамалық есеп объектері

Өлшем бірлігі

Саны

Шоты

Талдамалық есеп объектері

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Корреспонденциялардың барлығы: саны (жазумен)________________________
сомасы (жазумен), теңгемен _____________________________
Қоса беріліп отырған құжаттар: саны ______________,__________ парақта

М.О.      Басшы (немесе бірінші қол қою құқығына ие лауазымды адам)
_____________/___________________
    қолы      қолды таратып жазу

      Бас бухгалтер (немесе екінші қол қою құқығына ие лауазымды
адам) _____________/___________________
        қолы         қолды таратып жазу